Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЛЕКЦИИ по ВСЕМИРКЕ.doc
Скачиваний:
975
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
913.92 Кб
Скачать

Франция

Францияның соғыстан кейінгі тарихы үш кезеңге бөлінеді. Уақытша режим (1944 – 1946 жж.) – елдің азат етілгенінен кейін Уақытша үкімет құрылып, жаңа конституция жасалып, экономикалық қалпына келтірілу кезеңі. 1946 ж. желтоқсанынан 1958ж. күзіне (конститутцияны қабылдауы) дейінгі кезең Төртінші республика деп аталады. Ол дағдарыспен және 1958 ж. жаңа конституцияны негізінде Бесінші республиканың орнатылуымен аяқталды.

Уақытша режим. 1944 – 1946 жж. Қарсыласу қозғалысы Франциядағы соғыстан кейінгі партиялық-саяси жүйенің қалыптасуы мен жаңа конституцияның сипатына өте үлкен әсер етті. Уақытша үкіметтің құрамына қарсыласуға қатысқан негізгі саяси партиялардың – коммунистік партияның, социялистік партияның, католиктік партия – Халықтық-республикалық қозғалыстың ( ХРҚ ) және басқалардың өкілдері енді. Үкіметті “Азат Франция” қозғалысының басшысы генерал де Голль басқарды.

Төртінші республика. 1946 – 1958 жж. Францияда парламенттік республика орнықты. 1946 ж. коституциясы 1789 ж. адам және азамат құқықтар туралы декларацияда қойылған азаматтардың дәстүрлі құқықтары мен бостандықтарынан басқа еңбек етуге, демалуға, әлеуметтік қамсыздандыруға, білім алуға, сонымен бірге еңбекшілердің өндірісті басқаруға қатысуға, кәсіподақ және саяси әрекеттерге құқықтарын жариялады.

1947 ж. мамырына дейін үкімет үш басты партияның келісімі негізінде құрылып келді. 1947 ж. мамырында коммунистер үкіметтің ауызбіршілігін бұзды деген айыппен біріккен үкімет қатарынан шығарылды (олар Рено зауыты жұмысшыларының ереуілін қолдаған болатын). Сол уақыттан бастап Төртінші республика құлағанға дейін үкімет бірнеше партиялардың одақтасуы негізінде құрылып келді. Көп партиялық режимнің тұрақсыздығының себептерінің бірі болды – 12 жыл ішінде 15 үкімет ауысты. Республиканың жылдан жылға тереңдеп келе жатқан дағдарысының екінші бір себебі – ол елдің билеуші топтарының 1946 – 1954 жж. Вьетнамда, 1954 жылдан Алжирде жүргізген отаршылдық соғыстары болды.

Экономиканы қалпына келтіру. 1948 ж. өнеркәсіп өндірісі соғыстан бұрынғы денгейге жетті. Жанарту мен қайта құрудың бірінші жоспары (Монне жоспары) міндетті түрде болмағандығына қарамастан, француз экономикасын дамытуда негізгі роль атқарды. Жан Монненің “жаңару немесе құлдырау” деген сөзі оның жоспарлау жөніндегі бірінші бас комиссар лауазымындағы қызметін сипаттап берді. Бірақ саяси тұрақсыздық, отаршылдық соғыстар, сыртқы саясат жолдары туралы мәселелер бойынша қоғамдағы алауыздық елдің экономикалық және әлеуметтік дамуының жоспарларын дәйектілікпен әске асыруға бөгет болды.

Әлеуметтік қақтығысулар.50-жж. әлеуметтік қақтығусылар шиеленісе түсті. Жұмысшы қозғалысы бірнеше маңызды мәселелерді өз пайдасына шешті: ұжымдық келісімдер туралы заң қабылданды, жалақы артты, еңбекқақының кепілдік берілген ең төменгі минимумы енгізілді, ол орташа еңбекақының жартысына тең болды. Шаруалардың жаппай қозғалысы әділ сатып алу бағаларын белгілеуді және салықтарды азайтуды талап етті. Ұсақ саудагерлер мен қолөнершілердің наразылығы дүкенші П.Пужад басқарған үкіметке қарсы қозғалысқа айналды.

Алжир дағдарысы. Шын мәнісінде Төртінші республиканың дағдарысы үздіксіз жүргізілген отаршылдық соғыстарда анық көрініс тапты. Қоғамдағы алауыздық, негізгі партиялардың қатарындағы келіспеушіліктер ультраотаршылдық пен жаңаотаршылдықты жақтаушылар тарапынан шықты. 1958 ж. басында Алжирде жеңіске жетуге қабілетті “күшті билік” орнатуды талап еткен ультраотаршылдар тарапынан қастандық дайындалып жатты. Қастандық ұйымдастырушылар елде тәртіп орнатуға күші келеді деп генерал де Голльді билік басына шақыруды талап етті. 1958 ж. 13 мамырда олар Алжирде бүлік шығарып, билікті де Голльге беруді талап етті. 1 маусымда Ұлттық жиналыс де Голль үкіметіне сенім білдіріп, оған төтенше уәкілеттіліктер беріп, жаңа Конституция жасауына келісті. Осыдан соң Ұлттық жиналыс өз қызметін тоқтатты. Төртінші республика кезеңі осылай бітті.

Бесінші республика.Жеке билік режимі. 1958 – 1969 жж. Де Голль жасаған жаңа Конституцияны 1958 ж. қыркүйекте өткен референдумға қатысқандардың 79% мақұлдады. Оның негізінде екі турдан тұратын мажоритарлық жүйе бойынша Ұлттық жиналыстың сайлауы өткізілді. Сайлау қарсаңында де Голльдың жақтастары “Жаңа республиканы қорғау одағы” деген атпен жаңа саяси партия құрған болатын. Сайлауда олар “тәуелсіздермен” бірлесіп, жиналыстағы орындарды көпшілігіне ие болды. Желтоқсанда де Голль президент болып сайланды.

1962 ж. президентті сайлау тәртібіне өзгеріс енгізілді. Жаңа заңға сәйкес президент бүкіл халықтың дауыс беру жолымен сайланатын болды, бұл оны Ұлттық жиналыстан жоғары қойды.

Де Голль өз қолына барлық билікті топтастырды. Негізгі мәселелер бойынша ол референдумға жүгінді, бірнеше маңызды мәселелерді бүкіл халықтық дауыс беруге ұсынды. Ол ішкі және сыртқы саясатты және Алжирге байланысты саясатты да жеке өзі басқарды. “Жеке билік” режимі осылай орнады. 1960 ж. Францияның Африкадағы 14 отарына тәуелсіздік берілді. Ультраотаршылдардың қарсылығын жеңіп және Алжирдегі әскер басшыларының бүлігін басып, де Голль Алжир республикасымен келіссөздер бастады, сөйтіп 1962 ж. наурызда Эвиан қаласында Алжирге тәуелсіздік беру туралы келісімге қол қойылды.

Сыртқы саясат. Отаршылдық соғыстары бітіріп, де Голль және Франция үкіметі де Голльдың ең басты арманы – тәуелсіз сыртқы саясат пен экономикалық және әлеуметтік жаңарту жолындағы Францияның бұрынғы ұлылығын қалпына келтіруді іске асыруға кірісті. Сыртқы саясаттағы маңызды іс-әрекеттер Францияның НАТО соғыс ұймынан шығуы, американ әскери базаларын елден әкеттіру болды. Де Голль Вьетнамға америка интервенциясын айыптады.

Экономикалық жаңарту.Францияның ұлылығын қалпына келтіру жөніндегі өз идеясын іске асыра отырып, де Голль экономиканы жаңартудың кең жоспарын іске асырды. Жалпы ұлттық маңызы бар салалардағы (көмір шахталары, металлургия кәсіпорындры, көлік, электростанциялары т.б.) мемлекеттік кәсіпорындар қызметі министрліктер тарапынан қатаң реттелінді. Дәл осы мезгілде жаңарту жеке кәсіпкерлердің алдына мемлекеттік кәсіпорындармен бірлесе отырып және мемлекет тарапынан көрсетілетін ұйымдастырушылық және қаржылай көмекке сүйене отырып, самолёт құрылысын, атом энергетикасын, космостық техника мен ракета құрылысын түбегейлі өзгерту міндетін қойды.

Франция экономикасын терең құрылымдық өзгерістерден өткізді, техникалық жаңартуды іске асырып, өндіріс тиімділігі мен еңбек өнімділігін орташа батысеуропалық деңгейден асырда.

Ауыл шаруашылығында маңызды өзгерістер орын алды. Франциядағы бұрынғы ұсақ және жері аз шаруалардан фермерлік қалыптасып, кооперативтік қозғалыс нығайды, оларға мемлекет тарапынан елеулі көмек көрсетілді. Ауыл шаруашылығының құрылымы түбегейлі өзгеріске ұшырады. Ол ауыл шаруашылығына қызмет ететін өндеуші және басқа да өнеркәсіппен тығыз байланысты қазіргі заманғы тауарлы фермерлік өндіріске айналды.

1968 ж. мамыр дағдарысы. Бірақ экономиканы жаңарту мен қысқа мерзім ішінде осылай тез дамудың жағымсыз салдарлары да болды. Дәстүрлі құрылымдарды бұзу жұрттың барлығына бірдей ұнай қоймады, жаңа жағдайлар мен өзгерістерге бейімделе алмағандар да жеткілікті болды. Бизнес пен еңбек қатынастарын мемлекеттік реттеулер жұртты жалықтырды, әлеуметтік саладағы артта қалушылық, инфляция түңілушілік туғызды. Енді мұның барлығы әлеуметті жарылыс дайындады. Тек оны тұтындыру ғана қажет болды.

Париж студенттерінің білім беруді реформалауды талап еткен бас көтеруі 1968 ж. саяси дағдарысына түрткі болды. Ереуілші студенттер университет ғимараттарына бекінді. Полиция студенттерді аюандықпен ұрып-соқты. 13 мамырда жүз мыңдаған париждықтар де Голль режиміне қарсылық ереуіліне шықты. Сұраунамалар астана халқының 4/5 студенттерге ниеттес екендігін көрсетті. Кейбір ультрарадикалдық “гошистік” басшылар полицияны күш қолдануға итермелеп, арандатушылық әрекеттер қолданып бақты, өздерінің кенет революция жасау ниеттерін іске асыру үшін тобырды қауіпті әрекеттерге итермеледі.

Бірақ елде революциялық жағдай жоқ болатын. Экономика өрлеу үстінде болды. Ұлт рухани қайта түлеу үстінде еді. Әскери бөлімдерге жасырын барып қайтқан де Голль олардың өзін қолдайтығына көз жеткізді. Парижге оралысымен де Голль Ұлттық жиналысты таратып жіберді де, 23 маусымға жаңа сайлау тағайындады, реформалар өткізуге және “жаңа қоғам” құруға уәде берді. Сайлауда голлистер партиясы жеңіске жетті, ол “Республиканы қорғау жөніндегі одақ” (ЮДР) деген жаңа ат алды. Барлық солшыл партиялар – коммунистер, радикалдар сайлауда үлкен сәтсіздікке ұшырады. Аса солшыл ұйымдар дауыстардың 5% жинай алмағандықтан, Ұлттық жиналыс та бірде бір орынға ие бола алмады.

Де Голльдің орнынан кетуі. 1968 ж. мамыр оқиғалары де Голль үшін күтпеген және ауыр соққы болды. Сайлауда жеңіп шыққанына қарамастан, ол әлеуметтік қақтығыстарды басу және оларды келісім мен әлеуметтік әріптестік арнасына түсіру үшін кейбір реформалар жүргізу қажеттігін түсінді. Олардың ішіндегі ең алғашқыларының бірі “қатысу” саясатының рухындағы жергілікті басқаруды реформалау болды. 1969 ж. сәуірде сайлаушылардың көпшілігі жергілікті басқаруды реформалаудың жобасын қабылдамай тастады. Дауыс берудің қорытындысы белгілі болысымен де Голль орнынан түсетіндігін хабарлап, жеке иелігіне кетіп қалды. 1970 ж. қарашада генерал де Голль қайтыс болды.

Франция голлизм дәуірінен кейін. 1969 ж. Францияның жаңа президенті болып генералдың жақын серіктерінің бірі Жорж Помпиду сайланды. Сайлаудан соң ол өзінің бағытын “Сабақтастық және диалог” деп жариялады. Формуланың бірінші бөлігі де Голльдің саясатын жалғастыра беретіндігін білдірсе, екінші бөлігі оппозициямен жақындасуды меңзеді: үкімет құрамына “тәуелсіз” республикашылардың басшысы Валери Жискар д’Эстен шақырылды.

Сыртқы саясаттағы сабақтастық сыртқа саяси позицияларды нығайтуға және тәуелсіз саясат жүргізуге алынған бағытты жалғастыруды білдірді.

Диалог саясаты еуропашыларға еуропалық құрылыс мәселелерінде ымыраға келетіндікті қарастырды. Франция Англияның Ортақ рынокке кіруге қарсылығын тоқтатты.

Әлеуметтік-экономикалық стратегияда жаңа либерализмге арқа сүйеу, “рыноктық қатынастардың тиімділігін қалпына келтіруге” қарай бетбұрыс орын алды.

Рынокке қарай бұл бетбұрыс және де Голль уәде берген біртіндеп “жаңа қоғам” мен әлеуметтік әріптестік бағдарламасынан бас тарту үкіметке кертартпа күштер мен ЮДР тарапынан қысымның нәтижесінде орын алды. Нәтижесі көп күттірген жоқ: 1973 ж. наурыздағы сайлауда ЮДР 4 млн дауыс жоғалтты. Тұңғыш рет голлизм дағдырысы ашық көрініс тапты. 1974 ж. президент Ж.Помпидудің кенет қазасы процесті аяқтады.

70-жж. Франциядағы партиялық-саяси күштердің қайта топтасуы. Жеті жылдық мерзімге Францияның президенті болып Жискар д’Эстэн сайланды, ол “тәуелсіз” республикашылдар тобының және олармен бірігіп “Француз демократиясы үшін одақ” деп аталған басқа да ұсақ партиялардың бірлестігінің басшысы болатын. Премьер-министр қызметіне “Республикаға қолдау көрсету бірлестігі” (ОПР) деп аталатын басқа саяси партияның басшысы Жан Ширак тағайындалды. Ол голлистік партияның қалдықтарын сақтап қалу және өзінің маңайына елдің ойшыл саяси қанатын біріктіру мақсатын көздеген болатын. Парламент сайлауы Франциядағы партиялық-саяси жүйенің қайта құрылғанын көрсетті. Кейінгі 2 жыл ішінде парламенттік одақтарды құрып келген оңдаған парламенттік топтардың орнына асяси күштердің ірі партияларға бөлінуі келді: ОПР, СФД, социялистік партия және компартия шамамен 20 - 25% дауыс алды.

Төртінші Республика тұсында пайда болған компартиялық жүйе 70-90 жж. екі басты оңшыл және солшыл партиялардың қоссүйектік жүйесімен ауысты.

Президенттер В.Жискар д’Эстен, Ф.Миттеран, Ж.Ширак бірінен соң бірі либиралдық, солшыл және оңшыл саяси ағымдардың атынан өкілдік өтті.

Президент В.Жиска д’Эстен (1974 – 1981) мемлекет басында қиын жылдарда отырды. Дүниежүзілік экономикалық және құрылымдық дағдарыстар (1974 – 1975, 1980 – 1982) басталды, ғылыми-техникалық революцияның жаңа кезеңі өріс алды.

Іс жүзінде жаңа бастамаларды талап еткен дүниежүзілік тарихтың жаңа дәуірі басталды. ХХ ғ. соңғы ширегінде бірінің орнына бірі келген Франция президенттерінің ойында бір ғана ғаламдық және ұлттық проблемалар тұрды, олардың әрқайсысы бұл проблемаларды өзінше шешуге әрекет жасады.

В.Жискар д’Эстен, Францияның саяси өміріндегі либиралдық ағымның өкілі еді. Оның идеясы “революциясыз, реформалар жолымен” “үлгілі либералдық қоғам” орнату болды. 70-жж. төменгі жалақы бірнеше мәрте өсірілді. Сайлау цензы 20-дан 18 жасқа дейін кемітілді, аборт жасауға рұқсат етілді және басқа да бірнеше реформалар іске асты. Президент экономикалық дамудыңрыноктік әдістерін жақтады.

Социялистік және комунистік партиялардың 1972 ж. қабылданған бірлескен бағдарламасы елдің әлеуметтік экономикалық мәселелеріншешудің басқаша жолын ұсынды. 1981 ж. сайлауда солшылдар тек елдің президенттігіне Ф.Миттеранды сайлап қана қоймай, Ұлттық жиналыста басым көпшілік алды 1948 жылдан кейін бірінші рет коммунистерге бірлескен үкімет құрамына енуге ұсыныс жасады. Үкімет социалист П.Моруа басқарды. Оның мақсаты бірлескен бағдарламаға сәйкес барлық банктер мен ірі өнеркәсіптің бір бөлігін (Францияның 9 аса ірі корпарациясын) мемлекет қарамағына алу, әлеуметтік шиеленісті босаңсыту, әлеуметтік теңсіздікті азайту, толық жұмыспен қамтамасыз ету болды. Кейнсшілдік бағытта төлем қабілетті сұранысты арттыруға бағытталған маңызды реформалар іске асырылды.

Бірақ елде жұмыссыздықтың жоғары деңгейі сақталынып қалды.

1984 ж. Ұлттық жиналыстың сайлауында оңшыл партиялар көпшілікке жетісті, президент – социялистің тұсында оңшыларды үкіметі құрылып, ол ұлттық меншіктен айыру процесін бастады және бюджеттің үлкен дефицитін қысқарту мақсатымен қатаң үнемдеу тәртібін орнатты, бұл консерватизмге бетбұрыстың көрінісі еді.

Бұл жағдай Ф.Миттеранға 1988 ж. президент сайлауында да жеңске жетуге мүмкіндік берді. Солшыл президент пен оңшыл үкімет арасында қарама-қарсы түру жағдайы президенттің икемді саясатының арқасында аса күшті дағдарыстарға ұштаспады. Бұл социялистердің де экономика мен әлеуметтік қатынастар саласында жаңа консервативтік саясатқа бетбұрғандығына байланысты болды.

1995 ж. мамырдағы президент сайлауында оңшылдардың басшысы, Париждің мэрі Жак Ширак жеңіске жетті. Президент 1997 ж. Ұлттық жиналысқа мерзімнен бұрын жариялады, онда Жак Ширактің ойы орындалмай, солшыл одақ (социалистер, коммунистер, “жасылдар”) жеңіске жетті. Сөйтіп, Франция бұрынғы қарама-қарсылық жағдайына қайта оралып, оңшыл президент тұсында солшыл үкімет құрылды.

Германия

Германиядағы оккупациялық режим (1945-1943). Германияның сөзсіз тізе бүгуін қабылдап, оккупациялық билік орындары елді басқаруды өз қолдарына алды: үш батыс аймақта – АҚШ, Ұлыбритания, Францияның әскери әкімшілігі, ал Шығыс аймақта – кеңес әскери әкімшілігі билік жүргізді. Жалпы басқару үшін төртжақты Бақылау кеңесі құрылды. Жеңген мемлекеттердің саясаттарының мақсаттары герман милитаризмі мен нацизмін жою, елдің нациссіздендіру, картелсіздендіру және демократияландырылуын іске асыру деп жарияланды. Германияны бірнеше мемлекетке бөлу идеясын жақтаушылардың да болғандығына қарамастан, одақтастар елдің тұтастығын сақтау принципін басшылыққа алды.

Оккупациялық аймақтарда саяси партиялар, кәсіподақтар құрылып, олар алғашқыда жалпыгермандық сипатта болды. Одақтастардың арасында қарама-қайшылықтардың шиеленісуіне байланысты батыс және аймақтар да ұйымдық жағынан дербестеле бастады.

Германия қалыпты өмірге орала бастады. Оккупациялық билік орындары соғыс қарсыластарына қарсы сот процестерін ұйымдастырды.

Германияның бөлінуі.Одақтастар жеңілген Германия жөніндегі келісілген саясат жүргізу туралы Потсдам келісімдерін формальді түрде теріске шығармады. Бірақ іс жүзінде аймақтарда өздерінің мүдделеріне сай келетін саясат жүргізді. Батыс державалар «қырғи қабақ» соғыс басталысымен Германияға экономикалық жағынан біртұтас құрылым ретінде қараудан бас тартты. Батыс аймақтары мен шығыс аймақ арасындағы шаруашылық байланыстарының үзілуі тереңдей түсіп, елдің келешекте екіге бөлінуіне алғышарттар жасады.

ГФР-дің құрылуы. Германияның бөлінуіне алып келген батыс оккупациялық билік орындарының маңызды шарасы 1948 ж. 20 маусымда өткізілген ақша реформасы болды. Сол кезде Батыс Германияны «Маршалл жоспары» бойынша көмек беруге қосу басталды. Саяси салада маңызды оқиға Германияның батыс аймақтары үшін Конституция дайындау жөніндегі парламенттік кеңестің құрылуы болды. 1949 жылы 8 мамырда Кеңес конституцияның жобасын бекітті. 7 қыркүйекте бундесрат пен бундестаг Конституцияны бекітіп, Германия Федеративтік Республикасының президентін сайлады. 20 қыркүйекте канцлер Конрад Аденауэр парламентке тұңғыш үкімет құрамын ұсынды.

ГДР-дың құрылуы. Шығыс Германиядағы кеңес оккупациялық аймағындағы оқиғалар да осыған ұқсас сценарий бойынша өрбіді. Батыс аймақтардағы ақша реформасына жауап ретінде халықты қаржылық алыпсатарлықтан қорғау үшін Шығыс Германияның территориясында шығыс маркасы енгізілді. 1949 ж. 7 қазанда Шығыс Германияның территориясында Герман Демократиялық Республикасының құрылғандығын жариялады. Палата ГДР президенттігіне Вильгельм Пикті сайлады. Ол ГДР-дің тұңғыш үкіметін құрып, оны бекітуге ұсынды.

Сөйтіп, Германияның территориялық бөлінуі іске асты. Екі герман мемлекеті екі әлеуметтік-экономикалық және саяси жүйені бейнеледі: социалистік ГДР мен капиталистік ГФР тарихи жарысқа кірісті. Германияның екі бөлігі фашистік тарихынан әр түрлі екі жолмен арыла бастады.

Режимнің дағдарысы. Наразылық стихиялық түрде көпшілік бас көтерулерден көрініс тапты. Олардың ішіндегі ең ірісі «социализм негіздерін» құру бағдарламасын қабылдағаннан соң ұзамай-ақ бұрқ ете қалды. 1953 жылы 17 маусымда Берлинде, Лейпцигте, Герлицте, Галльде және басқа да ГДР қалаларында халықтың жаппай наразылық бас көтерулері орын алып, олар ГДР-де орналасқа кеңес әскерлерінің қатысуымен басып жаншылды. Қарсылық әр түрлі көрініс тапты, бірақ ең көп тараған түрі шығыс немістерінің жаппай ГФР-ге қашып кетуі болды. Бұған жауап ретінде шекара жабылды. 1961 жылы Берлинде аты шулы Берлин қабырғасы салынды. Бранденбург қақпасы бірнеше қатар темір шарбақпен қоршалып, тікенек сымдармен оралып тасталды. Қабырғаны автоматшылар күзетіп тұрды, оларға қашуға әрекет жасағандарды атып тастауға бұйрық берілді.

60 жж. басында ГДР үкіметі толғағы жеткен мәселелерді шешуге бағытталған біршама белсенді реформалар жүргізді. Орталықтанған жоспарлауды кәсіпорындардың біршама дербестігімен үйлестіруге әрекет жасалды. Шығыс герман немістерінің материалдық жағдайы жақсарды, азық-түлік және өнеркәсіп тауарларымен қамтамасыз етілу жағынан олар басқа Шығыс Еуропалық елдердің халықтарынан едәуір алда болды.

80 жж. аяғында ГДР-дағы жағдай нашарлады, ресми баспасөз экономикалық жоспарлардың табанды түрде орындалып жатқандықтары туралы хабарлап жатқанымен, іс жүзінде экономикада терең сәйкессіздіктер орын алып, бюджет дефициті жылдан жылға арта түсті, мемлекеттік қарыз 20 млрд. доллардан асты. Бұрынғы жылдары ГФР-ға қашып кеткен 2 млн. адамға қосымша 1989 ж. бірінші жартысының өзінде-ақ 350 мыңдай адам қашты.

1989 ж. 18 қазанда канцлер Э.Хоннеркер орынан түсті. 9 қарашада Берлин қабырғасы құлатылды. ГДР мен ГФР-ның жақындасу қарқыны стихиялық және бақылауға болмайтын сипат алды. Германияның шығысында мемлекеттік құрылымдар мен саяси партиялардың тарау процесі басталды, экономика құлдырады.

1990 ж. 18 наурызда жаңа сайлау өтті. Бұл ГДР-дағы тұңғыш еркін сайлау