Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЛЕКЦИИ по ВСЕМИРКЕ.doc
Скачиваний:
975
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
913.92 Кб
Скачать

Италия.

Қарсыласу қозғалысы жене республиканың құрылуы.Елде ағылшын-американ оккупациялықәскерлерiболды, бiрақиталиялықтарға демократиялықрежимдiқалпына келтiруге ешкiм бөгет жасамады. Бұл жұмы­сқа Қарсыласуқозғалысынақатысқан негiзгi саяси партияларқатысты. 1946 ж. 2 маусымда мемлекеттiк құрылыстыңтүрітуралы референдумөтті.Референдум республиканыңжақтаушыларына жеңiсәкелдi. Бiр мезгiлдеҚұрылтай жиналысынасайлауөткiзiлдi. Сайлаунегiзгi саяси партиялардьңықпалын бaғалауғамүмкiндiкбepдi: христиандық-демократиялықпартия барлықдауыстьң35%, социалистер - 20%, коммунистер - 19%алды.Осыбасты саяси партиялардьңынтымақтастығыныңнегiзiндеКонституция жасалды.

Конституция.Мемлекет басшысы конституция бойынша парламенттiңқос палатасы (депутаттарпалатасы мен сенат) сайлайтын Президент болды. Екі палата да барлық азаматтардың (әйелдер тұңғыш рет дауыс құқығын алды) өкілдіктерінің тепе-теңдік жүйесі бойынша сайланды. Конституцияға дәстүрлі буржуазиялық-демократиялық бостандықтардан басқа да, бұрын болып көрмеген (мысалы еңбек ету құқығы) ережелер де жазалды. Италияның халықаралық жағдайын бекiткен маңызды оқиғa 1947 ж. ақпанда бiтім шартына қол қою болды.

Сайлаудың қортындылары. Италияның конституциясы ресми түрде 1948 ж. 4 қаңтарынан бастап eндi. Тұңғыш республикалық парламент сайлауы сәуiрде өттi. Сайлауда дауыстардың 48% алған христиандық-демокра­тиялық партия (ХДП) жеңiске жеттi. Солшыл оппозициялықодаққұрамындақатысқан коммунистер мен соци­алистер 31 % дауысқа ие болды.Yкiмeттi христиандық­демократиялық партияның жетекшiсi де Гаспери кұрды.

Әлеуметтiк-экономикалық даму.Италияәдетте ша­руашылығы баяуқарқынмен дамитынженеөнеркәсiбiнiңнегiзi нашар Еуропалықелдердiңқатарына жататын. Бiрақ50-60ж.ж оныңэкономикалықдамуыныңқарқ­ыны кенет күшейiп,"итальян кepeмeтi"деген термин туғызды.

"Итальян кереметін" адамдар жасады. Бiр итальян экономисiнен Италияныңэкономикалықжетiстiктерi ту­ралы сұрағанда, ол "рас Италияда пайдалықазбалар жоқ, бiрақбiз кәсiпкерлердi жасай аламыз", - деп жау­ап берген.

Елде бос және арзан жұмысқолы жеткiлiктi едi. Еңбекке жарамды адамдардың40 % ауыл шаруашылығында iстейтiн мешеу Oңтycтiкөнеркәсiптi Солтүстiктi жұмысқолдарымен жабдықтап отырды.

Бiрақбасты мәселе мұнда емес eдi.Өнеркәсiптегi жұмысшылар саны болар-болмасқанаөстi,Еңбек өнiмдiлiгiнiң өcyiнe жаңа технология мен озық техника­ның енгiзiлуi себеп болды. Италияөнеркәсiбi дамыған елдерден патенттер мен лицензияларды көптеп сатып алды. Осылардыңнегiзiнде экономикақұрылымдықжағынан түбегейлiөзгерicкеұшырады. Оныңөрлеуiне аяқкиiм, мата, дайын тамақөнiмдepiнөндipeтiн, жаңа технологияны eндipгeнұсақжәне орташа фирмаларүлкен улесқосты.

Италияныңэкономикалықжүйесiнiңбiркелкi eмecтiгi ipi жәнеұсақбизнестердiңерекше бiрiгуiн көрсеткен басты аймақтық үлгiлердекөpiнic тапты.

Солтустiк-батыс Италияда (негiзiнен Милан, Генуя, Турин қалаларыныңайналысында) озат технологиялыжаппай өнім шығаратын ірі өнеркәсіп шығаратын /автомобиль, химия, компьютер, т.б. өнеркәсіптер/ топтасты.

Мұндағы ұсақ фирмалар ірі өнеркәсіпті толықтырып отырды. Солтүстік-Шығыс және Орталық Италияда /Тоскана, Эмилия-Романья, Венеция/ ұсақ жене орташа фир­малар кішірек калалардың танаптарына орналасып, дәстүрлi италиян өнiмдерiн (керамикалық жабындар, аяқ киiм) өндiредi.

Оңтүстiк Италия (Неапольден Сицилияға дейiн), ­– бұл артта қалған, аймақ, әдетте ол туралы: "Бұл Оңтүстiктің проблемасы" дейдi. Мешеулiк экономикалық да­муындағы сәйкессiздiктер және жұмыспен қамтамасыз етудiң шешiлмеген проблемаларымен толықтырыла түсті.

Италия аймақтарының дамуындағы сәйкессiздiктер (да­мыған, жаңарушы Солтүстiк пен тоқыраған Оңтүстiк) әлеуметтiк құрылыстың eкі жақтылығына әкелiп соқты: Солтүстiкте демократия, ол Оңтүстiкте клиентелизм мен мафия қоғамда елеулi қақтығыстар – сыбайлас жемқ­орлық, терроризм, қылмыс, мафияны саясатқа енгiзу сияқты жағымсыз құбылыстар туғызды.

Италияның маңызды ерекшелiгi - мемлекеттік сек­тордың, шешуші ролі атқаруында, ол қазiргi кезде аса қуатты өнеркәсiптiк-қаржы кешенiне айналды. Оның құрылымдары партиялық-бюрократтық аппаратпен тығыз араласып кетті.

Италиядaғы 50-90-жж. партиялық-саяси күрес. Ба­сқа жетекшi капиталистiк елдерден айырмасы Италияда соғыстан соңғы онжылдықтарда көппартиялық саяси жүйенiң сақталуы мен өкiлеттi мекемелердiң сәйкестік сайлау жүйесінің негізiнде құрылатындығы болды. Ита­лияның одан басқа да өзгешелiктерiнiң бipi - ол 1947-1948 жж. берi қарай келе жатқан Христиандық.-демок­ратиялық партияның рөлiнiң басымдылығы болып отыр, ол сайлауларда дауыстардың 45-50 %) алып келдi.

Центризм.ХДП пен оның жетекшiсi де Гасперидiң аталған жылдардағы саяси бағытын центризм, яғни оңшыл және солшыл куштер арасында теңдестік сақ­тау ретiнде сипатталынды. Мүндай бағыттың нәтижесi әлеуметтiк консерватизм мен әлеуметтiк ымыраға бару­шылық арасындағы ауытқу болды. Нәтижесiнде бұл жылдары қажеттi реформалар жургiзiлмедi.

Солшыл центризмге бетбұрыс. 60-жж.бас кезiне қарай центризм өзiн сарықты. 1960 ж. Тамброни үкметі парламентте өкiлдерi бар оңшылдар мен неофашистердiң тараптарынан көмек iздей бастады.

Бiрақ, ХДП iшiнде қоғамның демократиялық, күштерi талап еткен әлеуметтiк реформаларды iске асыру қажет деп тапқан баска топ белсендiлiк көрсете бастады. Социа­листiк партияны ХДП-ның солшыл қанатымен бiрлесiп, елдi басқаруға тарту (социалистер де "кнопкалы бөлме­лерге кiрудi" аңсап жүрген) жобаланды. Осы негiзде Ита­лияда 60-жж. басында солшыл центрлiк одақ құрылып, ол реформалар бағдарламасын (электростанцияларды мем­лекет қарамағына алу, экономиканы бағдарлау, аграрльқ реформа, бiлiм беру, зейнетақымен қамтамасыз ету жүйелерiн реформалау, облыстық автономия енiзу) ұсын­ды. Бұл саясат солшыл центризм деп аталды. Солшыл центризм саясаты, былайша қарағанда түкке турмайтын мәселеге сүрiнiп, өзiн-өзi сарықты. 1972 ж. неке ажырасу туралы заң қабылданды. Католиктiк Италия yшiн бұл аса маңызды мәселе eдi. Миллионнан аса ажырасқан отбасы­лар өздерiнiн мүлiктiк және басқа да маселелерiн шеше алмай қиналыс тапты. Ватиканның қолдауына байланысты ХДП құрамында бұл заңға күштi қарсылық бар болатын.

Бiрақ ажырасу туралы заң солшыл центризм дағда­рысының себебi емес, тек сылтауы ғана eдi. Италия өзiнiн күрделi әлеуметтiк мәселелерiн ең басты солшыл күш - коммуниcтiк партияның қатысуынсыз шеше алмас eдi. Елдегi ұдайы саяси түрақсыздық үкмет дағдарыста­рынан көрiнic тапты. 1948 жылдан бастап 30 жыл iшiнде 40 үкмет кабинетi ауысты.

Солшыл центризмнiц дaғдapыcы. 70-жж. Ортасында жағдай өзгердi, "солшыл центризмнiң" дағдарысы ХДП дағдарысына айналды. 1976 ж. сайлауда ХДП 36 % дayыc алса, коммуниcтiк партия 34% дayыc алды. Сөйтiп, компартияны оқшаулауға арналған саясат сәтсiздiкке ұшырады. Италияның жетекшi саясаткерлерi ушiн "оңшыл центризм" саясатының да, "солшыл центризм" саясатының да саяси турақтылыққа алып келмегендiгi айқын болды. ХДП көpнекті қайраткерi Альдо Моро "үшiншi нусқа" немесе "үшiншi кезең" (яғни оңшыл центризм мен солшыл центризмнен кейiнгi) идеясын ұсынды, бұл идея коммунистiк партияны елдi баскару iciнe қатыстыруды көздедi.

1977 ж. маусымда yкiмeт саясатын белгiлеген, iшiнде коммунистiк партия бар, алты партияның келiсiмiне қол қойылды. Коммунистер, социалистер мен либералдар бiрлескен бағдарламаны iскe асырып жаткан кезде укiметтiң орнынан кетуiн талап етпеуге келiстi ("сенімсіздік көрестпеу" саясаты).

1978 ж. бул әрекет ИКПмен ынтымақтастықтың ба­сты қолдаушысы Альдо Мороны ұрлап әкетiп, өлтiрген "қызыл бригадалар" террористерiнiң кылмыстық аранда­тушылығының нәтижесiнде iскe асырылмай қалды. Ба­сталған үкмет дағдарысы үкiметтің орнынан тycyi және компартияның оппозицияғаа кeтyiмeн аякталды.

ХДП өзiнiн: үкімет құруға монополиясынан айырыл­ды. 1981 ж. үкімет құру құкы республикашылдардың жетекшiсi Спадолинниге, кейiнiрек социалистiк партия­ның басшысы Б. Краксиге берiлдi. 1992 ж. президент Коссига орнынан түсті. Сол ж. парламент сайлауы бас­ты саяси партиялардың, оның iшiнде ИКП, ИСП, ХДП­лардың да ықпалдарының төмендегенін көрсетті.

"Таза қолдар" науқанының салдарлары.1992 ж. ақпанында Италияда кең көлемде "таза қолдар" науқаны жүргiзiлiп, оның барысында билiктiң ең жоғарғы қабат­тары мен басты саяси партиялардыц басшылығында сы­байласқан жемқорлықтың жаппай орын алу фактiлерi ашылды. "Таза қолдар" операциясының тергеу тiзiмiне 20 мыңнан аса адам, оның iшiнде премьер-министрлер, министрлер, парламент депутаттары, саяси партиялар­дың басшылары iлiндi. 1992 ж. ақпан айынан бастап eкі жыл iшiнде 2 мыңнан аса адам пара алғандықтары үшiн айып тағылып, қамауға алынды. Оларға сотқ,а шакыру қағаздары тапсырылды. Олардың iшiнде буры­нғы премьер-министрлер Дж. Андреотти, Б. Кракси, парламент депутаттары мен сенаторлар болды. Билiктiң жоғарғы қабаттарының мафиямен байланысы туралы бұл алып сот процесi итальян қоғамын шайқалтып, Италияда Қарсыласу толқынында құрылғанан партиялық-­саяси жүйенiң күйреуiнiң бастамасына айналды.

Бiрақ "Таза қолдар" науқаны Италиядағы үш сатылы сот жүйесiнiң кағазбасылық пен созбалаушылық әpeкeттepiнiң салдарынан еш нәтижесiз аяқталды, небәрi үш айыпталушы түрмеге жабылды, ал жетекшi тергеу­шiлер iстен аластатылды. Дегенмен бұл жанжалдар екiншi дуниежузiлiк соғыстан кейiн қалыптасқан партиялык-саяси жуйенің күйреуiне әкелiп соқты.

Партиялық жүйенің күйреyi. 1994 ж. наурызында мерзiмiнен бұрын кеткен парламент сайлауы бұрынғы партиялық жүйенiң толық күйрегендiнiн көpceтті. ХДП үш саяси ағымға бөлiндi, ИСП өзiн-өзi таратты. Компартия сайлаудан бұрын Демократиялық солшыл куштер партиясы /ДСКП/ болып қайта құрылды. Сайлауда бұрын тіпті белгісіз миллионер С.Берлускони басқаратын "Италия алга!", федералист У. Босси басқаратын "Солтүстiк лигасы", неофашистер мен ұлтшыл оңшыл күштердiң бiрлестiгi "Ұлттық альянс" сияқты саяси топ­тар жеңiске жеттi. Бұл партиялар "Бостандық полюсы" одағына бiрiктi. Солшыл партиялар Прогресшiл күштер альянсын құрды. Үкіметті "Солтустiк лигасы" және неофашистiк "Ұлттық альянсiн" одақтасу негiзiнде С Берлускони құрды. Бұл үкмет тек 1994 ж. аяғына дейiн өмip сүрдi. 53-шi, жаңа итальян үкметін өз кабинетiн "Партияда жоқ техник-министрлерден" құрылған тәуелсiз кандидат Ламберто Диви басдарды. Бiрақ бұл үкметте саяси дағдарыс алдында шыдап тұра алмады. 1996 ж. Сәуiрде мерзiмiнен бурын өткен сайлауда "Олива" одагына бiрiккен солшыл күштерге жеңiс әкеледі. Ондағы жетекшi күшi ДСКП болды. Бұл партия дауыстардың 22% алып, бiрiншi орынға шыкты. 1998 Ж. бiрнеше тұрақсыз, партиялардан тыс кабинеттерден соң Италия президентi үкмет кұруды ДСКП басшысы Массимо д' Алемаға тапсырды.