Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
методичка семинар ОЭТ.docx
Скачиваний:
56
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
322.46 Кб
Скачать
  1. Тақырып. Капитал (қорлар).

    • Негізгі әдебиеттер:

    • Қосымша әдебиеттер:

    • Құқықтық нормативті актілер

    • Шеденов Ө.Қ., Жүнісов Б.А., Байжомартов Ү.С., Комягин Б.И. «Жалпы экономикалық теория». Алматы – Ақтөбе, 2002. 70-78 бб.

    • Никитин Р. «Закон стоимости и механизм ценообразования» М., Прогресс, 2001г.

    • Табыс пен капиталға қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы Қазақстан Республикасы мен Нидерланды Корольдiгi арасындағы конвенцияны бекiту туралыҚазақстан Республикасының Заңы 1997 жылғы 24 ақпан N 70

    • Әубәкіров Я.Ә., Байжұмаев Б.Б., Жақыпова Ф.Н., Табеев Т.П. Экономикалық теория курсы – Алматы, 1999ж., 105-112бб.

    • Аубакиров Я., Ескалиев М. «Основы экономической теории» А., 1999г.

    • Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ұжымдық инвестициялау және жинақтаушы зейнетақы қорлары қызметiнiң мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 20 қарашадағы N 88-IV Заңы

    • Әубәкіров Я.Ә., Досқалиев С.Ә.,Байжұмаев Б.Б., Жәйшибеков Ж.Қ. Табеев Т.П. Экономикалық теория негіздері. Оқу құралы – Алматы, Санат, 1998ж., 75-80бб.

    • Мамыров А.К. «Микроэкономика» Алматы, 2001

  • Сабақтың мақсаты

  • Капитал, негізгі капитал, айнымалы капитал, капитал айналысы, амортизация, амортизациялық жарна, капиталдың тозуы: физикалық және моральды тозу, инвестиция түсініктерінің мағыналарын талдау.

  • Капитал – экономика дамуының негізі екенін түсіндіру.

  • Экономикалық субъект ретінде өз капиталын қалыптастыруға, оны тиімді пайдалануға үйрету.

  • Оқытудың міндеттері:

  • Кейс – стади бөліміндегі жағдайлық тапсырмаларды талдау.

  • Тақырып бойынша берілген сұрақтарды талдау.

  • Тест тапсырмасымен жұмыс жасау.

  • Негізгі түсініктер: Капитал, негізгі капитал, айнымалы капитал, капитал айналысы,амортизация, амортизациялық жарна, капиталдың тозуы.

  • Жаңа түсініктер:Капитал, негізгі капитал, айнымалы капитал, капитал айналысы,амортизация, амортизациялық жарна, капиталдың тозуы: физикалық және моральды тозу,

  • инвестиция.

  • Қарастыратын негізгі сұрақтары

  1. Фирма – нарықтық экономиканың негізгі институты.

  2. Кәсіпорынның (фирманың) ұйымдық - құқықтық формалары.

  3. Фирманың капиталы және оның құрылымы.

  4. Капитал айналымы. Негізгі және айнымалы капитал.

  5. Инвестиция - өндірістік қорларды қаржыландыру көзі ретінде.

  • Оқытудың әдістері:Семинар сабағында берілген сұрақтарды талқылау, дебат, кейс-стади, дисскусия,кестемен жұмыс,тесттік тапсырмалар(бақылау сұрақтары).

  • Кейс-стади

  1. А мемлекетіне «Кока – кола» компаниясы завод ашты 1млн. долларға. Сол

  • завод 1-жылы 100 мың литр өнім алды. Нәтижесінде 300мың доллар пайда көрді. 2-жылы негізгі капиталға сол пайданы инвестициялады. Нәтижесінде екінші жылы 700 мың литр өнім алды. А мемлекетінде халық (тұрғандар) саны 900мың адам болса, 3-жылы алдыңғы екі жылда түскен табысты қайта салудың (инвестициялаудың) маңыздылығы бар ма, жоқ па? Жауабыңызды негіздеңіздер.

  • 2. 2011 жылғы парламенттің алғашқы отырысында 2010 жылы еліміздің экономикасы саласындағы жұмыстар есебі тыңдылды.

  • Республикамыздағы қысқы жылу беру маусымында орын алып отырған кейбір келеңсіздіктер туралы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау баяндама жа­са­ды. Оның айтуынша, биылғы қыста Өскемен, Қостанай, Ақтөбе және Көк­шетау қалаларында жылу режімінің нормалары сақталмаған. Елімізді эл­ектр қуатымен қамтамасыз ету жүйе­сінде осы жылу беру маусымында 40-қа жуық технологиялық келеңсіздіктер орын алған. Мәселен, Теміртау қала­сындағы энергиялық жүйенің істен шығуына байланысты қала тұрғын­дары 6 сағат бойы жарықсыз қалған. 4 қаңтарда Қарағанды облысының Приозер қаласының бу қазанында болған апаттың салдарынан қаладағы барлық 53 көп қабатты үйлердің жылу жү­йе­сіндегі суды ағызып жіберуге тура келген. Қала тұрғындары бірнеше күн жылусыз қалған. Қазіргі күнге дейін осы 53 көп қабатты тұрғын үйдің 14-і жылу жүйесіне қосылмаған.

  • Жаңа жылдың 5 және 7 қаңтары күндерінде Семей қаласының №1 ЖЭО-да бірнеше апат орын алған. Осы­ның салдарынан Семей қала­сы­ның жылу жүйесі толық істен шы­ғу­дың аз-ақ алдында қалған. Әлі күнге дейін қаланың солтүстік жағалауын­дағы жылу жүйесінің кемшіліктері жой­ылмай отыр. Қаланың бұл бөлі­гіндегі тұрғын үйлерге берілетін жылу нормадан әлдеқайда төмендеп кеткен. Шұғыл қолға алынған шаралардың нә­тижесінде қаладағы 5 бу қазаны іске қосылған. Алайда әлі күнге дейін Се­мейдің №5 бу қазанындағы жөндеу жұ­мыстары аяқталған жоқ. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың айту­ын­ша, Семей қаласындағы «ең жас» бу қазандары кемінде 70 жылдан бері пайдаланылып келеді. Сондықтан бұл қалада түбегейлі шаралар атқарылып, жаңа жылу орталығын салмайынша іс оңға баспайды. Семей қаласының жы­лу жүйесінде орын алған осы келең­сіз­діктерге байланысты

  • Үкімет бас­шы­сы арнайы комиссия құрды, комиссия төрағасы етіп сізді тағайындады және жағ­дайды то­лық зерттеуді жүктеді.

  • Талдау үшін сұрақтар:

  1. Жоғарыда берілген мәліметтер негізінде еліміздің аталған қалаларындағы жылу жүйелерінің капиталмен жабдықталуы туралы пікіріңіз қандай?

  2. Аталған қалалардың жылу жүйелеріндегі кемшіліктердің орын алуындағы негізгі себептерді талдаңыз және сол кемшіліктерді жою үшін қандай ұсыныстар айтар едіңіз?

  3. Жоғарыда аталған аймақтардың инвестициялық жағдайы туралы сіздің пікіріңіз.

  • 3. 2010 жылдың 1 желтоқсанындағы есеп бойынша  «Сбербанк» АҚ ЕБ активтері 2010 жылдың 1 қаң­та­рымен салыстырғанда 13 пайызға артып, 221,3 млрд. теңгеден 250,0 млрд. теңгеге дейін өсті. Осы мерзімде заңды тұлғалардың салымы 30%-ға артып, 115,1 млрд. теңгеден 150,1 млрд. теңгеге жетті. Клиненттерге берілген кредиттер 59,7%-ға артып, 96,5 млрд. теңгеден 154,1 млрд. теңгеге дейін өсті. 2010 жылғы 1 қарашадағы мәлімет бойынша банктің өз капиталы 37,8 млрд. тең­гені құрады, жыл басынан бергі осы мерзімдегі таза табысы 806,6 млн. теңгеге жетті. 2010 жылдың 1 қара­шасында Қазақстандағы рейтингі бойынша банк өз капиталы бойынша – 8 орын, таза табыс бойынша – 11 орын және активінің көлемі бойынша 11 орын алады.

  • Талқылау үшін сұрақтар:

    1. «Сбербанк» АҚ – ның президентісіз. Сіз банк президентті ретінде несие беруді

  • жалғастырар ма едіңіз?

    1. Берілген ақпараттар негізінде банктің экономикалық жағдайына талдау жасаңыз.

    2. Актив көлемі бойынша 11 орынды иелену, бұл жетістік пе?

  • Дисскусия

  1. Адам – экономикалық субъект, яғни экономиканы дамытуға қабілетті мүмкіндіктер жиынының иесі. Сонда «Капитал – экономикадағы басты қозғаушы күш» деген пікірмен келісесіз бе? Адам мен капиталдың өзара байланысы қандай?

  2. Инвестиция – бұл ірі қаржы салымы. Капитал - өндіріске қажетті құралжабдықтар жиыны. Демек, екеуі екі түрлі түсінік, алайда капитал мен инвестиция түсініктерін не үшін бір-бірімен байланыстыра қарастырады?

  3. Адамның физикалық және ой еңбектері капиталға жатады ма? Неге?

  • Қорытынды

  • Семинар сабағының сұрақтарын талқылау барысында капитал туралы, оның экономикадағы маңызы, қызметтері туралы білімдерін жетілдіреді. Өндірістегі капитал түрлерін ажырата, негізгі капиталдың тозуынанықтаудыүйренеді. Студенттер өздерін капитал иесі рөліне қоя отырып, капиталды тиімді пайдалану туралы ұсыныстарын айтады. Сабақ соңында студенттер сабақ кезінде көрсеткен білімдеріне бағаланады.

  • Қорытындысында өтілген тақырыптың менгерілуінің деңгейін анықтау үшін тесттік тапсырмалар (бақылау сұрақтары) алынады

  • Бақылау сұрақтары:

  1. Негізгі және айнымалы каиталды талдаңыздыр (нақты мысал негізінде).

  2. Негізгі капиталдың тозу түрлерін анықтаңыз және себептерін түсіндіріңіз.

  3. Амортизацияны есептеу әдістері.

  4. Инвестиция дегеніміз не?

  5. Капитал мен инвестиция түсініктерін не үшін бір-бірімен байланыстыра қарастырады?