Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
методичка семинар ОЭТ.docx
Скачиваний:
56
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
322.46 Кб
Скачать
  • 7.Тақырып. Сұраныс және ұсыныс

    • Негізгі әдебиеттер:

    • Қосымша әдебиеттер:

    • Құқықтық нормативті актілер

    • Шеденов Ө.Қ., Жүнісов Б.А., Байжомартов Ү.С., Комягин Б.И. «Жалпы экономикалық теория». Алматы – Ақтөбе, 2002. 78-83бб.

    • Никитин Р. «Закон стоимости и механизм ценообразования» М., Прогресс, 2001г.

    • Тауарлар импорты жағдайында iшкi рынокты қорғау шаралары туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 28 желтоқсандағы N 337 Заңы  07.07.2006 ж.

    • Әубәкіров Я.Ә., Байжұмаев Б.Б., Жақыпова Ф.Н., Табеев Т.П. Экономикалық теория курсы – Алматы, 1999ж., 93-99бб.

    • Аубакиров Я., Ескалиев М. «Основы экономической теории» А., 1999г.

    • Тұтынушылардың праволарын қорғау туралы Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Заңы

    • Әубәкіров Я.Ә., Досқалиев С.Ә.,Байжұмаев Б.Б., Жәйшибеков Ж.Қ. Табеев Т.П. Экономикалық теория негіздері. Оқу құралы – Алматы, Санат, 1998ж., 80-86.

    • Мамыров А.К. «Микроэкономика» Алматы, 2001

  • Сабақтың мақсаты

  • Студенттерге нарықтық экономиканың басты екі элементтері - сұраныс және ұсыныс туралы білім қалыптастыру.

  • Тақырып бойынша негізгі экономикалық түсініктердің мағыналарын талдау.

  • Икемділік туралы ақпарат беру және талдау.

  • Сұраныс пен ұсыныстың өзгерісі кезіндегі нарықтағы күтілетін жағдайды талдауға үйрету.

  • Оқытудың міндеттері:

  • Берілген жағдайлық есептерді шығару және талдау.

  • Дискуссия кезінде қойлатын мәселелік сұрақтарды талдай отырып, өз тараптарынан ұсыныс айту.

  • Бақылау сұрақтары бөлімінде берілген сұрақтарға жауап беру.

  • «Сұраныс және ұсыныс» тақырыбы бойынша берілген тест тапсырмаларын орындау.

  • Негізгі түсініктер: Сұраныс, сұраныс заңы, сұраныс қисығы, ұсыныс, ұсыныс заңы,

  • ұсыныс қисығы, сұраныс және ұсыныс

  • икемділігі, икемділік түрлері.

  • Жаңа түсініктер:Сұраныс, сұраныс заңы, сұраныс қисығы, ұсыныс, ұсыныс заңы, ұсынысқисығы, сұраныс және ұсыныс икемділігі, икемділік түрлері.

  • Қарастырылатын негізгі сұрақтар:

  1. Сұраныс заңы, сұраныс қисығы. Сұранысқа әсер ететін бағалы емес факторлар.

  2. Ұсыныс, ұсыныс заңы, ұсыныс қисығы. Ұсынысқа әсер ететін бағалы емес факторлар.

  3. Икемділік түсінігі. Сұраныс және ұсыныс икемділігі.

  4. Тұтынушылар мінез-құлқы еориясының негізі.

  • Оқытудың әдістері:Семинар сабағында берілген сұрақтарды талқылау, дебат, кейс-стади, дисскусия,кестемен жұмыс,тесттік тапсырмалар(бақылау сұрақтары).

  • Негізгі бөлім:

  • Теория

  • Оқытушының кіріспе сөзі:Тақырып бойынша негізгі сұрақтарды талдау. Экономикадағы сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігінің маңыздылығы туралы түсіндіру.

  • Жағдайлық (ситуациялық) есептер:

  1. Балалар сабынына сұраныс қисығы мына түрде берілген: Qd = 250-4Р, мұнда Qd –сұраныс көлемі

  • а) егер айына Qs =90 болса, тепе-теңдік баға қандай?

  • б) Егер балалар сабынының бір данасына баға 30 теңге болса, онда жетіспеушілік деңгейін анықтаңыз?

  1. Халықтың қарастырып отырған тауарға деген сұраныс функциясы Qd=9-P, ұсыныс функциясы Qs=62P түрінде берілген.

  • Тепе теңдік баға мен теңдестік көлемі қалай анықталады.? График түрінде көрсетіңіз.

  1. Нанға деген ұсыныс функциясы Qs = 200 3P, ал сұраныс функциясы горизонталь түзу және оның көлемі 320 тең. Онда тепе

  • теңдік баға қандай болады?

  1. Төмендегі мәліметтерді пайдалана отырып, сұраныс және ұсыныс қисығын салыңыз, тепе-теңдік бағаны (Pe)

  • анықтаңыз. Егер нарықтық баға тепе-теңдік бағадан (Pe –ден) төмен болса, қандай жағдай орын алады?

    • Баға (теңге)

    • Сұраныс көлемі

    • Ұсыныс көлемі

    • 500

    • 300

    • 160

    • 1000

    • 250

    • 180

    • 1200

    • 220

    • 220

    • 1400

    • 200

    • 250

  • Кейс - стади

  • 2011 жылғы парламенттің алғашқы отырысында 2010 жылы еліміздің экономикасы саласындағы жұмыстар есебі тыңдылды.

  • Үкімет отырысында еліміздің ішкі рыногындағы азық-түлік ба­ға­сының негізсіз көтерілу мәсе­ле­сі сөз болды. Әйтпесе, жаңа жыл қарсаңында 750 теңге болған сиыр етінің 5 күн мерекеден кейін 1400 теңгеден асып кетуін қалай түсіндіруге болады. Біз өткен жылдың астығынан алын­ған ұннан пісірілген дәс­түр­лі бөлке нанның бағасы 41-43 тең­геден аспауы жөнінде келіскенбіз. Алайда, қазіргі күннің өзін­­де кейбір өңірлерде нан баға­сы 60 теңгеден асып кетті, деді агенттік басшысы.

  • Отырыста сөз алған Ауыл ша­руашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевтың айтуынша, 2011 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша республикамызда 9,3 мил­лион тонна астық бар. Оның 2,6 миллион тоннасы – қабыл­дан­­ған меморандумдар шеңбе­рін­де бел­гіленген кесімді баға бой­ын­ша ғана босатылатын тұ­рақ­тан­дыру қорының астығы. Қол­да бар осы астық көлемі еліміздің ішкі рыногындағы нан өнімдеріне деген сұранысты алдағы егін ора­ғының жаңа астығына дейін толық қамтамасыз етуге жетеді.

  • Сондықтан нанның бағасының кө­терілуі туралы мүлде сөз қозғауға бол­­майды. Ал астық сапасына келетін бол­сақ, республикамыздағы қазіргі бар­­­­лық астық қорының 90 пайызы үшінші және жоғары класты бидай болып та­былады. Сондықтан сауда ұй­ымда­ры­ның нан бағасының көте­рі­луін астық сапасымен байланыс­ты­руы ешбір негізсіз.

  • Өсімдік майы мен жармаларға келетін болсақ, бұл азық-түлік түрле­рі­нің қоры да жеткілікті. Министрдің ай­туынша, қазір еліміздің көкөніс қой­маларында және ірі сауда орталық­тарының қоймаларында 900 мың тонна картоп, 150 мың тонна сәбіз, 100 мың тонна пияз сақталып тұрған кө­рі­неді. Көкөністің осы мөлшері елі­міз­дің тұрғындарын алдағы күзгі жаңа өнім алғанға дейін толық қамтамасыз етеді. Мал шаруашылығы өнімдерін тұ­рақтандыру мақсатында бұл саланы қолдау үшін Үкімет тарапынан нақты шаралар қабылданды. Өткен жылғы құрғақшылықтың кері әсерлерін ескере отырып, мал азығы үшін және ірі қара малдың аналық басын сақтау үш­ін еліміздің 8 облысының ауыл­ша­руа­шылық құрылымдарына жалпы көлемі 3,2 миллиард теңге көлемінде субсидия бөлінді. Құс шаруашылығын қол­дау мақсатында мемлекеттік жемазық қорынан 43 мың тонна арпа бөлу ту­ра­лы шешім қабылданды. Бұл шаралар­дың бәрі мал шаруашылығы сала­сы­ның тұрақтылығын сақтауға негіз болады.

  • 2011 жылы Үкіметтің барлық күш-жі­гері инфляциямен күреске жұмылды­ры­латын болды. 2011 жы­лы ең басты мәселе азық-түлік баға­ла­рын тұрақтандыру, оның ішінде әлеу­меттік маңызы бар азық-түлік түрлері баға­сы­ның қымбаттауына жол берілмейтіндігі туралы баяндаманы Үкімет басшысы жасады.

  • Талқылау үшін сұрақтар:

  1. Жоғарыда берілген мәліметтер негізінде азық-түлік тауарларына деген сұраныс деңгейін сипаттаңыз.

  2. Еліміздегі азық-түлік түрлерінің бағасы неліктен шарықтап барады, әлде халықтың табысы жоғарылады ма?

  3. Мемлекет басшысы ретінде сіз қандай шаралар қолданар едіңіз?

  4. Жоғарыда берілген мәлімет негізінде елімізде инфляция деңгейі 7,5% деген ақпаратпен келісер ме едіңіз? (жауаптарыңызды негіздеңіздер)

  5. Нарықтық экономиканың заңы бойынша баға сұарныс пен ұсыныс өзара тепе-теңдігі арқылы реттеліп отыруы тіис. Осы жерде мемлекеттің баға белгілеуге араласуы қажет па? Әлде сұраныс пен ұсыныс заңдары негізсіз бе?

  • Қорытынды

  • Сұраныс пен ұсыныстың мәні, нарықтық тепе-теңдік туралы жан-жақты ақпарат беріледі. Жағдайлық есептер арқылы сұраныс пен ұсыныс көлемдерінің өзгерісі нәтижесінде орын алатын экономикалық жағдайларды талдауды үйретеміз. Нақты жағдайлық оқиғалар желісін талдау арқылы өзіндік пікірін қалыптастырамыз. «Сұраныс және ұсыныс» тақырыбын студентердің қаншалықты меңгергендігіне байланысты бағаланды.

  • Қорытындысында өтілген тақырыптың менгерілуінің деңгейін анықтау үшін тесттік тапсырмалар (бақылау сұрақтары) алынады

  • Бақылау сұрақтары:

  1. Сұраныс дегеніміз не?

  2. Сұраныс заңы, сұраныс қисығы дегеніміз не?

  3. Сұранысқа әсер ететін бағалық емес факторлар туралы не білесіз?

  4. Баға өзгерісі орын алған жағдайда сұраныс қисығының орны ауысады ма?

  5. Ұсыныс, ұсыныс заңы, ұсыныс қисығы дегеніміз не?

  6. Ұсынысқа әсер ететін бағалық емес факторлар?

  7. Икемділік дегеніміз не?

  8. Икемділіктің қандай түрлері бар және олардың формуласы қандай?

  9. Бағалық икемділік деген не?

  10. Сұраныстың табыс бойынша икемділігі туралы не білесіз?

  11. Икемсіз дегенді қалай түсінесіз?

  12. Абсолютті икемсіз деген не?

  13. Егер мемлекет салық мөлшерін арттырса, онда нарықтық тепе-теңдік қалай өзгереді?

  14. Халықтың табысы, тауарлар бағасы 25% - ға артты. Осы жағдайда сұраныс пен ұсыныстың өзгерісі қандай болмақ?

  15. Халықтың табысы артты, бірақ кейбір тауарларға сұраныс кеміді. Бұндай тауарлар қалай аталады?