Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
методичка семинар ОЭТ.docx
Скачиваний:
56
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
322.46 Кб
Скачать
  • Тақырып 6. Нарық: түрлері, құрылымы, үлгісі.

    • Негізгі әдебиеттер:

    • Қосымша әдебиеттер:

    • Құқықтық нормативті актілер

    • Шеденов Ө.Қ., Сагындыков Е.Н. «Жалпы экономикалық теория». Ақтөбе, 2004.

    • 299-308 бб.

    • Эубэюров Я., Нербаев К, Ескалиев М., Жатканбаев Е., Байжумаев Е. Доскалиев С., Женцбеков Ж. Экономикалык теория негiздерi. Окулык, - Алматы: Санат, 2002.

    • "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына ґзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 наурыздаңы № 255-IV Заңы

    • Аубакиров Я. Ескалиев М. Основы экономической теории. А. 1999

    • Самуэльсон П. «Экономика» М., Прогресс, 1996

    • Тауарлар импорты жағдайында iшкi рынокты қорғау шаралары туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 28 желтоқсандағы N 337 Заңы  07.07.2006 ж.

  • Мақсаты:

  • Студенттердің нарықтық қатынастар жайында білімдерін қалыптастыру

  • Қазақстан республикасының нарықтық қатынасына байланысты дисскусия арқылы коммуникативті білімдерін қалыптастыру

  • Қазіргі жағдайда нарықтық экономиканы тиімді қолдануды қалыптастыру

  • Оқудың міндеттері:

  • Студенттердің нарықтық шаруашылықтың элементтерін меңгеру

  • Студенттер нарықтық экономиканың модельдерін талдай алу керек

  • ҚР нарықтық экономикалық қатынастарының ерекшелігін меңгеру.

  • Карточкалық тапсырмалармен жұмыс істей білу

  • Негізгі түсініктер: Нарықтық экономика.

  • Жаңа түсініктер: Инфрақұрылым, биржа, монополия, бәсеке.

  • Қарастыратын негізгі сұрақтары

  • 1. Нарықтық экономика және оның қалыптасуы

  • 2. Нарық мәні мен атқаратын қызметі. Нарықтық құрылым және инфрақұрылым.

  • 3. Нарықтық қатынас жүйе ретінде, нарықтық қатынастар субьектісі.

  • 4. Қазақстан республикасының нарықтық экономикасының дамуы.

  • Оқытудың әдістері:Семинар сабағында берілген сұрақтарды талқылау, дебат, кейс-стади, дисскусия,кестемен жұмыс,тесттік тапсырмалар(бақылау сұрақтары).

  • Көрнекі құралдар:

  • - Карточкалар, мультимедиялық аппарат.

  • Семинар сабақ ойын түрде өткізу: «Х-О»

  • Осы ойын түрін жүргізу үшін 9 квадратқа топтарды бөлу керек, түсінікті болу үшін әр квадратты әртүрлі түстермен белгілеу керек. Студенттерді екі топқа, яғни Х және О бөлінеді. Төмендегі ережелер түсіндірілуі тиіс:

  • «Жеңіске жету үшін үш Х-і немесе О-і тігінен, көлденеңінен, диоганалынан қою керек. Бірақ оларды қою үшін өздеріне сай келетін түстердегі тапсырмаларды дұрыс орындаулары тиіс».

  • Қойылған тапсырмалар мен сұрақтарға дұрыс жауап бергеен жағдайда сол команданың түсі қойылады, яғни Х немесе О. Ал дұрыс емес орындаған жағдайда қарсыласының түсі қойылады.

  • Ойын алаңының мысалдық көрінісі:

    • 1. көк

    • 2. қызыл

    • 3. сары

    • 4. жасыл

    • 5. көгілдір

    • 6. қоңыр

    • 7. күлгін

    • 8. қара

    • 9. ақ

  • Тапсырмалардың варианттары

  1. Нарыққа анықтама беріңіз.

  2. Ұсыныс заңын түсіндіріңіз.

  3. Баға заңының қызыметіне сипаттама беріңіз

  4. Нарықтық экономиканың субъектілерін атап оған сипаттама беріңіз.

  5. «Экономикалық заңдардың объективті сипаттамасының әрекетін» қалай түсінесіз?

  6. Нарыққа анықтама беріңіз.

  7. Ұсыныс заңын түсіндіріңіз.

  8. Сұраныс заңын түсіндіріңіз.

  9. Еркін нарыққа сипаттама беріңіз.

  10. Нарықтық механизмнің негізгі элементтерін атаңыз.

  • Жоғарыда көрсетілген ойынның шарттарымен топтарды таныстыру қажет. Топтар танысқаннан кейін тапсырмаларды орындауға кіріседі. Тапсырмалар сұрақ немесе әртүрлі тапсырмалар, есептер ретінде беріледі.

  • Кестемен жұмыс:

  • Нарықтық қызметтерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, оларды мемлекеттің қызметтерімен үйлестіріңіз. Ең оңтайлы жағдайларды кестеге толтырыңыз:

    • Нарықтың артықшылықтары

    • Нарықтың кемшіліктері

    • Мемлекеттің реттеуші қызметтері

    • Ең оңтайлы жағдайлар

  • Кейс стади:

  • Қалпына келмейтін табиғи ресурстар нарығы.

  • Табиғи ресурстар сарқылатын, сарқылмайтын және уақыт өте өз қалпына келетін ресурстар болып табылады.

  • Сарқылмайтын ресурстар – бұл ресурс табиғи және адамдардың күштерімен қайта өндіріліп, өз орнына келеді. (күн энергиясы, табиғаттағы судың айналымы, т.б.)

  • Уақыт өте қалпына келетін ресурстар – ол ормандар, жердің тыңаюы. Кесілген орманды қалпына келтіруге болады, бірақ үшінші ұрпақтың тұсында ғана.

  • Сарқылатын табиғи ресурстарға – оны толық пайдаланғаннан кейін қалпына келмейтін ресурстарды атайды. Мұнда барлық пайдалы казбалар жатады. Оның иелері ресурстарды тиімді пайдалану арқылы ғана реттеп отырады. Аталған табиғи ресурстарды кез-келген уақытта пайдалану тиімді. Оның иесі әрдайым қиын мәселемен кездесіп отырады? Нарыққа осы ресурстармен бүгін шығу керек пе, әлде алдағы уақытқа қалдырған дұрыс па?

  • Жаңартылмаған ресурстардың нарықтық тепе-теңдік бағасы капиталдан түсетін табыстың жылдық мөлшеріне пропорционалды түрде өсіп отырады. Сұраныстың кез келген өзгерісі ресурстардың бағасының өсу қарқынына емес, пайдалану интенсивтілігіне ғана әсер ете алады. Сондықтан консервация жаңартылмаған ресурстар нарығының ерекшелігі болып табылады. Ресурстардың бағасының көтерілуін күту олардың иелерін консервацияға бағыттайды. Сонымен қатар ресурстар консервациясы сатушыларға болашақта оларды жоғары экономикалық пайдалылықпен өткізуге мүмкіндік береді. Бағаның жоғарылауы күтілетіндіктен ресурс иесі ағымдық уақытта сату көлемін қысқартады. Бұл ағымдық бағаны көтереді және болашақтағы бағаның жоғарылауын тежейді.

  • Ресурстарды тиімді өткізуде өндірушілерді ынталандыратын факторлар бар. Жаңартылмаған ресурстарды тез қолдану ағымдық тұтынуды кеңейтуге және инвестиция үшін қаражат алуға мүмкіндік береді. Ресурстардың нақты қоры туралы сенімді ақпараттың жеткіліксіз болуы болашақта ресурстар бағасының және күтілетін табыстың төмендеу тәуекелін тудырады. Есептелген табыстың төмендеуі тұтынушылар үшін субстит тауарлардың пайда болуынан да туындауы мүмкін. Ғылыми-техникалық прогресс әсерінен ресурстардың баламалы жасанды түрлері дайындалды.

  • Қазіргі таңда түрлі шикізаттар қорына ие көптеген дамушы елдер өз байлықтарын тез және дәл қазіргі уақытта сатуға тырысады. Ресурстарды жалпылай сату арқылы ол емелекеттер өздірінің дәл сол уақыттағы шаруашылық мәселелерін шешеді. Осы уақытта жоғары дамыған елдер, АҚШ ең алдымен, тиімді рынок конъюнктурасын күтуде және өндірісті перспективті дамуды шикізатпен қамтамасыз етуде жаңартылмаған ресурстарды заңдастыруға (законсервировать) тырысады.

  • Талқылау үшін сұрақтар:

  • Сарқылатын ресурстарды тезарада пайдаланудың артықшылықтары мен кемшіліктері?

  • Олардың консервациясын қолдаудағы аргументтер қандай? Аталған мәселе біздің қаламызда қалай шешілуде?

  • Қазақстанның шикізатты өндірілмеген түрінде экспорттауға ұмтылуы әлемдік нарықтағы баға көлеміне тәуелді етпейді ме?

  • Қазақстандық мұнайдың үлкен көлемде сатылуы әлемдік нарық бағасының көлеміне қандай әсерін тигізеді?

  • Сарқылатын ресурстардың иесі өздерінің болжамдарында қателессе немесе алдағы құндылықты дұрыс бағаламаса, қандай жағдай болады?

  • Дисскусия: Қазіргі таңда монополияның қоғамға тигізетін зияны туралы біржақты пікір жоқ. Жетілген бәсеке қоғамды толық қанағаттандыру үшін қолайлы жағдайлар құрса, монополия ірі қаржылық, инновациялық жобалар мен зерттеулерді жүзеге асыруға мүмкіншіліктері жоғары, қоғам үшін бұл да маңызды. Нарықтық экономика жағдайында тиімділігі жоғарысын түсіндіріңіз және неге?

  • Қорытынды: Сабақтың барысында студенттердің нарықтық қатынастардың өзге экономикалық қатынастардан айырмашылықтарын және ҚР нарықтық экономикалық қатынастарының ерекшеліктері туралы білімдері қалыптасады. Жаңа терминдермен танысып, кейс стади негізінде ойларын жетілдіреді. Тесттік тапсырмалармен білімдері бекітіліп, келесі саабққа тапсырма беріледі. Соңында студенттердің балдары қойылады.

  • Қорытындысында өтілген тақырыптың менгерілуінің деңгейін анықтау үшін тесттік тапсырмалар (бақылау сұрақтары) алынады

  • Тестік тапсырмалар:

  • 1. Нарықтық экономиканың мәнін қалай түсіндіруге болады?

  • а) хаос пен анархия жүйесі

  • б) сұраныс пен ұсынысты теңестіретін қарапайым механизм

  • в) баға мен нарықтар жүйесі арқылы қызмет ететін координациялаудың күрделі механизмі

  • г) реттеу механизмі күрделі, көп құрылымды икемсіз жүйе

  • д) тұтынушылар, өндірушілер, өндіріс факторлары иелері шешімдерінің келісімге келу ортасы

  • 2. Нарықтық экономикада өнім тұтынушылар арасында былай бөлінеді:

  • а) тұтынушылардан тәуелсіз обьективті себептерге байланысты

  • б) тұтынушылардың қалауы мен өнімді сатып алу қабілеттеріне байланысты

  • в) тұтынушылардың өнімді сатып алу ниетімен байланысты

  • г) тұтынушылардың өнімді сатып алу қабілеттеріне байланысты

  • д) тұтынушылардың табыс деңгейіне байланысты

  • 3. Нарыққа тән емес қандай процесс?

  • а) сату- сатып алу актілерінің жүзеге асуы

  • б) сатушылар мен тұтынушылардың қарым-қатынасы

  • в) сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттесуі

  • г) тауарлармен айырбас жасаудың экономикалық нысаны

  • д) натуралды өнімдермен айырбас жасау

  • 4. Нарықтың шаруашылықтың негізгі субьектілері кімдер?

  • а) өндіріс факторларының иелері

  • б) өнеркәсіптік, сауда, қарыз капиталистері

  • в) жалдамалы жұмысшылар, капиталистер, жер иелері

  • г) кәсіподақтар, кәсіпкерлік бірлестіктер, мемлекеттік институттар

  • д) үй шаруашылығы, бизнес, үкімет.

  • 5. Нарықтық механизмнің элементіне мыналардың қайсысы жатпайды?

  • а) жоспарлау

  • б) сұраныс

  • в) ұсыныс

  • г) бәсеке

  • д) баға

  • 6. «Бәсекелік нарық» түсінігіне қай сипаттама сай емес?

  • а) көптеген сатушылар

  • б) көптеген сатып алушылар

  • в) тауарларға сұраныс білдіретін тұтынушылардың аздығы

  • г) осы нарыққа өндірушілердің салыстырмалы түрде жеңіл енуі

  • д) экономикалық биліктің өзгеруі

  • 7. Қандай жағдай «жетілген бәсеке» нарығына қайшы?

  • а) барлық тұтынушылар мен сатушылар баға туралы толық мәлімет ала алады

  • б) стандартты тауар шығаратын көптеген фирмалар салаларда қызмет етеді

  • в) ағымдық бағамен тауарды сатып алатын көптеген тұтынушылар бар

  • г) нарыққа ену кезінде кедергілер жоқ

  • д) нарыққа ену кезінде кедергілер жоғары

  • 8. Нарықтың пайда болу шарттары қандай?

  • а) дамыған қоғамдық еңбек бөлінісі

  • б) меншіктің көптүрлілігіне негізделген нарық субьектілердің экономикалық оқшаулануы

  • в) ұлттық экономиканың әлемдік экономикалық кеңістікке ену қажеттігі

  • г) ішкі шаруашылықтық тұтынудың дамуы

  • д) дамыған қоғамдық еңбек бөлінісі, нарықтық субьектілердің экономикалық оқшаулануы

  • 9. Экономикалық категория ретінде нарық- бұл...

  • а) тауар және ақша қозғалысымен байланысты қатынастар жиынтығы

  • б) базар

  • в) сатушылар мен сатып алушылардың кездесетін орны

  • г) нарықтық алаң

  • д) биржалы сауданың нысаны

  • 10. Еркін бәсекенің жүйелік белгісіне жатпайды:

  • а) қатысушылардың санының көптігі жәненарыққа кіру еркіндігі

  • б) ақылы ақпараттың толықтығы

  • в) монополды баға қою

  • г) барлық ресурстардың абсолютті қозғалысы

  • д) тауарлардың абсолютті біртектілігі

  • 11. Қай мәселені нарық шеше алмайды?

  • а) ресурстарды тиімді бөлу

  • б) ғылыми-техникалық жетістіктерді меңгеру

  • в) экономикадағы тапшылықты жою

  • г) халықты әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз ету

  • д) сатушылар мен тұтынушылардың мүддесін біріктіру

  • 12. Нарықтың дұрыс емес жіктемесін көрсетіңіз:

  • а) географиялық орналасуы бойынша: жергілікті, ұлттық, әлемдік

  • б) бәсекенің шектелу деңгейі бойынша: шикізаттық

  • в) экономикалық мазмұны бойынша: еңбек, капиталдар нарығы

  • г) салалар бойынша: автокөлік, компьютерлер нарығы

  • д) сауда жасау сипаты бойынша: бөлшек және көтерме

  • 13. Монопсония нарығына сай жағдайды көрсетіңіз:

  • а) бір сатушы және көптеген тұтынушылар

  • б) бір сатып алушы және көптеген сатушылар

  • в) көптеген тұтынушылар мен көптеген сатушылар

  • г) бірнеше ірі сатушылар мен көптеген шағын сатып алушылар

  • д) бір сатушы мен бір тұтынушы

  • 14. Олигополия кезіндегі нарық жағдайын көрсетіңіз:

  • а) бір сатушы және көптеген тұтынушылар

  • б) бір сатып алушы және көптеген сатушылар

  • в) көптеген тұтынушылар мен көптеген сатушылар

  • г) бірнеше ірі сатушылар мен көптеген шағын сатып алушылар

  • д) бір сатушы мен бір тұтынушы

  • 15. Монополия кезіндегі нарықтық жағдайды көрсетіңіз:

  • а) бір сатушы және көптеген тұтынушылар

  • б) бір сатып алушы және көптеген сатушылар

  • в) көптеген тұтынушылар мен көптеген сатушылар

  • г) бірнеше ірі сатушылар мен көптеген шағын сатып алушылар

  • д) бір сатушы мен бір тұтынушы