Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
методичка семинар ОЭТ.docx
Скачиваний:
56
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
322.46 Кб
Скачать
  • Тесттік тапсырмалар:

  • 1. Тұрақты капитал деген не? (К.Маркс)

  • а) физикалық қасиеті бойынша тұрақты

  • б) өндіріс үрдісінде оның құны өспейді

  • в) физикалық қозғалмайды

  • г) пайдалану үрдісінде түрін өзгертпейді

  • д) барлық аванстық капитал

  • 2. Өзгермелі капитал деген не (К.Маркс)?

  • а) бір химиялық жағдайдан басқа жағдайға өтеді

  • б) физикалық қозғалады

  • в) пішіні, түрі өзгереді

  • г) қосымша құнды қалыптастыра отырып, пайдалану үрдісінде оның құны өседі

  • д) пайдалану үрдісінде оның құны кемиды

  • 3. Тұрақты және өзгермелі капиталға бөлудің себебі (К.Маркс):

  • а) өндіріс процесіне қатысуы әр түрлі

  • б) ұдайы өндірістегі ерекшеліктері әртүрлі

  • в) қосымша құнды жасаудағы рөлдері әр түрлі

  • г) натуралдық нысандары әртүрлі

  • д) еш айырмашылығы жоқ

  • 4. Қосымша құн қалай пайда болады (К.Маркс)?

  • а) тауарды өз құнынан жоғары бағада сату арқылы

  • б) тауар құнынан бағаның ауытқуы арқылы

  • в) жұмыс күші- тауарды тұтыну арқылы

  • г) жұмыс күшін өз құнынан төмен бағада сатып алу арқылы

  • д) өндіріс құралдарын пайдалану арқылы

  • 5. Шекті өнім қалай анықталады?

  • а) өнімнің өсімшесінің ресурстың өсімшесіне қатынасы арқылы

  • б) барлық өнім көлемінің ресурстың өсімшесіне қатынасы арқылы

  • в) жалпы өнімнің өсімшесі арқылы

  • г) өнімнің өсімі болмаған жағдайда

  • д) жұмыста машина қолдану арқылы

  • 6. Кез келген өндіріс факторының қосымша бірлігін арттыру арқылы алынған өндірістің өсішесі қалай аталады?

  • а) ақша түріндегі шекті өнім

  • б) қосымша тауар бірлігінен алынатын шекті табыс

  • в) өндіріс факторының шекті өнімі

  • г) өнімге сіңген еңбек мөлшері

  • д) натуралды түрдегі шекті өнім

  • 7. Өндіріс факторларының жиынтық шығындары мен өндіріс көлемі арасындағы өзара байланыс қалай аталады?

  • а) еңбектің өсуі

  • б) өзіндік құн

  • в) икемділік

  • г) сатылу көрсеткіші

  • д) өндірістік функция

  • 8. Изокванта дегеніміз- .......

  • а) ұсыныс кестесіндегі бағамен байланысты тауардың саны

  • б) құндары бірдей еңбек пен капиталдың үйлесуін көрсететін қисық

  • в) тауардың бағасы мен көлемі арасындағы қатынасты көрсететін қисық

  • г) белгілі бір өнім көлемін өндіруде пайдалануға болатын өзгермелі ресурстардың үйлесуін көрсететін қисық

  • д) тауар бағасы мен сраныс мөлшері арасындағы қатынасты көрсететін қисық

  • 9. Изокоста дегеніміз-.....

  • а) ұсыныс кестесіндегі бағамен байланысты тауардың саны

  • б) құндары бірдей еңбек пен капиталдың үйлесуін көрсететін қисық

  • в) тауардың бағасы мен көлемі арасындағы қатынасты көрсететін қисық

  • г) белгілі бір өнім көлемін өндіруде пайдалануға болатын өзгермелі ресурстардың үйлесуін көрсететін қисық

  • д) тауар бағасы мен сраныс мөлшері арасындағы қатынасты көрсететін қисық

  • 10. Өндіріс факторларының өнімділігінің кему заңы:

  • а) уақыт өте жердің өнімділігі төмендейді

  • б) барлық ресурстар олардың өнімділігінің кемуіне қарай өндіріске тартылады

  • в) өзге факторлардың шығындарын тұрақты қалдырып, өзгермелі ресурстардың санын арттыру оның шекті өнімін төмендетеді

  • г) өзгермелі фактордың шекті өнімі көбейеді, ал жалпы өнім төмендейді

  • д) масштабтың оң әсері байқалады

  • 11. Жалпы өнім бұл-.....

  • а) өзгермелі шығындар нөлге тең болғандағы өндірістің көлемі

  • б) өндірістің барлық факторларын қолданудан алынатын өндіріс көлемі

  • в) өндіріс факторларының тұрақты жағдайындағы өндірістің өсімі

  • г) қосымша өндіріс факторларын енгізгендегі өндірістің өсімі

  • д) тұрақты шығындары нөлге тең болғандағы өндіріс көлемі

  • 12. Орташа өнім бұл-

  • а) тұрақты фактор бірлігін пайдаланудан алынады

  • б) өндірістің барлық факторларын пайдаланудан алынады

  • в) өндірістің өзгермелі фактор бірлігін пайдаланудан алынады

  • г) өндірістің тұрақты факторының қосымша бірлігін пайдаланудан алынады

  • д) өндірістің өзгермелі факторының қосымша бірлігін пайдаланудан алынады

  • 13. Өндіріс факторының бағасы өскенде, фирма қысқа мерзімде не істеуі қажет?

  • а) осы фактор санын көп мөлшерде қолдану керек

  • б) осы фактор санын аз мөлшерде қолдану керек

  • в) осы фактор санын бұрынғы көлемде қолдану керек

  • г) өндіріс факторын қолдану оның бағасына қатысты емес

  • д) өндіріс факторының бағасы оны қолдануға әсер етпейді

  • 14. Капиталдың қорлануы дегеніміз-

  • а) өндірісті кеңейту үшін қосымша құнның бір бөлігін қолдану

  • б) қосымша құнның бір бөлігін байлыққа айналдыру

  • в) қосымша құнның бір бөлігін банк шотында жинау

  • г) қоймадағы тауарлар

  • д) мерзімді депозит

  • 15. Тұрақты капитал деген не?

  • а) физикалық қасиеті бойынша тұрақты

  • б) физикалық қозғалмайды

  • в) пайдалану кезінде оның құны өспейді

  • г) пайдалану үрдісінде түрін өзгертпейді

  • д) барлық аванстық капитал

  • 10.Тақырып. Өндіріс шығындары.

    • Негізгі әдебиеттер:

    • Қосымша әдебиеттер:

    • Құқықтық нормативті актілер

    • Шеденов Ө.Қ., Жүнісов Б.А., Байжомартов Ү.С., Комягин Б.И. «Жалпы экономикалық теория». Алматы – Ақтөбе, 2002. 110-118бб.

    • Никитин Р. «Закон стоимости и механизм ценообразования» М., Прогресс, 2001г.

    • Шаруа (фермер) қожалығы туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1998 жылғы 31 наурыздағы N 214 29.12.2008 ж.

    • Әубәкіров Я.Ә., Байжұмаев Б.Б., Жақыпова Ф.Н., Табеев Т.П. Экономикалық теория курсы – Алматы, 1999ж., 60-64бб.

    • Аубакиров Я., Ескалиев М. «Основы экономической теории» А., 1999г.

    • Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң электр энергетикасы жүйелерiнiң орнықты қосарлас жұмысын қамтамасыз ету үшiн ресурстар резервiн жасау және оларды тиiмдi пайдалану туралы келiсiмдi ратификациялау туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 15 желтоқсандағы N 106-IV Заңы

    • Әубәкіров Я.Ә., Досқалиев С.Ә.,Байжұмаев Б.Б., Жәйшибеков Ж.Қ. Табеев Т.П. Экономикалық теория негіздері. Оқу құралы – Алматы, Санат, 1998ж., 68-75бб.

    • Мамыров А.К. «Микроэкономика» Алматы,2001

  • Сабақтың мақсаты

  • «Өндіріс шығындары» тақырыбын түсіндіру және талдау.

  • Өндіріс шығындары, тұрақты және өзгермелі шығындар, орташа шығындар, жалпы шығындар, таза пайда, шекті шығындар, шекті пайда түсініктерінің мағыналарын түсіндіру.

  • Экономикада өндіріс шығындарын анықтаудың маңыздылығын түсіндіру.

  • Студенттерге экономикалық субъек ретінде өз шығындарын минималдаудың маңыздылығын түсіндіру және минималдау жолдарын ұсыну.

  • Оқытудың міндеттері:

  • «Фирманың экономикалық жағдайы» тақырыбындағы жағдайлық тапсырманы орындауға қатысу және талдау.

  • Мәселелік сұрақтарды талдау.

  • Тақырып бойынша берілген есептерді шығару.

  • Тақырып бойынша берілген тестік тапсырмаларды орындау.

  • Негізгі түсініктер: Өндіріс шығындары, тұрақты және өзгермелі шығындар, орташа

  • шығындар, жалпы шығындар, таза пайда, шекті шығындар, шекті пайда.

  • Жаңа түсініктер:Өндіріс шығындары, тұрақты және өзгермелі шығындар, орташа

  • шығындар, жалпы шығындар, таза пайда, шекті шығындар, шекті пайда.

  • Қарастыратын негізгі сұрақтары

  • 1. Өндіріс шығындары түсінігі. Экономикалық және бухгалтерлік шығындар.

  1. Шығын түрлері.

  2. Ұзақ және қысқа мерзім кезеңіндегі өндіріс шығындары және олардың өзара байланысы.

  3. Шығындарды минималдау және шығындарды максималдау.

  • Оқытудың әдістері:Семинар сабағында берілген сұрақтарды талқылау, дебат, кейс-стади, дисскусия,кестемен жұмыс,тесттік тапсырмалар(бақылау сұрақтары).

  • Жағдайлық (ситуациялық) есептер:

  1. Орташа өзгермелі шығын AVC=2Q6 формуласымен берілген. Егер FC=20 болса, онда өнім көлемі 30 болғанда TC-ді анықтаңыз? Өнім көлемі 20 болғандағы өзгермелі шығынды анықтаңыз?

  1. Айына 500 пар аяқ киім шығаратын фирманың тұрақты шығыны FC=300 мың.тенге/жыл. Жиынтық (TC) және орташа (AC) шығындарын анықтаңыз, 1 пар аяқ киім бағасы 2000 теңге екені белгілі.

  1. Егер фирма бағасы 20 доллардан 10 бірлік өнім шығарса және орташа жалпы шығындар 5 доллар дейік, онда оның таза пайдасының мөлшері қанша болады?

  1. Қысқа мерзімде фирма 100 өнім бірлігін өндіреді. Орташа айнымалы шығындар 2доллар, орташа тұрақты шығындар 1 доллар болғанда фирманың жалпы шығындары қанша болады?

  1. Сіздің фирманың бухгалтері осы фирманың өндіріс шығындары бойынша есебін жоғалтып алды. Ол тек кейбір мәліметтерді есіне түсірді. Ал сіз қалған мәліметтерді орнына келтіре аласызба?

    • Q

    • FC

    • AVC

    • ATC

    • TC

    • 2

    • 10

    • 100

    • 4

    • 20

    • 200

    • 6

    • 30

    • 240

    • 8

    • 40

    • 270

  • Кейс-стади

  • «Фирманың экономикалық жағдайын талдау» «Султан» фирмасының қызметі мысалында

  • «Султан» кәсіпкерлік фирмасының бастығы Султанбаев А.Ж. азық-түлік нарығындағы фирмасының жағдайын талдау үшін (фирма қызметінің 2010 жылғы нәтижесі бойынша) Сізді эксперт ретінде шақырды. Султанбаев А.Ж. бұрын «3 желания» деп аталатын ірі компанияның азық-түлік тауарлар бөлімінің бастығы болып жұмыс жасаған және 10 000 доллар көлемінде айлық алып отырған және оны жұмысы да, жалақысы да қанағаттандыратын. Дегенмен өзін бизнес әлемінде сынамақ болған ол өз ісін ашуға шешім қабылдайды.

  • «Султан» фирмасының жағдайы жұмысы жақсы жүріп жатса да Султанбаев А.Ж. өз бизнесіне сенімсіздікпен қарайды. Бизнесінде өзін нақты не мазалайтындығын анықтай алмайды. Сондықтан ол өз фирмасының экономикалық жағдайын және даму болашағын бағалау үшін эксперт шақыртады. Султанбаев А.Ж. экспертке қызметі үшін 1000 доллар көлемінде ақы төлейді және оның жасайтын қорытындысы мен ұсынысын күтеді. Оны сонымен қатар импортталатын азық-түліктерге баж салығы 5-6%-ға артады деген ресми жаңалық жасалғандықтан азық-түлік нарығының жалпы жағдайы, өз фирмасының алдағы 2 жылдағы даму мүмкіндігі қызықтырады.

  • Ал сіздің ол «Султан» фирмасымен таныстығыңыз «Біз импортталатын жоғары сапалы азық-түлік тауарларды сатамыз. Мүмкін біздің бағаларымыз сіздерге жоғары болып көрінетін шығар, бірақ біздің тауарлардың сапасы өте жоғары. Сіздер үшін біз жылына 50 апта жұмыс жасаймыз! Сіздерді сейсенбі-сенбі күндері аралығында күтеміз!»

  • «Султан» фирмасының штаты көп емес. Фирмада екі менеджер (жалақылары 100 доллар аптасына), бір тасушы (грузчик) (жалақысы 50 доллар аптасына) жұмыс жасайды. Сату ғимаратын жалға алған және оның жалға алу бағасы – 10 000 доллар. Фирмада жұмыс жасау мерзімі 50 жылды құрайтын құны 17 500 долларлық автотасымал бар. Фирма сату жұмыстарымен айналысу мақсатында 2 300 долларға бір жылдық лицензия алады. Аймақты тазалау мен қорғау жұмыстарының құны жылына 700 долларды құрайды. Бір жылда өнім сатып алу үшін 60 500 доллар жұмсалған. 2006 жылы «Султан» фирмасы 119 000 долларға өнім өткізді.

  • Тауар айналымын жасау үшін А.Ж.Султанбаевқа 80 000 доллар қажет. Оның меншік капиталы жеткіліксіз болғандықтан банктен 20% жылдық пайыздық мөлшерлемемен 3 жылға 20 000 доллар несие алды.

  • Жылдық барлық мезгілінде қарастырылып отырған нарықта сұраныс жоғары болады. Сенбі, яғни демалыс күні тұтынушылар өте көп болатындықтан А.Ж.Султанбаевтың өзі сату орнынында тұруына тура келеді. Енді ол өз бизнесін кеңейту туралы ойланып жүр, бірақ эксперттің қорытындысынсыз ол өз ойын жүзеге асыруға шешім қабылдай алмайды.

  • Талқылау үшін сұрақтар:

  1. Фирманың экономикалық жағдайын бағалаңыз. «Султан» фирмасының табыстылығы туралы не айтуға болады?

  2. А.Ж.Султанбаев өз бизнесін жалғастырғаны, жапқаны немесе кеңейткені дұрыс па? Сіздің ойыңызша, оның сенімсіздігі неден пайда болды?

  3. Жоғарыда берілген мәлімет бойынша фирма үшін қандай болжам жасауға болады?

  4. Егер жақын арада қазақстандық салықтық заңнамада бизнеске салынатын салықты төмендету туралы шешім қабылданса, онда кәсіпкер басқаша шешім қабылдайды ма?

  • Дисскусия

  1. «Х» Фирмасы жиһаз шығарумен айналысады. Осы кәсіпорынның негізгі бухгалтерлік шығындарынын атаңыз. Бұл жағдайда қандай айқынсыз шығындар орын алуы мүмкін?

  2. Тұрақты шығындар айнымалы шығындардан қалай ерекшеленеді?

  3. Шекті шығындарды анықтаудың фирма үшін маңыздылығы қандай?

  4. Пайданы қандай жолдармен максималдауға болады?

  5. Бағаны, шекті шығындарды, шекті табыстарды салыстыру нәтижесінде қандай қорытындылар жасауға болады?