Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
методичка семинар ОЭТ.docx
Скачиваний:
56
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
322.46 Кб
Скачать

Тақырып 5. Тауарлы шаруашылық. Ақша

Негізгі әдебиеттер:

Қосымша әдебиеттер:

Құқықтық нормативті актілер

Шеденов Ө.Қ., Сагындыков Е.Н. «Жалпы экономикалық теория». Ақтөбе, 2004.

44, 56-70 бб.

Аубакиров Я. Ескалиев М. Основы экономической теории. А. 1999.

Шаруа (фермер) қожалығы туралыҚазақстан Республикасының Заңы 1998 жылғы 31 наурыздағы N 214 29.12.2008 ж.

Кузнецов Н. Либерализация денежного обращения: проблемы и подходы. Вопросы экономики 2006, №4 4-29 ст.

"Қазақстан Республикасы азаматтарының ақшаны жария етуiне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiс енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2001 жылғы 29 маусым

Мақсаты:

- Студенттерде тауардың қасиеті, ақшаның мәні мен функциясы туралы білімдерін қалыптастыру;

- ҚР ұлттық валютасын нығайту және заңнамаларға байланысты құқықтық білімін қалыптастыру.

Оқудың міндеттері:

  • Тақырып бойынша берілген сұрақтарды талқылау арқылы тауар мен ақша қатынастарын ашу.

  • Қазақстанның ақша бірлігінің тарихын меңгеру.

  • Ақшаның пайда болуын қарастыра отырып, өзге елдердің валюта бірлігімен және заңнамаларымен танысу

Негізгі түсініктер: Тауарлы шаруашылық, ақша.

Жаңа түсініктер: Валюта, баға заңы, экономикалық процестер.

Қарастыратын негізгі сұрақтары

  1. Тауар және оның қасиеттері. Еңбек құн теориясы мен шекті құндылық теориясының товардың қасиеттері туралы

  2. Баға зағы, оның нарық қатынасындағы алатын мәні мен функциясы

  3. Ақшаның пайда болуы мен мәні. Ақшаның қызметтері.

  4. Қазақстан Республикасының ақша бірлігі.

Оқытудың әдістері:Семинар сабағында берілген сұрақтарды талқылау, дебат, кейс-стади, дисскусия,кестемен жұмыс,тесттік тапсырмалар(бақылау сұрақтары).

Көрнекі құралдар:

Кестелер құру, карточкалар, мультимедиялық аппарат.

Семинар сабақ ойын түрде өткізу тақырыбы: «Ақшалардың шығу тарихы және әлемдегі орны мен құндылығы?»

Оқытушының кіріспе сөзі:

Студенттер ақша тақырыбына келгенде, олар өмірлік жағдайлармен экономикалық құбылыстар арасындағы байланыспен кездеседі. Сол себепті аталған ойынның мақсаты осы байланыстарға түсініктеме беріп, сонымен қатар экономиканы оқуға деген қызығушылықтарын арттыру болып табылады.

Ойынның жүргізілуі:

Ойын оқытушының тәжірибесіне және қалауына қарай 30-40 минутқа созылады:

  • Екі студент біріктіріліп белгілі бір елдердің ақша бірлігі беріледі. Студент сол елдің ақша бірлігінің тарихын, әлемдегі орнын және ақшада бейнеленген суреттердің мәнін ашып келуі тиіс.

  • Сабақ барысында студенттер дайындап келген мәліметтерін өзге студенттерге баяндайды. Және студенттер арасында сұрақтар қойылып, талқылау жүргізіледі.

  • Ақша бірлігі берілетін елдер:

  • Қазақстан

  • АҚШ

  • Канада

  • Бразилия

  • Шведцария

  • Англия

  • Германия

  • Франция

  • Біріккен араб әмірлігі

  • Ресей

  • Қытай

  • Жапония

  • Корея

  • Үндістан

  • Өзбекстан

  • Қырғызстан

  • Ауғанстан

  • Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Елдің ақша бірлгінің атауы және шығу тарихы

  2. Елдің ішінде ақшаның құндылығы

  3. Сол елдің ақша бірлігінің әлемдік орны бар ма?

  4. Ақшада не бейнеленген және оның себебі?

  • Студенттерге ортақ сұрақ?

  • Сіздің ойыңызша әлемде бір, яғни ортақ ақша бірлігі болған жағдай тиімді ме?

  • Бұл ойын – шығармалық сипаты бар және студенттердің валюталық бірліктер туралы ойларын дамытуға бағытталған.

  • Дисскусия: «Қазақстан республикасының валютасының құндылығын жоғарлату» тақырыбында жүргізу.

  • Қарастырылатын сұрақтар: а) ұлттық валюта не үшін қажет?

  • б) ұлттық валютаның құндылығының маңызы?

  • в) ҚР валютасын жоғарлату үшін қандай шаралар қолдану

  • керек?

  • Қорытынды: Семинар сабағының сұрақтарын талқылау барысында тауардың қасиеті, ақшаның мәні және қызметтері туралы білімдерін жетілдіреді. Сонымен қатар өзге елдердің ақша бірлігіне байланысты кіші баяндамалар жасалып, студенттер Қазақстанның және өзге де елдердің ақша бірлігі туралы мәлеметтермен алмасады. Қазақстанның валютасының ерекшелігін және құндылығын жоғарлату жолдарын пікір-талас негізінде меңгере отырып, тақырыпты студенттердің қаншалықты меңгергенін тест арқылы бекітіледі. Соңынан студенттер бағаланып, семинар сабағы аяқталады.

  • Қорытындысында өтілген тақырыптың менгерілуінің деңгейін анықтау үшін тесттік тапсырмалар (бақылау сұрақтары) алынады

  • Тестік тапсырмалар:

  • 1.Тауар құны – бұл:

  • а) адамдар қажеттілігін қанағаттандыратын тауардың қабілеті

  • б)тауардың сыртқы түрі

  • в) тауардың басқаға айырбасталу қабілеттілігі г) тауарға сіңген қоғамдық еңбек

  • д) адамның мақсатты іс- әрекеті

  • 2.Тауардың тұтыну құны- бұл:

  • а) тауардың өндірілуіне қажетті материалдардың мөлшері

  • б) адамдардың қандай да бір қажеттілігін қанағаттандыру қабілеті

  • в) басқа пайдалы өнімдерге айырбасталу қабілеті

  • г) өнім өндіруге кеткен еңбек мөлшері

  • д) нақты сандық көлемде басқа игіліктерге айырбасталу қабілеті

  • 3.Тауар өндірісінде еңбек өнімі қоғамдық мәнге қай кезде ие болады?

  • а) сұраныс кезінде

  • б) сатылу сферасында

  • в) бағасының қойылуы кезінде

  • г) айырбас процесінде

  • д) тауарды өндіру кезінде

  • 4. Баға-бұл:

  • а) құнның ақшалай көрінісі

  • б) заттың пайдалылығы

  • в) тауар өндірісіне жұмсалған шығындар сомасы

  • г) тауарға сіңген еңбек

  • д) тауарларды бір бірімен салыстыратын сандық пропорция

  • 5.Игіліктің бағалылығы байланысты емес: а) оның саны

  • б) оның өндірілуіне жұмсалған шығындарға

  • в) белгілі бір қажетгілікті қанағаттандыру деңгейіне

  • г) оның сапасына

  • д) шекті пайдалылыққа

  • 6.Төменде берілген анықтамалардың қайсысы «шекті пайдалылық» терминін анықтайды?

  • а) тұтынушы табысы артқан сайын жоғарылайтын тұтынудың мөлшері

  • б) өндірістің өзгермелі факторын қосымша пайдалану арқылы артқан фирма табысының мөлшері в) қосымша тауар немесе қызмет бірлігінен тұтынушының алатын қосымша пайдалылығы

  • г) өндірістің тұрақты факторын қосымша пайдалану арқылы артқан фирма табысының мөлшері

  • д) жиынтық тұтыну құнының өсу мөлшері

  • 7. Ақшаның шығу ceбeбi:

  • а) табиғи құбылыс ретінде пайда болған

  • б) мемлекеттік билік пен табиғаттың нәтижесі болып табылады

  • в) айырбастың дамуымен байланысты

  • г) ХВҚ (халықаралық валюта қоры) арқылы туындаған

  • д) адамдардың айырбасқа бейімділігімен байланысты

  • 8. Ақшаның өзін немен өлшейді?

  • а) ақша бірлігімен

  • б) эмиссионды жүйемен

  • в) ақша түрімен

  • г)ақша жүйесінің институттарымен д) баға масштабымен

  • 9.Ақша экономикалық категория ретінде:

  • а) тауар айырбасы үшін қызмет ететін құрал

  • б) өз құнын басқа тауардың құны арқылы анықтайды

  • в) алтынмен есептелетін тауар құны болып табылады

  • г) алтын мен күміс

  • д) жалпыға бірдей эквивалент рөлін атқаратын тауар

  • 10.«Баға» түсінігі ақшаның қандай қызметін анықтайды? а) әлемдік ақша

  • в) айналыс құралы

  • б) құн өлшемі

  • г)жинақ құралы

  • д) төлем құралы

  • 11.Несиелік ақша қандай қызмет атқарады?

  • а) әлемдік ақша

  • б) құн өлшемі

  • в) айналыс құралы

  • г) жинақ құралы

  • д) төлем құралы

  • 12.Тауар жасайтын нақты еңбекті қалай сипаттауға болады? а) адамдардың мақсатты әрекеті

  • б) ерекше нысаналы түрдегі еңбек

  • в) өндіруші еңбек

  • г) тауарлар өндірісімен байланысты қызмет

  • д) тауардың құнын қалыптастырушы еңбек

  • 13.Тауар жасайтын абстрактылы еңбекті қалай сипаттауға болады? а) нақты формасыз жалпы еңбек

  • б) жеке еңбек

  • в) ерекше нысаналы еңбек

  • г) индивидуалды еңбек

  • д) қоғамдық еңбек

  • 14. Ақша-бұл:

  • а) жалпыға бірдей эквивалент

  • б) есептеудің қарапайым құралы

  • в) тек күміс қана

  • г)тек есептеу бірлігі

  • д) тек алтын

  • 15. Басқа факторлар өзгеріссізболған жағдайда, айналымдағы ақша көлемінің азаюы үшін қандай фактордың жоғарылауы қажет?

  • а) мемлекеттің алтын қоры

  • б) тауарлар мен қызметтер бағасының сомасы

  • в) бipтекті ақша бірліктерінің айналым жылдамдығы

  • г) АҚШ валютасының қоры

  • д) тауарлар бағасының сомасы