Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
методичка семинар ОЭТ.docx
Скачиваний:
56
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
322.46 Кб
Скачать

2.Тақырып. Қоғамдық өндіріс факторлары

Негізгі әдебиеттер:

Қосымша әдебиеттер:

Құқықтық нормативті актілер

Шеденов Ө.Қ.,Сагындыков Ғ.Н.,Жүнісов Б.А.,Байжомартов Ү.С.,Комягин Б.И.«Жалпы экономикалық теория» Ақтөбе-2004 А-Полиграфия 38-46 беттер

“Мировая экономика: введение во внешнеэкономическую деятельность” под ред. Шукалина, Н.С. Цыпиной. М.,2001г.

Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң электр энергетикасы жүйелерiнiң орнықты қосарлас жұмысын қамтамасыз ету үшiн ресурстар резервiн жасау және оларды тиiмдi пайдалану туралы келiсiмдi ратификациялау туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 15 желтоқсандағы N 106-IV Заңы

“История экономических учений” под ред. Шмарловой Г.А. Минск, 2000г.

“Микроэкономика теория. Российская практика” под. ред. Грязновой А.Г., Юданова А.Ю. М.,2003г.

Майбург Е.М. “Введение в историю экономической мысли”. М.,2001г

“Экономическая теория” под ред. акад. В.И.Видянина, А.И., Добрынина, П.Журавлевой, Л.С. Тарасевича М.:ИНФРА-М, 2000г.

Кәсiптiк одақтар туралы ҚР-ның 1993 жылғы 9 сәуiрдегi Заңы 15.05.2007 ж.

Сабақтың мақсаты

  • Қоғамдық өмірде өндірістің маңызы және өндірістің нәтижелері мен мақсатын түсіндіру,қысқаша сипаттама беру

  • Шектеулі ресурстар жағдайында рыноктың өзін-өзі реттеу механизмін түсіндіру

Оқытудың міндеттері:

  • Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының ұлттық ресурстарын тиімді пайдалануын мысалдармен келтіру

  • Қоғамдық өндіріс факторлары тақырыбында алған білімдерін жүйелі түрде дамыта отырып, әлемдік экономикалық мәселелер бойынша пікірсайыстарға, жағдайлық ойындарға, т.б. белсенді қатысу.

Негізгі түсініктер:Жұмыс күші,еңбек құралдары,еңбек заттары

Жаңа түсініктер:интенсивті,экстенсивті және аралас ұдайы өндіріс

Қарастыратын негізгі сұрақтары

  1. Адам және экономика. Адамның экономикалық қызметтері.(іс-әрекеті)

  2. Экономикалық ресурстар мен оның мінездемесі.

  3. Өндіріс факторлары мен оның құрылымдары

  4. Қоғамның өндірісінің жүйелері

  5. Қарапайым және ұлғаймалы өндіріс

Оқытудың әдістері: Семинар сабағында берілген сұрақтарды талқылау, кейс-стади, дисскусия,кестемен жұмыс,тесттік тапсырмалар(бақылау сұрақтары).

Кейс-стади

Үндістан экономикасының өте қарқынды дамып отырған салаларының бірі – ол программалық қамсыздандыру индустриясы. Программалық қамсыздандыру компаниялары Үндістандағы экономикалық реформалардың жетістігіне мысал бола алады. Ондаған жылдар ішінде Үндістанлық университеттер мыңдаған білікті инженер мамандар дайындады, алайда экономиканың ішкі рынокқа бағытталуы кезінде бұл мамандардың қабілеттері толықтай қолданылмады. Дегенмен, 1991 жылы Үндістан эконмиканы бақылауды шектеді. Сауда саласындағы көптеген шектемелер қысқарды, тікелей шетелдік инвестицияларға жол ашылды, сонымен қатар елдің қаржы саласында реформалар жүргізілді. Үкіметтің интернетті кеңейту бойынша қолданған экономикалық реформалары Үндістанның программалық қамсыздандыру индустриясын ел экономикасын дамытудағы күшті фактор ретінде көрсетті. Программалық қамсыздандыру бойынша алғашқы экономикалық реформалар 1991 жылдан басталды. Мамандардың бағалауы бойынша сол кезден бастап программалық қамсыздандыру саласы ел экономикасының 50% құрап келеді. 2002 жылы Үндістанның программалық қамсыздандырудан саласы бойынша экспорттан алған табысы $7 млрд. Құрады. 2008 жылы бұл сан $50 млрд. болды. Эксперттердің бағалауы бойынша шетелдік инвесторлардың қаржысы есебінен Үндістан экономикасының бұл саласына жыл сайын $10 млрд. көлеміндегі венчурлық капитал тартылады.

Бангалор - Үндістанның программалық қамсыздандыру индустриясы орталығы. Сонымен қатар Бомбейде де, Нью-Делиде де, Хайдерабадта да программалық қамсыздандырумен және ақпараттық технологиялармен айналысатын компаниялар өте көп.

Дегенмен, Үндістанның бұл саласын кемшіліксіз деп айтуға келмейді. Үндістан дамыған программалық қамсыздандыру индустриясына мүмкін жұмыс күшінің тиімділігінің арқасында қол жеткізген шығар. Өйткені, АҚШ – та программисттердің жалақысы Үндістанмен салыстырғанда 3 есе жоғары. Алайда, Үндістанлық программисттердің жалақысының жыл сайын 25-30%-ға артып отыруы, оларға деген сұраныстың жоғары екендігін дәлелдейді.

Сонымен қатар елдегі «мидың ағылуы» үлкен мәселеге айналып отыр. Жеке эксперттердің бағалауы бойынша жылына Үндістанлық университеттер мен техникалық институттарды бітірген 100 000 жуық бітіруші түлектер АҚШ – қа эмигрант ретінде кетеді екен. Соның тек 1% ғана елге қайта оралады. АҚШ пен Европа елдері білікті мамандардың иммиграциясын тежеуді шектеп отырғандықтан адам капиталының елден ағылуы әлі де артады деген болжам бар. Бұл, әрине Үндістанның болашақтағы дамуына кері әсер ететіні анық.

Талқылау үшін сұрақтар:

  1. Үндістан қалай дамыған программалық қамсыздандыру индустриясын құрды?

  2. Программалық құралдар рыногында Үндістан қандай артықшылықтарға ие және қандай кемшіліктері бар?

  3. Программалық қамсыздандыру индустриясының дамуы ел экономикасында қандай үлеске ие болмақ?

  4. Білікті мамандардың дамыған шет елдерге ағылуын шектеу Үндістан үшін қаншалықты маңызды? Үндістан Үкіметі «мидың ағылу» процесін шектегені дұрыс па? Егер шектеу керек болса, қандай әдіс-тәсілдерін ұсынар едіңіз?

  5. «Білікті мамандардың сыртқакетуі» мәселесі Қазақстан экономикасында бар ма, бар болса не үшін?

Дисскусия:

  1. Қазақстан рыногындағы импорттық және экспорттық тауарлардың ассортименті – қайсысы басым?

  2. Елге сыртқы сауда қандай табыс және қандай шығын әкеледі. Сіз атаған халықаралық сауданың салдарлары ел экономикасына тән?

  3. Елдегі ақшаның санын анықтаңыз және де ол алдағы жылмен салыстырғанда қанша көлемге өскен немесе кеміген?

Карточкамен жұмыс:

Қай және қашан экономикамен біз кездесеміз? Оқытушы "экономикалық процесс" , "экономикалық субъект", "экономикалық объект"түсініктерімен таныстырады.(Мысалы, экономикалық процесс – автобустағы жолақы, ал экономикалық объект - автобус.) Студенттерге берілетін тапсырма: Мысалы

  1. күнделікті өмірден

  2. Жұмыс күші немесе сабақ уақыты

  3. Тауарларды сату-сатып алу

  4. Ақшалай төлем

Өмірлік жағдайлар немесе оқиғалар

Экономикалық процесстер өмірлік жағдайлармен байланысты

Экономикалық объекттер процесстермен байланысты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды: Семинар сабағында-қоғамдық өндіріс факторлары тақырыбында алған білімдерін жүйелі түрде дамыту, әлемдік экономикалық мәселелер бойынша пікір сайыстарға, жағдайлық ойындарға, қатыса отырып негізгі тақырыптың материалын меңгеруі болатын. Студенттер өздерінің үлестерін қосты, ойын және сұрақ-жауап,карточкамен жұмыс жасау арқылы өз білімдерін,дайындықтарын көрсетеді. Әлеуметтік-экономикалық дамуының ұлттық ресурстарын тиімді пайдалануына мысалдардар келтіріліп,қарастырылған сұрақтарды талдайды.

Қорытындысында өтілген тақырыптың менгерілуінің деңгейін анықтау үшін тесттік тапсырмалар (бақылау сұрақтары) алынады

Тесттік тапсырмалар:

1. Экономикалық теорияның пәніне қандай жағдайдың қатысы жоқ?

а) игіліктердің сиректігі

б) ресурстарды тиімді пайдалану

в) қажеттіліктерді толық қанағаттандыру

г) шексіз өндірістік ресурстар

д) білім берудегі қажеттіліктерді қанағаттандыру

2. Экономикалық теория қандай қатынастар жүйесін қарастырады?

а) әлеуметтік- экономикалық, техника- экономикалық және ұйымдастырушылық- экономикалық

б) ұйымдастырушылық- экономикалық

в) техника- экономикалық

г) ұйымдастырушылық- құқықытық

д) этикалық

3. Қоғамның экономикалық өмірінде қандай қатынастар маңызды?

а) діни

б) өндірістік

в) саяси

г) идеологиялық

д) моральдық- құқықтық

4. Либерализм идеялары мен мемлекеттің экономикаға араласуын шектеу туралы көзқарастарды алғаш ұсынған кім?

а) Дж. Кейнс

б) К. Маркс

в) А. Смит

г) У. Петти

д) А. Маршалл

5. Маркстік теория бойынша экономикалық теорияның пәні не?

а) экономикалық қатынастар

б) игіліктердің сиректігі

в) табиғатқа деген қатынас

г) тиімді өндіріс

д) тиімді бөлу

6. Әрбір экономикалық жүйеде “не, қалай және кім үшін өндіру” мәселесі микро және макро деңгейлерде шешіледі. Төмендегі сұрақтардың қайсысы микроэкономикалық деңгейде шешіледі?

а) толық жұмыспен қамтуға қалай жетуге болады?

б) не және қанша өндіру?

в) инфляциядан қалай құтылуға болады?

г) жұмыссыздықтан қалай құтылуға болады?

д) экономикалық өсуді қалай ынталандыруға болады?

7. Қоғамның негізгі даму заңы қандай?

а) ақша айналысының заңы

б) баға заңы

в) сұраныс заңы

г) ұсыныс заңы

д) өндірістік қатынастардың өндірістік күштер деңгейі мен даму сипатына сәйкес келу заңы

8. Қоғамдық өндірістің басты емес бөлімі қайсы?

а) өндіріс

б) бөлу

в) айырбас

г) тұтыну

д) жинақтау

9. Қандай мәселе барлық экономикалық жүйелерге тән?

а) инвестициялау

б) өндіру

в) тұтыну

г) ресурстардың шектеулілігі

д) бөлу

10. Экономикалық категория ретінде өндіріс нені білдіреді?

а) қоғам өмірінің бір жағын

б) адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында өндіріс факторларының өзара әрекет ету процесін

в) адамның жұмыс істейтін орынын

г) пайдалы өнімді өндіру барысында адамдардың машиналарды, механизмдерді пайдалануын

д) еңбек құралдары мен еңбек заттарының жиынтығын

11. Ресурстардың шектеулілігі деген ұғым қалай түсіндіріледі?

а) олардың көмегімен бір мезгілде және қажеттіліктерді толық қанағаттандыру мүмкін емес

б) олар қоғамда қажетті тауарлар өндірісі үшін жеткіліксіз мөлшерде кездеседі

в) ресурстар тұтыну тауарларын өндіру үшін ғана жетеді

г) ресурстар алғашқы қажетті тауарларды өндіру үшін ғана жетеді

д) ресурстар таусылатындықтан және олардың орыны толтырылмайтындықтан жетпейді

12. Өндірістің қандай факторларын білесіз?

а) еңбек, капитал, ақпарат, технология

б) заттық және жеке

в) табиғи ресаурстар, капитал, еңбек

г) жер, капитал, еңбек және кәсіпкерлік

д) табиғи, еңбек, материалдық және қаржы ресурстары

13. Еңбек заты дегеніміз не?

а) станоктар

б) машиналар, құрылғылар

в) домна және мартен пештері

г) тракторлар мен автомашиналар

д) темір жол және шоссе жолдары

14. Ресурстардың «салыстырмалы» шектеулілігі немен байланысты?

а) ресурстардың таусылуымен

б) ресурстардың қайта өндірілмейтіндігімен

в) қажеттіліктердің шектеулілігімен

г) қажеттіліктердің шексіздігімен

д) ресурстардың таусылмайтындығымен

15. Экономика өндірістік мүмкіншіліктер шекарасында болады, егер….

а) өндірістік ресурстар толық пайдаланылса

б) өндіріс тиімділігі артса

в) инвестициялар тұтыну шығыстарынан жоғары болса

г) ұсыныс сұраныстан жоғары болса

д) ұсыныс сұранысқа тең болса