Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
методичка семинар ОЭТ.docx
Скачиваний:
56
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
322.46 Кб
Скачать

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДАҒЫ ЭКОНОМИКА КАФЕДРАСЫ

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

1.Тақырып.Экономикалық теория пәні мен әдістері

Негізгі әдебиеттер:

Қосымша әдебиеттер:

Құқықтық нормативті актілер

Шеденов Ө.Қ.,Сагындыков Ғ.Н.,Жүнісов Б.А.,Байжомартов Ү.С.Комягин Б.И.«Жалпы экономикалық теория» Ақтөбе-2004

А –Полиграфия, 5-20 беттер

Самуэльсон П. «Экономика» М., Прогресс, 1996

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 1997 жылғы 6 маусым N 125

Макконелл К. «Экономикс» М., Республика, 2002

Калдыбаев О.К., Темибаев А.Р. «Экономика предприятия» Учебное пособие Алматы: Санат,2004

Қазақстан Республикасының (2008 ж.,  4 желтоқсан, № 95-IV) Бюджет Кодексі

Сабақтың мақсаты

  • Экономикалық оқиғалар мәні, түрлі экономикалық жүйелердегі қоғам дамуының әлеуметтік-экономикалық заңдылықтары туралы ойлау қабілетін бекіту.

  • Экономикалық теорияның басқа да ғылымдармен ара қатынасын түсіндіру.

  • Экономикалық теорияның дамуының негізгі сатылары: меркантилизм, физиократия, классикалық мектеп, маркстік экономикалық ілім, неоклассикалық теорияның дамуы туралы түсініктерді ашып көрсету. Экономика шаруашылық жүргізу процесінде туындайтын адамдар арасындағы қатынастар.

Оқытудың міндеттері:

  • Экономикалық теория дағдыларын тұтас бір жүйе ретінде қалыптастыру; экономикалық мәселелер бойынша пікір сайыстар ұйымдастыру

  • Экономикалық процестер негізінде алған білімдерін қазіргі экономикамен байланыстыра зерделеу.

  • Сөз алған курстасына сұрақ құрастыра білу және сұрақ қоя білу,оқытушының және студенттің сұрағына жауап

  • Тест тапсырмасымен,кейс-стади,дисскусия сұрақтарымен жұмыс істей білу

Негізгі түсініктер: Шектеулі ресурстар, өндіріс факторлары

Жаңа түсініктер:Меркантилизм,физиократия,монетаризм,индукция,дедукция,талдау,

сұрыптау,ғылыми абстракция.

Қарастыратын негізгі сұрақтары

  1. Экономикалық теория экономика жүйесіндегі пән.

  2. Экономикалық теорияның шығуы мен негізгі даму жолдары.

  3. Қоғамдық өндірістің факторлары мен нәтижелері.

  4. Өндірісті ұйымдастырудың экономикалық негіздері.

  5. Экономикалық теорияның зерттеу әдістері.

Оқытудың әдістері: Семинар сабағында берілген сұрақтарды талқылау, ойын, кейс-стади,дисскусия,кестемен жұмыс,тесттік тапсырмалар(бақылау сұрақтары).

Семинар сабақ ойын түрде өткізу. Ұлы ғалымдар-ойыны

Ойынның мақсаты:

Экономика ғалымдарының ойларымен таныстыру:

Ф. Кенэ,А.Тюрго,Д.Рикардо,Т.Мальтус,К.Маркс,В.Ленин,К.Менгер, Д.Кларк және т.б.

2.Экономикалық теорияның даму кезеңдегі мектептер:Физиократия,классикалық және тарихи мектептері, марксизм, маржинализм, институционализм.

Экономика-ғалымдарының айтылған нақыл сөздеріне қысқаша сипаттама келтіру:

Франсуа Кенэ-физиократттар мектебінің өкілі, өндіріс факторы –бұл табиғат, жер,еңбек өнімі-ауыл шаруашылығы.

Анн Робер Жак Тюрго-физиократ, капитал -ссудалық пайыз алғашқы анықтама берген.

Давид Рикардо-классикалық мектептің өкілі, негізгі ережелері:1) тауардың құндылығы –оған жұмсаған еңбекшығынымен анықталады; 2)еркін бәсеке-экономиканың тиімді қызмет етуі және оның дамуы үшін өте қажет.

Томас Роберт Мальтус- классикалық мектептің өкілі,халық саны туралы тұжырымның авторы,бұл тұжырым бойынша кедей топтар санының шектен тыс артуы қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық мәселенің негізгі себебі болып табылады.

Карл Маркс-классикалық және социализм өкілі, «Тұрақты капитал»және «Эксплуатация»түсініктерін енгзді

Владимир Ленин-марксист, пролетариаттық революция арқылы монополиялық капитализмнен коммунизмге өту тұжырымдамасын авторы

Карл Менгер-маржинализм өкілі, жоғары реттегі (шиккізатттар,еңбек құралдары,еңбек) игіліктер құндылығын соңғы өнім құндылығынан шығарған автор

Джон Кларк-маржиналист, Ең алғаш еңбек және капиталды өндіріс факторы ретінде теңдей қарастырған экономист

Ойынның шарты:

Ойынды ойнау үшін 8 экономисттердің нақыл сөздерді білуі және карточкалар қажет.Карточкада әр экономист-ғалымдардың айтылған нақыл сөздерінің авторын табу керек.

Карточка сұрақтары:

  1. Халық өз қиындықтырының ең басты себепкері болып табылады

  2. Мемлекетте тек саудагерлер мен қолөнершілер тұратын болса,жер өнімдерінен түсетін табысты тек сырттан аламыз

  3. Құн субъективті өзінің болмысымен ғана емес, ол субъективті - әрине өз мөлшерімен де

  4. Адам еңбегі құнды қалыптастырады,бірақ еңбек құн емес.Құн затты пішінде болады.

  5. Соңғы құрал алғашқы құралға қарағанда адам өнімділігіне қарағанда аз әсер етеді

  6. Капиталдың тезайналым жылдамдығына байланысты негізгі немесе айнымалы капиталға жатқызылады

  7. жалақының мөлшері Жеке және еркін бәсеке байланысты белгіленеді

  8. Мемлекет түрлі қарама-қайшылықтарының пайда болу себебі және өнімі болып табылады

  9. Пайыз бағасын барлық еңбек,жерді өңдеу,өнеркәсіп,сауда,,тоқтаған кездегі деңгейден төмен жағдай ретінде қарастыруға болады

  10. Пайдалылық-бұл адам қажеттілігін қанағаттандыру,сондықтан барлық игілікке тән болып табылады

  11. Капиталдың өндіріс құралы айналатыфн бөлігі өз құндылығын өзгертпейді

  12. Егер адам жұмыс істемесе-онда тамақтануға құқы жоқ

  13. Пайыздық займ-дегеніміз сауда,займ берушы-сатушы,займ алушы-тұтынушы

  14. Тігінші-киім тігеді,етікші-етік шығарады

Экономисттер мен нақыл сөздер

Ф. Кенэ-2 А.Тюрго Д.Рикардо-6 Т.Мальтус-1

К.Маркс-4 В.Ленин К.Менгер-3 Д.Кларк-5

Кейс-стади

АҚ ЕБ «Сбербанктің» алға қо­йып отырған стратегиялық мақ­саттарының бірі – ры­ноктағы үлесін дамыту. Сонымен бірге Қа­зақ­стандағы, Белоруссиядағы, Украинадағы халық­ара­лық банктеріндегі түсімнің «Сбер­банктің» 2013 жыл­дың аяғында шыға­тын жалпы таза түсімінің 5 па­йыздық үлесін қамтуға қол жеткізу мақсаты бар. Осы позициядан алғанда әрбір елдің ау­ма­ғын­да­ғы бизнесімізді арттыру қа­жеттілігі айқын. Бү­гін­гі күні Қа­зақстан рыногының .«Сбербанк» 2 пайыздық үлесін алып отыр, Әрине, Тәжікстан, Өзбекстан, Түр­кіменстан эконо­ми­ка­ларын қарастыратын бол­сақ, соңғы 3 жыл­да оларда өсім бар екені көрініп тұр.

2010 жылдың 1 желтоқсанындағы есеп бойынша  «Сбербанк» АҚ ЕБ активтері 2010 жылдың 1 қаң­та­рымен салыстырғанда 13 пайызға артып, 221,3 млрд. теңгеден 250,0 млрд. теңгеге дейін өсті. Осы мерзімде заңды тұлғалардың салымы 30%-ға артып, 115,1 млрд. теңгеден 150,1 млрд. теңгеге жетті. Клиненттерге берілген кредиттер 59,7%-ға артып, 96,5 млрд. теңгеден 154,1 млрд. теңгеге дейін өсті. 2010 жылғы 1 қарашадағы мәлімет бойынша банктің өз капиталы 37,8 млрд. тең­гені құрады, жыл басынан бергі осы мерзімдегі таза табысы 806,6 млн. теңгеге жетті. 2010 жылдың 1 қара­шасында Қазақстандағы рейтингі бойынша банк өз капиталы бойынша – 8 орын, таза табыс бойынша – 11 орын және активінің көлемі бойынша 11 орын алады. Қа­зақ­станда істеген 4 жыл­дың ішінде біз 0,2 па­йыз­дық үлес­тен, жоғарыда айт­қа­нымдай 2 пайыздық үл­ес­ке қол жеткізді. «Сбербанктің» -мақ­­­са­ты ай са­йын активтерін арт­тыра түсу. Өзбекстан, Тә­жік­стан сияқты жақын шетелдерде тран­с­­­шек­ара­лық аумақтарда да кредиттеу мүмкіндігін қа­растыруды банктер жоспарлап отыр. Қазақстанның кейбір ірі компа­ниялары сол жерлерде өздерінің бизнесін ашқан, сондықтан олардың биз­нес-жоба­ларын қаржыландыру керек. Ұлттық банктің реттеуші ретіндегі күш-жі­герінің арқасында эконо­ми­ка­ның, банк секторының оңа­луына жағдай туғы­зылғанын көріп отырмыз. Сонымен қатар, Қазақстанда тұрып, жұмыс істейтін адам ретінде «Жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша өте көп кредиттік тапсырыстардың беріліп жатқанын бақылаудың өзі жағымды әсер береді. Банктердің өзі дағдарыстың кәсіп­керлікке деген құш­тар­лықты жоя алма­ға­нын көрсетеді. Жалпы алғанда «Сбер­банк­тің» Қазақстан экономикасы нақты секторын қаржы­лан­­ды­руы 2010 жыл­­дың қыр­күйек айында та­мызға қа­ра­ғанда 3 па­йыз­ға, ал қа­зан­да қыр­кү­йекке қара­ған­да 6 па­йыз­ға артты. Біздің бол­жа­мымыз бо­йын­ша заңды тұлғаларды қар­жы­ландыру порт­фе­лі­нің өсімі 45 пайызға артуға тиісті. Ал жеке тұл­ға­лар­ды қаржы­лан­ды­рудың өсімі осы уақыт ара­лы­ғын­да 9,5 пайызға артпақ.

Егер бюджет түсімінің құры­лы­мын қа­рас­ты­ратын болсақ Ресейде де, Қазақстанда да ол негізінен шикі­затты сатудан түсетін табыстан тұрады. Ал күшті эко­номика әртараптандырылған, бәсе­ке­ге тө­теп бере алатын экономика екендігі дау­­сыз. Сон­дықтан Президент Н.Назарбаев өткен жылы үде­мелі индустриялық-иннова­циялық даму жө­нін­дегі бағдар­ла­маға қол қой­ып, оны іске асыратын негізгі са­лаларды белгіледі. Осының өзі өте ма­ңыз­ды. Бүгінгі кү­ні Қазақ­станның дүкендеріне енсеңіз, же­ңіл өн­ер­­кә­сіпте өндірілген тауарлардың 2/3 Түр­кия мен Қы­тайда шығарылғанын көре­міз. Ал со­лар­ды шы­ғаратын шикізат қоры өте бай Қа­зақ­­стан өздерінде шығарса, шет елдердікінен сапасы кем болмас еді деп ойлаймын. Ол үшін әрине, бағ­дар­ламалар қа­был­данып, жаңа техноло­гия­ларды мең­геру керек. Міне, бізге бүгінгі күні жетпейтіні осылар және оны еңсеру жолында бәріміз біріге жұмыс істеудеміз.

Талқылау үшін сұрақтар:

  1. Сіз Қазақстан эконо­мика­сы­ның перспективаларын қалай ба­ға­лайсыз?

  2. Қазақ­стан эконо­ми­ка­сының өсі­мі­нің оң жақтарын атаңыздар.

  3. Сіздің ойыңызша, банк жүйесінің дамуы немен байланысты?

  4. Қазақстандағы«Сбербанктің» табыстың сыры неде деп ойлайсыз?

  5. Қазақ­станның қаржылық рыногында сіз қандай биз­нес­те­рді дамыту керек деп ойлайсыз?

Дисскусия

Кез-келген мемлекеттің экономикасын алатын болсақ дамыған,дамушы,артта қалған болып бөлінеді.

  1. Қазақстанның мемлекетінің экономикасы қай түріне жатады?

  2. Дамыған мемлекеттер қатарына кіру үшін не қажет?

  3. Егер сізге практиканы медицина саласында шетелде өтуге мүмкіндік берсе, қай мемлекетті таңдайсыз,неге?

Карточкамен жұмыс:Төменде көрсетілген анықтамалардың дұрыс жауабын көрсетіңіз:

1

Талдау-

-зерттеу пәнін жеке, кездейсоқ, қысқа мерзімді, дара құбылыстардан біздің түсінігімізді оқшаулап, оның тұрақты, әрдайым қайталанатын мәнін, маңызын ашу.

2

Синтездеу-

- экономикалық құбылыстарды жеке элементтеріне жіктеп, оның әрбір элементін біртұтастықтың қажетті құрамдас бөлігі ретінде зерттеу.

3

Индукция-

-бұлэкономикалық құбылыстардың жеке элементтерін біріктіріп, біртұтас зерттеу.

4

Дедукция-

-жеке оқиғадан, құбылыстардан логика арқылы жалпы қағидалар, қағидалар шығару.

5

Ғылыми абстракция -

жалпы қағидалар негізінде экономикалық объектілердің, процестердің кейбір жеке алынған ерекшеліктері сипатталады.

Карточкамен жұмыс:Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының басымдылықтарын, мақсаттарын және құралдарын анықтаңыз.

Қазақстан-2050 даму стратегиясы

Басымдықтары:

Мақсаттары:

Құралдары:

Қорытынды: Қарастырылған негізгі сұрақтар талқыланды,ойын,кейс-стади,дисскусияға студенттер белсенділік танытты. Экономикалық оқиғалар мәні, түрлі экономикалық жүйелердегі қоғам дамуының әлеуметтік-экономикалық заңдылықтары туралы білім алды.

Экономикалық теорияның дамуының негізгі сатыларын туралы ақпараттандырылды Сонымен қатарэкономиканың қалыптасуыжайлы терең ой қалыптастырды.

Қорытындысында өтілген тақырыптың менгерілуінің деңгейін анықтау үшін тесттік тапсырмалар (бақылау сұрақтары) алынады

Тесттік тапсырмалар:

1. Қандай анықтама экономикалық теорияның зерттеу пәнін дәл анықтайды?

а) адамның материалдық және рухани қажеттіліктерінің динамикасы туралы ғылым

б) адам іс-әрекетінің құлшыныстары туралы ғылым

в) игіліктерді өндщіру және бөлу туралы ғылым

г) ресурстардың шектеулілігі жағдайында қоғам дамуының жалпы заңдары туралы ғылым

д) ақша ресурстарын басқару туралы ғылым

2. “Политэкономия” терминін өз еңбегінде ең алғаш қолданған кім?

а) адам смит

б) антуан де монкретьен

в) аристотель

г) карл маркс

д) альфред маршалл

3. “Экономикс” терминін өз еңбегінде қолданысқа енгізген кім?

а) Жан Батист Сэй

б) Артур Фон Хайек

в) Альфред Маршалл

г) Джон Мейнард Кейнс

д) Пол Самуэльсон

4. Экономикалық теорияның тарихи ең алғаш қалыптасқан мектебі қандай?

а) марксизм

б) меркантилизм

в) кейнстік ілім

г) классикалық политэкономия

д) монетаризм

5. Байлықтың көзі- ауыл шаруашылығы өнімдері мен табиғи ресурстар деп санаған экономикалық мектеп:

а) физиократтар

б) меркантилизм

в) монетаризм

г) институционализм

д) маржинализм

6. Институционалдық пікір бойынша экономикалық талдауда келесі мәселелер қаралуы тиіс:

а) әлеуметтік

б) этикалық

в) құқықтық

г) саяси

д) әлеуметтік, этикалық, құқықтық, саяси

7. Экономиканың жекелеген субъектілері деңгейінде шектеулі ресурстарды тиімді пайдалануды оқытатын бөлім:

а) микроэкономика

б) менеджмент

в) макроэкономика

г) маркетинг

д) мегоэкономика

8. Экономика ғылымының әдісі түсінігін қамтиды:

а) пәннің құрылымы

б) нақты мәліметтер жиынтығы

в) барлық танымдық құралдарды оптималды пайдалану тәсілдері

г) ғалымның дүниетанымдық ұстанымдары

д) шаруашылық процестер арасында туындайтын байланыстарды дұрыс әрі терең түсінуге мүмкіндік беретін ғылыми құралдар

9. Ғылыми абстракция әдісінің мазмұны қандай?

а) зерттелетін процесс туралы біздің ойымызды кездейсоқ және өтпелі мәліметтерден арылту

б) зерттелетін процестің аса елеулі жақтарын бөліп алып, кездейсоқ және екінші ретті жағдайлардан бас тарту

в) экономикалық процестерді модельдеу

г) тәжірибе жасау

д) зерттелетін құбылысты жекелеген элементтерге бөлу

10. Егер экономикалық жалпылау мәліметтерге сүйенетін болса, онда ол- :

а) бақылау

б) ғылыми абстракция

в) дедукция

г) индукция

д) экономикалық- математикалық модельдеу

11. Экономикалық заңдар дегеніміз не?

а) экономикалық құбылыстардың елеулі жақтарын анықтауға мүмкіндік беретін ғылыми абстракция

б) экономикалық құбылыстар туралы формальды түсініктер

в) өндірістік қатынастардағы елеулі және тұрақты байланыстар

г) себеп-салдарлы байланыстар

д) экономкалық қатынастарды реттейтін құқықтық заңдар

12. Экономикалық категориялар дегеніміз не?

а) өндірістік қатынастардың әртүрлі жақтарын сипаттайтын ғылыми абстракция

б) түсініктерді субъективті бағалау

в) қарапайым пікірлер

г) себеп-салдарлы байланыстар

д) экономикалық құбылыстар туралы формальды түсініктер

13. Макроэкономиканың зерттейтін мәселесі:

а) экономикадағы мемлекеттің рөлі

б) жалпы ұлттық экономикадағы процестер

в) адамзаттың экономикалық дамуының жаһандық мәселелері

г) политэкономия алғаш қалыптасқан кездегі мәселелер

д) баға қою механизмі

14. Дедукция дегеніміз не?

а) экономикалық құбылыстырға тарихи ұстанымды қолдану

б) жекелеген ұстанымдардан жалпы жағдайлар шығару

в) қарапайым пікірлер

г) экономкалық процестерді модельдеу

д) жалпы дағдайлардың негізінде жеке пікірлер шығару

15. Синтездеу әдісін қалай түсіндіруге болады?

а) экономкалық процестерді модельдеу

б) жалпы дағдайлардың негізінде жеке пікірлерді негіздеу

в) тәжірибе жасау

г) жекелеген элементтерді біртұтастылыққа біріктіру және оларды өзара байланыста зерттеу

д) құбылысты жекелеген бөліктерге бөліп зерттеу