Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
методичка семинар ОЭТ.docx
Скачиваний:
56
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
322.46 Кб
Скачать

3.Тақырып. Экономикалық институттар: меншік және кәсіпкерлік

Негізгі әдебиеттер:

Қосымша әдебиеттер:

Құқықтық нормативті актілер

Шеденов Ө.Қ.,Сагындыков Ғ.Н.,Жүнісов Б.А.,Байжомартов Ү.С.,Комягин .И.«Жалпы экономикалық теория» Ақтөбе-2004 А-Полиграфия 21-37 беттер

Закон РК. « О собственности в РК.» Казахстанская правда. 1991 4 январь.

Жеке кәсіпкерлік туралы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы N 124 Заңы 08.03.2010. ж.

Мамыров А.К. Основы бизнеса и предпринимательства в условиях рыночной экономики Казахстана. А. 2004.

Москвин Д. «О формах собственности на средство производства» Вопросы экономики. 2005, №2, 68 с.

Қазақстан Республикасының Жер кодексі (2003 ж. 20 маусым № 442-ІІ)

Радыгин А.К. «Теория приватизации в переходной экономике». Вопросы экономики, 2005, №2

Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі (1999ж.,13 шілде, №411).

Сабақтың мақсаты

  • Қазақстан экономикасындағы институционалды қайта құру процессіндегі реформалау.ҚР-дағы меншік қатынастарының қайта құрылуын түсіндіру

  • Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұнын ашу. «Иемдену-бөтенсу» қатынастары түсіндіру. Меншіктің субъектілері мен объектілері. Өтпелі экономикадағы меншіктің негізгі нысандарын, қоғамдағы меншік нысандарының көптүрлі болуының объективті қажеттілігін мазмұнын ашу.

Оқытудың міндеттері:

  • Экономиканың ұдайы өндіріс механизміндегі, соның ішінде денсаулық сақтау саласындағы меншік және кәсіпкерліктің рөлі

  • Кәсіпкерліктегі кәсіпорындар қызметін ұйымдастыруға қажетті білім негізін қалыптастыру

  • Тест тапсырмасымен,кейс-стади,дисскусия сұрақтарымен жұмыс істей білу

Негізгі түсініктер: Экономикалық ресурстар, Өндіріс факторлары

Жаңа түсініктер: Жұмыс күші,еңбек құралдары,еңбек заттары

Қарастыратын негізгі сұрақтары

  1. Меншіктің экономикалық және құқықтың мазмұны .Меншік объектілері мен субъектілері

  2. Ауыспалы экономика кезіндегі меншіктің негізгі формалары

  3. Жекешелендірудің экономикалық мағынадағы түсінігі мен мемлекеттік меншікті жекешелендіру. Жекешелендірудің әлемдік тәжірибесі

  4. ҚР- да меншіктік қатынастың өзгертілуі

  5. ҚР-да кәсіпкерліктің қызметі,мақсаты

  6. ҚР-дағы кәсіпкерліктің түрі

Оқытудың әдістері: Семинар сабағында берілген сұрақтарды талқылау, дебат, кейс-стади, дисскусия,кестемен жұмыс,тесттік тапсырмалар(бақылау сұрақтары).

Кейс-стади

Коста-дель-Соль, 35-жасар бельгия консультанты демалыс кезінде демалатын тұрғын үй іздейді,көп уақытты осыған кеткен соң,ол досы Лоран Копьетером (Laurent Coppieters) жалға берілетін тұрғын үй ашпақшы болады. Олар тұрғын үй жалға беруді бел буды, жаңа интернет-агентство Rent-a-Holiday ашады. «Мен жаңа бизнес бастамақшы болдым,әрі табысты болғым келді». Бұл интернет-агентство келісім-шартқа отырады,бірақ өзінің интернет-агентствосы сайт Yahoo! порталында орналастыруына көптеген күш және қаржы кетеді.Өз сайтын интернетке орналастыруын көптеген қаражат талап етті.Бұл фирма тарихы қазіргі проблемаларды ашады,неге Европа компаниялары Америка мемлекетіндей бәсекеге электронды коммерция түрде шыға алмай отыр?

Коста-дель-Соль, досы Лораном Копьетемен Испанияға барып демалғаннан кейін компанияның бизнес-жоспарын венчурлы инвестицияның жергілікті кәсіпкерлерге талдауға ұсынады және инициативаларын қаржыландыруға ұсыныс жасады. Екі бизнесменнің бұл жобаға үміті зор еді,екеуінің резюме де өте тамаша болды: Копьетердың дипломы Солвей, Бельгия беделді бизнес мектебінің ал Энгельбрект Стэнфорд университетінің бизнес мектебі бітірген.Бірақ, бельгия кәсіпкерліктері олардың инициативасын қаржыландырудан бас тартады. Бельгия кәсіпкерліктері олардың сенімді активтері мен сенімді қолма –қол ақша ағымын көргісі келді. Бірақ егер бізде қолма-қол ақшалар болса,біз ешкімнен қаражат сұрамайтын едік.Соңында Петер мен Лоран барлық жинағанын қосқанда $400 000құрады.Үш айдан кейін атақты және белгілі , бельгия верчурлық инвестор интернет компанияның ашуына $850 000 инвестициялайды.

Европалық бизнесмендер жылжымайтын мүлік операциялары бойынша агенттіктермен келісімге қол қояды. Бұл келісім бойынша жаңа компанияның сайтында жалға берілетін үйлердің тізімі (900-ге жуық) беріледі. Сайтқа ірген клиент міндетті түрде өзінің демалысын өткізу үшін бір үйді ұнатады және қажетті ақпараттарды алады, компанияның агентімен байланысады деп есептейді. Бұндай қызмет түрлерімен американдық компаниялар да айналысады. Сол кезде Америкада интернет-портплдпр өте жақсы дамығандықтан (Сол кезде Европа бұл мәселеде Америкадан артта тұратын) американдық кәсіпкерлердің жолы болды, яғни жоғары табыс тапты. Алайда европалық Энгельбрект пен Копьетер берілген жоқ, керісінше интернет-компаниялармен жіберілетін құнды қағаздарды иеленуге тырысты. Демалыс мерзіміне жылжымайтын мүліктерді жалға беру олардың байлыққа қол жеткізу жолы екеніне сенді. Осы екі бизнесменнің тәжірибиесі басқа европалық кәсіпкерлер үшін мысал болуы керек: американдық жас кәсіпкерлердің өзімен бәсекелесу европалықтар үшін біраз күшті талап етуі мүмкін.

Талқылау үшін сұрақтар:

  1. Майкл Портердің бәсекелестік артықшылықтар тоериясына сай жекелеген елдерге тән артықшылықтар компаниялардың халықаралық рынокта бәсекеге қабілеттілігін анықтайды. Сонда компаниялары Америка Құрама Штаттарында орналасқан американдық кәсіпкерлер қандай артықшылықтарға ие болды? Олардың қызметінде қандай да бір жағымсыз (сәтсіз) жағдайлар болды ма?

  2. Компаниялары Европада орналасқан европалық кәсіпкерлер артықшылықтарға ие болды ма? Қандай жағымсыз жағдайлар олардың қызметіне кедергі болды?

  3. Өз кәсіпкерлерінің бизнесін жүргізу мүмкіндіктерін арттыру үшін Европа елдерінің мемлекеттері мен саяси қызметкерлері қандай шаралар қолдана алады? АҚШ – да осындай компаниялардың өсуін ынталандыру үшін американдық саясаткерлер қандай әрекеттер жасауы мүмкін?

Дебат

Дебат тақырыбы «Бөліп алар болсақ, Сіз қай меншіктің дамуы мемлекеттің жағдайын жақсаруына алып келеді деп ойлайсыз?»

Меншіктің түрлері(жеке және мемлекеттік)

Дебат ережесі

Топ екіге бөлінеді Пікір-талас екі команданың арасында: үкімет және оппозиция.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Мемлекеттік меншіктің дамуы

  2. ҚР-да жеке меншіктің дамуы

  3. Қай меншіктің дамуы мемлекеттің жағдайын жақсаруына алып келеді?

Дисскусия

  1. Кәсіпкерліктің қандай ұйымдық нысаны салық жүйесінің әрекет етуі тұрғысынан алғанда тиімді болып табылады? Неліктен?

  2. Акционерлердің жеке және ұжымдық сипаттағы қандай құқықтары бар?

  3. Толық серіктестік пен сенім серіктестігі арасындағы айырмашылықты атаңыз.

  4. Елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін қандай шаралар қолдану қажет? Сіз қандай ұсыныс жасайсыз?

Карточкамен жұмыс:

1.Төменде келтірілген мәліметтерді меншік түрі бойынша жіктеп шығыңыз:

Объект атауы

Жеке меншік

Мемлекеттік меншік

Ұжымдық меншік

1.Азық-түлік

 

 

 

2.киім-кешек

 

 

 

3.аяқ-киім

 

 

 

4.Үй

 

 

 

5.Мүлік

 

 

 

6.Жер

 

 

 

7.пайдалы қазбалар

 

 

 

8.Ормандар

 

 

 

9.Валюта

 

 

 

10.Жұмыс күші

 

 

 

11.Магазин

 

 

 

12.Кітаптар

 

 

 

13.Ойын алаңы

 

 

 

14.Темір жол

 

 

 

15.Бағалы бұйымдар

 

 

 

Төмендегі кестені толтырыңыз:

Кәсіпкерлікті ұйымдастыру нысандары

Артықшылықтары

Кемшіліктері

Толық серіктестік

Сенім серіктестігі

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік

Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік

Акционерлік қоғам

Оқытушының қорытындысы сөзі:Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселесі өзекті болып отыр. Мемлекеттің шағын кәсіпкерлікті дамытуға көп көңіл бөлуі оның оң экономикалық, саяси және әлеуметтік нәтижелер беруіне байланысты. Шағын кәсіпкерлік:

  1. бәсекелік ортаны қалыптастырады;

  2. рынокты отандық тауарлар және қызметтермен толтыруға мүмкіндік береді;

  3. халықты жұмыспен қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 2004 жылы елімізде 143680 шағын кәсіпорын тіркелген, олардың 96218 ауыл шаруашылығында, 16288 өнеркәсіпте, 67566 саудада, 2333 қонақ үйлер мен мейрамханаларда және басқа да қызмет сфераларында әрекет етеді. Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметті белсенді етудің шарттарын қысқаша атап өтуге болады:

  1. Кәсіпкерлік қызметке мемлекеттің араласпауы; Мемлекет тарапынан материалдық көмек көрсету;

  2. Шаруашылық субьектілері мүліктерінің қорғалуына кепілдік беру;

  3. Экономикалық еркіндік және рыноктық қатынас субьектілерінің барлығына теңдей құқық беру;

  4. Шаруашылық жүргізудің бәсекелік жүйесін құру, мемлекеттің монополияға қарсы қызметін қайта құру және т.б.қорытынды жасалды.

Қорытындысында өтілген тақырыптың менгерілуінің деңгейін анықтау үшін тесттік тапсырмалар (бақылау сұрақтары) алынады

Тесттік тапсырмалар:

1.ҚР Конституциясы бойынша меншіктің қандай нысандары бар?

а) жеке және мемлекеттік

б) мемлекеттік және ұжымдық

в) дербес және аралас

г) кооперативтік және біріккен

д) жеке және аралас

2. Жеке меншіктің теріс салдары қандай?

а) жеке меншік иесінің әл ауқаты өндіріс нәтижесіне тәуелді

б) меншік иелерінің мүліктік жіктелуі

в) кәсіпкерліктің дамуына ықпал етеді

г) бәсекенің күшеюіне әсер етеді

д) ресурстарды тиімді бөледі

3. Жалпы иемдену қандай нақты нысандарда кездеседі?

а) отбасылық, ұжымдық, біріккен

б) аралас, муниципалды, отбасылық

в) қоғамдық, отбасылық, мемлекеттік

г) мемлекеттік, кооперативтік

д) мемлекеттік, муниципалдық, акционерлік

4. Мемлекет иелігінен алу дегеніміз не?

а) меншік нысанын ауыстыру

б) ұлттандыру

в) экономикалық процестерді толық басқарудан мемлекеттің бас тартуы

г) меншіктің көптүрлілігіне өту

д) жеке меншікке өту

5. Командалық әкімшілік экономиканың ерекшелігі қандай?

а) қоғамдық мүдделерге негізделген мемлекеттік реттеудің болуы

б) жеке меншікке негізделген шағын өндірістің болуы

в) ресурстарға деген жеке меншіктің болуы

г) сұраныс пен ұсыныс заңдарына негізделген экономикалық реттеу механизмінің болуы

д) ел кәсіпорындарын орталықтан жоспарлау және басқау

6. Нарықтық экономиканыңи ерекшеліктері қандай?

а) шаруашылық жүргізудің натуралдық қоғамдық нысанының болуы

б) жеке меншікке негізделген шағын өндірістің болуы

в) экономикалық ресурстардың елеулі бөлігіне қоғамдық меншіктің болуы

г) сұраныс пен ұсыныс заңдарына негізделген экономикалық реттеу механизмінің болуы

д) ел кәсіпорындарын орталықтан жоспарлау және басқау

7. Экономикалық жүйенің басты міндетіне не жатады?

а) өндірістің ұлғаюын қамтамасыз ету

б) өндірістің техникалық жағдайын анықтау

в) инфляция мен жұмыссыздықты жою

г) әділетті қоғамдық құрылым құру

д) жекелеген экономикалық субъектілердің әрекеттерін бағыттап отыру

8.«Өндірісфакторлары» - бұл: а)өндірістің потенциалды ресурстары

б) өндірістің қолданылған ресурстары

в) өндірістің қолданыстағы ресурстары

г) өндірістің болашақ ресурстары

д) қолдағы барлық ресурстар

9. Қандай қатынастар жүйені құрушы болып табылады?

а) табиғи ресурстарды пайдалану

б) өндіріс құралдарына меншік

в) табысты бөлу

г) өндірілген өнімді бөлу

д) еңбекті пайдалану

10. Жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процестерінің экономикалық мазмұны қандай?

а) меншікті жалға беру нысандарының көп түрлерін құру

б) мемлекеттік меншікті қысқарту

в) нарыққа ену жағдайларымен қамтамасыз ету

г) мемлекеттік меншіктің үлесін қысқарту, меншіктің көптүрлілігі арқылы бәсекелік қатынастар құру

д) ұлттандыруды жүзеге асыру

11. Көптүрлі меншік нысандарын қалыптастырудың қажеттігі немен байланысты?

а) нарықты тауарлармен толтырумен

б) саяси жағдайлармен

в) жаңа постиндустриалды қоғамның талаптарымен

г) өндіргіш күштердің даму деңгейімен

д) бәсеке талаптарымен

12. Меншіктің қандай нысандары бар?

а) көптүрлі шарттық келісімдер

б) жеке, мемлекеттік, шетелдік

в) жеке тұлғалық, дербес, жеке

г) ұжымдық, ассоциацияланған, жеке тұлғалық

д) сенімді басқару, жеке, ұжым

13. Меншіктің негізгі элементтеріне мыналар жатады:

а) Құқық жиынтығы, объект

б) Объектілер және субъектілер

в) Иелік ету, пайдалану, яғни қажеттіні жарату

г) Меншікті қорғау құқығы және объективті қатынастар

д) Тұлғаның иелік ету жөніндегі келісімі, мемлекеттің иелікке алу акті

14.Нарықтық және өтпелі эканомикалы елдердегі жекешелендірудің практикалық аспектілері:

а) Заңгерлік құжаттың жаңа түрлерін шығару

б) Жекешелендірудің модельдері мен әдістерін жасау

в) Меншіктің активті тегін алуы

г) Нарықтағы ең негізгі бақталастықтың артықшылықтарын жасау

д) Нарықтан төмен бағамен меншікті алу

15. « Жекешелендіру » деген ұғымды қалай түсінесіз?

а) Меншікті аукцион және тендерге салу

б) Өндіріс орындарын ұтымды бағаға сату

в) Мемлекеттік меншікті жою саясаты

г) Үкімет меншігін жеке меншікке аудару саясаты немесе бұрын мемлекеттік органдардың

басқаруында болған кәсіпкерлікті жекешелендіру

д) Банкротқа ұшыраған өндіріс орындарын нарықта төмен бағамен сату саясаты