Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
методичка семинар ОЭТ.docx
Скачиваний:
56
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
322.46 Кб
Скачать
  • 12.Тақырыптың аты – Ұлттық экономика жүйе ретінде

    • Негізгі әдебиеттер:

    • Қосымша әдебиеттер:

    • Құқықтық нормативті актілер

    • Шеденов Ө.Қ.,Сагындыков Ғ.Н.,Жүнісов Б.А.,Байжомартов Ү.С.,Комягин Б.И.«Жалпы экономикалық теория» Ақтөбе-2004 А-Полиграфия 156-171 беттер

    • Агапова Т.А. Макроэкономика –М:МГУ 2004

    • Тауарлар импорты жағдайында iшкi рынокты қорғау шаралары туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 28 желтоқсандағы N 337 Заңы  07.07.2006 ж. берілген өзгерістер мен толықтырулармен

    • Фишер С, Дорнбуш Р. Макроэкономика. М.: Издательство. МГУ, 1997.

    • Микро-макроэкономика. Практикум. Задачи, тесты, ситуации. С-П., 1994. Мэнкью Н.Г. Макроэкономика. М.: изд-во МГУ, 1994. С.

    • Тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) экспорттау және импорттау кезiнде қосылған құн салығын алудың принциптерi туралы келiсiмдi бекiту туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1998 жылғы 9 шiлде N 271

  • Сабақтың мақсаты

  • Қазақстан экономикасындағы макроэкономикалық көрсеткіштердің пайдалануын түсіндіру

  • Ұлттық экономиканың құрылымы және ҚР ұлттық байлығы туралы студенттердің білімін бекіту.

  • Жалпы ұлттық өнім,жалпы ішкі өнім айырмашалықтарын түсіндіру

  • Оқытудың міндеттері:

  • Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын негізге ала отырып макроэкономикалық талдау қағидаларын зерделеу дағдыларын қалыптастыру.

  • Макроэкономикалық талдаулар жүргізу дағдыларын қалыптастыру және макродеңгейде шешім қабылдау.

  • Мемлекеттің макроэкономикалық саясатты жүргізу туралы нормативтік-құқықтық актілері және негізгі заңдары бойынша білімдерін қалыптастыру.

  • Негізгі түсініктер: Жалпы ұлттық өнім,жалпы ішкі өнім

  • Жаңа түсініктер:Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс үлгісіндегі макроэкономикалық тепе-теңдік. ЖҰӨ дефляторы және баға индекстері.

  • Қарастыратын негізгі сұрақтары

  1. Жалпы ұлттық өнім.

  2. Атаулы және нақты айнымалылар.

  3. ЖҰӨ дефляторы және баға индекстері.

  4. Ұлттық есепшоттар жүйесінің өзге көрсеткіштері.

  5. Негізгі макроэкономикалық тепе-теңдік.

  • Оқытудың әдістері:Семинар сабағында берілген сұрақтарды талқылау, дебат, кейс-стади, дисскусия,кестемен жұмыс,тесттік тапсырмалар(бақылау сұрақтары).

  • Негізгі бөлім:

  • Кейс-стади.

  • Қазақстанның экономикасы 2009 жылғы 1,2 пайыздық өсімнен кейін жүйелі әрі тұрақты түрде қалпына келе бастады. ІЖӨ-нің ІІІ тоқсандағы бәсең­де­геніне қарамастан, 2010 жыл эко­но­ми­каны еңсеретін қуатты жыл болды. Бүгінгі таңда ІЖӨ-нің тұрақты ұлғаю көр­сеткіші біздің болжамымыз бойын­ша ағымдағы жылы 6 пайызды құрап отыр, бұл – І-ІІІ тоқсандардан 7,5 пай­ыз­ға төмен деген сөз. Ал мұндай көр­сет­кіштер 2009 жылдың IV тоқса­нын­дағы жоғарғы база негізінде құралып отыр. 2011 жылы Қазақстанның экономикасы 5,3 пайызға өседі деп кү­тілуде. 2010 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш айтарлықтай төмен болғанымен (өсім есептелетін база деңгейі әсер етеді), бұл Орталық-Шығыс Еуропа аймағын­дағы өсу қарқыны жағынан аса жоғары көрсеткіш болып табылады. Мұнайдың орташа бағалары 2011 жылы 1 баррель үшін 85 долларға дейін, 2012 жылы 90 долларға дейін, сонымен қатар метал­­дар­­дың да бағасы ықтимал өсетін болса, UniCredit Research-тің болжамдары бойынша Қазақстанның экономика­сы­нан көп үміт күтуге толық мүмкіндік бар.

  • Мұнай бағасы корпорациялар мен Үкіметтің қаржы­лық жағдайын нығайтуға әсер етпек, соның арқасында ішкі сұраныстың өсуі жалпы өсудің негізгі қозғаушы күшіне айналуы тиіс. Сондай-ақ, талдаушы­лар­дың жүргізген басқа да зерттеулеріне сүйенсек, 2011-2012 жылдары инвести­ция­ның ауыз толтырып айтатындай өсі­мі республиканың инфрақұрылымында анық көрініс табады деп күтілуде. Есепте инфрақұрылым мен электр стан­са­ларының құрылысына 1745 млрд.теңге, ал ауыл шаруашылық саласына 586 млрд. теңге көлемінде қаржы жұм­сал­мақшы делінген. Инвестициялар, олардың жоғары мультип­ли­ка­ция­лық әсері басқа салалардағы қазы­на­лық қатаңдықтың келеңсіз әсерін бә­сеңдетуі мүмкін. Ал валюта нары­ғын­дағы жағдайға үңілсек, талдаушы­лар­дың пікірі бойынша, 2011 жылдың нау­рыз айынан кейін басқарылатын құбыл­малы бағамды қайтаруға байланысты, 2011 жылы Ұлттық Банк номиналдарды нығайту деңгейін 5 пайыздық көрсет­кіште ұстап тұрады деп болжануда.

  • Талдау үшін сұрақтар:

  1. Жалпы ішкі өнімді өсіруге қандай нақты іс-әрекеттер толық кепілдік бере алады

  2. Сіздің ойыңызша мұнай өндірудегі табыста­рдан түскен пайда қаншалықты тиімді пайдаланылады?

  3. Сіз мемлекетке қандай ішкі және сыртқы өнімді пайдаланған дұрыс деп ойлайсыз?

  4. Қазақстан үшін қандай өнімді экспортқа шығарған тиімді?