Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
методичка семинар ОЭТ.docx
Скачиваний:
56
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
322.46 Кб
Скачать
  • ҚорытындыЖұмыссыздық және инфляция тақырыбын қазіргі кездегі жағдаймен байланыстыра отырып оның маңыздылығын, онымен күресу, шешу жолдарын толық ашу.

  • Жұмыспен қамту және жұмыссыздық,жұмыссыздықтың мәні мен типтері туралы білімдерін қалыптастыру; Келтірілген дебат,кейс-стади, дискуссия сұрақтарын талдап қорытынды жасауі.Негізгі қарастырылатын сұрақтар түгел талқыланып,семинардан студенттерге көп ақпарат берілді.

  • Қорытындысында өтілген тақырыптың менгерілуінің деңгейін анықтау үшін тесттік тапсырмалар (бақылау сұрақтары) алынады

  • Тесттік тапсырмалар:

  • 1. «Толық жұмысбастылық» деген ұғым нені білдіреді?

  • а) жұмысқа жарамды халықтың жаппай жұмыспен қамтылуы

  • б) жұмыссыздықтың жоқтығы

  • в) «еріншектермен» күрес ұғымымен байланысты

  • г) «табиғи жұмыссыздықтың» 3-5% болуы

  • д) зейнеткерлердің жұмыспен қамтылуы

  • 2. Жұмыссыздар қатарына жатпайды:

  • а) тауар мен қызмет өндірісінде жұмыспен қамтылмаған жұмыс күшінің бөлігі

  • б) алдыңғы 4 апта бойы жұмыс табуға талпыныс жасағандар

  • в) еңбек биржасында тіркелгендер

  • г) әртүрлі жағдайлармен жұмыстан шыққанда, оның ішінде өз еркімен кеткендер

  • д) мүлдем жұмыспен қамтылмағандар және жұмыс іздемегендер

  • 3. Елдегі жұмыссыздықты қандай көрсеткіштер бейнелейді?

  • а) жұмыссыз жастар деңгейі

  • б) экономика құрылымындағы өзгеріс

  • в) жұмыссыздықтың орташа ұзақтығы

  • г) жұмысбастылардың саны

  • д) жұмыссыздық деңгейі мен жұмыссыздықтың орташа ұзақтығы

  • 4. Бос қызмет орны жөніндегі толық емес ақпарат қандай жұмыссыздықпен байланысты?

  • а)фрикциондық

  • б)құрылымдық

  • в)институционалдық

  • г)циклдық

  • д) ерікті

  • 5. Жұмыссыздықтың жақсы жағы неден көрінеді?

  • а) біліктілікті жоғалту

  • б) жұмысбастылардың жұмыстағы тәртібінің жоғарылауы

  • в)экономикалық потенциалды толығымен пайдаланбау

  • г)ұлттың психикасының бұзылуы

  • д)отбасының, халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі

  • 6. Жұмыссыдықтың жағымсыз жағы неден көрінеді?

  • а) жұмысбастылардың жұмыстағы тәртібінің жоғарылауы

  • б) жұмыс күшінің қоры өндірістің ұлғаюының алғы шарты болып табылады

  • в) халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуі

  • г) жалақыны көбейту жөніндегі кәсіподақ талаптары қалыптасады

  • д) кәсіпкерлікке деген ынтаны жоғарылатады

  • 7. Салалар мен аймақтардың біркелкі жетілмеуінен пайда болған жұмыссыздық қай жұмыссыздық түріне жатады?

  • а)фрикциондық

  • б)құрылымдық

  • в)институционалдық

  • г)циклдық

  • д)ерікті

  • 8. Дағдарыс пен тоқырау кезеңдерінде өндірістің құлдырауынан пайда болған жұмыссыздық қай жұмыссыздық түріне жатады?

  • а)фрикциондық

  • б)құрылымдық

  • в)институционалдық

  • г)циклдық

  • д)ерікті

  • 9. Толық жұмысбастылық дегеніміз не?

  • а) экономикадағы фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық болған жағдайдағы жұмысбастылық

  • б) жұмыссыздықтың деңгейі 0-ге тең болатын жағдай

  • в) циклдық жұмыссыздықтың ғана болуы

  • г) еңбекке деген сұраныс және ұсыныстың сәйкестігі

  • д) жұмыс күші мен жұмыс орындары санының сәйкестігі

  • 10. Жұмыспен қамтылмаған жұмысшы күшінің үлесі:

  • а) циклдық жұмыссыздық

  • б) жұмыссыздық деңгейі

  • в) жұмыссыздықтың табиғи деңгейі

  • г) жасырын жұмыссыздық

  • д) фрикциондық жұмыссыздық

  • 11. Табиғи жұмыссыздық деңгейін құрайды:

  • а) циклдық жұмыссыздық

  • б) жасырын жұмыссыздық

  • в) фрикциондық жұмыссыздық

  • г) құрылымдық жұмыссыздық

  • д) фрикциондық жұмыссыздық пен құрылымдық жұмыссыздықтың жиынтығы

  • 12. «ҚР-сының жұмысбастылық туралы» Заңына сәйкес жұмыссыздарға жатады:

  • а) экономикалық жағынан белсенді халық

  • б) өз еркімен еңбек ететін халық

  • в) еңбекке қабілетті жастағы жұмысы жоқ, бірақ жұмыс істеуге ниеті бар адамдар

  • г) өз бетімен жұмыс іздеушілер

  • д) тұрмыс жағдайы нашар, еңбек биржасында тіркелген еңбекке қабілетті азаматтар

  • 13. Инфляция неден көрінеді?

  • а) алтынның нарықтық бағасының өсуінен

  • б) тауар бағасының өсуінен

  • в) ұлттық валюта бағамының төмендеуінен

  • г) халықтың сұраныстың төмендеуінен

  • д) алтынның нарықтық бағасының, тауар бағасының өсуінен

  • 14. Ұсыныс инфляциясы неден пайда болады?

  • а) жиынтық сұраныстың өсуінен

  • б)өндіріс шығындарының өсуінен

  • в)жиынтық ұсыныстың өсуінен

  • г)жиынтық сұраныстың төмендеуінен

  • д)өндіріс шығындарының төмендеуінен

  • 15.Сұраныс инфляциясы не себепті пайда болады?

  • а) жиынтық сұраныстың өсуінен

  • б)өндіріс шығындарының өсуінен

  • в)жиынтық ұсыныстың өсуінен

  • г)жиынтық сұраныстың төмендеуінен

  • д)өндіріс шығындарының төмендеуінен

  • 15.Тақырып. Мемлекеттік реттеу: мәні , мақсаты, құралдары.

    • Негізгі әдебиеттер:

    • Қосымша әдебиеттер:

    • Құқықтық нормативті актілер

    • Шеденов Ө.Қ., Сағындықов Е.Н., Жүнісов Б.А.,Байжомартов Ү.С., Комягин Б.И.338-348 беттер

    • “Мировая экономика: введение во внешнеэкономическую деятельность” под ред. Шукалина, Н.С. Цыпиной. М.,2001г.

    • Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шiлдедегi N 474 Заңы 08.03.2010 ж.

    • История экономических учений под ред. Шмарловой Г.А. Минск, 2000г.

    • “Микроэкономика теория. Российская практика” под. ред. Грязновой А.Г., Юданова А.Ю. М.,2003г.

    • Майбург Е.М. “Введение в историю экономической мысли”. М.,2001г

    • “Экономическая теория” под ред. акад. В.И.Видянина, А.И., Добрынина, П.Журавлевой, Л.С. Тарасевича М.:ИНФРА-М, 2000г.

    • Мемлекеттік бағдарламалар

  • Сабақтың мақсаты

  • Студенттерге экономиканы мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен құралдары туралы білімдерін қалыптастыру.

  • ҚР экономиканы мемлекеттік реттелу ерекшеліктері туралы білімін қалыптастыру.

  • Оқытудың міндеттері:

  • Тақырып бойынша берілген сұрақтарды талқылау арқылы мемлекеттік реттеудің мәнін ашу.

  • Қазақстанның экономиканы мемлекеттік реттеу ерекшелігін меңгеру.

  • Материалды студент оқу кезінде меңгеруі керек

  • Сөз алған курстасына сұрақ құрастыра білу және сұрақ қоя білу

  • Оқытушының және студенттің сұрағына жауап

  • Тест тапсырмасымен жұмыс істей білу

  • Негізгі түсініктер:мемлекет, мемлекеттік бюджет, мемлекеттік шығындар.

  • Жаңа түсініктер:интенсивті,экстенсивті және аралас ұдайы өндіріс

  • Қарастыратын негізгі сұрақтары

  1. Экономикана мемлекеттік реттеу: мақсаттары, қызметтері, құралдары.

  2. Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі моделдері.

  3. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері.

  • Оқытудың әдістері: Семинар сабақтарын талқылап орындау және сабақ үстінде топтпрмен жұмыс істеу. Американдық парламенттік формат бойынша дебат өткізу.(ойын түрінде)

  • Кейс-стади.

  • АҚШ-тың LANDS` End компаниясы Тайваньға 200000 дана кастюмге тапсырыс берген болатын. Висконсон штатында орналасқан жоғарыда аталған компания басшылығы 2000 жылдың ақпан айының тауарларды жарнамалау каталогына еңгізуді жоспарлаған болатын. Бірақ тауарды жеткізуге байланысты қиындықтар туындауына байланысты LANDS` End компаниясына тауарды каталог бетінен алып тастауға алып келді. Ол тауар каталогқа басылып кеткен болатын. Тауардың келмей қалуының себебі Тайваньдық экспартердың қажетті квотамен қамтамасыз етіп үлгермеуі болып табылады. Бұл мысал халықаралық сауданы реттеудегі заңнаманың жағымсыз жағы болып табылады. Бұл жағдайға байланысты LANDS` End компаниясының директоры : «Тігін өнімдеріне жасалған квота біз үшін өте қиын болды.» -деп ойын жеткізді.

  • Бүгінгі күні де квота жүйесі импорт жасауға 1000-даған қиындықтар туғызып отыр. Импортқа деген мұндай квота жүйесі тауарлардың бағасының өсуіне әкеліп соқтырады. Соның салдарынан американдық тұтынушылар жыл сайын 10-даған млрд. доллар жоғалтып отыр.

  • Талқылау үшін сұрақтар:

  • - квота жүйесі қандай мақсатпен бекітілген деп ойлайсыздар?

  • - жоғарыда келтірілген кейс-стадиға қатысты пікір білдіріңіз.

  • - квота болса АҚШ экономикасы үшін тиімді ме, әлде тиімсіз бе? Өз ойыңызды нақты аргументтермен негіздеп беріңіз.

  • - Қазақстан экономикасына квота жүйесі қалай әсер етіп отыр?

  • Дебат

  • Дебаттың тақырыбы «экономикаға мемлекеттің араласқаны дұрыс па?» Адам Смит пен Джон Кейнстің пікірлері бойынша. Дебатқа екі команда қатысады. Әр командада екі студент болады. Үкімет тобы және оппозиция тобы.Бірінші үкімет тобының лидері премье- министр сөйлейді .Регламент бойынша оның уақыты төрт минут. Ұстанатын позициялары Адам Смиттің идеясы экономика еркін болуы керек, ал мемлекет болса сырттан қарап, қорғаушы қызмет атқаруы керек. Бұл спикердің кейсі келесідей құрылуы керек.

  • Біріншіден, дифиниция келтіруі керек(тақырыптың кілтті сөздеріне анықтама беруі керек). Екіншіден, статус кво(яғни қазіргі қалыптасқан жағдайға шолу жасау, стат. мәліметтер келтіру керек).

  • Үшіншіден, философия(Яғни Кейнстердін негізін ұстап тұратын бір қанатты сөз, ұран болуы керек)

  • Төртіншіден, өз позицияларын растайтын нақты аргументтер келтіруі керек. Кем дегенде үш аргумент болуы керек. Келесі сөз оппозиция лидеріне беріледі, ұстанатын позициялары Джон Кейнстің идеясы экономиканы мемлекет реттеу керек. Ол үкімет тобының келтірген дифинициясына келіспесе өзі дұрысын келтіреді, өз статус куосын келтіреді,сонымен қатар философияларын айтады. Бұл студенттің негізгі міндеті, қарсы команданың аргументтерін жоққа шығару болып табылады. Регламент бойынша бес минут уақыт беріледі. Кейін үкімет тобының мүшесіне сөз беріледі. Ол қосымша аргументтер келтіруі мүмкін. Премьер министірдің ойы аяқталмай қалған болса, жалғастырып аяқтайды. Қарсы команданың аргументтерін жоққа шығару керек. Регламент бойынша бес минут уақыт беріледі. Келесі сөз оппозиция мүшесіне беріледі. Ол қосымша аргументтер келтіруі мүмкін. Оппозиция лидерінің ойы аяқталмай қалған болса, жалғастырып аяқтайды. Қарсы команданың аргументтерін жоққа шығару керек. Регламент бойынша бес минут уақыт беріледі. Осымен дебаттың негізгі бөлімі аяқталады. Сөз парламентариға беріледі (аудиторияда отырған студенттер бір митуттан пікірлерін айтуына болады). Сосын сараптама бөліміне көшеміз. Алғашқы қорытынды сөз оппозиция лидеріне беріледі. Оған мұнда жаңа аргументтер келтіруге тыйым салынады. Тек екі жақтың аргументтерін салыстырып өзінің ойынша кім жеңгенін айтып өтеді. Регламент бойынша уақыты төрт минут. Соңғы ойынды қорытындылайтын премье- министр. Ол да өзінше сараптама жасауы керек. Регламент бойынша бес минут уақыт беріледі. Осымен дебат аяқталады. Оқытушы өзінің қорытынды сөзін айтып, дауысқа салып жеңген топты анықтайды.

  • Қорытынды

  • Сабақты өту барысында жаңа түсініктермен танысады. Американдық парламенттік фармат бойынша пікір-сайыс өткізіп, өз пікірлерін аргументтеуді үйренеді. Кейс-стади қарастырып, ол бойынша сұрақтарға жауап береді. Нәтижесінде Қазақстанның экономикасын мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері туралы білімін қалыптастырады.

  • Қорытындысында өтілген тақырыптың менгерілуінің деңгейін анықтау үшін тесттік тапсырмалар (бақылау сұрақтары) алынады

  • Тесттік тапсырмалар:

  • 1. Интенсивті экономикалық өсудің маңызды факторы:

  1. ғылыми-техникалық прогресс;

  2. жұмыс күшінің санының өсуі;

  3. капиталдың өсуі;

  4. табиғи ресурстардың өсуі;

  5. қолданылатын факторлардың санының өсуі.

  • 2. Экономикалық өсудің жаңа сапасы ұғымына қатысы жоқ:

  1. табиғи ресурстардың сарқылуы;

  2. бос уақыттың өсуі;

  3. әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы;

  4. адам капиталына инвестицияның өсуі;

  5. еңбекке қабілетсіз адамдарды әлеметтік қорғау.

  • 3. Қазіргі экономикалық цикл …… байланысты:

  1. жиынтық сұраныс динамикасына елеулі әсер ететін факторлар-мен;

  2. ұсыныс динамикасына елеулі әсер ететін фактормен;

  3. тек сыртқы факторлармен;

  4. тек ішкі факторлармен;

  5. кездейсоқ саяси факторлармен.

  • 4. Дамыған елдердегі экономикалық өсудің маңызды фактор-лары:

  1. технологиялық өзгерістер;

  2. жұмыс уақытының өсуі;

  3. қолданылатын капитал көлемінің өсуі;

  4. жұмыс күшінің біліктілігінің өсуі;

  5. өндіріске қосымша шикізат ресурстарын тарту.

  • 5. Интенсивті экономикалық өсу жүзеге асырылады:

  1. жетілген өндіріс факторлары мен технологияны, яғни ҒТП-ті пай-далану арқылы;

  2. қосымша өндіріс факторларын пайдалану арқылы;

  3. халықаралық сауданы дамыту арқылы;

  4. ұлттық валютаны еркін айырбасталатын валюта мәртебесіне жеткізу арқылы;

  5. циклдық экономикалық ауытқуларды жою

  • 6. Елдің өндірістік әлеуетін ұлғайту үшін:

  1. таза инвестициялар амортизация мөлшерінен артық болуы керек;

  2. ЖҰӨ ТҰӨ-нен амортизация мөлшеріне артық болуы керек;

  3. ҰТ үй шаруашылығы мен мемлекеттің тұтыну шығыстарынан артық болуы керек;

  4. ТҰӨ ҰТ-тан артық болуы керек;

  5. ҰТ үй шаруашылығының қолдағы табысынан артық болуы керек.

  • 7. Төменде көрсетілгендердің қайсысы Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігінің басым индикаторы болып табылады?

  1. ішкі тұтынудағы импорт үлесі;

  2. инвистицияның ЖІӨ қатысты % көлемі;

  3. күнкөрістің ең төменгі деңгейінен де төмен табысты халық үлесі;

  4. жұмыссыздық деңгейі;

  5. ЖІӨ ішкі қарыздың пайыздық көлемі.

  • 8. Халықаралық сауданың дамуына кедергі бола алмайды:

  1. еркін сауда салмағы;

  2. тарифтер;

  3. тарифтік емес шектеулер;

  4. квоталар;

  5. бюрократиялық.

  • 9. Шетел капиталын тартудың қаржылық емес әдісіне не жатады?

  1. тікелей салық жеңілдіктерін белгілеу;

  2. субсидия;

  3. жедел амортизация;

  4. қолайлы инвестициялық климатпен заңды түрде қамтамасыз ету;

  5. құрал-жабдықтар импортын кеден төлемдерінен босату.

  • 10. ХВҚ негізгі міндетіне жатпайды:

  1. валюталық сферада халықаралық ынтымақтастыққа көмектесу;

  2. ХВҚ мүше-елдерінің экономикалық қызметін жоспарлау;

  3. 3.ХВҚ мүше-елдеріне несие беру;

  4. кеңес беру жөнінде көмек көрсету;

  5. валютаның конвертациялануына көмектесу.

  • 11. Халықаралық сауда өзара тиімді болады, егер:

  1. елдердің белгілі бір тауарды өндіруде салыстырмалы артықшылығы болса;

  2. елдердің белгілі бір тауарды өндіруде ешқандай артықшылығы болмаса;

  3. елдердің белгілі бір тауарды өндіруде абсолютті артықшылығы болмаса;

  4. елдер протекционизм саясатын жүргізсе;

  5. елдер еркін сауда саясатын жүргізсе.

  • 12. Қандай анықтама экономикалық теорияның зерттеу пәнін дәл анықтайды?

  • а) адамның материалдық және рухани қажеттіліктерінің динамикасы туралы ғылым

  • б) адам іс-әрекетінің құлшыныстары туралы ғылым

  • в) игіліктерді өндщіру және бөлу туралы ғылым

  • г) ресурстардың шектеулілігі жағдайында қоғам дамуының жалпы заңдары туралы ғылым

  • д) ақша ресурстарын басқару туралы ғылым

  • 13. “Политэкономия” терминін өз еңбегінде ең алғаш қолданған кім?

  • а) Адам Смит

  • б) Антуан де Монкретьен

  • в) Аристотель

  • г) Карл Маркс

  • д) Альфред Маршалл

  • 14. “Экономикс” терминін өз еңбегінде қолданысқа енгізген кім?

  • а) Жан Батист Сэй

  • б) Артур фон Хайек

  • в) Альфред Маршалл

  • г) Джон Мейнард Кейнс

  • д) Пол Самуэльсон

  • 15. Экономикалық теорияның тарихи ең алғаш қалыптасқан мектебі қандай?

  • а) марксизм

  • б) меркантилизм

  • в) кейнстік ілім

  • г) классикалық политэкономия

  • д) монетаризм