Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОСЖ новый каз.docx.doc
Скачиваний:
58
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
172.93 Кб
Скачать

1. Тақырыбы: Тұрақты даму концепциясы туралы түсінік. Қазақстанның Тұрақты дамудағы болжамдары. Қазақстан Республикасының тұрақты дамудағы өзекті экологиялық мәселелері.

2. Мақсаты: Қазақстан Республикасы және басқа да елдердегі тұрақты дамудың концепциясы мен міндеттері туралы білімдерін қалыптастыру мен дағдыландыру;

- тұрақты даму стратегиясы мен саясаты аумағындағы білімдерін қалыптастыру мен дағдыландыру.

3. Оқыту мақсаты:

  1. Тұрақты дамуға өтудің механизмдері, мағынасы, мақсаты, міндеттері мне негізгі концепциясы жөніндегі білімдерін қалыптастыру.

  2. Тұрақты даму түсінігі жөніндегі білімдерін қалыптастыру.

  3. Қазіргі заманғы жаһандық экологиялық мәселелер бойынша халықаралық конвенциялар мен келісім шарттар жөніндегі білімдерін қалыптастыру.

  4. Ірі деңгейдегі жаһандық, аймақтық, ұлттық және жергілікті деңгейдегі мәселелерді шешудің негізгі ұстанымдары бойынша білімдерін қалыптастыру.

  5. Қазақстан Республикасы және басқа елдердегі тұрақты дамуға өтудің концепциясы, стратегиясы мен тәжірибелік міндеттері жөніндегі білімдерін қалыптастыру;

  6. Тірі ағзалар мен қоршаған орта байланыстарының заңдылықтары туралы білімдерін, тәжірибелік жұмыста тұрақты дамуды сақтау үшін қолдана білуді дағдыландыру.

4. Өткізу түрі: кеңселік кеңес беру.

5. Тақырып бойынша тапсырмалар:

№1 тапсырма. Қоршаған ортаны қорғау және дамыту бойынша конференциялардың (Рио-де-Жанейро,1992), мыңжылдықтағы Саммит (Нью-Йорк, 2000), тұрақты даму бойынша бүкіләлемдік Саммит (Йоханнесбург, 2002), XXI ғасыр күн тәртібі меморандумы материалдырымен танысу (Казахстан,1995). (құқықтық құзыреттілік).

№2 тапсырма Қазақстан Республикасының тұрақты дамуындағы өзекті экологиялық мәселелермен танысу специальностей ОМ и

6. Таратылатын материал: қоршаған орта және даму бойынша конференцияның (Рио-де-Жанейро,1992), мыңжылдық Саммит (Нью-Йорк, 2000), тұрақты даму бойынша бүкіл әлемдік Саммит (Йоханнесбург, 2002), XXI ғасыр күн тәртібінің меморандумы (Казақстан,1995) бойынша материалдар.

7. Әдебиет:

  1. Кенесариев У.И., Жақашов Н.Ж. Экология және халық денсаулығы, 2003 – 200 б., 25-30 беттер.

  2. Асқарова Ұ.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау, 2007 – 497 б., 15-18 беттер.

  3. Қуатбаев А. Экология және қоршаған орта проблемалары: оқу құралы – 2011. – 350 б., 20-28 беттер.

  4. Колумбаева С., Білдебаева Р., Шәріпова М. Экология және тұрақты даму: оқу құралы – 2012. – 153 б., 21-29 беттер.

  5. Экология: оқу құралы/ C.А. Сергейчик. - Минск: Современная школа, 2010. -400 с., стр. 18-21.

  6. Учение об окружающей среде:оқу құралы / Г.К. Ерубаева: Алматы, казак универс 2011.-153б., 5-10 беттер.

  7. Экология и устойчивое развитие. учеб. пособие/ Колумбаева С.Ж., Бильдебаева Р.М., Шарипова М.А. Алматы, Қазақ университеті, 2012 -133 б., 5-7 беттер.

8. Бақылау:

Бастапқы білімін ауызша сұрау арқылы (білім құзіреттілігі):

  1. Тұрақты даму түсінігіне анықтама беру.

  2. Экология аумағындағы халықаралық бірлестіктердің маңызы?

  3. Тұрақты даму бойынша пікір талқыланған халықаралық конференцияны атаңыз.

  4. Тұрақты дамудың концепциясы мен мақсаты.

  5. Тұрақты дамудың міндеттерін атап беріңіз.

  6. Тұрақты дамудың экологиялық механизмдерін ашыңыз.

  7. Жаһандық және аймақтық деңгейдегі тұрақты даму ұстанымының мән мағынасын ашып көрсетіңіз.

  8. Ұлттық және жергілікті деңгейдегі тұрақты даму ұстанымының мән мағынасын ашып көрсетіңіз.