Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОСЖ новый каз.docx.doc
Скачиваний:
58
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
172.93 Кб
Скачать

1. Тақырыбы: Атмосфераға антропогенді әсер ету. Атмосфераның жаһандық ластануының экологиялық салдары.

2. Мақсаты: атмосфераның негізгі экологиялық проблемалары, ластау көздері және адам денсаулығына әсері туралы білімдерін қалыптастыру.

3. Оқыту мақсаты:

  • Биосфераның маңызды элементі – атмосфера туралы білімдерін қалыптастыру.

  • Атмосфералық ауа ластануының негізгі антропогендік факторлары және ластанудың тұрғындар денсаулығына әсері туралы білімдерін қалыптастыру.

  • Ауаның ластану деңгейін бағалай алу қабілеттілігін дағдыландыру.

  • Қоршаған орта нысандарының ластануының адам денсаулығына әсер ету деңгейін балай білу қабілеттілігін дағдыландыру.

4. Өткізу түрі: кеңселік кеңес беру.

5. Тақырып бойынша тапсырмалар:

№1 тапсырма. Атмосфера ластануының тұрғындар денсаулығына әсері бойынша жағдайлық есептерді шығару (тәжірибелік дағды).

№2 тапсырма. Атмосфераның негізгі ластаушылары бойынша кестені толтыру (тәжірибелік дағды). специальностей ОМ и

6. Таратылатын материал: атмосфераның ластануы бойынша кесте

7. Әдебиет:

  1. Кенесариев Ү.И., Жақашов Н.Ж. Экология және халық денсаулығы, 2003 – 200 б., 25-30 беттер.

  2. Асқарова Ұ.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау, 2007 – 497 б., 15-18 беттер.

  3. Қуатбаев А. Экология және қоршаған орта проблемалары: оқу құралы – 2011. – 350 б., 20-28 беттер.

  4. Колумбаева С., Білдебаева Р., Шәріпова М. Экология және тұрақты даму: оқу құралы – 2012. – 153 б., 21-29 беттер.

  5. Экология: оқу құралы/ C.А. Сергейчик. - Минск: Современная школа, 2010. -400 с., стр. 18-21.

  6. Учение об окружающей среде:оқу құралы / Г.К. Ерубаева: Алматы, казак универс 2011.-153б., 5-10 беттер.

  7. Экология и устойчивое развитие. учеб. пособие/ Колумбаева С.Ж., Бильдебаева Р.М., Шарипова М.А. Алматы, Қазақ университеті, 2012 -133 б., 5-7 беттер.

  8. Экология: оқу құралы / В.И. Коробкин, Л.В.Предельский: Феникс, 2008.-315б, 5-14 беттер.

8. Бақылау:

Бастапқы білімін ауызша сұрау арқылы (білім құзіреттілігі):

  1. Атмосфера ластаушыларының адам денсаулығына және өмір сүруіне әсері.

  2. Қоршаған ортаның физикалық, химиялық және биологиялық ластануы және атмосфера ластануының тұрғындар денсаулығына әсері.

  3. Биосфераның жаһандық экологиялық проблемаларын атап көрсетіңіз?

  4. Атмосфераның жаһандық (парниктік эффект, озон тесіктері, қышқылды жауындар), аймақтық және жергілікті ластануларының экологиялық салдары.

Жағдайлық есептер.

1 есеп.

Балқаш қаласында мыс балқытушы зауыттан 3 км және ЖЭС-нан 1 км қашықтықта атмосфера мыспен - 0,02 мг/м3 (ШРЕК–0,002), көміртек қышқылымен – 30,0 мг/м3 (ШРЕК–3,0), күкіртті газ – 0,3 мг/м3 (ШРЕК–0,05), күкіртті сутекпен – 0,016 мг/м3 (ШРЕК– 0,008), азоттың екі тотығымен – 0,08 мг/м3 (ШРЕК–0,04) ластанған. Тұрғындар бас ауруына, тамақ сіңуінің бұзылуына, тыныс алу жолдарының, көздерінің тітіркенуіне шағымдануда. Қауіптілік класстары: Cu – 2, CO – 4, SO2– 3, NO2– 2, H2S – 2.

Сұрақтар:

  1. Қандай ластау көздері анықталып отыр?

  2. Қандай ластаушылар жедел және созылмалы әсер етеді?

  3. Ластаушыларды және адам денсаулығына әсерін айтып беріңіз.

  4. Қандай ластаушылар абиоттық, биоттық және антропогендік факторларға жатады?

  5. Атмосфераның ластануы халық денсаулығына қалай әсер етеді?

2 есеп.

Түсті металлургия ауданының қорғасын-мырыш комбинатынан 1,5-2,0 км және ЖЭС-нан 0,5 км қашықтықта атмосфера көміртек тотығымен – 5,0 мг/м3 (ШРЕК – 3,0), азоттың екі тотығымен – 0,4 мг/м3 (ШРЕК – 0,04), қорғасынмен – 0,004 мг/м3 (ШРЕК –0,0003) ластанған. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 80-85%, желсіз. Тұрғындар тамақ кебуіне, көздерінің, мұрындарының тітіркенуіне, терілерінің қышуына шағымдануда. Қауіптілік класстары: СO – 4, Pb – 1, NO2– 2.

Сұрақтар:

  1. Қандай ластаушылар жедел және созылмалы әсер етеді?

  2. Ластаушыларды және адам денсаулығына әсерін айтып беріңіз.

  3. Қандай ластау көздері анықталып отыр?

  4. Қандай ластаушылар адам ағзасына спецификалық және спецификалық емес әсер етеді (қандай аурулар туындайды)?

  5. Қандай ластаушылар абиоттық, биоттық және антропогендік факторларға жатады?

3 есеп.

Биосфераның жылыжайлық газдармен антропогенді ластануынан туындап, парниктік әсерге әкеліп отырған биосфералық үрдістердің өзгеруіне баға беру.

Күн сәулелерінің барлық түрлері (ультракүлгіннен бастап инфрақызылға дейін) жерге жетіп оны қыздырады. Соңғысы, жиналған жылу энергиясын ИҚ-сәулесі түріне айналдырып космосқа қайта сәулелендіреді. Қайта сәулеленген ИҚ-сәулелер қарқынды түрде кейбір газдармен сіңіріледі (СО2, СН4, NO2, фреондармен). Көрсетілген жылыжайлық деп аталатын газдар, атмосферада жылыжайлық әйнек қызметін атқарады: күн радиациясын жерге өткізіп, бірақ Жердің жылулық сәулеленуін шығармайды. Соның салдарынан температура жоғарылап, ауа райы мен климат өзгереді.

Жылы жайлық эффект деп, жылулық тепе теңдіктің өзгеруіне байланысты планетада температураның жаһандық жоғарылап, атмосферада жылы жайлық газдардың шоғырлануы болып саналады. Негізгі жылыжайлық газ көміртектің диоксиді: әртүрлі мәліметтерге жүгінсек, оның жылыжайлық әсерге үлесі 50-65 %. Басқа жылы жайлық газдарға метан (шамамен 20%), азот оксиді (шамамен 5%), озон, фреондар (хлорфторкөміртегі) және басқа газдар (шамамен 10-25 %). Жалпы жылыжайлық газдардың 30 түрі белгілі, олардың жылулық эффектісі атмосферадағы көлемімен ғана емес, сонымен бірге бір молекулаға шаққандағы белсенділік қозғалысымен де сипатталады. Егер берілген көрсеткіштер бойынша СО2 бірлік деп алсақ, онда метан үшін ол 25 тең, азот оксиді -165, ал фреон үшін – 11000. Атмосфераға СО2 түсуінің негізгі антропогенді көздері құрамында көмірі бар жанғыштарды жағу (көмір, мұнай, мазут, метан т.б.). Қазірде тек жылу энергетикасының өзінен ғана атмосфераға 1 т. көміртегі бір адамға шаққандағы/жыл бөлінеді; XXI ғасырдың бірінші жүзжылдығында тастандылар 10 млрд. т. жетеді. Ю.В.Новиков (1998 г.) бойынша, СО2 жаһандау тастаудың кейбір мемлекеттер үлесі: АҚШ – 22%, Рессей мен Қытай – по 11%, Германия мен Япония – 5%-дан, қалған мемлекеттер шамамен - 46%.

Жылыжайлық әсердің салдарынан жердің жылдық орташа температурасы соңғы жүзжылдықта шамамен 0,3 - 0,6оС көтерілген. Қазіргі кезде СО2 концетрациясы жылына 0,3 - 0,5 % жылдамдықпен жоғарылап отыр. Басқа да жылыжайлық газдардың құрамының жоғарылауы: бір жыл ішінде, мета­н - 1 %, азот оксиді - 0,2 %.

Кейбір мәліметтер бойынша, жылыжайлық газдардың құрамының екі еселенуі осы ғасырдың екінші жартысында болуы мүмкін, ол планетаның орташа жылдық температурасын 1-3,5оС көтереді.

Әлемдік мұхиттардың деңгейінің көтерілуіне әкелетін, климаттың жаһандық жоғарылауы, ғалымдардың ұйғаруы бойынша, бөлек экожүйелер үшін ғана емес, сонымен қоса бүкіл биосфера үшін ең үлкен апат деп саналынады:

  1. Мұхит деңгейінің 1,5 - 2 м. көтерілсе, шамамен 5 млн. км2, құнарлы және қалың елді жерлер судың астында қалуы ықтимал. Ол жерлерде 1 млрд. адам тұрады және ауылшаруашылықтық өнімнің көп бөлігі жиналады. Тұрғындардың аралдың ішкі бөліктеріне қарай көшіру әскери ұрыс керістерге және әлеуметтік қозғалысқа әкелуі мүмкін.

  2. Климаттың жылынуы тек мұхит деңгейінің көтерілуімен ғана емес, сонымен бірге, ауа райының тұрақсыздығына, табиғи аймақтардың жылжуына, дауыл мен борандың көбеюіне, жануарлар мен өсімдіктердің қырылуына әкеледі. Осының нәтижесінде, азық-түлік мәселесінің күрт нашарлауы мүмкін.

  3. Полюстер мен экватордағы темепература айырмашылығының азаюынан (негізінде, полюстердің қатты жылынуынан) мәңгі мұз болып жатқан топырақтар еріп, олардан метанның үлкен мөлшері бөлінеді де, жылыжайлық эффект күшейе түседі.

  4. Климаттың өзгеруінен, оңтүстік аймақтарда жылулық күйзелістерге, сонымен бірге аурудың көп түрлерінің таралуына әкеліп, адамзат денсаулығына жағымсыз әсер көрсетеді.

Жоғарыда айтылғанның бәрі, климаттың өзгеруі мәселелері бойынша халықаралық конференцияда (Торонто, 1979 г.) «...жылыжайлық әсердің салдары, тек жаһандақ ядролық соғыспен ған салыстырыла алады» деп мәлімденді.

Сұрақтар:

  1. Жылыжайлық әсер кезінде, тірі заттардың қандай функциялары бұзылады?

  2. Адамның іс әрекеті салдарынан қандай заттар айналымы бұзылып, жылыжайлық эффект туындайды, неге?

  3. Жылыжайлық әсер кезінде биосфера өнімділігі мен түрлік әртүрлілік қалай өзгереді?

  4. Жылыжайлық әсердің пайда болуы, биосфераның гомеостатикалық механизімінің бұзылуына әкелуі мүмкін бе?

Кесте: атмосфераның негізгі ластаушылары

Ластау көздері

Негізгі ластаушылар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1. Тақырыбы: Гидросфера мен литосфераға антропогендік әерлер. Гидросфера, литосфераның ластануының экологиялық зардаптары. Қазақстанның табиғи және жасанды биогеохимиялық аймақтары және республика аймағындағы елді мекен тұрғындарының денсаулық ерекшеліктері.

2. Мақсаты: гидросфера және литосфераның негізгі экологиялық проблемалары, ластау көздері және адам денсаулығына әсері, Қазақстанның табиғи және жасанды биогеохимиялық провинциялары және Республика тұрғындарының денсаулығының ерекшеліктері жөнінде білімін қалыптастыру.