Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОСЖ новый каз.docx.doc
Скачиваний:
58
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
172.93 Кб
Скачать

8. Бақылау (ауызша сұрау – білім құзіреттілігі):

  1. Экология ғылымы нені зерттейді және оның негізгі міндеттері?

  2. Ғылым ретіндегі қазіргі экологияның құрылымы?

  3. Ғылым ретінде экологияның даму тарихы?

  4. Б.Коммонердің заңдарына түсінік беру.

  5. Экологиялық фактор және тіршілік ортасы дегеніміз не?

  6. Экологиялық факторлар және олардың ағзаға әсерінің негізгі жалпы заңдылықтары.

  7. Ағзаның үйренуі дегеніміз не және оның себептері?

  8. Шектеуші факторлардың мағынасы және толерантылық заңының мәне неде?

  9. Популяция дегеніміз не?

  10. Популяцияның сандық көрсеткіштері?

  11. Популяцияның статистикасына нені жатқызасыз?

  12. Популяция динамикасы нені сипаттайды?

Жағдайлық есеп

№1 есеп.

Жер-әуе ортасы төмен тығыздықпен, температураның үлкен тербелісімен (жылдық, 100оС дейінгі амплитуда), ауаның жоғары қозғалысымен, оттегімен жақсы қамтамасыздалуымен сипатталады.

Сұрақтар:

  1. Жер-әуе ортасының лимиттеуші факторларын атаңыз.

  2. Жер-әуе ортасына қандай мекендеушілер тән – гомойотермдінемесепойкилотермді ме және неге?

  3. Жер-әуе ортасының мекендеушілерінің температуралық факторға экологиялық толеранттылығы қандай?

  4. Жер-әуе ортасының мекендеушілерінің температура факторларына және су құрамына негізгі үйрену жолдарын атаңыз.

  5. Жер-әуе ортасындағы мекендеушілерге әсер ететін периодты емес факторларға мысал келтіріңіз.

  6. Жарық, ағзалардың қандай үйренгіштігіне әкеледі?

  7. Бір фактор экстремалды (күйзелісті) болған жағдайда екінші фактордың толеранттық шегі қалай өзгереді?

№2 есеп.

Еуразияның солтүстік орманды зонасының орманын шапқаннан кейін бір жыл өткен соң ол жерде шөптер пайда болды, 10 жылдан кейін – бұталар, оның артынан 3-5 жыл аралығында ақ қайыңдар мен көктеректер өсті. Соңғылары тез қарқынды өсуімен, жоғары кун сүйгіштігімен ерекшеленеді, нәтижесінде 50 жыл өткеннен кейін бұл аймақта, еңісінде шыршалар өсіп келе жатқан жапырақты орман пайда болды. Келесі 50 жылдықта аралас ормандар пайда болып, содан кейін шыршалы орманға ауысты.

Сұрақтар:

  1. Бұл есепте айтылған 150-200 жыл аралығындағы фитоценоздың ауысуы қалай аталады?

  2. Сукцессияның қай түрі? Біріншілік сукцессияның екіншілік сукцессиядан айырмашылығы?

  3. Экожүйенің бір түрінің екінші түрге ауысуы қалай аталады?

  4. Сукцессияның жалпы заңдылықтарының сипаты?

  5. Берілген есепте сукцессияның қандай спецификалық заңдылықтары сипатталған?

  6. Эдификаторлық түрлер мен доминантты түрлер дегеніміз не?

  7. Сукцессияны анықтайтын экожүйені қалай атаймыз?

  8. Бұл сукцессияның әртүлі сатыларындағы өнімділігі қандай?

1. Тақырыбы: Экожүйедегі негізгі биогенді элементтердің айналымы.

2. Мақсаты: экожүйедегі негізгі биогенді элементтер айналымы туралы білімдерін қалыптастыру.

3. Оқыту мақсаты:

  • Биосферада фосфор, көміртегі, азот, күкірт айналымдарының мағынасы туралы білімдерін қалыптастыру;

  • Студенттердің жетілдірілген Әдебиеттертермен жұмыс істеу аналитикалық қабілеттіктерін қалыптастыру және жетілдіру.

4. Өткізу түрі: кеңселік кеңес беру.

5. Тақырып бойынша тапсырмалар:

№1 тапсырма. Табиғаттағы заттар айналымының мағынасымен танысу (білім құзіреттілігі)

№2 тапсырма. Тақырып бойынша сөзжұмбақ құрастыру (тәжірибелік дағды) специальностей ОМ и

6. Таратылатын материал: табиғаттағы заттар айналымының (азот, фосфор, оттегі) сұлба нұсқаулары