Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
онкохирургия.doc
Скачиваний:
54
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
233.98 Кб
Скачать

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ОНКОЛОГИЯ, МАММОЛОГИЯ ЖӘНЕ СӘУЛЕМЕН ЕМДЕУ КАФЕДРАСЫ

ТЕСТ


ӨҢЕШ ЖӘНЕ АСҚАЗАН РАГЫ

ТЕСТ

1.Асқазан рагымен аурушаңдық:

А.тұрақтанды

+Б.төмендеді

В.ерлер арасында көбейіп, әйелдер арасында төмендеді

Г.жоғарылады

Д.әйелдер арасында көбейіп, ерлер арасында төмендеді

2.Асқазан рагы қай жаста жиі пайда болады?

А.20 жасқа дейін

Б.21 жастан 50 жасқа дейін

В.33 жастан 60 жасқа дейін

+Г.51 жастан 70 жасқа дейін

Д. барлық жас топтарында кездесу жиілігі бірдей

3.Азық-түліктерді қай әдіспен сақтағанда тағам құрамындағы нитрозаминдер мен олардың ізашарлары көбеймейді?

+А.мұздатқанда

Б.ыстағанда

В.тұздағанда

Г.консервілегенде

Д.барлық жауаптар дұрыс

4.Асқазан рагының пайда болуына әсер етпейтін факторды көрсетіңіз

А.ас тұзын артық мөлшерде қабылдау

Б.асқазанның бактериальды флорамен зақымдануы

В.афлотоксиндермен зақымданған тағамдарды жиі пайдалану

Г.азық-түліктерді қатты қуырып жеу

+Д. тағамның құрамындағы клетчатканың мөлшері

5.Асқазан эпителиінің дисплазиясын қандай әдіспен анықтайды:

А.рентгенологиялық зерттеу кезінде

Б.гастроскоп арқылы асқазанның шырышты қабаттын көру кезінде

В.асқазанның ультрадыбыстық зерттеуі кезінде

+Г.цитологиялық немесе гистологиялық зерттеу кезінде

Д.барлық көрсетілген әдістермен

6.Төменде көрсетілген аурулардың қайсысы асқазанның рак алды ауруына жатпайды?

А.Менетрие ауруы

Б.асқазанның ойық-жара ауруы

+В.асқазанның гиперпластикалық полиптері

Г.созылмалы атрофиялық гастрит

Д.пернициозды анемия

7. Төменде көрсетілген әдістердің қайсысы асқазан ойық-жарасының малигнизацияланбағандығын дәлелдеуге көмектеседі?

А.асқазанды УДЗ және КТ арқылы зерттеу

Б.рентгенологиялық зерттеу

В.асқазан сөлін гистаминмен зерттеу

Г.нәжісті жасырын қанға зерттеу

+Д.эндоскопиялық тексеру жүргізіп, биопсия алу

8. Науқас 10 жыл бойы созылмалы атрофиялық гастрит ауруы бойынша терапевтте диспансерлік есепте тұр. Кезекті тексеріске келді. Шағымдары жоқ. Бұл науқас тексеруден өтуді қажет ете ме?

А.қанын зерттеуді қажет етеді

Б.қажет етпейді

В.зәрін зерттеуді қажет етеді

+Г.ФГС немесе рентгенологиялық зерттеуді қажет етеді

Д. асқазан сөлін зерттеуді қажет етеді

9. Төменде көрсетілген асқазан рагының қай түрі баяу өседі, сирек және кеш метастаз береді?

А.эндофитті

Б.инфильтративті

+В.экзофитті

Г.жаралы-инфильтративті

Д.тостағанша тәрізді

10. Асқазан рагының гистологиялық құрылымы көбінесе қандай болады?

А.аралас безді-жалпақ жасушалы рак

Б.дифференцацияланбаған

В.барлық варианттар бірдей жиілікпен кездеседі

+Г.аденокарцинома (бездік рак)

Д.жалпақжасушалы рак

11.Асқазан рагы көбінесе қандай ағзаға метастаз береді?

+А.бауырға

Б.өкпеге

В.бұғана үсті лимфа түйіндеріне

Г.бүйрекке

Д.сүйекке

12.Вирхов метастазы қай жерде орналасады?

А.Дуглас кеңістігінде

Б.аналық безінде

В.кіндікте

+Г.сол жақ бұғана үсті лимфа түйіндерінде

Д.шап лимфа түйіндерінде

13.Крукенберг метастазы қай жерде орналасады?

1.төс-бұғана-еміздік тәрізді бұлшық ет аяқшалары арасында

2.кіндікте

+3.аналық бездерінде

4.бұғана үсті лимфа түиіндерінде

5.тік ішек –қуық қатпарында

14.Әйелдерде Шницлер метастазы қай жерде орналасады?

1.тік ішек-қуық қатпарында

+2.Дуглас кеңістігінде

3.аналық бездерінде

4.кіндікте

5.бұғана үсті лимфа түйіндерінде

15.Ерлерде Шницлер метастазы қай жерде орналасады?

1.кіндікте

2.аналық бездерінде

3.тік ішек-жатыр қатпарында

4.бұғана үсті лимфа түйіндерінде

+5.тік ішек-қуық қатпарында

16.Кіші шарбы майында бірен-саран метастаздары бар диаметрі 3 см, бұлшық ет қабатына дейін өскен асқазан рагы төменде көрсетілген даму сатыларының қайсысына жатады:

1.1

2.2А

+3.2Б

4.3А

5.4А

17. Аймақтық метастаздары жоқ диаметрі 4 см, бұлшықет қабатына дейін өскен асқазан рагы TNM жүйесі бойынша қалай белгіленеді:

1.T1N0M0

2.T1N1M0

+3.T2N0M0

4.T2N1M0

5.T3N0M0

18. Көбінесе асқазанның кардиальды бөлімінің рагына тән болып келетін белгіні көрсетіңіз:

1.эпигастрий аймағында ауру сезімі

2.кекіру,қыжылдау,құсу

3.әлсіздік

+4.дисфагия

5.іш өту

19.Нағыз асқазанның пилорикалық бөлімінің рагына тән болып келетін клиникалық белгіні көрсетіңіз:

+1.аш қарынға «шолпыл шуылы»

2.жүрек айыну

3.дисфагия

4.іш өту

5.қыжылдау

20. Көбінесе асқазанның пилорикалық бөлімінің рагына тән болып келетін белгілер төменде көрсетілген клиникалық феномендердің қайсысымен негізделеді?

1.деструкция

2.компрессия

+3.обтурация

4.улану

5.қызба

21.Асқазанның созылмалы ауруы бар науқаста қыжылы төмендеп, тамақтанудан кейін пайда болатын ауру сезімі азайып,тұрақты сипат алды. Бұл жағдайда не ойлауға болады?

1.аурудың жазылғандығын

2.үрдістің тұрақтанғандығын

+3. малигнизация болуы мүмкін

4.ешқандай ой туғызбайды

5.созылмалы аурудың өршуін

22 Обтурация феноменімен көрініс беретін қандай белгілер асқазанның пилорикалық бөлімінің рагына тән болып келеді?

1.қыжыл

2.күрт пайда болатын әлсіздік

3.дене қызуының көтерілуі

4.тез жүдеу

+5.жүрек айну, құсу

23. Төменде көрсетілген әдістердің қайсысы асқазан рагын барынша ерте анықтауды қамтамасыз етеді:

1.лапароскопия

2. «кішігірім белгілер» синдромын іздеу

3.құрсақ қуысының жалпы шолу рентгеноскопиясы

4.асқазан рентгенографиясы

+5.гастроскопия биопсиямен

24.Асқазанның экзофитті рагының рентгенологиялық белгісін көрсетіңіз:

1.өзіне тән көрінісі жоқ

2.асқазан қабырғасының сыртқа қарай томпаюы

3.көлемді ниша

+4.толу дефектісі

5.асқазан қалытқысының (привратнигінің) стенозы түрінде

25.Асқазанның кардиальды бөлімінің рагы кезінде жасалатын симптоматикалық операцияны көрсетіңіз:

1.гастродуоденоанастомоз

2.асқазанның дистальды резекциясы

3.гастроэнтероанастомоз

4.пилоропластика

+5.гастростомия

26.Асқазанның пилорикалық бөлімінің рагы кезінде жасалатын симптоматикалық операцияны көрсетіңіз:

1.гастродуоденоанастомоз

2.пилоропластика

3.асқазанның проксимальды резекциясы

4.гастростомия

+5.гастроэнтероанастомоз

27.Асқазанның шыға беріс бөлімінің стенозы көріністері бар I-II даму сатысындағы экзофитті операбельді рагы кезінде қандай операция жасалады:

1.гастроэнтеростомия

2.гастростомия

3.пилоропластика

+4.асқазанның субтотальды дистальды резекциясы

5.гастродуоденостомия

28.Асқазанды және барлық регионарлық метастаздану аймақтарын толығымен алып тастайтын операция қалай аталады?

1.проксимальды субтотальды резекция

2.асқазанның 1\2 бөлігінің резекциясы

3.дистальды субтотальды резекция

+4.гастрэктомия

5.гастростома салу

29.Асқазанның дистальды 1/3 бөлігінің I-II даму сатысындағы экзофитті түрде өскен ісігі кезінде қандай операция жасалады?

1.проксимальды субтотальды резекция

2.асқазанның 1\2 бөлігінің резекциясы

+3.дистальды субтотальды резекция

4.гастроэнтероанастомоз

5.гастрэктомия

30. Жоғары және орташа дәрежеде пісіп жетілген, экзофитті түрде өскен қатерлі ісік (I-II даму сатысындағы) асқазанның кардиальды бөлімінде орналасқанда қандай операция жасалады:

1.асқазанның 1\2 бөлігінің резекциясы

2.дистальды субтотальды резекция

3.гастрэктомия

4.гастростома салу

+5.проксимальды субтотальды резекция

31.Науқасқа 7 ай бұрын асқазан рагы бойынша радикальды операция жасалынды. Кезекті дәрігерге көрінуге келген кезінде шағымдары жоқ . Рецидив және метастаздары жоқ. Енді бұл науқас кезекті бақылауға қашан келуі керек?

+1. 3 айдан кейін

2.6 айдан кейін

3.1 жылдан кейін

4. 3 жылдан кейін

5.болашақта қаралуды қажет етпейді

32. Науқасқа 15 ай бұрын асқазан рагы бойынша радикальды операция жасалынды. Кезекті дәрігерге көрінуге келген кезінде шағымдары жоқ . Рецидив және метастаздары жоқ. Енді бұл науқас кезекті бақылауға қашан келуі керек?

1. 3 айдан кейін

+2.6 айдан кейін

3.1 жылдан кейін

4. 3 жылдан кейін

5.болашақта қаралуды қажет етпейді

33. Науқасқа 3 жыл бұрын асқазан рагы бойынша радикальды операция жасалынды. Кезекті дәрігерге көрінуге келген кезінде шағымдары жоқ . Рецидив және метастаздары жоқ. Енді бұл науқас кезекті бақылауға қашан келуі керек?

1. 3 айдан кейін

2.6 айдан кейін

+3.1 жылдан кейін

4. 3 жылдан кейін

5.болашақта қаралуды қажет етпейді

34. Науқасқа 7 жыл бұрын асқазан рагы бойынша радикальды операция жасалынды. Кезекті дәрігерге көрінуге келген кезінде шағымдары жоқ. Рецидив және метастаздары жоқ. Енді бұл науқас кезекті бақылауға қашан келуі керек?

1. 3 айдан кейін

2.6 айдан кейін

+3.1 жылдан кейін

4. 3 жылдан кейін

5.болашақта қаралуды қажет етпейді

35. ҚР-да онкологиялық аурушаңдық құрылымында асқазан рагы нешінші орын алады?

1.1-ші орын

+2.2-ші орын

3.3-ші орын

4.4-ші орын

5.5-ші орын

36. Асқазан рагы пайда болуындағы жоғары қауіп-қатер тобына жатпайтын ауруды көрсетіңіз:

1. созылмалы анацидті гастрит

2. жиі рецидивтенетін асқазанның ойық жара ауруы

+3. фитобезоар

4.асқазан полипозы

5.пернициозды анемия

37. Асқазан рагының паретальды ішпердесіне таралған метастаздарын қандай әдістің көмегімен анықтауға болады:

1.құрсақты мануальды әдіспен зерттеу

2.лабораторлы тесттер

+3.лапароскопия

4.құрсақ қуысы мүшелерінің жалпы рентгенографиясы

5.қос контрасттау фонындағы асқазан рентгенографиясы

38. Асқазан рагымен ауыратын науқасты клиникалық тексергенде келесі симптомдарды анықтауға болады, ал қайсы белгіні анықтай алмайсыз?

1. тері жамылғыларының бозғылт, жер түстес болуы

+2. асқазанның ісікпен зақымдалған бөлігін дәл анықтау

3. Вирхов метастазын

4. кіндіктегі метастазды

5. іш көлемінің ұлғаюын

39. Төменде көрсетілгендердің қайсысы асқазан рагының рентгенологиялық белгісіне жатпайды:

1. асқазан қабырғасындағы «ниша»

2. толу дефектісі

3. патология аймағында асқазан қабырғасының сіресіп қатаюы (ригидтілігі)

+4. «тышқан құйрығы» белгісі

5. шырышты қабат рельефінің атипиялық өзгеруі

40. Төменде көрсетілген әдістердің қайсысы асқазан рагын анықтағанда қолданылмайды:

1. биоптатты цитоморфологиялық зерттеу

2. фиброгастроскопия

3. рентгенологиялық

+4. асқазанды УДЗ

5. электрогастрография

41. Асқазанның проксимальді бөлігінің экзофитті рагы кезінде ( операбельді жағдай болғанда ) онкологиялық тұрғыдан негізделген операция:

1. Бильрот-2 әдісі бойынша асқазанды резекциялау

2. Ниссен бойынша эзофагофундоанастомоз

3. дистальды субтотальды резекция

+4. эзофагогастроанастомозбен аяқталатын асқазанның проксимальді субтотальді резекциясы

5. Бильрот-1 бойынша асқазанды резекциялау

42. Асқазан қалтқысының ( привратник) стенозы көріністерімен байқалатын, асқазанның дистальді бөлігінің операбельді экзофитті рагы кезінде қандай операция жасалады:

+1. асқазанның дистальды субтотальды резекциясы

2. Микулич бойынша пилоропластика

3. гастростомия

4. гастроэнтероанастомоз

5. гастроэктомия

43. Төменде көрсетілген белгілердің қайсысы асқазанның операбельді емес рагының абсолютті белгісі болып табылмайды:

1. канцераматозды асцит

+2. ісіктің үлкен көлемдері

3. Шницлер метастаздарының болуы

4. бауырдың көптеген метастаздармен зақымдануы

5. Крукенберг метастаздарының болуы

44. Асқазанның антральді бөлігінің операбельді емес рагы кезінде ең тиімді болып табылатын симптоматикалық операцияны көрсетіңіз:

+1. артқы гастроэнтероанастомоз

2. гастростомия

3. Микулич бойынша пилоропластика

4. алдыңғы гастроэнтероанастомоз

5. Ниссен бойынша эзофагофундоанастомоз

45. Асқазан рагына жасалған түбегейлі операциядан кейін адъювантты полихимиотерапия қандай жағдайда жасалмайды:

1. аймақтық метастаздары болған жағыдайда

2. төмен дәрежеде пісіп-жетілген аденокарциномада

3. орта дәрежеде пісіп-жетілген аденокарциномада

4. скиррозды рак кезінде

+5. 1-даму сатысындағы жоғары пісіп-жетілген аденокарциномада

46. Асқазан рагы бойынша полихимиотерапия жүргізген кезде қолданылатын негізгі ісікке қарсы препаратты көрсетіңіз:

+1. 5-фторурацил

2. Винбластин

3. Винкристин

4. Циклофосфан

5. Дактиномицин

47. Асқазанның антральді бөлігінің ойық жарасы малигнизацияланғанда қандай операция жасалады:

1. антрумэктомия

2. ойық жараны тіліп алу

+3. асқазанның дистальді субтотальді резекциясы

4. ваготомиямен қабаттастырып ойық жараны тілу және пилоропластика жасау

5. асқазанның 2/3 бөлігін резекциялау

48. Төменде көрсетілген белгілердің қайсысы асқазан қалтқысының декомпенсацияланған асқазан стенозына біреуі тән емес:

1. ауыздан жағымсыз иістердің шығуы

2. рентгенологиялық зерттеуде барий сульфатының 24 сағаттан астам уақыт кідіруі

3. аш қарынға «шолпыл шуылы»

+4. дисфагия

5. зерттеуден күн бұрын ішкен тағаммен құсу

49. Менетрие ауруы - бұл:

1. атрофиялық гастрит

2. асқазан полипозы

3. асқазан дивертикулезі

4. парадоксальды дисфагия

+5. қыртысты гипертрофиялық гастрит

.50. Төменде берілген белгілердің қайсысы асқазан рагына тән емес?

+1. құрамындағы альфа-фетопротеинді ерте анықтау (Абелев-Татаринов реакциясы)

2. созылмалы атрофиялық гастриттің негізінде дамиды

3. полиптен дамуы мүмкін

4. асқазанның үлкен иінінде сирек орналасады

5. әйелдерге қарағанда ерлерде үш есе жиі пайда болады

51. Қандай диаметрдегі асқазан полипінің малигнизациялану ықтималдығы өте жоғары болып келеді:

+1. 2 см және оданда көп болса

2.1 см және одан да көп болса

3. көлемінің маңызы жоқ

4. 0,5 см және оданда көп болса

5. 1,5 см және одан да көп болса

52. Қай әдістің көмегімен асқазан рагын ерте анықтауға болады?

1. Ультрадыбыстық зерттеу ( УДЗ )

2. асқазан сөлін фракциялық зерттеу

3. лапароскопия

+4. фиброгастроскопия жасап нысаналы биопсия алу

5. нәжісті жасырын қанға зерттеу

53.Соңғы жылдары ҚР-сы онкологиялық аурулар құрылымында өңеш рагы қай рангтық орынды алады:

1.бірінші

2.екінші

3.үшінші

4.төртінші

+5.бесінші

54 Р-ның қай облысы өңеш рагы бойынша бірінші орында тұр:

1.Алматы

+2.Қызылорда

3.Ақтөбе

4.Ақмола

5.Шығыс-Қазақстан

55.Өңештің рак алды ауруларына жатады, біреуінен басқа:

1.созылмалы рефлюкс-эзофагит

2.лейкоплакия

+3.созылмалы глоссит

4.тракционды өңеш дивертикулы

5.химиялық күйіктен кейінгі өңештің тыртықтануы

56Өңеш рагы бойынша жоғары қауіп-қатер тобына мына аурумен ауыратын адамдар кіреді:

+1.Пламер-Винсон синдромы

2.Менетрие ауруы

3.фарингит

4.медиастинит

5.бронхоаденит

57.Өңештің рак алды және рак ауруының дамуына келесі факторлар әсер етеді, біреуінен басқа:

1.термиялық күйік

+2.тағамда өсімдік клетчаткасының көп болуы

3.етті көп пайдалану

4.үй жағдайында сүрленген өнімдер

5.алкогольді ішімдіктер

58.Өңеш рагының ерте симптомы:

1.регургитация

2.парадоксальды дисфагия

+3.қатты тағамдарды жұтудың қиындауы( дисфагия)

4.гиперсаливация

5.арықтау

59.Өңеш рагының асқынуына жатады,біреуінен басқа:

1.қан кету

2.плевра эмпиемасы

3.бронх-өңештік жыланкөз

4.медиастенит

+5.гиперсаливация

60.Дисфагияға шағымданған науқасқа емхана дәрігерінің дұрыс іс-әрекеті:

1.антиспастикалық препараттар тағайындау

2.қабынуға қарсы ем тағайындау

+3.өңешті рентгенологиялық зерттеу

4.невропатолог консультациясы

5.бақылау

61.Өңеш рагын кардиоспазмнан бөлетін клиникалық белгі:

1.төс артында ауру сезімі

2.қыжылдау

3.кекіру,гиперсаливацмя

+4.біртіндеп дамитын дисфагия

5.парадоксальды дисфагия

62.Өңеш арқылы тағамның қиын өтуі рак ауруынан басқа кардиоспазмда, тыртықты тарылуда, эзофагиттің ауыр формаларында кездеседі. Рак генезді дисфагияның қандай ерекшелігі бар:

+1.үдемелі дисфагия

2.парадоксальды дисфагия

3.қабынуға қарсы және антиспастикалық препараттармен емдеуде оң динамика

4.науқастың нервтік статусына байланысты дисфагияның бейімделуі

5.сұйық тағамның қиын өтуі,қатты тағамның бос өтуі

63.Өңеш рагын болдырмау үшін рефлюкс-эзофагитте қандай диагностикалық шара жүргізеді:

1.асқазан сөлі қышқылдығын зерттеу

2.асқазанның контрасты рентгеноскопиясы

+3.биопсиямен эзофагогастроскопия

4.өңеш радиометриясы

5.УДЗ және кт

64. Өңеш рагының рентгенологиялық симптомы болып табылады, біреуінен басқа :

1.толу дефектісі

2.ісік зонасындағы перистальтиканың болмауы

3.өңештің шырышты қабаты рельефінің бұзылысы

+4. өңеш қабырғасының тегіс контурлы қапшық тәрізді шығуы

5.қуыстың концентрациялық тарылуы

65.Өңеш рагының ең жиі кездесетін морфологиялық түрі:

+1.жалпақ клеткалы

2.безді клеткалы

3.төмен дифференцирленген

4.аралас формалы

5.барлығы

66.Рак генезді дисфагия сипатталады:

1.парадоксальды дисфагия

2.тәулік бойына науқастың нервтік статусына байланысты дисфагия дәрежесінің бейімделуі

+3.үдемелі дисфагиямен

4.антиспазматикалық препараттардан дисфагияның жоғалуы

5.науқас салмағының өзгермеуі

67.Ісік өңештің мойын және жоғары кеуде бөлігінде орналасса қандай емдеу әдісі жүргізіледі:

1.хирургиялық

2.сәулелік

3.химиотерапиялық

+4.химиосәулелік

5.симптоматикалық

68.Өңештің ортаңғы кеуде бөлігі рагында қандай түбегейлі операция жасалады:

1.Гэрлок операциясы

2.Льюис операциясы

+3.Добромыслов-Торек операциясы

4.Ниссен бойынша эзофагофундоанастомоз

5.гастростомия

69.Өңештің төменгі кеуде бөлігі рагында қандай түбегейлі операция жасалады:

1.Гэрлок операциясы

+2.Льюис операциясы

3.Добромыслов-Торек операциясы

4.Ниссен бойынша эзофагофундоанастомоз

5.гастростомия

70.Өңештің абдоминальды бөлігі рагында қандай түбегейлі операция жасалады:

+1.Гэрлок операциясы

2.Льюис операциясы

3.Добромыслов-Торек операциясы

4.Ниссен бойынша эзофагофундоанастомоз

5.Геллер бойынша эзофагокардиопластика

71.Операцияға көнбейтін өңеш рагына келесі емдеу әдістері жүргізіледі,біреуінен басқа:

1.гастростомия

+2.Добромыслов-Торек операциясы

3.сәулелі терапия

4.ісіктің реканализациясы

5.химио-сәулелі терапия

72.Операцияға көнбейтін өңеш рагында қандай симптоматикалық операция жасалады:

1.Гэрлок операциясы

2.Льюис операциясы

3.Добромыслов-Торек операциясы

+4.гастростомия

5.Геллер бойынша эзофагокардиопластика

73.Өңештің мойын және жоғарғы кеуде бөлігінің рагында келесі ем жүргізіледі біреуінен басқа:

+1.хирургиялық

2.сәулелік

3.химиотерапиялық

4.химио-сәулелік

5.симптоматикалық

74.Өңештің қай бөлігі жиі ракпен зақымдалады:

1.мойын

2.жоғарғы-кеуде

+3.ортаңғы-кеуде

4.төменгі-кеуде

5.абдоминальді

75.Өңештің ортаңғы кеуде бөлігі рагында операцияның қай түрі қолданылады?

1.Гэрлок операциясы

+2.Добромыслов-Торек операциясы

3.Льюис операциясы

4.Геллер бойынша эзофагокардиопластика операциясы

5.эзофагофундоанастомоз

76. Өңештің шырышты қабатының эпителиін көрсетіңіз:

1.мүйізделген көп қабатты жалпақ эпителий

2.аралас

+3. мүйізделмеген көп қабатты жалпақ эпителий

4.дөңгелек жасушалы

5.цилиндрлі

77.Өңеш рагының тарылуында үрдістің таралуын қандай әдіспен анықтайды:

1. өңеш радиометриясы

+2.сұйық барий ерітіндісімен рентгенологиялық зерттеу арқылы

3.өңештің тыныстық полирентгенографиясы

4.бронхоскопия

5.өңеш УДЗ-і

78. Өңештің қозғалмалылығын рентгенологиялық анықтау жолы:

+1. сұйық барий ерітіндісімен рентгеноскопия

2. өңеш радиометриясы

3. сұйық барий ерітіндісімен рентгенологиялық зерттеу

4. бронхоскопия

5.фиброэзофагоскопия

79. Өңештің шырышты қабатының жағдайын гистологиялық дәлелдеу қандай жолмен жүзеге асады:

1. бронхоскопия

2.өңештің рентгеноскопиясы

3.өңеш радиометриясы

+4. биопсиямен эзофагоскопия

5. өңеш УДЗ-і

80. Кеуде аралыққа өңеш ісігінің ерте таралуы мынаған байланысты:

1. жұқа шырышты қабат

2. шырыш асты қабатының болмауы

3. әлсіз васкуляризация

+4. серозды қабаттың болмауы

5. әлсіз бұлшықет қабаты

Өңеш және асқазан рагы

Ситуациялық есеп №1.

60 жастағы ер адамда соңғы 3-4 айда тағам жұтынудың қиындауына байланысты жауырын арасында ауру сезім пайда болды. Қатты тағамдарды жұту үшін сумен ішетін болды. Көрсетілген белгілер үдее түсіп6 жеті күнде ештеңе жей алмай, суды қиындықпен жұтып, тез арықтады. Өңешті рентген әдісімен зерттегенде ортаңғы ⅓ бөлігінде 6-7 см созылған дұрыс емес толу дефектісі анықталады. Ол өңештің қуысын тарылтады. Тарылған жердің төменгі жерінде барий қоспасы өтпейді.

Науқаста қандай диагноз болуы мүмкін:

А) өңеш рагы

В) кардия ахалазиясы

С) өңеш дивертикулы

Д) өңештің тыртықты өзгерістері

Е) эзофагиттің дисфагиялық түрі

Ситуациялық есеп №2

72 жастағы әйелде дисфагияның тұрақты үдемелі формасы бар. Қатты немесе құрғақ тағамды қабылдаудан бас тартады, арықтай бастады.

Зерттеуді қандай әдіспен бастаған тиімді?

А) ОБП мен УЗИ

В) биопсиямен эзофагоскопия

С) өңешті рентген контрасты зерттеу

Д) өңештің жуылған суымен цитологиялық зерртеу

Е) ОБП компьютерлік томографиямен

Ситуациялық есеп №3.

54 жастағы ер адам ауруханаға мынадай шағымдармен келді: жағымсыз иісті кекіру, көп мөлшерде сілекей бөліну, тамақ ішкеннен кейінгі төс артындағы әлсін-әлсін ауру сезіміне. Қабылдаған тағамды құсқаннан кейін жеңілдік пайда болған. Салмағы 10 кг азайған. Соңғы жыл бойына тағамның жұтынуының қиындауына байланысты төс артында жағымсыз сезімдер пайда болған. Рентгенологиялық зерттеуде өңештің кеңеюі және оған судың жиналуы байқалған. Өңештің тарылған кордиалды бөлігінде контрасты массаның ұсталуы анықталды.

Қандай диагноз болуы мүмкін?

А) эзофагиттің дисфагиялық түрі

В) өңештің тыртықты өзгерісі

С) өңеш дивертикулы

Д) кардия ахалазиясы

Е) кардия рагы

Ситуациялық есеп №4.

42 жастағы ер адамда клиникалық, рентгенологиялық, эндоскопиялық зерттеу әдістерінің қортындысы бойынша өңештің ⅓бөлігінің рагы St II T2 NхMо анықталды. Метастаз жоқ.

Қандай емдеу әдісі тиімдірек?

А) сәулелі терапия

В) полихимиотерапия

С) радикалды операция

Д) химио-сәулелі терапия

Е) гастрастома салу

Ситуациялық есеп №5.

Өңештің ортаңғы кеуделік бөлігінің рагы бар 57 жастағы ер адамға рентгенологиялық, эндоскопиялық және ультрадыбысты зерттеу, компьютерлік томография нәтижелерінде бауыр мен аймақтық лимфа түйіндерінде метастаздар анықталды. Науқастағы ауруының негізгі симптомы-дисфагияның тұрақты түрі мен өңештің толық өтімсіздігі болып табылады.

Емді қандай әдістен бастағаны жөн?

А) химиотерапиядан (химиялық ем)

В) сәулелік терапиядан (сәулелік ем)

С) химио-сәулелік терапия

Д) гастростома

Е) метастаздардың криодеструкциясы

Ситуациялық есеп №6.

60 жастағы ер адам 6 ай бұрын қателесіп бір жұтым тұз қышқылын жұтып қойған. Оған тұрғылықты жері бойынша алғашқы көмек көрсетілген, екі апта ем қабылдаған, денсаулығы жақсарып кез келген тағамды жақсы жұта бастады. Ауруханадан шығарылды. Бірақ бірте-бірте науқастың денсаулығы нашарлай бастады – алдымен қатты тағамды, кейіннен сұйық тағамды да жұта алмай қалды. Науқас жүдеген, тек су ғана ішеді.

Қандай диагноз болуы мүмкін?

А) эзофагиттің дисфагиялық түрі

В) өңештің тыртықты өзгерістері

С) өңештің дивертикулы

Д) кардия ахалазиясы

Е) өңеш рагы

Ситуациялық есеп №7.

23 жастағы әйелде нервтік қозудан кейін жедел дисфагия дамып, қайтып кеткен, бірақ кейін қатты, кейінірек сұйық тағам ішкенде қайтадан пайда болды. Уақыт өте төс артындағы ауру сезімі мен тағамнан кейінгі кекіру қосылды, тағам мәжбүрлі түрде өтеді. Салмағын жоғалта бастады.

Қандай диагноз болуы мүмкін?

А) өңеш рагы

В) кардия ахалазиясы

С) өңештің дивертикулы

Д) өңештің тыртықты өзгерістері

Е) эзофагиттің дисфагиялық түрі

Ситуациялық есеп №8.

58 жастағы ер адам төс артын күйдіргендей сезімге және тағам ішкен кезде өңеш бойындағы жағымсыз сезімге шағымданады. Ауруханаға келгенге дейін 2 ай бұрын төс артындағы өздігінен пайда болған ауру сезімін байқаған, оның ұзақтығы аз болғаны мен тұрақты түрде қайталанып тұрған. Жүрек ауруынан емделген. Дисфагия үдемелі сипатта, жүдеген.

Қандай зерттеу әдісі шешуші болып табылады?

А) өңешті рентгенологиялық зерттеу

В) биопсия эзофагогастроскопия

С) өңештің радиометриясы

Д) кеуде қуысының УДЗ

Е) кеуде қуысының КТ

Ситуациялық есеп №9.

67 жасар әйел тамағынан қатты және жартылай сұйық тағамдардың өтуінің қиындағанынан кейін дәрігерге қаралды. 6 ай бұрын сірке қышқылынан күйік алған, емханада ем қабылдаған2-2,5 айдан кейін қатты тағамдар іше алмаған, 2 аптадан кейін тек сұйық тағамдар ішкен. Науқас 3 айда 15 кг жүдеген. Сіздің зерттеу жоспарыңыз?

А) өңеш жуындысын цитологиялық зерттеу

В) өңешті рентгенге түсіру

С) КТ

Д) биопсиямен эзофагоскопия

Е) УЗИ

Ситуациялық есеп №10.

65 жасар ер адам 5 ай бойы тамағынан алдымен қатты тағамдар, кейін сұйық тағамдардың өтуі қиындаған соң дәрігерге қаралды. Науқас тағамды жегеннен кейін бірден қатты ару сезім пайда болатынын айтты. Салмағы 10кг азайған.

Бұл онкоүрдіс өңештің қай бөлігінде болуы мүмкін?

А) мойын аймағында;

В) жоғарғы кеуде бөлігінде

С) орта кеуде бөлігінде

Д) төменгі кеуде бөлігінде

Е) абдоменальді аймақта

Ситуациялық есеп №11.

35 жасар әйелде соңғы 6 ай ішінде тамағынан тағамдардың өтуі қиындаған. Кейде сұйық тағамға қарағанда қатты тағам жақсы өтеді. Науқас жүдеген. Соңғы кездері кеуде тұстары ауыратынына , тағамның өңештен өтетінін сезетіндігіне шағымданған.

Науқас қандай ауруға шалдыққан?

1) Созылмалы эзофагиттің дисфагиялық түрі

2) Өңештің тыртықты өзгерістері

3) Кардиалды бөліктің ісігі

4) Кардия ахалазиясы

5) Өңеш рагы

Ситуациялық есеп № 12.

57 жасар ер адам ас ішкеннен кейінгі эпигастрий аймағында аурулық сезім болатындығына шағымданды. Соңғы 3 айда 8 кг жүдеген. Бұрын 12 елі ішегінде жара болған. Тексергенде терісінің тургоры төмен.

Қандай дигноз болуы мүмкін?

  1. 12 елі ішектің ойық жарасының асқынуы

  2. Асқазанның шыға берісінің ісігі

  3. Кардиальді бөліктің ісігі

  4. Жедел гастрит

  5. Өңеш ісігі

Ситуациялық есеп №13.

59 жасар ер адам 15 жылдан бері созылмалы гастрит, секреторлы функцияның төмендеуімен аурады. Соңғы 3 жылда мазаламады, емді өзі қабылдауда. Дәрігерге қаралғанда эпигастрий аймақтары ауыратындығын, жұмысқа деген құлшынысы төмендеген, жүдегендігін айтты. Өз бетімен емделгені көмектеспеді. Науқас қандай ауруғу шалдыққан?

А) созылмалы гастириттің асқынуы

В) асқазанда ойық жара

С) Менетерие ауруы

Д) асқазан полипозы

Е) асқазан ісігі

Ситуациялық есеп №14. 45 жасар ер адам эпигастрий аймағындағы ауру сезіміне шағымданып келеді. Науқасты әлсіздік, жүрек айну, құсу мазалайды. Аймақтық емханада пентагастринді тест жасап, асқазан сөлінде шырыш және ақуыз көбейген. ЖҚА: эритроцитопения гипопротеинемия. Рентгенологиялық зерттеу кезінде асқазан рагына күдіктенген.

Зерттеу жоспарыңыз?

А) гастрофлюорография;

В) биопсиямен гастроскопия;

С) асқазан сөлінде сілтілі фосфотаза пайда болуын анықтау.

Д) пневмоперитонеум жағдайында рентгенологиялық зерттеу

Е) асқазанды екіншілік контрасттау жағдайында рентген зерттеу жүргізу

Ситуациялық есеп №15.

54 жастағы әйел дәрігерге эпигастрий аймағында аз ғана тағам қабылдағаннан ауырлық сезім болатындығын, жұмысқа зауқымы жоқтығына шағымданған. Асқазаны бұрын ауырмаған. 1 ай бұрын гастроскопия жүргізілген, сол кезде асқазан денесінде өзгерістер байқалған. Гистологиялық зерттеу қортындысы бойынша асқазан гастриті. Консервативті ем тағайындалды. 1 айдан кейін емнен нәтиже шыққан жоқ. Биопсиямен эндоскопия алдыңғы диагнозды көрсетті. Зерттеу жоспарыңыз?

А) гастрофлюорография;

В) биопсиямен гастроскопия;

С) асқазан сөлінде сілтілі фосфотаза пайда болуын анықтау.

Д) пневмоперитонеум жағдайында рентгенологиялық зерттеу

Е) асқазанды екіншілік контрасттау жағдайында рентген зерттеу жүргізу

Ситуациялық есеп №16.

64 жасар ер адам төсасты аймағында тағамнан кейінгі ауырлық сезімнің күшейетіндігіне, асқазаны аз ғана тағамнан кейін толып тұратынынына, құсқысы келетініне және әлсіздігіне, жүдегеніне шағымданады. Дәрігерге 3 айдан кейін қаралады, жалпы жағдайы қанағаттырарлық.

Зерттеу жоспарыңыз?

А) бауыр УДЗ;

В) электрогастрография;

С) асқазан сөлін анықтау;

Д) асқазанды рентгенологиялық зерттеу

Е) фиброгастроскопия биопсиямен

Ситуациялық есеп 17. 58 жастағы ер адам жалпы әлсіздікке, жұмысқа зауқымы жоқтығына, басының айналуына шағымданады. 1,5 айдан бері ауырады. Бірнеше рет қара түтсті сұйық нәжіс болды. Өз бетінше емделген, дәгігерге бірінші рет келіп тұр. Тері жамылғылары бөзғылт, іштің формасы өзгермеген, сипап қарағанда ауырмайды.

Қандай клиникалық диагноз қоясыз?

А) өңештің тамырларының варикозды ұлғаюы

В) асқазанның ойық жара ауруы

С) тоқ ішек ісігі

Д) эрозивті гастрит

Е) асқазан рагы

Ситуациялық есеп №18.

64 жастағы әйел 6 ай бойы үдемелі дисфагия, 6кг жүдегеніне шағымданды. Кейде астан кейін лоқсу, әлсіздік пайда болған. Флюорографиялық зерттеу кезінде кеуде жасушаларында инфильтративті туберкулез ретінде өзгеріс пайда болған, Өңештің 1/3 өзгерісі екіншілік болып саналады. ПАСК, тубазил қабылдаған. Бірақ емделу барысында тамақтанғанда тағамның өңештен өтуінің қиындауы жиіленген. Анамнезінде миокарда р инфаркті 2 рет.

Қандай зерттеу әдісін қолданған жөн?

А) эзофагофиброскопия биопсиямен

В) өңешті рентгенологиялық зерттеу

С) Кеуде қуысына КТ (МРТ)

Д) өңештің радиометриясы

Е) Кеуде қуысының УДЗ

Ситуациялық есеп №19.

63 жастағы ер адам дәрігерге мынадай шағымдармен келді:Үдемелі әлсіздік,салмақ жоғалту,еңбекке қабілетінің төмендеуі,үнемі асқазан аймағындағы толу сезіміне,тамақ қабылдағаннан соң 1 сағаттан кейін кезеңді құсуға, құсудан кейінгі эпигастрий аймағындағы ауру сезімінің азаюына шағымданады. 20 жыл бұрын науқасқа 12 елі ішектің ойық жара ауруы бойынша асқазанның дисталды бөлігінің резекциясы жасалған. Операциядан кейін науқас өзін жақсы сезінген. Жүкті автомобильде жүргізуші болып істеген, жылына 1-2 рет витаминдер, ферменттік препараттармен профилактикалық ем алған. Кезеңді түрде соңғы бақылау гасторскопия жасалған.

Қандай асқазан ауруы туралы ойлауға болады?

А)Резецирленген асқазан гастриті

Б)Постгастрорезекционды синдром

В)Анастомоздық пептикалық жарасы

Г)Асқазан тұқылының жарасы

Д)Анастомозит

Ситуациялық есеп №20.

69 жастағы ер адам өңеш бөлігінің бойымен тамақтың өтуінің қиындауына,көп мөлшерде сілекейінің бөлінуіне шағымданады.Бірінші рет тағамның тұрып қалуын төс артындағы ауру сезімін 3 ай бұрын байқаған.Қатты тағамнан кейін сұйықтық ішуге мәжбүр болады.Соңғы аптада екіншілік тағамдардан бас тартты,салмақ жоғалту байқалды.Науқасқа өңештің рентгенологиялық зерттеуі тағайындалды.