Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОСЖ новый каз.docx.doc
Скачиваний:
58
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
172.93 Кб
Скачать

3. Оқыту мақсаты:

  • Гидросфера туралы, оның Жерде табиғи орта ретінде түзілу рөлі туралы білімдерін қалыптастыру.

  • Судың, топырақтың негізгі антропогенді ластану факторлары және ластанудың халық денсаулығына әсері туралы білімдерін қалыптастыру.

  • Судың және топырақтың ластану деңгейін бағалай білу қабілеттіктерін дағдаландыру.

  • Су көздері мен топырақтың адам денсаулығына әсерін бағай білу қабілеттіктерін дағдыландыру.

  • Литосфера жөнінде және оның биосферадағы атқаратын рөлі жөніндегі білімдерін қалыптастыру;

  • Қазақстанның табиғи және жасанды биогеохимиялық провинциялары және Республика тұрғындарының денсаулығының ерекшеліктері жөнінде білімін қалыптастыру;

4. Өткізу түрі: кеңселік кеңес беру

5. Тақырып бойынша тапсырмалар:

№1 тапсырма. Су көздерінің ластануының тұрғындар денсаулығына әсері бойынша жағдайлық есептерді шығару (тәжіибелік дағды). специальностей ОМ и

№2 Тапсырма. Су көздері мен топырақтың негізгі ластаушылары бойынша кестені толтыру (тәжіибелік дағды). Специальностей ом и

6. Таратылатын материал: гидросфераның ластануы бойынша кесте

7. Әдебиет:

  1. Кенесариев Ү.И., Жақашов Н.Ж. Экология және халық денсаулығы, 2003 – 200 б., 25-30 беттер.

  2. Асқарова Ұ.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау, 2007 – 497 б., 15-18 беттер.

  3. Қуатбаев А. Экология және қоршаған орта проблемалары: оқу құралы – 2011. – 350 б., 20-28 беттер.

  4. Колумбаева С., Білдебаева Р., Шәріпова М. Экология және тұрақты даму: оқу құралы – 2012. – 153 б., 21-29 беттер.

  5. Экология: оқу құралы/ C.А. Сергейчик. - Минск: Современная школа, 2010. -400 с., стр. 18-21.

  6. Учение об окружающей среде:оқу құралы / Г.К. Ерубаева: Алматы, казак универс 2011.-153б., 5-10 беттер.

  7. Экология и устойчивое развитие. учеб. пособие/ Колумбаева С.Ж., Бильдебаева Р.М., Шарипова М.А. Алматы, Қазақ университеті, 2012 -133 б., 5-7 беттер.

  8. Экология: оқу құралы / В.И. Коробкин, Л.В.Предельский: Феникс, 2008.-315б, 5-14 беттер.

8. Бақылау:

Бастапқы білімін ауызша сұрау арқылы (білім құзіреттілігі):

  1. Судың негізгі ластаушылары қандай?

  2. Жер үсті және жер асты суларының негізгі ластау көздері қандай?

  3. Гидросфера ластануының экологиялық салдары қандай?

  4. «Сулардың таусылуы» дегеніміз не?

  5. Арал теңізіндегі экологиялық апаттың себебі неде?

  6. Гидросфера ластануы тұрғындар денсаулығына қалай әсер етеді?

  7. Су және топырақ арқылы қандай аурулар тарайды?

  8. Топырақтың негізгі ластау көздері қандай?

  9. «Топырақ деградациясы» дегеніміз не және оның себептері?

  10. Табиғи және жасанды биогеохимиялық провинциялар жөніндегі түсінік

  11. Литосфера ластануының тұрғындар денсаулығына әсері.

  12. Қазақстанның табиғи және биогеохимиялық провинциялары және республика тұрғындарының денсаулық ерекшеліктері.

Жағдайлық есептер.

1 есеп. Зыряновка қаласының ағынды сулары су жинайтын құбырларға және Березовка өзеніне құйылады. Березовка өзненіне ағынды судың келіп құятын жерінен төмнірек су алып тексергенде, онда: Сынап-0,0006 мг/л (1 лкассты зияндылық); қорғасын-0,06 мг/л; кадмий-0,003 мг/л; цианидтер-0,5 мг/л (2 кластық зияндылық); коли-индексі-2380000, иісі-4 балл, БПК-10 мг/л, еріген оттегі-0,5-1,0 мг/л.

Ағынды судың құятын жерінен төменде және жоғарыда тұратын тұрғындардың ауыру жиілігі (1000 тұрғын).

Нозологиялық формалары

Ағынды құйылатын жерден жоғары

Ағынды құйылатын жерден төмен

1990 ж

1995 ж

1990 ж

1995 ж

1. Жүрек қан тамыр аурулары

155

144,7

216,7

308

2. Жоғары тыныс алу жолдарының жедел инфекциялары

164,7

300

165,3

310

3. Жедел бронхиттер

14,5

20,5

10,4

15,8

4. Пневмониялар

12,3

18,7

10,7

11,2

5.Остеохондропатиялар

12,1

20

33,4

89,5

6. Тері және тері асты май қабаты аурулары

16,8

4,6

67,9

130,9

7. Өт қапшығының аурулары

16,4

12

21

35,2

8. Ішектің жедел инфекциялары

160,4

170,8

250,1

320,8

Сұрақтар:

  1. Судың қандай ластау түрлері орын алып тұр?

  2. Негізгі су ластау көздері қандай?

  3. Қандай ластаушылар абиоттық, биоттықжәнеантропогендіфакторларға жатады?.

  4. Судың ластау көрсеткіштері тұрғындар денсаулығына қалай әсер етуі мүмкін?

2 есеп.

Антропогенді салмақтың артуына байланысты (атмосфералық ластануы, ағынды сулар) Шығыс қазақстан аймағында су қолданатын тұрғындарға полтенциалды зиян келтіреді. Металл өндіретін комбинаттардың ағынды сулары Ертіс өзеніне ағуда. Ал тұрғындар Ертістің суын фильтрациялап ішуде. Тексерілген судың концентрациясы: берилий-0,0001 мг/л, мышьяк-0,04 мг/л, қорғасын-0,09 мг/л, кадмий-0,002 мг/л, цинк- 1,5, мг/л. Класс бойынша қауіптілігі: Ві, Cd, Pb, As-2, Zn-3.

Сұрақтар:

  1. Судың қандай ластау түрлері орын алып тұр?

  2. Негізгі су ластау көздері қандай?

  3. Қандай ластаушылар абиоттық, биоттықжәнеантропогендіфакторларға жатады?.

  4. Судың ластау көрсеткіштері тұрғындар денсаулығына қалай әсер етуі мүмкін?

3 есеп.

Ауылды жерлерінің тұрғындары ішетін суды үйінің қасындағы құдықтардан алады. Мал шаруашылығының қалдықтарын тұрғын үйлердің қасына әкеліп жинайды. Құдықтардың суын тексергенде, онда аммиак-3-5 мг/л, фосфаттар-0,06 мг/л, нитраттар-40 мг/л, нитриттер-5 мг/л, хлоридтер-450 мг/л, коли-индекс-50 БГКП (қалыпты-10 БГКП) 1 литрде анықталады.

Сұрақтар:

  1. Судың қандай ластау түрлері орын алып тұр?

  2. Негізгі су ластау көздері қандай?

  3. Судың ластау көрсеткіштері тұрғындар денсаулығына қалай әсер етуі мүмкін?

  4. Қандай гигиеналық шаралар жүргізу тиіс?