Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кеден.docx
Скачиваний:
107
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
125.06 Кб
Скачать

3. Кедендік бақылау жүйесіндегі сараптама

Кедендік сараптама – кеден ісі саласындағы міндеттерді шешу үшін арнайы және (немесе) ғылыми танымдарды пайдалана отырып, кедендік сарапшылар және (немесе) өзге де сарапшылар жүзеге асыратын зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу.

Кедендік сараптаманың мақсаты Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың сапалық құрамын анықтау үшін, олардың Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес дұрыс жіктелуі, сондай-ақ құжаттардың және бірдейлендіру құралдарының түпнұсқалығын тексеру үшін зерттеу жүргізу болып табылады.

Кеден органдары:

1) кедендік ресімдеу мен кедендік бақылауды жүзеге асырған;

2) алдын ала шешім қабылдаған;

3) кеден ісі саласында құқық бұзушылықтар анықталған жағдайларда кеден органдары лауазымды адамдарының тауардың сапалық құрамын айқындауы мүмкін болмаған кезде кедендік сараптама тағайындауы мүмкін.

Тауарлар, кедендік және өзге де құжаттардағы тауарлар туралы мәліметтер, бiрдейлендiру құралдары кедендік сараптамалардың объектілері болып табылады.

Кедендік сараптаманы кедендік зертханалардың мамандары жүргізеді.

Кедендік сараптаманы жүргізу үшін:

1) кедендік ресімдеу мен кедендік бақылау сатысында немесе алдын ала шешім қабылдау кезінде, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың өтініштері бойынша - кедендік сараптамаға жолдама;

2) кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша - кедендік сараптама тағайындау туралы қаулы немесе ұйғарым негіз болып табылады.

Жолдамада, қаулыда не ұйғарымда:

1) кедендік сараптама жүргізу үшін негіздеме;

2) кедендік сараптама жүргізілуге тиіс кеден зертханасының атауы;

3) сарапшының алдына қойылған мәселелер;

4) сарапшының қарауына берілетін материалдар көрсетіледі.

Кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органының лауазымды адамы декларантты кедендік сараптама тағайындау туралы жолдамамен, қаулымен не ұйғарыммен таныстыруға міндетті. Жолдамаға, қаулыға не ұйғарымға танысқандығы туралы белгі соғылады және декларант қол қояды.

Кедендік сараптама жүргізу тәртібі

1. Кедендік сараптама кеден зертханасының үй-жайында да, егер бұл зерттеу сипаты бойынша қажет болса не зерттеу объектісін сараптауға жеткізу мүмкін болмауына байланысты, одан тысқары жерлерде де өткізіледі. Сарапшы кеден зертханасы басшысының жазбаша өкімі бойынша ғана кедендік сараптаманы жүргізуге кіріседі.

2. Кедендік сараптаманың нәтижесі бойынша сарапшының қорытындысы беріледі.

3. Кедендік сараптаманы кеден зертханаларында жүргізу тәртібін және қорытынды нысанын уәкілетті орган бекітеді.

4.Сараптама қызметінің мазмұны мен ұқыптылық негізі. Кедендік сараптама – кеден ісі саласындағы міндеттерді шешу үшін арнайы және (немесе) ғылыми танымдарды пайдалана отырып, кедендік сарапшылар және (немесе) өзге де сарапшылар жүзеге асыратын зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу. Кедендік сараптаманы жүргізетін ұйым – кеден органы (оның өңірлік бөлімшелері) және кедендік сараптама жүргізуге уәкілетті өзге де ұйымдар. Кедендік сараптама объектісі – тауарлар, көлік құралдары, сәйкестендіру құралдары, кедендік, коммерциялық және көлік (тасымалдау) құжаттары және өзге де құжаттар, сондай-ақ осы құжаттарда қамтылған, кедендік сараптамаға жіберілетін тауарларға қатысы бар мәліметтер. Кедендік сарапшы – кедендік сараптама жүргізуге уәкілетті кеден органының лауазымды адамы. Кедендік сараптама тағайындау: 1. Кедендік сараптама кедендік сараптаманы жүргізетін ұйымның үй-жайларында да, сонымен бірге егер бұл зерттеу ерекшеліктерін не кедендік сараптама объектісін жеткізу мүмкін еместігі ескеріле отырып, қажет болған кезде одан тыс жерлерде де жүргізіледі. 2. Егер кедендік операцияларды жасау кезінде туындайтын мәселелерді түсіндіру үшін арнайы және (немесе) ғылыми танымдар талап етілетін жағдайларда, кедендік сараптама тағайындалады. 3. Кедендік сараптаманы кеден органдары тағайындайды және кедендік сарапшылар, сондай-ақ өзге де уәкілетті ұйымдардың сарапшылары жүргізеді. 4. Кедендік сараптама тауарларға, оның ішінде көлік құралдарына, кедендік операцияларды жасау үшін қажетті кедендік, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және өзге де құжаттарға және оларды сәйкестендіру құралдарына қатысты тағайындалады. Кедендік сараптаманың түрлері 1. Кедендік бақылау мақсатында кедендік сараптаманың мынадай: сәйкестендіру, тауартанушылық, материалтанушылық, технологиялық, криминалистік және іс жүргізуде қажеттілік туындайтын өзге де түрлері жүргізіледі. 2. Тартылатын кедендік сарапшылардың (сарапшылардың) санына қарай жеке-дара, комиссиялық немесе кешенді кедендік сараптама тағайындалады. Жеке-дара кедендік сараптаманы кедендік сарапшы (сарапшы) жеке-дара жүргізеді. Комиссиялық кедендік сараптаманы бір мамандықтағы кедендік сарапшылардың (сарапшылардың) комиссиясы жүргізеді. Кедендік сарапшылардың (сарапшылардың) арасында келіспеушіліктер болған кезде олардың әрқайсысы немесе сарапшылардың бір бөлігі кедендік сарапшының (сарапшының) бөлек қорытындысын ұсынуға құқылы. Кешенді кедендік сараптаманы іс үшін маңызы бар мәнжайларды анықтау үшін кедендік сарапшылардың (сарапшылардың) құзыреті шегінде әр түрлі мамандықтағы білімдерді пайдалану негізінде зерттеу қажет болған жағдайда, кедендік сарапшылардың (сарапшылардың) комиссиясы жүргізеді. Әрбір кедендік сарапшы (сарапшы) кедендік сарапшы (сарапшы) қорытындысының өзі кедендік сараптама жүргізген бөлігіне қол қояды.

5.Кедендік төлемдер, Кедендік рәсімдеуге төленетін салықтар, акциздер, Кедендік құнды анықтау. Кеден тарифтік жүйесі көптеген элементтерді қамтиды. Кедендік тарифтік шаралар дегеніміз сыртқы экономикалық қызметті реттеуге бағыталған және мемлекеттік органдармен заңға көрсетілген реттерде жүзеге асырылатын ұйымдастырушылық, экономикалық, құқықтық шаралардың жиынтығы.«Кеден тарифтері және баж» туралы ҚР-ның Заңы 1991 ж. 24 желтоқсанда белгіленді.Кеден тарифтік реттеу дамуындағы жаңа кезең – «Кеден тарифтері және баж» туралы заңның қабылдануы. Бұл заңға сәйкес сыртқы экономикалық қызметті реттеудің негізінде тарифтік шаралар жатады. Қазақстан Республикасында мынадай кедендік төлемдер қолданылады: 1. Кедендік баж 2. Кедендік алымдар 3. Алымдар 4. Алдын ала шешім үшін төлемақы. Салықтар тауарларды Кеден одағының кедендік аумағына әкелу кезінде кеден органдары өндіріп алатын қосылған құн салығы және акциз (акциздер); Кедендік баж – кеден органдары тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізуге байланысты өндіріп алатын міндетті төлем. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз ету – осы Кодексте айқындалатын уақыт кезеңі ішінде қолданыста болатын және Қазақстан Республикасының аумағында кедендік операцияларды жүргізуге байланысты тәуекелдерді өтейтін кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету.Кедендік тарифтер қазіргі кездегі сыртқы сауданы реттеудің негізгі элементі болып табылады. Тауардың Кедендік құнын анықтау және оны пайдалану тәртібі:

  1. Әкелінген тауарлар мен мәлім бағасы бойынша

  2. Біртекті тауарлардың мәлімесі бойынша Кедендік құнды анықтау – сипаттамалары бірдей, ұқсас құрамдас бөліктерден тұратын, дәл сондай қызмет атқаратын бірін бірі алмастыратын заттарға қойылатын бағасы.

  3. Бірдей тауарлардың мәлімесі бойынша Кедендік құнды анықтау- тауарлардың негізгі қасиеттері, физикалық сипаттамалары, нарықтағы беделі,сапасы, шығу елі, өндіруші болып келетін тауарлардың бағасы жатады.

  4. Құнды шегеру- бұл кезде тасымалдау, сақтандыру, т.б кедендік баж салығына қосылмайды. Құнды қосу- Кедендік құнды анықтау үшін материалдар мен шығындар, жалпы шығын және тауар жеткізу үшін келетін пайда жатады.

  5. Резервтік әдіс егер тауарлардың құны жоғарыда аталған әдістер бойынша анықталмаған болса әлемдік тәжірибеде не бар сол бойынша анықталады.

Қазіргі таңда кедендік тарифтерді әлемдегі жүзден астам ел қолдануда.Әлемдік тәжірибеде сыртқы сауданың реттеудің экономикалық әдістері болып тарифтік реттеу саналады. Олар мемлекет шекарасынан өту кезінде экспорттық-импорттық ағымдардың базаның көрсеткіштеріне ықпал етеді. Ең бастысы, тарифтік реттеу тауарға кеден салығын салу әдісі мен тәртібін, сондай-ақ салық пен тарифтердің түрлерін, оның себептерін, кеден жеңілдіктерін беру тәртібін анықтайды.Мемлекеттерге кедендік баждардан босату не оның ставкаларын төмендету немесе тауарларды преференциялық әкелуге (әкетуге) квота белгілеу нысанында берілетін сыртқы экономикалық қызмет саласындағы арнайы артықшылықтар тарифтік преференциялар деп түсініледі.Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін және Қазақстан Республикасымен еркін сауда аймағын құратын мемлекеттерден шығарылатын тауарлар, сондай-ақ Кеден одағының кедендік аумағынан көрсетілген мемлекеттерге әкетілетін және Қазақстан Республикасынан шығатын тауарлар кедендік баждарды салудан босатылады. Кедендік рәсім – тауарларды Кеден одағының кедендік аумағында немесе оның шегінен тыс жерде пайдалану және (немесе) оған билік ету талаптары мен шарттарын кеден мақсаттары үшін айқындайтын нормалардың жиынтығыболып табылады.