Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кеден.docx
Скачиваний:
107
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
125.06 Кб
Скачать

13Сұрақ. Кеден органдарының функциялары.

Кеден органдарының қызметi:

1) заңдылық

2) заң алдындағы қорғалу мен теңдiк құқығын қамтамасыз ету, сыртқы экономикалық және кеден iсi саласындағы өзге де қызметке қатысушылардың құқықтарын құрметтеу мен сақтау;

3) жариялылық принциптерiнде құрылады.

Кеден органдарының функциялары:

1) Қазақстан Республикасының кеден саясатын әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;

2) өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының егемендiгi мен экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;

3) орындалуын бақылау кеден органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңдарының сақталуын қамтамасыз ету;

4) Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тарифтiк және тарифтiк емес реттеу шараларының сақталуын қамтамасыз ету;

5) сыртқы экономикалық және кеден iсi саласындағы өзге де қызметке қатысушылардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау;

6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кеден iсi саласындағы құқық бұзушылыққа қарсы күресу;

7) кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылауды жүзеге асыру және жетiлдiру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдетуге жәрдемдесетiн жағдайлар жасау;

8) өз құзыретi шегiнде валюталық бақылауды жүзеге асыру;

9) Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының кеден iсi саласындағы халықаралық шарттарын әзiрлеуге қатысу; шет мемлекеттердiң кеден және өзге де құзыреттi органдарымен, халықаралық ұйымдармен кеден iсi мәселелерi бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыру;

10) бiрыңғай бюджет саясатын iске асыруға, кеден органдарының материалдық-техникалық және әлеуметтiк базасын дамытуға қатысу;

11) өз құзыретi шегiнде ұлттық қауiпсiздiктi қорғау, адамның өмiрi мен денсаулығын қорғау, қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi шараларды қамтамасыз ету;

12) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк (кедендiк) шекарасы арқылы тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзу пункттерiнде радиациялық бақылау жүргiзу;

13) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де мiндеттердi орындау болып табылады.

14 Сұрақ. Кеден органдарының лауазымды адамдарының құқықтық мәртебесі.

Кеден органдарының талаптарын орындаудың мiндеттiлiгi

Кеден органдары мен олардың лауазымды адамдарының талаптары Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес аталған талаптар өздерiне қатысты қойылатын барлық адамдардың орындауы үшiн мiндеттi.

Кеден органдары мен олардың лауазымды адамдарының талаптарын орындамау, сондай-ақ кеден органдарының лауазымды адамдарына жүктелген мiндеттердi орындауға кедергi жасайтын басқа да iс-әрекеттер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауапкершiлiкке әкеп соқтырады.

Кеден органдары:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан және шет мемлекеттердің органдарынан, декларанттардан, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардан және тексерілетін тұлғалардан қажетті ақпаратты, сондай-ақ кеден ісі саласына қатысты құжаттар мен мәліметтерді сұратуға және алуға;

2) кедендік бақылау жүргізу кезінде білімнің әр түрлі салаларының мамандарын тартуға;

3) кеден одағының кедендік аумағынан кеден органдарының рұқсатынсыз шығып кеткен көлік құралдарын тоқтатуға, сондай-ақ су және әуе кемелерін мәжбүрлеп қайтаруға;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттарға талап қоюға;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден ісі саласында құқық бұзушылық, қылмыс жасаған немесе құқық бұзушылық, қылмыс жасаған деп күдік келтірілген адамдарды ұстауға және Қазақстан Республикасының кеден немесе өзге де органдарының қызметтік үй-жайларына жеткізуге;

6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес фактілер мен оқиғаларға құжаттама жүргізуге, бейне және дыбыс жазба жасауға, киноға және фотосуретке түсіруге;

7) кеден органдарының ресми өкілдерін Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шет мемлекеттерге жіберуге;

8) ақпараттық жүйелерді, байланыс жүйелерін және деректерді беру жүйелерін, кедендік бақылаудың техникалық құралдарын, сондай-ақ ақпаратты қорғау құралдарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірлеуге, жасауға, иеленуге және пайдалануға;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден органдарына жүктелген функцияларды орындау үшін қаруды, арнаулы техникалық және өзге де құралдарды, сондай-ақ арнаулы иттерді қоса алғанда, тауарларды иеленуге;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дене күшін, арнаулы құралдарды және атыс қаруын қолдануға;

11) «Жедел-iздестiру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жедел-iздестiру қызметін жүзеге асыруға;

12) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша хаттамалар жасауға;

13) кеден ісі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен әкімшілік жазалар қолдануға;

14) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.