Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кеден.docx
Скачиваний:
107
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
125.06 Кб
Скачать

11 Сұрақ. Кедендік мәселелер бойынша қабылданған халықаралық конвенция.

Брюссельде 1999 жылғы 26 маусымда қабылданған Кедендік рәсімдерді оңайлату мен үйлестіру туралы халықаралық конвенция, Конвенцияға мынадай: "Қазақстан Республикасы Е Арнайы қосымшасының "Тауарларды каботаждық тасымалдау" деген 3-тарауын, F Арнайы қосымшасының "Қайтару" деген 3-тарауын, Н Арнайы қосымшасының "Кедендік құқық бұзушылықтар" деген 1-тарауын, J Арнайы қосымшасының "Почта жөнелтімдері" деген 2-тарауын қабылдамайды" деген ескертпелерімен, ратификациялансын.

Қазақстан Республикасыны Президенті Н. Назарбаев

Кедендік рәсімдерді оңайлату мен үйлестіру туралы халықаралық конвенция

Кіріспе

Кедендік ынтымақтастық кеңесінің аясында әзірленген осы Конвенцияның Уағдаласушы Тараптары,

Уағдаласушы Тараптардың кедендік ережелері мен рәсімдеріндегі халықаралық сауданың және халықаралық алмасудың басқа да түрлерінің дамуына кедергі жасауы мүмкін алшақтықтарды жою МАҚСАТЫНДА,

Кедендік ережелер мен рәсімдерді оңайлату және үйлестіру, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты ынталандыру жолымен мұндай сауда мен алмасуды дамытуға пәрменді үлес қосуға НИЕТ БІЛДІРЕ ОТЫРЫП,

Халықаралық сауда шарттарын жеңілдетудің арқасында алынатын елеулі басымдылықтарға кедендік бақылаудың тиісті ережелері үшін залалсыз қол жеткізілуі мүмкін екендігін АТАЙ ОТЫРЫП,

Мұндай оңайлату мен үйлестіруге, оның ішінде мынадай:

кедендік ережелер мен рәсімдерді ұдайы жетілдіру мен тиімділігін арттыруға бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыру; 

кедендік ережелер мен рәсімдерді қолдану кезінде болжамдылық, дәйектілік және ашықтық;

кеден ісі жөніндегі заңдарға, нормативтік құқықтық және әкімшілік актілерге, кедендік ережелер мен рәсімдерге қатысты барлық қажетті ақпаратты мүдделі тараптарға ұсыну;

тәуекелдерді басқару мен аудит әдістерінің негізінде бақылау сияқты жұмыстың қазіргі заманғы әдістерін қолдану және ақпараттық технологияларды барынша практикалық пайдалану;

биліктің басқа да ұлттық органдарымен, басқа мемлекеттердің кеден қызметтерімен және сауда қоғамдастықтарымен, бұл қажет болатын барлық жағдайларда ынтымақтастық;

тиісті халықаралық стандарттарды енгізу;

әкімшілік және сот тәртібімен қарау рәсімдеріне мүдделі тараптардың кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету принциптерін қолданудың арқасында қол жеткізу мүмкін екендігін ТАНИ ОТЫРЫП;

Уағдаласушы Тараптар сақтауға міндеттенетін жоғарыда жазылған мақсаттарға және принциптерге негізделген халықаралық құжат Кедендік ынтымақтастық кеңесінің басты мақсаттарының бірі болып табылатын кедендік ережелер мен рәсімдерді оңайлату және үйлестірудің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге және осылайша, халықаралық сауда үшін қолайлы жағдайлар жасауға елеулі үлес қосуға мүмкіндік беретініне КӨЗ ЖЕТКІЗЕ ОТЫРЫП, мына төмендегілер туралы келісті:

І ТАРАУ Ұғымдардың айқындамалары

II тарау (2-5 бап) Конвенцияның қолданылу саласы және құрылымы

Конвенцияның қолданылу саласы

III тарау(6 – 7 бап) Конвенцияның қолданылуын басқару

Басқарушы комитет

IV тарау (8-17 бап) Уағдаласушы тараптар

Конвенцияны ратификациялау

V тарау (18-20бап) Қорытынды ережелер

Конвенцияның күшіне енуі

12 сұрақ. ҚР Кеден органдары

Қазақстан Республикасының кеден органдары - өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасында кеден саясатын iске асыруға қатысатын және кеден iсiн, Қазақстан Республикасының жедел-iздестiру қызметi туралы заңдарына сәйкес жедел iздестiру қызметiн тiкелей жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi атқаратын мемлекеттiк органдар.

Қазақстан Республикасы кеден органдарының жүйесi

ҚР Кедендік орган жүйесі: ҚР Мемлекеттік табыстық министрлігінің кеден комитеті→ Кедендік басқарма → Кеден →Кедендік бекеттер.

Кедендік қызметтер комитеті ақпараты 14 кедендік басқарма, 22 кеден, 127 кедендік бекеттен тұрады.

1. Қазақстан Республикасы кеден органдарының бiрыңғай жүйесiн (бұдан әрi - кеден органдары):

1) кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган;

2) кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) бойынша аумақтық бөлiмшелерi (бұдан әрi - кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi);

3) кедендер;

4) кеден бекеттерi;

5) Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасындағы бақылау-өткiзу пункттерi;

6) мамандандырылған кеден мекемелерi құрайды.

Кеден iсi саласындағы мiндеттердi шешу үшiн кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен кеден зертханаларын, кинология, оқу, есептеу орталықтарын және басқа да мамандандырылған кеден мекемелерiн құрады.

Кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган заңды тұлға болып табылады және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн ережелер негiзiнде iс-әрекет жасайды.

Кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi және кедендер заңды тұлғалар болып табылады және кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiтетiн ережелер негiзiнде iс-әрекет жасайды.

Кеден бекеттерi мен бақылау-өткiзу пункттерi заңды тұлғалар болып табылмайды және кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiтетiн ережелер негiзiнде iс-әрекет жасайды.

Кеден органдарының құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен штат саны лимитiнiң шегiнде кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiтедi.

Кеден органдары мен олардың қарауындағы теңiз және iшкi су кемелерiнде кеден органдарының танылу жалауы мен танылу белгiсi болады. Кеден органдарының қарауындағы автокөлiк құралдары мен әуе кемелерiне кеден органдарының танылу белгiсi қойылады. Кеден органдарының танылу жалауының және танылу белгiсiнiң сипаттамасы мен қолданылу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

Кеден органдарының тиiстi кедендiк инфрақұрылымы болады.