Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кеден.docx
Скачиваний:
107
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
125.06 Кб
Скачать

5. Кеден ісі, түсінігі, құрылымы.

Қазақстан Республикасындағы кеден ісі (кедендік реттеу) деп Қазақстан Республикасы айрықша юрисдикцияға ие кеден одағының кедендік аумағының бөлігінде (Қазақстан Республикасының аумағында) тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізумен, оларды кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында кедендік бақылауда тасымалдаумен, уақытша сақтаумен, кедендік декларациялаумен, кедендік рәсімдерге сәйкес шығарумен және пайдаланумен, кедендік бақылау жүргізумен, кедендік төлемдерді және салықтарды төлеумен байланысты қатынастарды, сондай-ақ кеден органдары мен көрсетілген тауарларды иелену, пайдалану және оларға билік ету құқығын іске асыратын тұлғалар арасындағы билік қатынастарын реттеу танылады.

2. Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу кеден одағының кеден заңнамасына, ал ондай заңнамамен реттелмеген бөлiгiнде Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

3. Кеден ісін іске асыру кезіндегі мемлекеттік басқару саласы кеден ісінің аясы болып табылады.

Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлға – кеден өкілдерінің; кедендік тасымалдаушылардың; уақытша сақтау қоймалары, еркін қоймалар, кеден қоймалары, бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізілген заңды тұлға;

6. Кеден құқығы институттары.

Кеден құқығы - кеден органдарының мемлекеттік шекараны экономикалық қорғау және мемлекеттің сыртқы сауда мен кеден саясатын жүзеге асыру жөніндегі қызметін тәртіптейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Құкык саласының институты біртектес қоғамдық қатынастарды реттейтін құқыктык нормалар жиынтығымен сипатталады.

Осыған байланысты кеден құқығында негізгі институттар мынандай түрге бөлінеді: мемлекеттің ішкі және сырткы саясатының құрамдас бөлігі ретінде кеден саясаты және кеден аясындағы кедендік саясат мен міндеттерге жету мақсатының құралы ретінде кеден ісі.

Ресейдің Кедендік кодексінің Қазақстандык кеден құқығынан айырмашылығы кеден саясатын кеден ісінің құрамында қоса карастырады.

Кеден құқығы пәнінің Жалпы бөлімі 6 тараудан тұрады:

1.ҚР кеден ісінің құқықтық және ғылыми-теорилық негізі

2.Кеден құқығы құқықпен оқу пәнінің саласы ретінде

3.Құқықтық қатынастар және нормалар

4.Кеден құқығының субъектілері

5.Кеден органдары қызметінің формасы

6.Кеден құқығы бойынша жауапкершілік.

7. Қазақстан Республикасының Кеден кодексінің құрылымы.

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV Кодексі

Осы Кодекс Қазақстан Республикасындағы кеден ісінің құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерін айқындайды және Қазақстан Республикасының егемендігі мен экономикалық қауіпсіздігін қорғауға, Қазақстан экономикасының дүниежүзілік экономикалық қатынастар жүйесіндегі байланыстарын жандандыруға және сыртқы экономикалық қызметті ырықтандыруға бағытталған. 1-тарау. Жалпы ережелер. 2-тарау. Қазақстан Республикасының кеден органдары. 3-тарау. Кеден органдарының өзге мемлекеттік органдармен, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен және кеден ісі саласындағы басқа да тұлғалармен өзара қарым-қатынасы. 4-тарау. Ақпараттандыру және консультация беру. 5-тарау. Кеден органдарының кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен өзара қарым-қатынасы. 6-тарау. Уәкілетті экономикалық оператор. 7-тарау. Ақпараттық жүйелер мен ақпараттық технологиялар. 8-тарау. Кедендік статистика. 9-тарау. Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы. Тауарларды сыныптау. 10-тарау. Тауарлар шығарылған ел. Қазақстан Республикасының Кеден Кодексі осы сияқты тағы да басқа кеден саласындағы барлық іс – шараларды қамтамасыз етуге арналған жалпы 61 тараудан, 504 баптан тұрады.қазақстан Республикасының Кеден саласы осы кеден кодексін басшылыққа ала отырып жүргізіледі.