Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Кернеу жне деформация 5 лекция

.docx
Скачиваний:
31
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
33.64 Кб
Скачать

Дәріс №5

Тақырыбы: Кернеу және деформация

  1. Деформация дегеніміз

А) кернеу әсерінен дененің формасы мен өлшемінің өзгеруі;

Б) кернеу әсерінен дененің тек қана формасының өзгеруі;

В) кернеу әсерінен дененің тек қана өлшемінің өзгеруі;

Г) тұрақты қысымда өтетін процесс;

Д) механикалық жұмыс жасалмай, ішкі энергияның өзгеру процесі.

  1. Кернеу дегеніміз –

А) ішкі күштердің әсерінен дененің формасының өзгеруі;

Б) қозғалыс кезінде жапсарлас қатты денелердің беттерінің арасында пайда болатын күш;

В) бөлшектің қимасының бірлік ауданына әсер ететін күш;

Г) ішкі күштердің әсерінен дененің көлемінің өзгеруі;

Д) денелердің жанасы орнында пайда болатын және олардың салыстырмалы қозғалысына кедергі болатын күш.

  1. Кернеу мен оның деформация туғызуы неден көрінеді?

А) ішкі созылу күшінің денеге әсері кезінде;

Б) ішкі сығылу күшінің денеге әсері кезінде;

В) фазалық айналулар нәтижесінде;

Г) металдарда өтетін және көлемнің өзгеруімен байланысты физика-химиялық процестердің нәтижесінде;

Д) барлық жауаптар дұрыс.

  1. Кернеу жағдайында тұрған металл жүктелудің кез келген түрінде

А) әрқашанда нормальды және жанама кернеуге түседі;

Б) әрқашанда тек қана нормальды кернеуге түседі;

В) әрқашанда тек қана жанама кернеуге түседі;

Г) ештенеге түспейді;

Д) әрқашанда ауырлық күшіне түседі.

  1. Нормальды кернеудің өсуі неге әкеледі?

А) морт сынуға;

Б) пластикалық деформацияға;

В) серпімді деформацияға;

Г) кристалдық тордағы металл атомдарының арасындағы арақашықтығының өзгеруіне;

Д) тұтқыр сынуға.

  1. Пластикалық деформация нені туғызады?

А) жанама кернеуді;

Б) нормальды кернеуді;

В) кристалдық тордағы металл атомдарының арасындағы арақашықтығының өзгеруіне;

Г) жұлып алу жолымен морт сыну;

Д) барлық жауаптар дұрыс.

  1. Кернеу әсерінен металдың деформациялануы қандай болады?

А) серпімді және пластикалық;

Б) тек қана серпімді;

В) тек қана пластикалық;

Г) кернеу әсерінен металдың деформациялану болмайды;

Д) дұрыс жауабы жоқ.

  1. Серпімді деп қандай деформацияны айтады?

А) оған кернеу туғызған әсерді тоқтатқаннан кейінгі деформация;

Б) қозғалу;

В) созылу;

Г) жан жақты сығылу;

Д) оған кернеу туғызуды алып тастағаннан кейін толық жоғалатын.

  1. Серпімді деформациялану кезінде не өзгереді?

А) кристалдық тордағы металл атомдарының арасындағы арақашықтық өзгереді;

Б) кристалдық тордағы металл атомдарының арасындағы арақашықтық өзгермейді;

В) кристалдың бір бөлігі басқасына қатысты жанама кернеу әсерінен ауысады;

Г) кристалдың бір бөлігі басқасына қатысты нормальды кернеу әсерінен ауысады;

Д) кристалдың бір бөлігі басқасына қатысты жанама және нормальды кернеу әсерінен ауысады.

  1. Серпімді деформациялану кезінде жүктемені алу

А) атом аралық қашықтықтың өзгеруін тудырған себептерді жояды, атомдар бастапқы орындарына тұрады, деформаци жоғалады;

Б) деформация жоғалмайды;

В) кристалдың бір бөлігінің басқасына қатысты нормальды кернеу әсерінен ауысуына әкеледі;

Г) кристалдың бір бөлігінің басқасына қатысты жанама кернеу әсерінен ауысуына әкеледі;

Д) кристалдың бір бөлігінің басқасына қатысты жанама және нормальды кернеу әсерінен ауысуына әкеледі.

  1. 1-суреттегі деформация диаграммасындағы серпімді деформация қалай сипатталады?

1-сурет. Металл деформациясының ε әрекет етуші кернеуге σ тәуелділік диаграммасы

А) ОА сызығымен;

Б) ОВ сызығымен;

В) АВ кесіндісімен;

Г) σ12 бөлігімен;

Д) σпц2 бөлігімен.

  1. Егер нормальді кернеу атом аралық байланыс күшінің мәніне жеткенде, не байқалады?

А) жұлып алу жолымен морт сыну;

Б) пластикалық деформация;

В) серпімді деформация;

Г) кристалдық тордағы металл атомдарының арасындағы арақашықтығының өзгеруі;

Д) барлық жауап дұрыс.

  1. Серпімді деформация мен кернеу σ арасындағы тәуелділік формуласы

А) k=S*E/ℓ0;

Б) σ=ξ/E;

В) σ=E/ ξ;

Г) σ=ξ*E;

Д) σ=F/S.

  1. Пластикалық немесе қалдық деп қандай деформацияны айтады?

А) оған кернеу туғызуды алып тастағаннан кейін толық жоғалатын;

Б) қозғалу;

В) оған кернеу туғызған әсерді тоқтатқаннан кейінгі деформация;

Г) созылу;

Д) жан-жақты қысу.

  1. Пластикалық деформацилану кезінде кристалдың бір бөлігі басқасына қатысты ауысады

А) жанама кернеу әсерінен;

Б) нормальді кернеу әсерінен;

В) жанама және нормальді кернеу әсерінен;

Г) ауырлық күшінің әсерінен;

Д) барлық жауап дұрыс.

  1. Пластикалық деформация артуы нәтижесінде не болады?

А) морт сыну;

Б) қозғалу арқылы тұтқыр сыну;

В) қысу деформациясы;

Г) созылу деформациясы;

Д) қозғалу деформациясы.

  1. Транскриталиттік сыну дегеніміз

А) ұрық денесі бойынша жарылу таралуы;

Б) ұрық шекарасы бойынша жарылу таралуы;

В) нормальді созылымды кернеу әсерінен бір қабат атомдарды басқаларынан жұлып алу;

Г) жанама кернеу әсерінен кесу арқылы болатын сыну;

Д) барлық жауаптар дұрыс.

  1. Интеркристалиттік сыну дегеніміз

А) ұрық денесі бойынша жарылу таралуы;

Б) ұрық шекарасы бойынша жарылу таралуы;

В) нормальді созылымды кернеу әсерінен бір қабат атомдарды басқаларынан жұлып алу;

Г) жанама кернеу әсерінен кесу арқылы болатын сыну;

Д) барлық жауаптар дұрыс.

  1. Морт жарылу бірнеше параллель жазықтықтыр бойынша таралады, сынған жері

А) нормальді кернеулерге перпендикуляр;

Б) нормальді кернеулерге параллель;

В) жанама кернеулерге перпендикуляр;

Г) жанама кернеулерге параллель;

Д) барлық жауаптар дұрыс.

  1. Пластикалық деформациялану кезінде жүктемені алу

А) дененің формасы мен өлшемінің қалпына келуіне әкелмейді;

Б) атом аралық қашықтықтың өзгеруін тудырған себептерді жояды, атомдар бастапқы орындарына тұрады, деформаци жоғалады;

В) кристалдың бір бөлігінің басқасына қатысты нормальды кернеу әсерінен ауысуына әкеледі;

Г) кристалдың бір бөлігінің басқасына қатысты жанама кернеу әсерінен ауысуына әкеледі;

Д) кристалдың бір бөлігінің басқасына қатысты жанама және нормальды кернеу әсерінен ауысуына әкеледі.