Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАРТОЧКА. НАУЧ.СТ..doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
18.12.2018
Размер:
171.01 Кб
Скачать

№ 1 Тапсырма

Еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалған. Тәуелсіздік алғаннан бері сыбайлас жемқорлықпен күреске мемлекеттік деңгейде аса маңызды мән беріліп, мемлекеттік биліктің барлық тармақтарымен сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу шаралары белгіленуде.

Алайда, бұл дерт қоғам өмірінде әлі де болса көрініс табатынын мойындауымыз қажет. Мәселен, Елбасымыздың құқық қорғау органдары қызметін реформалау туралы сөзінде сыбайлас жемқорлықтың әлі де тыйылмай келе жатқаны және онымен күрес жолдары атап көрсетілген болатын.

1998 жылы 2 шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылданды.Осы Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын-алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту арқылы мемлекеттік органдардың, мемлекеттік міндеттерді атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталған және жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптерін айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерін, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгілейді.

Сонымен қатар, 1999 жылы қабылданған «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңында белгіленген мемлекеттік қызмет жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және болдырмауға бағытталған белгілі-бір шектеулер сыбайластықты тежеуге негіз болды.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес − көптің белсене атсалысатын ісі. Осыған байланысты, әрбір мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау бағытында іс-шаралар жоспарлары белгіленді. Аталған бағытта атқаралып жатқан шаралардың басты мақсаты – мемлекеттік органдардың және азаматтық қоғам институттары қызметін үйлестірудің тиімділігін арттыру жолымен қоғам өмірінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету.

Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай төмендететіні, қоғамда демократиялық оң өзгерістерді жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне нұқсан келтіретіні белгілі. Ең бастысы – адамдардың қоғамның демократиялық бастауларына, заң мен шындыққа, сайып келгенде билікке деген сенімін әлсіретеді.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттырудың маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет.

№ 2 Тапсырма

– Мәдениеттің ең басты құрамдас бөліктері қатарында поэзия мен музыка аталуға тиістігі талассыз. Бұл талассыз болса, онда түркі халықтарының дәл осы поэзия мен музыкада ешкімге дес бермейтіндігі тіпті талассыз. Өмір сүру салтына байланысты айтсақ, мысалы, ең таза музыка ХІХ ғасырға дейін көшпелі өмір салтын сақтап келген халықтарда екендігі даусыз. Ал отырықшылыққа ауысқан түркі халықтарында музыка көбіне сөздің немесе бидің сүйемеліне айналып кеткені белгілі.

Көп нәрсе қалай түсіндіруге байла­ныс­ты. Батыстағы әдебиетте ғұндар талай уақыт бойы жабайылықтың баламасындай болып бейнеленді. Ақиқатында сол замандағы герман тайпалары әлеуметтік, мәдени дамуы жағынан Еуропаға келген ғұндардан көп төмен тұрған. Германдық­тар ғұндардан тұтас дүниетаным жүйе­лерін қабыл алған. А.Плетнева сияқты­лардың көшпенділерге мәдениет жат деген сөзінің түкке тұрғысыз екендігін тек Эрмитаждағы скиф алтын өрнектері-ақ даусыз дәлелдей алады. Ал олар клас­сикалық көшпенділер ғой.

Көшпенділер сөздің толық мағына­сында мемлекет құрмаған деген де жай нәрсе. Әдеби жазба тіл – мемлекет­тіліктің басты белгісінің бірі. Орхон мен Енисей бойларында сонау VІІІ ғасырда тасқа қашалған жазулардың тілі қандай ғажап десеңізші! Әрі икемді, әрі қуатты тіл, ең кернеуі мол сезімдерді, поэтика­лық ойдың ең нәзік нақыштарын жеріне жеткізіп айта білетін тіл! Еуропа мен Азиядағы талай отырықшы халықтар ол заманда мұндай байлыққа қол жеткізбеген болатын. Көшпенділер тіпті сол Орхон-Енисей жазбаларынан басқа ештеңе жасамаған болса да, әлем мәдениетінен ойып тұрып өз орнын алар еді. Түркі көшпенділерінің жазба ескерткіштерінің аз сақталуына ислам дінінің салқыны тиді деп санаймын өз басым. Сына жазуының жәдігерліктері мұсылман дінінің ықпалы жетпеген жерлерде – Алтайда, Сібірде, Моңғолияда ғана сақталғаны тегін дейсіз бе? Тегін емес. Діни фанатиктер тасқа түскен “бөтен” жазуларды жойып жіберіп отырған.

Ежелгі түрк тілі Орхон-Енисей мәтін­дерінде ғана, басқа мәтіндер жоқ, ал бұл мәтіндер оғыз-қарлұқ тілдерінің нормаларына сай деген ұғым бар. Түркологиядағы догмалардың біреуі осы. Кейбіреулер осыдан шығарып, ол заманда қыпшақ тілдері болмаған деуден де тайынбайды. Олар қыпшақ тілдері оғыз тармағынан өрбіген дегенді айтқысы келеді. Сонда қыпшақ тілдерінің жасы біздің заманымыздың орта ғасырларынан бері қарай есептелетін болып шығады. Ал дұрысында, қыпшақ және оғыз тілдерін салыстырып қарасаңыз, ежелгі оғыз тілді жәдігерліктерден ап-айқын кипчакизм­дерді көресіз, олар грамматикадан да, лексикадан да танылып тұрады, мұның өзі екі тілдік бұтақтың да орхон-енисей жазбаларынан көп бұрын болғанын әрі бір-бірімен байланыстылығын айқын­дайды.