Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАРТОЧКА. НАУЧ.СТ..doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
18.12.2018
Размер:
171.01 Кб
Скачать

9 Тапсырма қазақтың тарихы

Күні бүгін дүниеде һеш нәрсенің асылы білінбей қалған жоқ. Һәр нәрсенің түбі тексерілді, асылы білінді. Білімі артық, көзі ашық жұрттар дүниедегі адам баласының асылын, нәсілін тексеріп болып, барлығын кітапқа жазып шығарды. Бөтен жұрттар қатарында ала-бөтен – біздің қазақ халқының асылы тексеріліп, тарихы жазылған жоқ.

Бұ күн Азия картасының төрттен біріне ие болып тұрған қанша миллион қазақтың тарихы көмескі қалыпта тұрған жайы бар. Тарих ғылымында қанша тарих жазушылар шығып, қаншама кітап жазып шығарды. Солардың арасында қазақтың асылын анық қып айтатыны жоқ. Арабша, түрікше, орысшада біз көрген кітаптарда қазақ турасында жазылған сөздердің бәрі де хақиқатқа халаф – шіп-шикі өтірік, қанағат табарлық һеш бір сөз жазылған жоқ.

Тарих кітаптарындағы көп хатаның бірі – тарих жазушылардың һеш бірі қазақ пен қырғызды айырмайды. Қазақ – қазақ, қырғыз өз алдына қырғыз, бұлардың арасында асылар ілгі жоқ. Түркімен менен башқұрт қандай басқа-басқа ел болса, қазақ пен қырғыз да сондай басқа-басқа ел. Орыстардың, әсіресе үкіметтің, қазақты қазақ демей, қырғыз деп жүргені рас, бірақ олар өзінің атты «Казачий» әскерінен айыру үшін – жаңылыс болса-дағы – қазақты қырғыз атап жүр. Өзіміздің түрік қауымдарының, әсіресе басшыларының, қазақ пен қырғызды айырмағаны хата, кешпестік айып (!).

Қазақтың қырғыз атанбай қазақ атанғанын тәуір көруі орыстың қазаққа ұқсауы үшін деген ноғайларда бар. Мұнысы бет алдына ылаққан сөз. Тарихтың көрсетуі бұған ереуіл келеді. Орыста бұрын атқа міну әдеті болмаған. Осы күнгі хохолша сиыр жегіп, өгіз мініп күн көрген.

Бір сыпыры халқы, түріктерден көрмекші, салт-әдет айтып, біздің қазаққа ұқсағаннан соң «Казаший» («Казачье войско») атанып кеткен. Орыстың атты әскері қазақпын десе, біздің қазақ өзінің атынан айрылып, қырғыз атанып жүрмекші емес. Қияметке шейін қазақ қазақ болып жасамақ. Осы ғасырдағы әлем жарығына қазақ көзін ашып, бетін түзесе, өзінің қазақшылығын жоғалтпағандай, және өзіміздің шарқ әдетіне ыңғайлы қылып «Қазақ мәдениеті» (Казакская культура) құрып, бір жағынан «Қазақ әдебиеті» (Казакская литература) тұрғызып, қазақшылығын сақтамақшы.

Орысша оқыған қазақ жастарының мойнына алатын бір жұмысы: мекемеден шеткері болған һәр бір істі орында, һәр бәр істе «киргиз» деген жаңылыс атты қойып «казак» деген атты қолдауы тиіс. Бұл болмайтын іс, ағынға қарсы (против течения) деген сөз – сөз емес, біз – суды теріс ағызған атаның баласымыз! …

Түрік баласы.

«Қазақ» газеті, № 3, 1913 жыл.

№ 10 Тапсырма

Мағжан Жұмабай – алаш қозғалысыныңқайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі.

Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашып, 1905 – 1910 жылдары Қызылжардағы (Петропавл) №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен М.Бегишевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды. Медреседе Бегишевтен Шығыс халықтарының тарихынан дәріс алды, қазақ, татар әдебиеттерін, Фирдоуси, Сағди, Хафиз, Омар Һайям, Низами, Науаи секілді шығыс ақындарының дастандарын оқып үйренді. Баспадан 1909 жылы шыққан Абай өлеңдерін оқып, “Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға” деген өлең жазды. 1910 – 1913 жылдары Уфа қаласындағы “Ғалия” медресесінде білім алды. 1912 жылы Қазан қаласындағы Кәрімовтер баспасында “Шолпан” атты тұңғыш өлеңдер жинағы басылып шығады. “Садақ” журналын шығаруға қатысады, өзінің өеңдерін жариялайды. 1913 – 1916 жылдары Омбы мұғалімдер семинариясында оқыды. “Бірлік” ұйымы жұмысына белсене араласып, “Балапан” қолжазба журналын шығаруға қатысады. Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы,  М. Дулатұлы секілді алаш қайраткерлерімен байланыс орнатып, “Қазақ” газетіне өз өлеңдерін жариялайды.1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін қалыптасқан саяси жағдайға сай қоғамдық өмірге белсене араласып, Ақмола облыстық қазақ съезін өткізуді ұйымдастырушылардың қатарында болды. Осы жылы сәуірде Ақмола облысы қазақ комитеті құрамына сайланды. Мәскеу қаласында өткен Бүкілресейлік мұсылман съезіне қатысты. Бірінші жалпықазақ съезінің шешімі бойынша Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды. “Алаш” партиясының Ақмола облысының комитетінің мүшесі болды. “Үш жүз” партиясы өкілдерінің жалған айыптауымен бір айға жуық абақтыға отырып шықты. Екінші жалпықазақ съезіне делегат ретінде қатысып, онда оқу мәселесі бойынша құрылған комиссияға төрағалық етті. 1919– 1923 жылдары “Шолпан”, “Сана”журналдарында, “Ақжол” газетінде қызмет істеп жүріп, халық ағарту жұмысына белсене араласады. Сол кезеңде қалың қауымға таныс поэмасы “Батыр Баянды” жазып, жарыққа шығарады.1923 – 1927 жылдары Мәскеуде Жоғары әдебиет-көркемөнер институтында оқиды. Онда орыс әдебиетін, Батыс Еуропа әдебиетін терең зерттеп, орыс мәдениет қайраткерлерімен жете танысып, көпшілігімен достық қарым-қатынаста болады. Мәскеуде оқып жүргенде оның шығармалары орынсыз сынға ұшырады.1924 жылы 24 қарашада Мәскеу қаласындағы Шығыс еңбекшілері коммунистік университетінде қазақ жастарының жерлестік ұйымында жиналыс өтіп, олар Жұмабайұлының1922 жылы қазанда, 1923 жылы Ташкентте басылып шыққан жыр жинақтарын талқыға салды. Онда ақын шығармаларын теріске шығаратын қаулы қабылданды. 1929 жылы Жұмабайұлы “Алқа” атты жасырын ұйым құрғаны үшін деген айыптаулармен Мәскеудегі Бутырка түрмесіне қамалып, 10 жыл айдауға кесіледі.  1937 жылы наурызда Жұмабайұлы Алматыға келеді. Аударма ісімен айналысады. 1938 жылы қайтадан қамауға алынып, ату жазасына кесілді.