Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАРТОЧКА. НАУЧ.СТ..doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
18.12.2018
Размер:
171.01 Кб
Скачать

№ 11 Тапсырма

ҚАЗАҚТЫҢ ТАРИХЫ

ІҮ

Қазақтың асылы турасында жалпы жұрт арасында бірсыпыра ертегілер бар болса да халық оған рас екен деп иланып жүрген жоқ. Қазақтың мектеп, медресе һәм школда оқып шыққан жастары қазақтың асылын анық біліп жете алмаса да, әйтеуір асылы түрік нәсілінен екендігіне анық инанады. Ақылы мол, зейіні толық қарашаруаның да бірсыпырасы осыны қоштайды. «Қазақ пен ноғайдың түбі бір» деген сөзді һәр бір қарияның аузынан есітуге болады. «Өзбек өз ағам» деген мақалды һәр бір қазақ біледі. Бірақ, қазақтың өзге түрік қауымдарынан қай заманда айрылып, қалайша бөлінгендігі турасында анық мағлұмат жазылған жоқ болғанға көре сол арасы кішкене көмескі болып тұр.

Қазақтың бір сыпыра аңқау адамдарында «Анас саһабаның нәсіліненбіз» деген, қырғызда «Акаше саһабаның нәсіліненбіз» деген ауру бар. Бұл ауру тым-ақ күшті көрінеді. Тарихтан қандай мықты дәлел келтіріп «Анас» деген сөздің асылсыз екендігін ыспат етсек те оған инана қоймайды. Анаске жармасушылардың айтатын қара дәлелі мынау:

  1. Қазақтың ұраны «Алаш»... Алаш – Анастан, Анас Анстан өзгерілген сөз дейді;

  2. Араб көшпелі жұрт еді, Анс баласы болғандықтан қазақ көшіп-қонып тіршілік қылуды арабтан алыпты дейді;

  3. Қазақ меһманпаз, қонақасыға мырза жұрт. Меһманпазлық араб халқының ғұрпы еді. Анастың нәсілінен болмаса қазаққа мырзалық қайдан келіпті дейді.

Мінеки, ақылға да ұнамайтын, тарихқа да симайтын осындай дәлелдерді жастанып, адасып жүрген талай адам бар көрінеді. Бұл дәлелдердің ақылға да һәм тарихқа да симай тұрғаны мынау:

Қазақтың «Алаш» атанған хиджретден (Мұхаммед Әлейх ас-Саламның Меккеден көшіп Мәдинеге барып кірген күнінен. Т.Б.) алты жүз жыл өткен соң, Шыңғыс хан тұсында болды. Шыңғыс хан бүкіл мемлекетін төрт баласына бөліп бергенде, Дешті қыпшақты, Сібірдің күн батыс жағын, осы күнгі Сараарқаны, Еділ-Жайық өлкесін үлкен баласы Жошыға беріп еді. Ол күнде Жошы ұлысына қараған алты рулы ел бар еді. Сол алты рудың һәр қайсысына бөлек Шыңғыс алты ұран береді: һәр руға өзіне бөлек таңба, ағаш, қос береді. Сол күнде бүкіл Жошы ұлысының ұраны «Алаш» болыпты. Жошы ұлысында алты ру болғандықтан «Алты Алаш» болады. «Алаш» деген сөздің лұғат мағынасы: «отан кісі» («отечественник». Т.Б.) деген сөз болады.

№ 12 Тапсырма

Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей мен Тәжікстан басшылары Шекара аймағындағы әскери саладағы сенім шараларын нығайту туралы келісім (Шанхай қаласы, 1996 ж.) мен Шекара аймағындағы әскери күштерді өзара қысқарту туралы келісімге (Мәскеу қаласы, 1997 ж.) қол қойғаннан кейін құрылған «Шанхай бестігі» тетігінің негізінде 2001 жылы Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) құрылды.

2002 жылғы 7 шілдеде қабылданған ШЫҰ Хартиясына сәйкес Ұйымның негізгі мақсаттары: өзара сенім, достық пен тату көршілікті нығайту; саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени, білім беру, энергетикалық, көлік, экологиялық және басқа салалардағы ынтымақтастықты қолдау.

Қазіргі кездегі ШЫҰ мүшелері: Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан мен Өзбекстан. ШЫҰ жанындағы бақылаушы статусына ие елдер: Монғолия (2004 жылдан бастап), Үндістан, Иран және Пәкістан (2005 жылдан бастап). 2009 жылы маусымда Екатеринбургте өткен саммиттте қабылданған шешім бойынша Белоруссия мен Шри-Ланка сұхбат бойынша әріптес мәртебесіне ие болды.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы – қандай да бір елге қарсы бағытталған әскери блок емес және жабық альянс та емес, ол кең халықаралық ынтымақтастыққа бағытталған құрамы кеңейтілуі мүмкін ашық ұйым. ШЫҰ-ның қазіргі кездегі негізгі мақсаттары: өңірдегі бейбітшілікті, тұрақтылық мен қауіпсіздікті қолдау, сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту.

ШЫҰ жоғары органы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің мемлекет басшыларының кеңесі болып табылады. Кеңес басымдылықтарды белгілеп, Ұйым қызметінің негізгі бағыттарын айқындайды, оның ішкі құрылымы мен жұмыс істеу негізгі мәселелерін шешеді, басқа мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынасын реттейді, сонымен қатар халықаралық өзекті мәселелерді қарастырады.

Кеңес жылына бір рет жиналады. Мемлекет басшыларының кеңесін ұйымдастырған мемлекет басшысы мемлекет басшыларының кеңесінің отырысында төрағалық етеді. Мемлекет басшылары кеңесінің кезекті отырысының өтетін жері, әдетте ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің мемлекет атауларының орыс алфавитінің ретіне сәйкес белгіленеді.

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Үкімет басшыларының кеңесі (премьер-министрлер) Ұйым шеңберінде сауда-экономикалық ынтымақтастық саласындағы өзара ықпалдастықтың негізгі мәселлерін қарайды және шешеді, Ұйым бюджетін қабылдайды. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерінің кеңесі Ұйымының ағымдағы қызметінің, мемлекет басшыларының кеңесінің отырысына дайындық, халықаралық проблемалар бойынша Ұйым шеңберінде консультациялар өткізу мәселелерін қарайды. Қажет жағдайда Кеңес ШЫҰ атынан мәлімдеме жасай алады.