Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАРТОЧКА. НАУЧ.СТ..doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
18.12.2018
Размер:
171.01 Кб
Скачать

№ 3Тапсырма

О.Сүлейменов: – Көшпенділерді, көшпенділікті мен орынсыз көтермелей сөйлеген емеспін. Менің мақалаларымда, кітаптарымда көш­пенді өмірдің кері кетіретін тұстары да жазылған. Мұның алдындағы сұраққа қайтарған жауабымда 1929 жылғы энци­клопедиялық сөздікте қазақтардың саны 6 миллионнан астам деп көрсетілгенін, арада он-ақ жыл өткенде 2 миллионға түскенімізді айттым ғой. Ал сол кезде өзбектер 4 миллионның маңайында болатын. Қазір өзбектер 26 миллионнан астам. Олар аштықтан дәл біздей қырылған жоқ. Өйткені, отырықшылыққа ерте көшіп, жерді еміп үлгерген еді. Біз 30-шы жылдардағы сол ойранды айтқанда Сталин мен Голощекиннің қолдан жасаған ашаршылығымен қатар жартылай көшпенді экстенсивті мал шаруашылығы жиырмасыншы ғасырда экономикалық тұрғыдан тиімсіз болып шыққанын да ай­ту­ға тиіспіз. Өкінішке орай, ғалымдары­мыз да, саясаткерлеріміз де ол аштықтан тиімді тағылым алған жоқ. Мал шаруа­шы­лығы экстенсивті сипатта жүргізіле берді. Тың игеру басталып, ең құйқалы жер­лерге егін егілген кезде мал шаруа­шылығы шөлейт, жартылай шөлейт аймақтарға ысырылып кетті. Қазақтардың жағдайы қайтадан қолдан нашарлатылды. Осы айтқанымның өзі көшпенділік атты құбылысқа диалектикалық тұрғыдан қарай алатынымды көрсетеді деп ой­лаймын.

Қазақтардың көшпенді өмірден сақ­та­лып қалған кеңдігі, көнтерілігі, жұрттың бәрін өзіндей көретін қасиеті еліміздегі тұрақтылықты сақтауға әсер етіп отырған шешуші факторлардың бірі. Астанада, Еуразия университетінде Әбіш Кекілбаев­тың 70 жылдығына арналған конферен­цияда сөз сөйлегенімде Толстой туралы айттым. Тургенев те, Бунин де, Паус­товский де стилист ретінде Толстойдан шеберірек болуы мүмкін дедім. Бірақ, Толстойдың әлемге қарайтын нүктесі биікте, сондықтан ол өмірді, адамдарды басқаша көрген дедім. Толстой әлемді “біздер” және “бөгделер” деп бөлмеген. Толстой үшін Наполеон да, Қажымұрат та бөгделер емес, өзінің артықшылығы мен кемшіліктері бар кәдімгі адамдар. Әлемді “біздер” және “бөгделер” деп қарастыра­тын жазушылар өмірге окоптан көз са­лады. Ал окоптан, амбразурадан адамдар­ды емес, тек дұшпандарды ғана көре аласың. Толстой ­– бір-біріне жат халық­тар болмайтын болашақ адамзатты дай­ын­даған жазушы. Қазақтар нағыз толс­тойшыл халық. Қазақтар бәріне далалық перспективадан, алыстан, кеңінен қарай алады, сондықтан да көбірек, кеңірек көре алады. Қазақтар үшін жек көретін халық болуы мүмкін емес, қазақтар үшін жат ұлт болуы мүмкін емес. Өйткені, тұтас халықтың, тұтас ұлттың жаман бо­луы, жат болуы атымен мүмкін еместігін біз жақсы білеміз. Абайдың “Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп” деген сөзін халқымыздың әр перзенті ұдайы жадында ұстауға тиіс.

№ 4 Тапсырма

Қазақстан БҰҰ-ның бітімгершілік қызметін және оның бітімгершілік әлеуетін нығайту жөніндегі күш-жігеріне қолдау көрсете отырып, БҰҰ-ның резервті келісім-шарттар жүйесі мандатын кеңейту шараларын оң бағалайды. Қазақстанның осы бағытта белсенді қызмет атқаруының дәлелі Қазақстандық бітімгершілік батальонының (Қазбат) құрылуы, әрі осы батальон сарбаздарының Иракта тұрақтандыру күштері қатарында қызмет көрсетуі болып табылады.

Қазақстан 2003 жылы БҰҰ-ның дайындық іс-шаралары жүйесіне үлес қосу жөніндегі Өзара түсіністік меморандумына қол қойып, қазіргі таңда бітімгершілік операцияларға Қазбат батальонының адам, бронетехника және көлік ресурстарын бөлуге дайындығын, әрі БҰҰ-ның бітімгершілік операциялары үшін сатып алулар жүйесінде неғұрлым белсенді қатысуға ынтасын білдіреді.

Қазақстан БҰҰ-ның және оның мамандандырылған мекемелерінің мүмкіндіктерін Арал теңізінің тартылуы, Семей сынақ алаңының радиоактивті ластануы, ауыз-су көздерінің ластануы секілді техногендік және экологиялық апаттардың экономикалық және гуманитарлық салдарларын азайтуға мақсатты түрде пайдалануды көздейді. Осы тұрғыда жеке назарды Мыңжылдық даму мақсаттары мен орнықты даму ұстанымдарын жүзеге асырудағы Қазақстанның белсенді қатысуына аудару керек.

1992 жылғы ақпаннан бастап Қазақстанда БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерінің, қорларының және бағдарламаларының өкілдіктері жұмыс істеуде. Олардың қызметі техникалық, кеңес және қаржылық көмек көрсетуге бағытталған.

Қазіргі уақытта БҰҰ-ның Қазақстанда келесі 15 ұйымы жұмыс істейді: Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ), БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ), БҰҰ Халық қоныстану қоры (ЮНФПА), БҰҰ есірткі және қылмыс мәселері жөніндегі басқармасы (БҰҰ ЕҚБ), БҰҰ Жоғарғы комиссарының босқындар ісі жөніндегі басқармасы (БҰҰ ЖКББ), БҰҰ Еріктілері (БҰҰЕ), Әйелдер қоры (ЮНИФЕМ), Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ), БҰҰ білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ), БҰҰ өнеркәсіптік даму жөніндегі ұйымы (ЮНИДО), Дүниежізілік Банк (ДБ), Халықаралық валюта қоры (ХВҚ), АТҚБ/ЖТҚБ жөніндегі БҰҰ бағдарламасы (ЮНЭЙДС) және Қоғамдық ақпарат жөніндегі департамент (ҚАД).