Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Калий жне Натрий МЕН

.docx
Скачиваний:
37
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
16.66 Кб
Скачать

§6.3. Натрий және калий

Периодтық жүйедегі орны мен атом құрылысы. Натрий және калий III және IV периодты бастайды. Өз периодтарында ең үлкен атом радиустарына ие болғандықтан олардың сыртқы энергетикалық діңгейлерінде бір-бірден электрон бар. Сондықтан натрий және калий барлық сілтілік металдар сияқты өздерінің валенттілік электрондарын жеңіл береді, өте күшті тотықсыздандырғыштар және өздерінің периодтарында өте белсенді металдар. Қосылыстарындағы тотығу дәрежесі +1 болып табылады.

Табиғатта таралуы. Біздің планетамызда таралуы бойынша натрий барлық элементтердің ішінен алтыншы орынды алады. Оның үлесіне жер қыртысы массасының 2,64%-і тиесілі.

Натрий табиғатта адамға ежелгі заманнан белгілі қосылыстар түрінде кездеседі. Жер қыртысында натрий далалық шпат және гранит құрамына кіреді. Тау жыныстары желдің әсерінен мүжілгенде натрийдің ерімтал қосылыстары түзіледі, ол теңізге және мұхиттарға дейін жетеді.

Мұхит суларында шамамен 2,8% натрий хлориді бар, ішкі теңіздерде оның мөлшері оданда жоғары (Өлі теңізде 7,9% NaCl бар). Ертеде, теңіз жағалауларынан байқалатын құбылыстарды қазіргі кезде Каспий және Арал теңіздерінің жағалауынанкөруге болады. Саяз сулы шығанақ теңізден бөлінеді де, ондағы құрғақ климаттың салдарынан қарқынды булану жүреді және теңіздің тұздары концентрленеді. Шығанақ тұзды көлге айналады. Осындай көлдерден жүз мыңдаған жылдар бұрын галит деп аталатын тұздардың шөгінділері түзілген.

Біздің елімізде көптеген тұзды көлдер мен тас тұздарының шөгінділері бар. Олар натрий хлоридін өндірудің көзі болып табылады. Оның ең мол қоры – Каспий ойпатында, Арал маңында, Ертіс өзенінің жағалауында бар.

Қазақстан Алматы, Қызылорда облыстарында мираблиттің Na2SO4 . 10H2O ірі кен орындары бар. Іле ойпатында және Балқаш маңында содалық көлдер бар, оларда судың құрамында натрий корбанаты Na2CO3 болады.

Калий – табиғатта таралуы бойынша жетінші элемент. Тас тұздың шөгінділерінің жоғарғы қабатында калий тұздары болады. Калий қосылыстары өзіне тән өзгешеліктерімен ерекшеленеді – олар топыраққа жақсы сіңеді. Сондықтан теңіз суында калий атомы натрийге қарағанда 50 есе аз болады. Құрғап қалған ертедегі көлдер мен теңіздердің орнынан сильвинит NaCl . KCl, сильвин KCl, карналлит KCl . MgCl2 . 6H2O минералдарын өндіреді. Калий тұздарының кен орындары Батыс Қазақстанда шоғырланған.

Натрий мен калий қосылыстарының тірі организмдердің тіршілігі үшін маңызы өте зор. Натрий хлориді адам тағамы мен жануар азығының қажетті компоненті болып табылады. Организмде натрий және калий иондары үнемі дерлік қарама-қарсы бағыттарда көптеген биохимиялық реакцияларға қатысады. Калий иондары клетканың ішінде, ал натрий ионы клеткаалалық кеңістікте клетка функциясының процестеріне қатысады. Олар жетіспеген жағдайда бұл процестер бұзылады, сондықтан да адам сұйықтықпен бірге көп тұзды жоғалтқанда, оған аздап тұз қосқан су ішу ұсынылады.

Өсімдік тіршілігі үшін калийдің рөлі үлкен. Калий негізгі қоректік элементке жатады. Ол жетіспеген жағдайда өсімдік баяу өседі, тұқым өнуін тоқтатады, жапырақтары сарғаяды, сабағы нәзік және жіңішке болады. Калий иондарының өсімдік клеткаларындағы көмірсулардың (қант және крахмал) синтезін белсендендіретіні анықталады. Өсімдік жыл сайын топырақтағы калийді көп мөлшерде өзіне сіңіреді, сондықтан оның тұздарын егістікке минералдық тыңайтқыш түрінде енгізеді. Өте кең таралған табиғи тыңайтқыштың бірі – алғаш күллі, онда сақар KNO3 да бағалы тыңайтқыш болып табылады.