Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
казак тили шпоооооооооооооооооооооооооор.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
15.09.2019
Размер:
92.44 Кб
Скачать

1.Тіл халық тағдыры.Эссе

. Қазақ тілі – батыс түркі тілінің қыпшақ тармағына жатады.Қазақ тілі - өзіндік әдеби, ғылыми және саяси жазу нормасы қалыптасқан бай тіл. Қазақ тілінің тарихы әртүрлі тарихи кезеңдерді бастан кешкен қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты. Оның қалыптасуға бет алуы ХІ-ХІІ ғасырлардағы Түрік қағанатының пайда болу кезеңінен басталып, ХҮ ғасырдағы қазақ хандығы тұсында әбден қалыптасып болған еді. Басқа түркі тілдерімен салыстырғанда, сөздік қоры жөнінен, қазақ тілі – ежелгі таза қалпын тұтас сақтап келе жатқан тілдердің бірі. Ғалымдардың пайымдауынша, қазақ тілінің ауыз әдебиеті және жазба әдебиеті сияқты екі қайнар көзі бар.Қалыптасудың барлық сатыларын бастан кешірген ана тіліміз – мейлінше жетілген ұлттық тіл. Ежелгі бабаларымыздың тарихы, шежіресі және түрлі әдеби мұралар бүгінгі ұрпаққа өзіміздің осы ана тіліміз арқылы жетіп отыр. Тіл тарихы халық тарихына ұқсас. Қоғамның жылжып, өзгеруіне байланысты тіл де дамып, өзгеріп отырады. Қазақ тілі тарихында орын алған түрлі қиындықтар мен дағдарыстардың объективті себептері бар. Біріншіден, қазақ халқы үш ғасырға жуық орыс отаршылдығының қыспағында болып, ұлт ретінде жойылып кетудің бірнеше сатыларын бастан кешірді. Екіншіден, Жоңғар шапқыншылығының халқымызға тигізген зардаптары да орасан зор болды. Үшіншіден, Кеңес өкіметі жетпіс жылдан астам уақыт бойы ұлттардың жақындасуы деген желеумен ұсақ ұлттардың тілдеріне қысым жасап келгені белгілі.1989 жылы 11 қыркүйекте қабылданған “Тіл туралы” Заңда “Тіл - халықтың ұлы жетістігі, әрі оның ажырамайтын және бөлінбейтін белгісі”делінген.

Ана тілінің күші мен құдіретін туған халқымыз әуелден-ақ бағдарлап, сөз өнерін бар өнердің басы деп санаған. Мысалы: “Өнер алды – қызыл тіл”, “Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады”, “Тоқсан ауыз сөздің, тобықтай түйіні бар” сөздері халқымыздың орынды сөзге қандай мән бергенін көрсетеді. Абайдың даналығына, Махамбеттің батылдығына, Бұқардың ақылгөйлігі мен халқына деген жанашырлығына, Абылайдың данышпандығына, Бөгенбай мен Қабанбайдың ерліктеріне сүйсініп, рухани өмірімізге азық етеміз. Қазақ тілі ең көне бастауын әр кездегі ежелгі түрік жазулары ескерткіштерінен: Талас-Орхон-Енисей жазулары (5-8 ғ.ғ)Махмұт Қашқаридің “Диуани лұғатат түрік” еңбегі , Қожа Ахмет Яссауидің “Хикметі” (10-12 ғ.ғ.), Алтын Орда, Шағатай және қыпшақ (13-14ғ.ғ.) тұсындағы жазулардан алады. Сонымен қатар, халық ауыз әдебиетінің дәстүрлері мен тілдік нормаларында қалыптасқан, кейінгі кезде ақындар, жыраулар мұрасы арнасына құйылған, ұлы Абай мен Ыбырай шығармашылығы арқылы бізге жеткен қазіргі қазақ әдеби тілі. Қазақ жазуы 1929 жылға дейін араб графикасын, ал 1929-1940 жылдары латын графикасын қолданған. 1940 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін орыс графикасын қолдануда. Жиырмасыншы жылдары тіл тәуелсіздігін ту етіп көтерген Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Мұхтарлар, сексенінші жылдардың аяғында бостандықтың лебі білінісімен басталған бүкілхалықтық қозғалыс соның айғағы.

Қорыта келгенде,тіл – ол халық тарихы. Ана тіліміздің тағдыры үшін күресте халқымыз қам-қарекетсіз болған емес. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Тіл – қастерлі де, қасиетті ұғым. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Ана тілін сүйген адам – туған жерін, елін, Отанын, атамекенін сүйеді деген сөз. Тіл болмаса сөз болмайды. Сөз болмаса адамзаттың тірлігінде мән-маңыз болмайтыны белгілі.

2.Би дегенді білеме бугінгі ұрпақ?Эссе

Қазақ халқының бірлігі мен бейбіт өмірін қалыптастыруға ұлан-ғайыр еңбек сіңірген билер тағылымы тарих үшін ғана емес, біздің келешек ұрпақ үшін де құнды.

Билер жалғыз ауыз сөзбен құн кесіп, бір айтып дау шешкен, ел тұтастығын сақтаған даналар. Ш.Уәлихановтың: “ Би атағын беру қазақта халық тарапынан бір сайлау арқылы немесе халықты билеп отырған өкімет тарапынан бекіту арқылы болған емес, тек сот ғұрыптарына әбден жетік, сонымен қатар тілге шешен қазақтар ғана бұл құрметті атаққа өз бетімен ие болган,”- деген сөздерінен би – халықтың көкейіндегісін айтқан, жарыққа шығарған әділет жақшысы екенін білеміз.Би атағын алу үшін би болам деген қазақ өзінің заң ісіне жетіктігін және шешендік қабілеті бар екендігін халық алдында сан рет көрсетуге тиіс болган.Ондай адамдардың атағы бүкіл қазақ даласына тез жайылып олардың аты жұрттың бәріне мәлім болып отырған.

Кезінде Ахмет Байтұрсынов: “ Әділ билердің қолындағы билік қазақтың неше түрлі дертін жазатын жақсы дәрі еді,”- деді. Демек бұл қастерлі мұра- шешендікпен айтылған билер сөзі ұмытылмайды, қай кезде болса да халық жадында.

Билер татихы Майқы би мен Аяз билерден бастау алды. Тарихтан бізге мәлім мына билерді атауға болады: Төле би, қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке би.Бұлардың бәрі сөзге шебер, өз халқының шешендік-поэтикалық өнерінің дәстүрлерін бойына сіңірген, зерделі, халқына жанашыр дара тұлғалар болған.

Қорыта келгенде, билердің баға жетпес мұра ретінде қалдырған тәлім-тәрбие ұлтымыздың өлшемсіз құндылығы болып табылады.

3.Қазақ этнонимінің төркіні. Эссе

“ Түрік тілінің ішіндегі гауһары – қазақ тілі.”

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

Қазақ тілі осы мемлекеттің түпкілікті тұрғындары қазақтардан басқа Қытай, Монғолия, Иран, Ауғанстан, Түркия мемлекеттері мен ТМД-ның Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан сияқты республикаларында тұратын қазақтардың да ана тілі. Қазақ тілі – батыс түркі тілінің қыпшақ тармағына жатады. Бұл тармаққа кіретін тілдер – қарақалпақ, ноғай, татар, башқұрт, қырғыз, қырым татары, қарайшай, балқар, құмық және тағы басқа тілдер. Қазақ тілі - өзіндік әдеби, ғылыми және саяси жазу нормасы қалыптасқан бай тіл. Қазақ тілінің тарихы әртүрлі тарихи кезеңдерді бастан кешкен қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты. Оның қалыптасуға бет алуы ХІ-ХІІ ғасырлардағы Түрік қағанатының пайда болу кезеңінен басталып, ХҮ ғасырдағы қазақ хандығы тұсында әбден қалыптасып болған еді.

Басқа түркі тілдерімен салыстырғанда, сөздік қоры жөнінен, қазақ тілі – ежелгі таза қалпын тұтас сақтап келе жатқан тілдердің бірі. Қазақ тілі алтай тілдік отбасының түркі тобының қыпшақ тармағына жатады. Жақын туыстас түркі халықтарының тілдерінен айырмашылығы – өзіне тән ерекшелігі диалектілердің жоқтығы болып табылады. Оған себеп номадизм феномені – бүкіл Дала белсенді қозғалыста және тайпаралық қарым-қатынаста болған. Жабық, жеке, дара өмір сүру үшін объективті жағдайлар болмады – сондықтан Ертістен Еділге дейінгі ұлан ғайыр аумақта біртұтас тілдік нормалар болған.

Қазақ атауының шығу тегі - «Қазақ тарихында» әлі де шешуін таба алмай келе жатқан мәселелердің бірі.

Бiздiң елміздiң тарихында қазақ атауы шығу төркiнiнiң бiрнеше нұсқасы бар екенi белгiлi. Бiр нұсқада қазақтың арғы атасы сақ болғандықтан «қассақ» атанып, содан қазақ атанғанбыз десе, тағы бiрiнде қазақ «еркiн, азат» деген ұғыммен мәндес болғандықтан «қазақ» атанған дейтiн болжамдар бар. Кейде бұл термин ертедегі екі тайпалық (каспий және сақ) одақтардың атынан шыққан деп жорамалдайды. Ал кейбір тарихшылар "хас" нағыз және "сақ" деген сөзден құралған деп болжам жасайды. Тағы да бір деректерде «қазақ атауы 9-10 ғғ. Шығыс Дешті Қыпшақ қыпшақтарының қоғамында әлеуметтік, ал 11-12 ғғ. этникалық-әлеуметтік топтарға қолданылған. Және осы ғасырларда қыпшақ тайпаларының топтасуы қазақ қауымдастығы қалыптасуының да маңызды кезеңі болды» деп жазылған. Яғни бұл процесс түрлі кезеңде де тоқтамай, әмбебап мағынада қолданылып келген. Нәтижесінде қыпшақ тайпасы өзегі болған 14 ғ. басында құрылған Ақ Орда халқының құрамы қазақтар болған. 15 ғ. 2 ж. қазақ халқы құрылып болғаннан кейін, халықтың этногенез процесінің күрделі ерекшелігінің бірі болып табылатын "қазақ" атауы, этникалық маңызға ие болды.

Жазбаша әдебиетте «қазақ» термині 1245 жылы мамлекеттік Египет мемлекетінің қыпшақтары ортасында жасалған араб-қыпшақ сөздігінде жазбаша деректемелер ішінде бірінші рет қолданылған деп саналып жүр. Онда «қазақ» сөзіне «еркін, кезбе» деген мән беріледі.

Қорыта келгенде, ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың баяғысын да, бүгінгісін де, болашағын да танытатын, сол халықтың мәңгілігінің мәселесі. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, кез-келген мемлекет өзінің аумақтық салт-дәстүрін, ана тілін ерекше қорғайды. Ана тілін дамыту, қорғау дегеніміз – өз ана тілінде таза сөйлеу және оны жақсы біліп, туған анадай сүю.

4.Туған елім – тірлігімнің айғағы, Тілім барда айтылар сыр ойдағы, Өссе тілім, менде бірге өсемін, Өшше тілім, мен де бірге өшемін! – деп , ақын Әбілдә Тәжібаев ағамыз жырлағандай тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс – берекенің алды, ұлттың әрі жаны, әрі ары. Тіл жай сөз емес, өмірдің талай сынынан өткен, өскелең талаптарға сәйкес өрістей түскен толыққанды ақиқат десек, жаңыла қоймаспыз. Тілсіз қоғамның қандай түрі болса да өмір сүре алмақшы емес, ол тілдің өзі қоғам бар жерде ғана пайда болып, өмір сүреді. Демек, қоғамнан тыс, бөлек тіл жоқ. Тіл – қоғамның жемісі. В.И.Ленин: “Тіл – адам қатынасының аса маңызды құралы” – дейді. Мұның мәні – тіл жоқ жерде адамдардың бірлесіп жұмыс істеуі, қоғамдық өндірістің қай саласын болса да ұйымдастыруы, дамытуы мүмкін емес деген сөз. Тіл әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. “Тіл туралы” заңдағы “Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір адамзатының парызы” – деген. Әрине ұлттың ең бірінші, ең қасиетті сипаты – оның ана тілі. Ұлт анасы тіл болып есептеледі. Сонымен бірге ұлттың өмір сүруінің бірінші шарты. Конституциямыздың жетінші бабының бірінші тармағында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі деп анық жазған, Ата Заңымыздан туындаған “Тіл туралы” Қазақстан Республикасының заңында да осы жағдай берік қамтылған. Біздің азаматтық парызымыз – тіл заңындағы талаптарда жүйелі түрде жүзеге асыру. Ол тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаларынан да көрініс тапты. “Тіл – біздің тұтастығымыз”, “Тіл тағдыры – ел тағдыры” деп те айтып жүрміз. Сондықтан әр адам өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса да қарсы тұруға тиіс. Туған тілдің абыройын асқақтату - әрбір адамзаттың абзал борышы. Біздің барша ұлттық келбетіміз бен болмысымызды, салт -санамыз бен дініміз осы ұлттық мәдениет пен тілімізде жатыр. Тәуелсіз елдің елдің елдігі жас ұрпағын парасатты да білімді, іскер де қабілетті, отансүйгіш те ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыруда мемлекетік тілдің атқаратын қызметі орасан зор. Егеменді ел болып, ес жиып, етек жия бастаған бұл күндері осындай ойға қонбайтын, солақай сорақыларды көбен көріп, қолмен ұстай отырып қазақ тілі мәселесі жөнінде толғанбай тұра алмаймыз. Тіл – таусылмайтын байлық. Қанша тіл білсең, өзгеден сонша кез биіксің. Дегенмен, алдымен туған еліңнің мемлекеттік тілін білуге міндеттісің. Қазақ тілі - өте бай тіл. Ол шаруашылықтың бар саласын өркендете түсуге себепші күш, халқымыздың мәдени дәрежесін көтере беруші пәрменді құрал, жұртшылықты жаппай отаншылдық рухта тәрбиелеудің құралы, қуатты қаруы. Амал не, осындай әдемі туған тіліміз бола тұра өзге тілде сөйлейтіндер де көп болды. Тіпті туған тілден безетін сорақыларды да көргеніміз бар. Төл тілде сөйлеуден безу ақ сүт беріп, асыраған анаңды ұмытумен бердей. Осы кезде Паустовскийдің: “Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік,” – деп, ашына айтқаны ойға келеді. Ана тілін ұмытқан адам өз халықының өткенінен де болашағынан да қол үзеді. Ана тілі – ар өлшемі. Олай болса, тілді шұбарлау – арды шұбарлау, көңіл тұнығын лайлау. Ұлттың мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы ана тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюімен тығыз байланысты. Сондықтан туған тілге деген сүйіспеншілік бала кезеңнен басталуы тиіс. Айналаңды танып білу, туған тіліңді білуден басталады.

  1. «Абай жолы» роман-эпопеясындағы әке мен бала бейнесі.

 Романды оқи отырып, Абай өзге балаларына қарағанда еркін өссе де, әкесі орнатқан тәртіпке бағынған. Олар бір-бірімен өштесіп өмір сүрмеген. Абай сынды адам Құнанбайдай әкеге қарсы шыға ма? Мұндай қылық біздің ұлттық қасиетімізде жоқ. Романды үңіле оқып, жазушының терең ойын жіті қадағалаған оқырманға Құнанбай бейнесінің аса жағымсыз емес екенін әркез байқауға болады. Құнанбай үлкен тартыстарда жетілген адам. Ел билеудің қыр-сырын ерте бастан түсіне беру үшін ол Абайды жас кезінен сол тартыстарға жетелеп, ірі оқиғаларға араластырып отырды. Әке қимылын зерек бала да қадағалап ұғып, өз бойына дарыта білді. Сонымен жас Абай әке бойынан қандай ізгі қасиеттер көрді десек, біріншіден, Құнанбай – ақылды, сабырлы, алысты болжағыш көреген, ерекше тұлға. Екіншіден, көпті көріп қайнап-піскен, қабілет-дарыны мол ел билеуші аға сұлтан. Үшіншіден, әділ би, жүйрік шешен, елді аузына қаратқан абыройлы жан. Төртіншіден, көкірегі ояу, көзі ашық, оқу-білімді жоғары бағалаған парасатты кісі. Бесіншіден, рухани сауаттылық жолында дінді берік ұстанған, діннің ел ішінде тәртіп орнатудағы рөлін жоғары бағалаған, жұртты өз өнегесімен де, күштеп те дін жолын ұстауға міндеттеген қоғам қайраткері. Алтыншыдан, отбасына ерекше қамқор әке. Жетіншіден, елді өз уысында ұстай білген, қарсыластары мен жауларын ымырасыз, өз идеясын батыл іске асырып отырған күрескер. Міне, топтап алғанда Құнанбай бойынан табылатын басты-басты қасиеттер осылар. Жазушының өзі Құнанбайдың тарихи тұлғасын, көркем бейнеге айналдыру барысында оның мемлекеттік адам екендігіне ерекше мән беріп, жағымсыз кейіпкер ретінде емес, керісінше аса күрделі тарихи-трагедиялық бейне ретінде сомдауға ұмтылған. Абай болса, тумысынан зерек, қабілетті, өнерлі жігіт оттай жанып, шоқтай маздап, әке сынынан сүрінбей өтеді. Барған ауылдарында Абай туралы ұнамды ұғым, жақсы атақ, кейде тіпті әжептәуір аңыз қалып отырады. «Жігітті жұрт мақтаған қыз жақтаған» дегендей, Тоғжанның махаббаты да тұңғыш рет Абай Сүйіндік үйіне барғанда - жас қонақпен әкесінің әңгіме-насихатының үстінде тұтанғандай... Абайдың өз басы, ой-санасы, ұғым-нанымы, жалпы ішкі дүниесі де, әрине, бір орында тұрып қалған жоқ. Үздіксіз өзгеру, өрбу, жаңғыру, жаңару үстінде болатын. Ру аралық жанжалдар, таластар, олардың өршіп, асқынып барып ұласқан жері - Тоқпамбеттегі, Мұса құлдағы қарулы қақтығыстар - Абайдың өзі өмір сүріп, өсіп келе жатқан ортаға әлеуметтік көзқарасын қалыптастырады. Бара-бара жас азамат өз жөнін іздеп, бағытын бағдарлайды. Осы жайлардың қай-қайсысында болмасын, осынау өмір қоршауына автор Абай көзімен қараса, Абай өз бойындағы асыл қасиет - өнер көзімен қарайды, дәлірек айтқанда, Абай ақиқатты ақын көзімен таниды. Құнанбайдың қанды қол қатыгездігі, одан туындайтын жолсыз жаза мен жауыздық, ұлып табысқан бөрілер секілді ұйлыққан қырық рудың қырық көкжалы - жұмылған қырық жұдырық, тағылықпен лақтырылған қырық тас кесек; осы көріністердің жан түңілтер жыртқыштық мәні; осындай «жаны ашымастың қасында басы ауырғандар» - жұтқа ұшыраған жарлы-жақыбайлар, қира кезік құл-құтандар, басында билігі жоқ әйелдер қауымы, еріксіз ұзатылған қыздар, қалың малға түскен келіндер, түрліше өлу-тірілулер, өшу-жанулар, осылар қалыптастырған салт-сана, әдет-ғұрыптар... Осылардың бәрін Абай сырттай бақыламайды, бар ақындық болмысымен іштей толқына сезінеді, тебірене түйсінеді және осылардың бәріне бейтарап қарай алмайды, қалыс қалмайды, әр құбылысқа өзінің қарым-қатысын белгілейді, не құптайды, не қарсы болады, сол ретпен белсенді қимылға көшеді... Бірақ Әуезов әке мен бала арасындағы тартысқа саналы түрде барған. Өзінің «Абай жолын» ақтап алу туралы мақалаларында: «Мен өзімнің романымда әке мен бала арасындағы қақтығысты негізгі тартыс етіп алдым. Абай – жаңа заман, Құнанбай – ескі заман. Екі заман тартысын әке мен баланың тартысы арқылы суреттедім» – дейді. Роман-эпопеясында Құнанбайды ата жолын өзгертпей ұстауға тырысқан бұрынғылардың өкілі, «ескінің арты еді», ал Абай энер үйренуге, білім-ғылым игеруге үмтылған прогресс жолына бет алған жаңашыл жастардың ішіндегі ең бір озық жарқын тұлға деп қарағаны, солай етіп бейнелегені кеңілге қонымды. Егер байыптап дүрыс аңғара алсақ, Құнанбай мен Абай, әке мен бала ретінде бір-бірімен қайшы көрінбейді, көбінесе екі заманның өкілі, екі мақсаттың, екі қоғамдық көзқарастың адамы тұрғысында қарсы қойылады. Ал екеуінің мінезі екі түрлі болса, Құнанбай айлакер, қатал керініп, Абай адап, әділет іздеген ақын жанды мінезде кэрінсе, мұның өз қисындылығы бар. Құнанбай ел арасындағы түрлі талас-тартыстың, қайшылықшиеленістердің тізгінін қолына ұстап отырған, әбден әккі болған ел билеуші екенін, ал Абайдың қоғам өміріндегі қарым-қатынастарға енді ғана кез тігіп, араласып жүргенін естен шығармаған абзал. Роман-эпопеядағы көркем шындықты өмірде бол­тан оқиғалардың қаз-қалпындағы керінісі деп қарауға болмайды. Оның өзі көбінесе автордың көркемдік парасатынан өсіп, жетілген, сөйтіп өзара байланыс жүйесін тапқан өмір көріністері боп табылады. Тек оқиғалар мен талас-тартыс төңірегінде ғана емес, белгілі кейіпкерлер мен оларға берілген көркем мінездемелер жөнінде де осыны айтуға болады