Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
казак тили шпоооооооооооооооооооооооооор.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
15.09.2019
Размер:
92.44 Кб
Скачать

19 Мәңгілік бала бейне»

Мәңгілік бала бейне қасітерке толы шығарма. Жазушы драматург Роза Мұқанованың жұмбаққа толы шығармасын білмейтіндер кемде кем шығар. Бұл шығарма талай көрерменнің көңілін босатып жүрегін жылатқан.

Мәңгілік бала бейне» - күллі қазақ жұртының ауыр қайғысы мен мұңын жамылған шығарма. Ядролық сынақтардың зардабынан мүгедек болғанЛәйлә қыздың өмірі сипатталады. Оның туған жері Қарауылдың ащы болмысы мен әлеуметтік жай-күйі бейнеленеді. Ләйлә атомның әсерінен емес, адам баласының ісінен өз өмірімен қоштасады. Қоғамның лас әрекетіне шыдамаған Ләйләмен бірге оның Қарауылы, рухы, ұлты өледі.

Шығарма авторы Роза Мұқанованың айтуы бойынша, Ләйлә бейнесі өмірден алынған. Ол - Семей полигонының құрбаны болған жан. Бір күні Семей өлкесінде туылып, мүгедек болған жандардың суреттері қойылған фотокөрмені аралап жүреді. Қасірет пен мұңға толы аналар мен балалар бейнесінің арасынан Роза Мұқанованың назары бір кішкентай қыздың суретіне түседі. Шамамен, 5-6 жастағы бүлдіршін қыздың көзінен үлкен қасіретті көруге болатындай. Суретке жақындай бергенде, жазушы «Еңлік. Оның жасы 14-те» деген астындағы жазуды оқиды. Түр-әлпеті жас баладай, ал аяқ-қолы өскен қыз жүзі мәңгілік бала бейнені сақтап қалған. Мүгедек қыздың жанары қатты әсер еткені соншалықты, Роза Мұқанова үлкен шығарманы дүниеге әкелді.

20 Ғ Мүсірепов шығармашылығындағы айел ана бейнесінің сомдалуы Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты — балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдыретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты — тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні — өз ұрпағы.Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады

Ол — бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер — жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді.Ананың қадір қасиеті, мейірімділілгі жайлы көптеген өз шығармаларында әлі күнге дейін жазуда. Осылай Ғабит Мүсірепов те қазақ әйелі жазушы ана,әйел тақырыбына шығарма жазуды үзбей , бұдан кейін де жалғастыра берді.

. Бірақ бір кездегі өзінің ізіне қайта түсіп шиырлауға бармай, көркемдік ізденістің соны өлкесіне, тың өрісіне жол тартты. Яғни, өзінің шығармашылық басты мұраты: ана, әйел өмірінің жаңа қырларын, мінез-характерінің тың сипаттарын көрсетуге барды. Олардың бейнесін сомдауға жаңа көркемдік құрал, ғажайып бояулар таба білді. Бұған оның Ұлы Отан соғысы жылдары жазған «Ер ана», «Ақлима» әңгімелері толық дәлел.

Әйел, ана, арулар тақырыбына арналған Ғабит Мүсірепов шығармаларының ішіндегі ең көлемдісі де, көрнектісі де «Ұлпан» романы. Өзінің бар ерекшелігімен, көркемдік бітімімен, эстетикалық әсер-күшінің молдығымен романда көрінетін Ұлпан тек қана жазушының өз шығармашылығы емес, бүкіл қазақ әдебиетіндегі оқшау тұрған әдеби бейне.

ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ халқының әлеуметтік-тарихи өмірін терең зерттей келіп, жазушы тарихи фактілерді, шын өмірде болған оқиғаларды, адамдарды шығармасына негіз етіп алған. Ұлпан өмірінің хикаясын шерте отырып, автордың сол тұстағы бүкіл халық, қоғам өмірінің айқын суреттерін жасағаны мәлім.

Әрине романдағы басты кейіпкер – Ұлпан.

Әр заманда, әр халықта өмірдің айрықша құбылысы болып жарқ ете түсетін төтенше дарынды, жарқын тұлғалар болатыны аян. Ұлпан өткен ғасырдағы қазақ топырағында пайда болған сондай ғажайып құбылыс еді. Жазушы ел өміріндегі тарихи фактіні ала отырып, өзінің суреткерлік қарымымен халық дарынының, ақыл-ойының типтік көрінісіндей адам характерін үлкен зергерлікпен сомдап берді.

Романдағы Ұлпан – негізінен реалистік тұлға. Оның бүкіл бойынан сол дәуірдегі қазақ әйелінің ең жарқын, ең асыл қасиеттерін көру қиын емес.

Романда суреттелетін Ұлпан – сырлы мінез-құлқымен, кесек бітімімен берілген тұлғалы образ. Оның сезім байлығы, адамгершілігі, адалдығы, моральдық тазалығы, ақылдылығы, зеректігі, зерделілігі, парасаттылығы, өткірлігі, өжеттігі келісті де көрікті бейнеленген.

21 Дулат Исабековтың "Әпке" шығармасында ата-аналарынан ерте айырылған жетімдер туралы айтылады.Бірақ оларды жетімдер деуге келмес .Себебі, бауырларына ата-ана да,әпке де бола білген үйдің үлкені Қамажай атты әпкелері бар.Қанша бастарынан қиындық өткедерімен әке шешесінің орнын жоқтатпай бауырларының аяқтарынан тік тұрғызып,қатарынан қалдырмауға тырысты.Олардың бәрін оқытып, тоқытып тіпті кіші інісін үйлендіріп бөлек үйге шығарып берді. Бұл шығармадан үлкен тәлім-тәрбие алуға болады.Әпкесінің Бауырларына деген махаббаты қамқорлығы туралы айтылады.Тіпті қазіргі кезде әпке болмақ түгілі өз балаларын тастап кете баратын көкек аналар қаншама.

Бұл шығарма әр оқырманның көіңілінен шығады деген ойдамын.Оның басты себебі: Қамажайдың кейіпкері.Бір адамда бірден бірталай қасиеттің жинақталуы,оның ақылдылығы,мейірбандылығы,қамқорлығы,батылдылығы мені тәнті етті.Ол өзінің жеке бас бақытынан бас тартып,жанұясындағы бақытты бірінші орынға қойды.Таң атқаннан кеш батқанға дейін жанұясының қамын ойлап,үй шаруасынан қолы тимеді.Ол тек жеке бас бақытынан ғана емес,дос-жарандарынан да бас тартты.Қамажайдың достары ретінде көршілері болды.Олардың өзімен ол сирек араласатын.Осы батыл әрекеттерінің нәтижесінде, өз інілері мен мен сіңілісін аяқтарына нық тұрғызып,өз дегенініе жетті.

Шығармада көрші әйел мен Қабеннен өзгелердің Қамажайға жаны ашымағаны,қатты көңіліме тиді.Ермек әлі бала болғандықтан,көптеп қиындықтар туғызбады.Ал інісі мен Тимур мен оныі достарының қылықтары жыныма тиді.Сіңілісі Нәзеркенің Тимурға қарсы сөйлегені,бір жағынан дұрыста шығар,бірақ ол да өз жөнін ойлап,әпкесін талай рет ренжітіп жатты.Омар шығармадағы нейтрал кейіпкер.Ол ешкімге проблема туғызбай,өз жөнімен диссертациясын қорғауға дайындалып жүрді.

Қазіргі заманда да әпкелеріне жаны ашымайтын адамдар бар.Бұл шығармада моральдік-этикалық сипаттағы ой толғаулар көп.Соның бірісі ол – әпкеге деген махаббат,сүйіспеншілік,құрмет.Бұл шығарманы барлық қазақ баласы оқыса жақсы болар еді.Сонда мүмкін бұл заманымызда бұндай сұмдық оқиғалар болмайтын шығар

  1. М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда » өлеңінің идеясын ашыңыз. Бір-екі шумағын жатқа жазыңыз.

«Мұқағали поэмаларының ең асылдарының бірі «Аққулар ұйықтағанда». Бұл-алтын ішіндегі меруерттей сәуле шашатын ұлы дүние. «Аққулар ұйықтағанда»поэмасы 1973 жылы «Жалын» журналына жарияланды. Жалпы қазақ халқы ырым, наным-сенімге сенетін халық. Сол себепті олар аққуды киелі санайды. Аққуды ежелден қастерлеп, бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, пәктіктің, сұлулықтың белгісі деп ұғады әрі оған ешқашан оқ атпаған. Аққу турасында ел аузында аңыз-әңгімелер көп, тіпті ақын-жазушыларымыз, әнші-сазгерлеріміз де қарап қалмаған. «Аққу - құстың төресі, жалғыз жатып оттамас» деген нақыл сөзден аққу сыңарынсыз өмір сүре алмайтынын көреміз. Ал, ананың балаға деген махаббаты бәрінен де күштірек. Оқиғада өлім аузында жатқан жалғыз баласына арашасы бола алмаған ананың қасіретінің үміті жырланады:

Бала жатыр төсекте күйіп-жанып,

Баласының ана отыр күйін бағып.

Қайдағы бір қатыгез, сұрқай ойлар,

Миын қарып барады, миын қарып.

..Үн шығармай іш құса, зарлауда ана.

«Мана, күндіз, тәуіп шал не деп кетті?!

«...Айналайын аққудың қанатынан,

қайтеміз ол да адамға бола туған» - деп оқиға ананың Жетімкөлге аттануымен өрбиді:

«Сірә, сорлы жоқ шығар менен өткен,

Құлынымның қасынан неге кеткем?!

Ошақ қасы, от басы, көрмеппін ғой,

Дүние-ау, сен осындай керемет пе ең?!»

«Балам өлсе бақыттың керегі не?!»

«Бас бағып жағада отыр жалғыз ана»

«Ана жүрек тыпыршып қабынуда» - деп баласын өлімнен арашаламақ болмақ болған ана күйі суреттеледі.

Оқиға ортасында қасиетті атқан ананың жай-күйі баяндалады:

Көздің алды көк түтін, ақыл жарым

Білмей отыр жаңағы тыныштықтың,

Сүт ұйыған тегешін сапырғанын!..

...Қасиетке оқ атып, жойған пақыр,

Қалай алып кетерін біле алмастан,

Сүле-сопа, жағада ойлауда құр.

Бұл жырда пақыр ана өз баласы үшін қасиетке оқ атады. Ананы бұған итермелеген баласына деген асыл махаббаты. Тәуіптің сөзіне сенген ана, ақыр соңында, перзентінен де айырылып, өмірден баз кешеді.

23 сұрақ

Адамзат әлемінің бүгінгі тағдыр-бейнесі, моделі атомдық эксперименттің объектісі болған Қарауыл ауылы өмірінің ащы ақиқаты – мүгедек қыз Ләйлә және оның әлеуметтік ортасы. Қарауылдың адамгершілік барометрі, табиғи рух сәулесі Ләйлә еді. Оған өз еркімен өмірден баз кештірген атом ғана емес – адам.

«Мәңгілік бала бейне» - күллі қазақ жұртының ауыр қайғысы мен мұңын жамылған шығарма. Ядролық сынақтардың зардабынан мүгедек болған Ләйлә қыздың өмірі сипатталады. Оның туған жері Қарауылдың ащы болмысы мен әлеуметтік жай-күйі бейнеленеді. Ләйлә атомның әсерінен емес, адам баласының ісінен өз өмірімен қоштасады. Қоғамның лас әрекетіне шыдамаған Ләйләмен бірге оның Қарауылы, рухы, ұлты өледі.

Ләйләнің денесі кем болса да, оның жүрегі кең. Ләйлә - жаны таза, көкірегі көркемдікке құштар жан. Ләйләнің мүгедек екенін біле тұрып оны кемсітетін адамның бірі Қатира еді. Бір Қатира емес бүкіл адамзат баласы оны кем санайтын. Ләйләнің кемтар жан екенін біле тұра оған түсіністікпен қарайтын тек Құмар болатын. Құмар оның жүрегіне арман құсын ұялатқандай еді. Ол тек Құмармен ғана өзін еркін сезінетін. Ләйлә қыздың өмірмен қоштасқанын бірінші білген Қатира оны адамшылықпен, адамға тән қасиетпен жерлемедіде? Ол қайтаға

- Ойбай, мына бейбақ өліп қалғаннан сау ма? «Қап, дәл той күні қылжия қалғанын көрмеймісіңбе? Қасиетсіз неме. Той үстінде кімге барып, ат үсті өлімді хабарлайсың. Жатсын енді, менен басқа мұны әзір сезе қойған ешкім жоқ», - деген әйелдің сумақай жүйрік ойы бір сәтте шешім қабылдап, кезеріп жатқан қыз жүзін орамалмен жасырып жаба салды. Қатира тәтесі соншалықты қатігез боларма еді? Жап-жас әлі өмірді көріпте үлгермеген Ләйләға тірі кезінде жөнделеп жағдайын жасамады. Өмірден қайтқан соңда жасайтын ойы болған жок. Мен ойлаймын соңғы уақытта адамдар қатыгез бола бастаған. Тек мен, мен және мен деп кеткен! Олай демеске негіз жок. Шындығындада адамдар өзінен материалдықта, моральдық жағынан кем тұрған адамдарды адам құрлы көрмейді. Ондай кемтар адамдарға келгенде анайы тілмен айтқанда соқыр болыр қалады. Бірақ, көпке топырақ шашатын ойым жок, бар қайырымды адамдар! Өзінен артылғанын жетім жесірлерге үлестіріп отыратын адамдар. Міне, мен осы Роза апайымыздың шығармасынан үлкееен ой түйіндедім. Еш уақытта кемтар адамдарды ренжітпей арамызда өзімізбен тең санап жүру. Роза апайымыз Құмардың рөлі арқылы оны бізге жеткізе білді деген ойдамын!!!

24 Ф.Оңғарсынованың өлеңіндегі «Әйел –ана» тақырыбы.

Дүниедегі ең сұлу -- әйел. Әйел – бар мұратын отбасының игілігіне байлаған әлемдегі ізгі адам Әйел – бар тілегін перзентінің жолына арнаған әлемдегі ең мейірбан ана. Ұлттың ұйытқысы, ұрпақтың анасы.

Әр адам көзін ашып дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол – ана. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жанұшыра шырылдайтын да – Ана. Ана дегенде сөзге келмейтін тіл, лүпіл қақпайтын жүрек, мөлтілдемейтін жанар жоқ. Балаға анадан артық, анадан қымбат жан жоқ.

Фариза Оңғарсынова жырлағандай:

Ана үлкен , биік құдірет,

Анасыз өмір өтер , жөні бөлек.

Өмірдегі балалар дүниеде,

Арқасында сол ананың ғанибет.

«Ана» сөзі үш әріптен құралған,

Үш әріпте жатыр ғой бар арман.

Сол арманым орындалып кетсе егер,

Аналарға өмірім, арналып кетер ойлаған.

Есіңде болсын ұлдар, қыздар,

Өз анаңа боласың сен қарыздар.

«Кешіріңдер,құрметті аналар» -

Деп өтеді түсінетін адамдар.

Ана деген – асыл жандар болаттай,

Ана деген – мөлдір жандар бұлақтай,

- деп ақын әйел тек аяулы ана, нәзік қыз ғана емес, сонымен қатар белсенді қызметкер. Ананың қоғам өміріндегі алатын орны үлкен. Ана – перзент тәрбиешісі. Ана – қызметкер, Ана – ғалым, Ана – зейнеткер.

Әйелдер жан дүниесіне барлау жасауда ақын жетістігі мол. Оны өзі де ашып айтады: "Адам деген күрделі жаратылыс қой. Соның ішінде әйел халқының жан-дүниесі өз алдына бір әлем. Менің өз жырларымды сол әйел жанының сан күйін мүмкіндігім жеткенше жеткізгім келеді. Менің бұл тақырыптағы лирикалық кейіпкерім – әйелдер. Олардың тағдыры, жан дүниесі, күлкісі мен көз жасы өлеңдерімнің арқауы", – дей келе:

Өз-өзіммен өртеніп барам жанып,

Жүректен жас ағады тарамданып.

Менде жоқ қой бұл күнде тым болмаса,

Ақтарылар алдыңда саған барып.

Жасқа ғана толады жанар налып,

Мен үшін тұр дүние қараң қалып, –

деп, әйелдің мұң-қайғысын сыр ғып шертеді.

Ақын жырында әйелдер бейнесінің көңіл күйі дауылды сезім болып жырланады, тек жай жырлау емес, қазіргі замана талабының биік өрісіне лайықтап жырлау – Фариза туындыларының бір қыры.

25) Дулат Исабековтың "Әпке" шығармасында ата-аналарынан ерте айырылған жетімдер туралы айтылады.Бірақ оларды жетімдер деуге келмес .Себебі, бауырларына ата-ана да,әпке де бола білген үйдің үлкені Қамажай атты әпкелері бар.Қанша бастарынан қиындық өткедерімен әке шешесінің орнын жоқтатпай бауырларының аяқтарынан тік тұрғызып,қатарынан қалдырмауға тырысты.Олардың бәрін оқытып, тоқытып тіпті кіші інісін үйлендіріп бөлек үйге шығарып берді. Бұл шығармадан үлкен тәлім-тәрбие алуға болады.Әпкесінің Бауырларына деген махаббаты қамқорлығы туралы айтылады.Тіпті қазіргі кезде әпке болмақ түгілі өз балаларын тастап кете баратын көкек аналар қаншама.

Бұл шығарма әр оқырманның көіңілінен шығады деген ойдамын.Оның басты себебі: Қамажайдың кейіпкері.Бір адамда бірден бірталай қасиеттің жинақталуы,оның ақылдылығы,мейірбандылығы,қамқорлығы,батылдылығы мені тәнті етті.Ол өзінің жеке бас бақытынан бас тартып,жанұясындағы бақытты бірінші орынға қойды.Таң атқаннан кеш батқанға дейін жанұясының қамын ойлап,үй шаруасынан қолы тимеді.Ол тек жеке бас бақытынан ғана емес,дос-жарандарынан да бас тартты.Қамажайдың достары ретінде көршілері болды.Олардың өзімен ол сирек араласатын.Осы батыл әрекеттерінің нәтижесінде, өз інілері мен мен сіңілісін аяқтарына нық тұрғызып,өз дегенініе жетті.

Шығармада көрші әйел мен Қабеннен өзгелердің Қамажайға жаны ашымағаны,қатты көңіліме тиді.Ермек әлі бала болғандықтан,көптеп қиындықтар туғызбады.Ал інісі мен Тимур мен оныі достарының қылықтары жыныма тиді.Сіңілісі Нәзеркенің Тимурға қарсы сөйлегені,бір жағынан дұрыста шығар,бірақ ол да өз жөнін ойлап,әпкесін талай рет ренжітіп жатты.Омар шығармадағы нейтрал кейіпкер.Ол ешкімге проблема туғызбай,өз жөнімен диссертациясын қорғауға дайындалып жүрді.

Қазіргі заманда да әпкелеріне жаны ашымайтын адамдар бар.Бұл шығармада моральдік-этикалық сипаттағы ой толғаулар көп.Соның бірісі ол – әпкеге деген махаббат,сүйіспеншілік,құрмет.Бұл шығарманы барлық қазақ баласы оқыса жақсы болар еді.Сонда мүмкін бұл заманымызда бұндай сұмдық оқиғалар болмайтын шығар

26 Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.[2]

Абай өлең жазуды 10 жасында («Кім екен деп келіп ем түйе қуған...») бастаған. Одан басқа ертеректе жазылған өлеңдері — «Йузи-рәушән», екіншісі — «Физули, Шәмси». «Сап, сап, көңілім», «Шәріпке», «Абралыға», «Жақсылыққа», «Кең жайлау» өлеңдері 1870 — 80 жылдар аралығында жазылған. Ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы — «Қансонарда» 1882 ж. жазылған. Алайда жасы қырыққа келгеннен кейін ғана көркем әдебиетке шындап ықылас қойып, көзқарасы қалыптасып, сөз өнерінің халық санасына тигізер ықпалын түсінеді. Шығармалары үш жүйемен өрбиді: бірі — өз жанынан шығарған төл өлеңдері; екіншісі — ғақлия (немесеАбайдың қара сөздері) деп аталатын прозасы; үшіншісі — өзге тілдерден, әсіресе орысшадан аударған өлеңдері.

Абай өлеңдері түгел дерлік лирикадан құралады, поэма жанрына көп бой ұрмағаны байқалады. Қысқа өлеңдерінде табиғат бейнесін, адамдар портретін жасауға, ішкі-сыртқы қылық-қасиеттерін, мінез-бітімдерін айқын суреттермен көрсетуге өте шебер. Қай өлеңінен де қазақ жерінің, қазақтың ұлттық сипатының ерекшеліктері көрініп тұрады. Ислам діні тараған Шығыс елдерінің әдебиетімен жақсы танысу арқылы өзінің шеберлік — шалымын одан әрі шыңдайды. Шығыстың екі хикаясын «Масғұт» және «Ескендір» деген атпен өлеңге айналдырады. Ислам дініне өзінше сенген діни таным жайындағы философиялық көзқарастарын да өлеңмен жеткізеді. Абайдың дүниетанудағы көзқарасы XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақ халқының экономикасы мен ой-пікірінің алға ұмтылу бағытта даму ықпалымен қалыптасты. Дүниетану жолында сары-орыстың төңкерісшіл демократтарының шығармаларын оқып, өз дәуірінің алдыңғы қатарлы ой-пікірін қорытып, басқаларға қазақ өміріндегі аса маңызды мәселелерді түсіндіруге қолданады. Дүниетану өңірінде екі қасиеттің — сезім мен қыйсынның , түйсік пен ақылдың қатынасын таразылайды. Сондықтан да: «Ақыл сенбей сенбеңіз, Бір іске кез келсеңіз» деп жазады.

Кез келген халықтың тарих сахнасына шығуы — жүйеге бейімделген біртектес өмір салттың ғана нәтижесі емес, сонымен бірге қасиеттік деп саналатын- арман-аңсардың (идеал) да біртұтастығына айғақ. Олай болса Абай сынының тәлкегіне түскен еріншектік, дарақылық, жалқаулық, күншілдік, өтірікшілік, өсекшілдік, мақтаншақтық, жағымпаздық, жікшілдік сияқты қасиеттер қазақ баласының кейбірінің бойындағы туа біткен кемшілік емес, сол Абай өмір сүрген қоғамдағы саяси әлеуметтік қатынастардың нәтижесі екеніне ден қою қажет. Сонда, Абай бұрынғы бабаларымыздың бойынан көрген «кемшіліктерді» себеп ретінде емес, сол замандағы саяси-әлеуметтік қатынастардың салдары ретінде қарастыруға жол ашқан.

Тоты құс түсті көбелек...

Тоты құс түсті көбелек Жаз сайларда гулемек. Бәйшешек солмақ, күйремек, Көбелек өлмек, сиремек. Адамзатқа не керек: Сүймек, сезбек, кейімек, Харекет қылмақ, жүгірмек, Ақылмен ойлап сөйлемек. Әркімді заман сүйремек, Заманды қай жан билемек? Заманға жаман күйлемек, Замана оны илемек.