Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
казак тили шпоооооооооооооооооооооооооор.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
15.09.2019
Размер:
92.44 Кб
Скачать

15.Билердің шешендік мектебі

Қазақ халқының бірлігі мен бейбіт өмірін қалыптастыруға ұлан-ғайыр еңбек сіңірген билер тағылымы тарих үшін ғана емес, біздің келешек ұрпақ үшін де құнды.

Кезінде Ахмет Байтұрсынов: “ Әділ билердің қолындағы билік қазақтың неше түрлі дертін жазатын жақсы дәрі еді,”- деді. Демек бұл қастерлі мұра- шешендікпен айтылған билер сөзі ұмытылмайды, қай кезде болса да халық жадында.

Билер татихы Майқы би мен Аяз билерден бастау алды. Тарихтан бізге мәлім мына билерді атауға болады: Төле би, қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке би.Бұлардың бәрі сөзге шебер, өз халқының шешендік-поэтикалық өнерінің дәстүрлерін бойына сіңірген, зерделі, халқына жанашыр дара тұлғалар болған.

Төле би жас кезінде талай жасы үлкен атақты абыз билердің алдынан өтіп батасын алады. Төле бала әуелі әкесіне барыпты. Жасы жүзге тақап отырған әкесі ынтымақ, ел бірлігі жөнінде әңгіме айтып отырады. Төле "Қалай еткенде бірлік болады, оның күші қандай болмақ" дегенді сұрайды. Сонда. әкесі әуелі жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық алдырады:

- Балам, мынаны сындырып көрші. Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды. - Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы? Төле ортасынан буылған шыбықты шешіп, біртіндеп пырт-пырт етіп оп-оңай сындыра береді. Әлібек би: - Бұдан не түсіндің, балам? - дейді. Сонда. Төле бала: - Түсіндім, әке бұл мысалыңыздың мәнісі: ынтымағы, бірлігі мықты елді жау да, дау да ала алмайды. "Саяқ жүрген таяқ жейді" демекші, бірлігі, ынтымағы жоқты жау да, дау да оп-оңай алады дегеніңіз ғой. - Бәрекелде, балам, дұрыс таптың. Ел билеу үшін алдымен елді ауызбірлікке, ынтымаққа шақыра біл. "Бақ қайда барасың дегенде, ынтымаққа барамын" дегенінің мәнісі осы, - депті.

16 Ф.Оңғарсынова өленің жатқа жазу

Анама

   Кеудеңде мені тербеттің,

жас шыбық енді көктеді.

Мінеки мен де ер жеттім,

еңбегің бекер кетпеді.

Өмірде мынау ең жақын,

аяулым сенсің, анашым!

Болмаса мейлі зор даңқың,

мен үшін бірақ данасың.

Мейірім төккен нұр жүзің

тұрғандай сезем жанымда.

"Адал бол, - деуші ең, - жұлдызым",

сақталды сөзің жадымда.

"Игі еңбек түбі осы-ау" дер

көргендер жеміс ағашын.

Қартаймай, мәңгі жасай бер

мәңгілік Күндей, анашым!

17 Дулат Исабековтың Әпке поэмасындағы Қамажай бейнесі Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты — балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдыретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты — тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні — өз ұрпағы. Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол — бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер — жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді

Осылай бауырларына ата нан да , әпке де бола біліп, оларға адамгершілік, қайырымдылық, татулық, инабаттылық сияқты қасиетерді уйрете білген Дулат Исабековтың Апке шығармасындағы Қамажайды масыалға алуға болады.

.Қанша бастарынан қиындық өткедерімен әке шешесінің орнын жоқтатпай бауырларының аяқтарынан тік тұрғызып,қатарынан қалдырмауға тырысты.Олардың бәрін оқытып, тоқытып тіпті кіші інісін үйлендіріп бөлек үйге шығарып берді. Бұл шығармадан үлкен тәлім-тәрбие алуға болады.Әпкесінің Бауырларына деген махаббаты қамқорлығы туралы айтылады.Тіпті қазіргі кезде әпке болмақ түгілі өз балаларын тастап кете баратын көкек аналар қаншама.

Бұл шығармадан үлкен тәлім тәрбие алуға болады, әпкесінің бауырларына деген шексіз махаббатын , қамқорлығын сезінуге болады.