Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
казак тили шпоооооооооооооооооооооооооор.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
15.09.2019
Размер:
92.44 Кб
Скачать

27 Мұқағали Мақатаевтын шыгармашылыгына арганлган гылыми

Мұқағали Мақатаев: «Қазақтың ашуымен ойнамау керек»

Есбол Өміржанов. Мұқағалидың мемлекетшілдігі

ХХ ғасырдың бастапқы кезеңінде орын алған репрессия, түрлі қуғын-сүргіннен соң қазақ зиялылары өз саяси-құқықтық ұстанымдарын ашық жарияламаса да мүмкіндігінше әртүрлі жолдармен оқырманға жеткізуге талпыныс жасап отырған деп айтуға батылымыз жетеді. Көптеген қазақ зиялылары кеңестік заманның жақсылығын ғана жариялайтын қатал цензураға қарамастан ұлттық мүдде тұрғысындағы өз пайымдарын қағаз бетіне түсіріп, сол кезде жариялай алмаса да болашаққа аманат етіп қалдырды. Кейбірі шығармшылықта ойды астарлап жеткізудің түрлі тәсілдерін пайдаланып шынайы пікірлері мен көзқарастарын білдіріп жатты. Ал енді біреулері ештеңеден тайсалмастан ақиқатты айта алды. Жалпы кеңестік кезеңдегі саяси-құқықтық көзқарастар жайлы сөз қозғалған кезде сол дәуірдегі ақын-жазушыларды айналып өту мүмкін емес, себебі барлық кездерде де ақын-жазушылар өз дәуірінің жаршысы бола білді, сол кезеңнің сипатын өздерінше шығармаларында бере білді. Биылғы жылы 80 жылдық мерейтойын тойлаған ақын Мұқағали Мақатаев та өзі өмір сүрген кезең жайлы, оның жеткен жетістіктері мен жіберген олқылықтары туралы өз шығармаларында тұшымды ақпар бере алды.

«Ей, Бауырым!

Неге сонша мұңайдың?

Мен мұңайсам, сенен бетер жылаймын.

Көп ойланып, аз күрсінген халқыма,

Қараймын да,

Қайраттанам, шыдаймын» (9,02,1976) - деп жырлаған ақынның шығармаларына қарап оның да өзін қоршаған орта мен сол кездегі мемлекеттегі саясат пен идеология жайлы дербес пікірінің болғандығын аңғаруға болады. Яғни, біз Мұқағали Мақатаевтың саяси және құқықтық көзқарастарына талдау жасау арқылы оның өзі өмір сүрген кезеңдегі мемлекеттік-құқықтық құбылыстарға қатысты дербес көзқараста болғанын алға тартқымыз келеді. Ақынның өзі де бұл турасында ойын келесідей сабақтаған еді: «Шынайы шын ақын - өз халқының шаттанса шаттығы мен қуанышы, жыласа көкірек шері мен көзінің жасы. Осыдан барып оның азаматтығы да, ақындығы да сарапқа түспек» [1, 199 б].

Біздің пікірімізше, Мұқағали Мақатаев ақын ретінде өзін қоршаған ортаның ерекшеліктері мен онда кездесетін жайларды тереңіне үңіле отырып жырлады. Ол өзі өмір сүрген қоғам өмірі мен мемлекеттілік турасында қалам тартудың жақтаушысы болды. Зейнолла Шүкіровке жазған хатында (15 март 1964 жыл) ол қазақ поэззиясындағы олқы тұстар жайлы айта келе өз ойын келесідей жалғастырған:  «Біздегі тағы бір ауру - әлеуметтік, қоғамдық тақырыптарға барғанда алдымызда тұрған шың-жартасқа өрмелеп шығудан гөрі айналып өтуге тырысамыз. Оның күнгей жағынан төбесіне шығып аламыз да көкірек қағып, уралаймыз. Ал оған шығу үшін қарманған, жол-жөнекей қиыншылықтар бізге бармағын шығарып қала береді» [2, 37-38 бб.].

Революция, социализм мұраттары тақырыптарына ақын көптеген шығармаларын арнады. Ақынның кеңестік идеологияға қатысы жайлы түрлі пікірлер айтылып жүр (Б.Алдамжаров. «Отырсаң - опақ, тұрсаң -сопақтың» кері...Жұлдыз, №2, 2005 -.) бірақ, ақиқаты ақынның сол кезеңдегі саясаттан тыс қалмағандығы. Ақын соғыс тақырыбын, соғыс кезіндегі ауыл тіршілігін өзіндік ерекшелікпен жырлады. Ол жайлы ақынның замандастары да жоғары бағаларын берді. «Соғыс жылдарындағы ауыл өмірін, ауылдың қайғы-қасыретін қазақта Мұқағалидай жеріне жеткізіп жырлаған ақын жоқ десем, мен қателеспеймін» (Т.Молдағалиев Мұқағали жайлы естелік).

Қаламгер Ж.Кәттебектің Мұқағалимен Мәскеуде өткізген күндері  жөніндегі естелігінде ақынның өзі жайлы айтқандарын келтіріледі. «Егер өлең жазбасам мен ешқашан да қазақты танымас едім. Мен кейде өз бойымнан бақсының жыны секілді адуынды дүлей күшті көрем. Бұл қазақтың рух күші. Егер сендер мені қазаққа таныта алсаңдар, бас аяғы он жылдың ішінде мен сендерге жаңа Кенесары шығарып берем. Жоқ, бұл әзіл емес. Мен бұны тұла бойымды кернеп тұрған әлгі дүлей күштің қуатынан сезініп жүрем. Ұдайы сезем де жүрем, бірақ ешкімге айта алмаймын. Қазақтың ашуымен ойнамау керек. «Жуастан жуан шығады». Біреулер бізді орысқа бейімсіңдер деп жүр. Сен одан қорықпа. Егер қазақ орыс болса, өзін орыс қылғандарды көрінде өкіртетін қылады. Сен не, әруақтармен ойнап жүрмісің? Мен қазақ поэзиясында қазіргі дәуірдегі нағыз қазақтың жанын бірінші ашқан ақынмын. Сол үшін мені ұнатпайтындар көп. Жек көреді. Қызғанады. Күндейді. Өйткені өздері бүйте алмайды. Бүйтуге қорқады. Олар менің поэзиядағы мәжнүн болып жүргенімді де ұнатпайды. Мәжнүндіктен есуастық туады дейді. Ұлы өлеңді есуастар жазады десең таңданады. Ел аман, жұрт тынышта рухқа еркіндік сұрап ереуілге кімдер шығатынын білесің бе? Жанынан безгендер шығады. Мен жанынан безген ақынмын»

Мұқағали Мақатаевтың мемлекет, қоғам, саясат жайлы ой-пікірлері бастапқы кезде өзі өмір сүрген кезеңмен үндес болса, өмірінің соңына қарай мүлде өзгергендігін біз жоғарыда атап кеткен болатынбыз. Ақын өз халқының Одақ құрамындағы мүшкіл халін, болашағының бұлыңғырлығын түсініп, алаңдаулы болды десек қателеспейміз. Бірақ, Мұқағали да өзге ұлы ақындар сияқты өз халқының басына бақыт орнығатынын алдын-ала болжап, оптимистік жырлар жазып қалдырды. Ойымызды ақынның келесі шумағымен аяқтағымыз келеді:

Білемін, керемет бір күн келеді!

Жайнайды жасыл бағым, гүлденеді!

28. «Абай жолы» роман-эпопеясында ең алдымен ХІХ ғасырдағы қазақ халқының барлық әлеуметтік топтарының түгелдей дерлік қамтылғанын айтуымыз керек. Екіншіден – Әуезов романында суреттелген қазақ халқы өзінің этнографиялық сипатының мейлінше таза, айқындалған кезеңінде көрсетілген. Ғылыми-техникалық дамудың, тарихи-әлеуметтік дамудың, коммуникацияның халықтың ұлттық бейнесіне әсер ете қоймаған, этнографиялық зерттеулер үшін, этнографиялық тұрғыда тану үшін өте қолайлы кезеңін түгелдей алып, жіктеп бұзып-жармай, бүтін күйінде суреттеп ш ыққан. Әлем әдебиетіндегі бүтіндей бір халықтың жарты ғасыр уақыт бойындағы өмірін барлық қырынан алып, бірде-бір әлеуметтік топты, шаруашылық құрылымды, әдет-ғұрыптық, салт-саналық ерекшеліктерді шашау шығармай көрсетіп берген бірден-бір шығарма – «Абай жолы».