Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
казак тили шпоооооооооооооооооооооооооор.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
15.09.2019
Размер:
92.44 Кб
Скачать

6 Ана махаббаты құдіретті

Адамның ең алғашқы, ең мейірбан Отаны – ана құрсағы. Оның қасиетті аясында болашақ нәресте тоғыз ай, он күн шарана қалпын түзейді. Дүниеге жаңа келген нәресте одан кейін өз өмірінің басталу шағын ана құшағында өткереді. Уызға жарып, анасының ақ сүті бойына дарыған сәбидің жарық дүниеге деген сезімі мен серігі оянады. Үш күннен кейін анасын таниды, бөгде адамды жатырқайды. Ана мейірі, ана әлдиі оның көңіл күйін өбектейді. Енді ол айналаға көз тоқтатады, түрлі-түсті ойыншықтарға көзі түседі, уілдеп үн шығарады. Бөбек қырқынан шыққан соң күле бастайды. Таупықты маңдайын анасының мүбәрәк алақаны сипалаған балдырған бесіктен белі шығып, тәй-тәй басады. Ана құрсағының жұмағынан, ана құшағының құнарынан, ана алақанының сылағынан дарыған осыншалық мейір одан әрі өсудің, жетілудің жетелі жетегіне айналады. Міне, осылардың бәріне бола, біз ана мейірін дүниедегі ең ұлы қасиетке, ал ананың өзін – дүниедегі бірден-бір мейірбан жанға балаймыз. Жасаған ием бізді жаратты, ана туды! Адам ата мен Хауа анадан басқалардың бәрі де ана жатырында жаралған. Адам ата мен Хауа ананы жаратқаннан кейін Жасаған ием анасыз, әкесіз адам жаратқан жоқ, бұдан былай адамзат ұрпағын жарық дүниеге келтіру мехнаты дүниедегі ең мейірбан жан анаға ғана жүктелді… Ана құдіреті жайлы аңыз-әпсаналардың көп болуы да сондықтан.

Халқымыздың басына күн тудырған әр қилы тар жол, тайғақ кешулерде ана құдіретінің қабырғасы біржола қақырамаса да, күйзеле күңіренген тұстары болған ғой, болған… Ал, қазір ше? Төрт жағымыз төрт құбыла болуға тиіс осы бір әбүйірлі шақта, тәуекелге бел бууға шамасы жетпей жатқан шалағай ұрпаққа қайран ана назалы аманат айтуда: Болса да зұлмат салмағы Таусыла айттым шынымды – Анаңды ұмытсаң дағы Ұмытпа ана тіліңді! Есте болсын, күні ертең «енді ешкімге керегім жоқ» дегізетіндей шарасыз сәт туа қалар болса да, ана рухы біздерден көз жазбайды, қандай қалыпқа түссек те, баяғыша… біздерден күдер үзбейді. «Анаңды ұмытсаң дағы, ұмытпа ана тіліңді!» деп жер қойнауынан жар салумен болады. Оған қосыла Табиғат-ана да, Отан-ана да бізден Тіл-ананың сағын сындырмауды өтінеді. Соның бәріне жауап ретінде: «Ана тіліңді ұмытпасаң, анаңды да ұмытпағаның» дейді кешірімі мол ана-мейір дүние.

7 Ғабит мүсірепов өмірі мен шығармашылығы

(1902-1985)

Қазақ әдебиетінің кеңестік дәуірдегі көрнекті қайраткерлерінің бірі — көркемсөз зергері Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов 1902 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында кедей шаруаның отбасында дүниеге келген.

Ол алғаш өз ауылында ескіше оқып, хат таныған. 14 жасында (1916 жылы) Обаған деген жердегі нағашысының көмегімен орыс мектебіне окуға түседі, бұл мектепті бітіріп, Преснегорьковтағы екі кластық орыс мектебінде оқьш, жеті жылдық мектептің көлемінде білім алады. 1923-26 жылдары Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетіне (рабфак) оқуға түсіп, оны бітірісімен Омбыдағы ауыл шаруашылық институтында бір жыл ғана оқиды. Содан кейін кеңестік дәуірдегі баспасөз, халық ағарту, көркем өнер мекемелерінде әр түрлі жауапты қызметтерді атқарады.

Жазушының әдеби-шығармашылық еңбегі жиырмасыншы жылдардың аяқ шенінен басталады. Оның жазушылық еңбегіне үлгі болған Пушкин, Лермонтов, Гоголь, Крылов, Чехов, Толстой, Салтыков-Щедрин сияқты орыс классиктері болды. Әсіресе оның шығармашылық еңбегіне ерекше әсер еткен Гоголь, Чехов, Горький сияқты әңгіме, очерк, хикаят, роман жазушы сатириктер еді. «Мен, — деп еске алады өзінің «Автобиографиялық әңгімесінде, — сол кездегі Орынбор рабфагін кейбір жоғары дәрежелі мектептермен теңесе алады-ау деп ойлаймын!... Орыс әдебиетін оқығанда Гоголь, Чехов, Горький шығармалары ойыма қона қалушы еді. Қабырға газетіне бірінші рет ұзақ әңгіме жаздым (кейін ол «Тулаған толқында» деген повеске айналып, менің бірінші басылып шыққан әдеби еңбегім болды»).

Сол кезден бергі уақыт ішінде жазушы жиырмадан астам әңгіме, хикаяттар («Қос шалқар», «Талпақ танау», «Ана туралы новеллалар», «Автографиялық әңгіме», т.б.), ондаған пьесалар («Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Ақан сері — Ақтоқты», «Аманкелді», «Қынаптан қылыш т.б.), «Қазақ солдаты», «Ұлпан», «Оянған өлке» атты романдарын, қара сөзбен жазылған «Кездеспей кеткен бір бейне» поэмасын жазды.

8 соз мадениети

Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас құралдарының ішіндегі өмірде кең қолданылатыны және аса маңыздысы – тіл. Сондықтан адамдар арасындағы қатынас мәдениеті туралы айта отырып, сөз мәдениетіне соқпай кету мүмкін емес.

Сөз мәдениеті, біріншіден, ауызекі тіл мәдениеті және жазба тіл мәдениеті болып екіге бөлінеді.

Ауызекі сөйлеу тілінің де жазба тілінің де бастау негізі – белгілі бір ұлттың дәстүрімен сабақтасқан жалпы халықтың тілі. Ауызекі сөйлесу кезінде жеке адамдар өзінің мінез – құлқын көрсетеді. Сондықтан да сөйлеу, сөйлесе білу өнер, мәдениеттіліктің белгісі. Тілдік норманың жүйесін толық сақтайтын жазба тіл. Соның ішінде жазба әдеби тіл. Жазба әдеби тіл – жазу арқылы бнлгілі жүйеге түскен жазу дәстүрі мен әр түрлі жазба әдебиетінің негізінде қалыптасқан, тұрақты нормалары, стильдік – жанрлық тармақтары бар тілдің түрі.

Екіншіден, сөз мәдениеті сөзді дұрыс қолдану (сөз дұрыстығы) және сөзді бедерлі жұмсау (сөз шеберлігі) деген екі сатыдан тұрады.

Сөз дұрыстығы қәзіргі әдеби тілдің жұртшылық таныған, үлгі түтқан нормасын ұстану дегенді білдірсе, сөз шеберлігі тек нормаға тән дұрыстықты ғана білдірмейді, сонымен қатар алуан түрлі тілдік амал-тәсілдерінің ішінен мағына, стильдік жағынан аса дәл, ұтымды түрін талғау дегенге негізделеді. Бұл жерде сөзге дұрыс не бұрыс деген баға берілмейді. Сөз “дәлірек”, “айқынырақ” деп бағаланады.

Тіл анық болмас, ой анық емес деген сөз. Тіл – ойдың айнасы. Тілдегі сауатсыздық – адамның жалпы сауатсыздығының, мәдениеті төмендігінің көрінісі, рухани байлығының әлсіздігі.