Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАРТОЧКА. НАУЧ.СТ..doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
18.12.2018
Размер:
171.01 Кб
Скачать

№ 13 Тапсырма

   Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей мен Тәжікстан басшылары Шекара аймағындағы әскери саладағы сенім шараларын нығайту туралы келісім (Шанхай қаласы, 1996 ж.) мен Шекара аймағындағы әскери күштерді өзара қысқарту туралы келісімге (Мәскеу қаласы, 1997 ж.) қол қойғаннан кейін құрылған «Шанхай бестігі» тетігінің негізінде 2001 жылы Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) құрылды.

            2002 жылғы 7 шілдеде қабылданған ШЫҰ Хартиясына сәйкес Ұйымның негізгі мақсаттары: өзара сенім, достық пен тату көршілікті нығайту; саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени, білім беру, энергетикалық, көлік, экологиялық және басқа салалардағы ынтымақтастықты қолдау.

            Қазіргі кездегі ШЫҰ мүшелері: Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан мен Өзбекстан. ШЫҰ жанындағы бақылаушы статусына ие елдер: Монғолия (2004 жылдан бастап), Үндістан, Иран және Пәкістан (2005 жылдан бастап). 2009 жылы маусымда Екатеринбургте өткен саммиттте қабылданған шешім бойынша Белоруссия мен Шри-Ланка сұхбат бойынша әріптес мәртебесіне ие болды.

            Шанхай ынтымақтастық ұйымы – қандай да бір елге қарсы бағытталған әскери блок емес және жабық альянс та емес, ол кең халықаралық ынтымақтастыққа бағытталған құрамы кеңейтілуі мүмкін ашық ұйым. ШЫҰ-ның қазіргі кездегі негізгі мақсаттары: өңірдегі бейбітшілікті, тұрақтылық мен қауіпсіздікті қолдау, сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту.

            ШЫҰ жоғары органы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің мемлекет басшыларының кеңесі болып табылады. Кеңес басымдылықтарды белгілеп, Ұйым қызметінің негізгі бағыттарын айқындайды, оның ішкі құрылымы мен жұмыс істеу негізгі мәселелерін шешеді, басқа мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынасын реттейді, сонымен қатар халықаралық өзекті мәселелерді қарастырады.

          ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Үкімет басшыларының кеңесі (премьер-министрлер) Ұйым шеңберінде сауда-экономикалық ынтымақтастық саласындағы өзара ықпалдастықтың негізгі мәселлерін қарайды және шешеді, Ұйым бюджетін қабылдайды. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерінің кеңесі Ұйымының ағымдағы қызметінің, мемлекет басшыларының кеңесінің отырысына дайындық, халықаралық проблемалар бойынша Ұйым шеңберінде консультациялар өткізу мәселелерін қарайды. Қажет жағдайда Кеңес ШЫҰ атынан мәлімдеме жасай алады.

                        Қалыптасқан тәжірибе бойынша Ұйымға төрағалық 1 жылдық кезең ішінде жүзеге асырылады, кезекті саммит аяқталғаннан кейін басталып, төрағалық етуші мемлекеттің аумағында ШЫҰ-ға мүше мемлекет басшыларының кезекті отырысын өткізумен аяқталады. 2010 жылы 10-11 маусымдағы Ташкентте өткен саммитке дейін Ұйымға Өзбекстан төрағалық етті. 2010 жылдың маусымынан бастап 2011 жылдың маусымына дейін ШЫҰ-ға Қазақстан Республикасы төрағалық етеді.

 

№ 14 Тапсырма

Қазақтың тарихы і. Сөз басы

Тарих дейтін: бұрынғы өткен заманның жайынан сөйлеп тұратұғын, бұрынғы өткен кісілердің ісінен хабар беретұғын бір ілім. Қазақтың көбі оны «шежіре» деп айтады. Бұ заманның ғалымдары тарихты ең оңды мұғалім деп түсінеді.

Тарих – түзу жөнді үйретуші деп айтады. Тарих халықты түзу жөнге сілтеуші болса, оған дүние де түзушіліктің кітабы. Тіршіліктің жолбасшысы деуге де болады. Келешек күннің қандай болашағын білуге тарих анық құрал болады.

Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт, өзінің тарихын ұмытқан ел – қайда жүріп, қайда тұрғандығын, не істеп не қойғандығын білмейді, келешекте басына қандай күн туашығына көзі жетпейді.

Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады. Дүние де өңге жұрттар қатарында кім қор болмайын, тұқымым құрып қалмасын деген халық өзінің шежіресін имани дәрежесінде ұғып білуге тиіс болады.

Қазақ ішінде һәр үйдің отағасы, һәр ауылдың ақсақалы тұрған бір шежіре, бұрынғы өткен-кеткеннен естіген білгені болса, кейінгі жастарға соның бәрін айтып отырады. Бірақ ел ішінде жүрген шала моллалар, тарихтың не екенін білмеген надан қожалар тарих десе екі құлағы тік тұрады. «Тәйірі, тарих неге керек?! Ол не айтады дейсін; әншейін ертегі, өтірік қой! Құдайдың бұйрығы емес, Мұһаммедтің сөзі емес, оны оқу-білу не керек!» деп аңдау елге арамзалығын қылып, тарихтан жұрттың көңілін суытады.

Тарих не айтады? –десеңіз, оның айтатыны мынау: біздің бұрынғы бабаларымыздың кім екендігі; олардың дүниеде не істеп, не бітіргендігі; қандай қуаты барлығы, ол қуатты не орынға жұмсағандығы; істеп жүрген ісінің қайсынан пайда, қайсысынан зарар көргендігі; бұрынғы бабаларымыздың досты-дұспаны кім екендігі; не себеппен бағы тайғандығы және соған ұқсас істердің барлығын тарих сөйлеп түсіндіріп тұрады.

Егер тарих оқысақ, пайдасы бар істің қандай екенін біліп, соны істемекшіміз! Заралы істен қашпақшымыз! Бұрынғының оңды ісінен үлгі алмақшымыз!

Осы күнде істеп жүрген ісіміз, қылған жұмысымыз, мінез-құлқымыз, сөздің бәрі кейінгілерге тарих болып қалады. Бұрынғының тарихы жазылмай қалушы еді, ендігі тарих күні-күніменен жазылып тұрылады. Кейінгілер ғибрат аларлық үлгі тастап кетіп алғыс алармыз ба? Жоқ, далаға лағып, жөнсіз кетіп қарғыс-лағынет аламыз ба? Кеудесінде көзі бар адам көп ойланарлық жұмыс.

Тарих – түзу, жөнді үйретуші; тарих түзушіліктің кітабы; тарих тіршілікте жолбасшы дейтініміз осы.

Біз әзіргі сөзді осының менен қысқарта тұрамыз. Мұнан соң «Қазақ» газетінде қазақтың анық шежіресін жазып тұрмақшымыз.