Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кеден.docx
Скачиваний:
107
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
125.06 Кб
Скачать

26. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар наменклатурасын жүргізу.

1. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы Дүниежүзілік кеден ұйымының Тауарларды сипаттау мен кодтаудың үйлестiрiлген жүйесіне және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына негізделеді.

2. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын Кеден одағының комиссиясы бекітеді.

3. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына өзгерістер енгізу туралы шешімдерді кеден ісі саласындағы уәкілетті органның ұсыныстары негізінде Кеден одағының комиссиясы қабылдайды.Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын және оған өзгерістер енгізу туралы шешімді Кеден одағының комиссиясы жариялайды.

4. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын техникалық жүргізу Кеден одағы Кеден кодексінің 51-бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

27.Кеден ісі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар

Әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кінәлі қасақана немесе абайсызда жасалған іс - әрекеті не әрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс - әрекеті не әрекетсіздігі әкімшілік құқықбұзушылық деп танылады. Әкімшілік құқық бұзушылыққа жататындар:

Кеден бақылауы аймағының режимін бұзу;

Тауарлар және көлік құралдарын әкелу кезінде ҚР – ның кеден шекарасынан өтетіні туралы хабарламау;

Тауарлар мен көлік құралдарын ҚР – ның кеден аумағынан тысқары жерге әкету ниеті туралы хабардар етпеу немесе анықталмаған хабар беру;

Авария немесе жойқын күштер жағдайында шаралар қолданбау;

Тауарларды және көлік құралдарын жеткізу орнына бермеу;

Тауарларды,көлік құралдарын және олардың құжаттарын ҚР кеден органының рұқсатынсыз беру,жоғалту немесе ҚР – ның кеден органына жеткізбеу;

Көлік құралдарын тоқтатпау;

ҚР кеден органының рұқсатынсыз көлік құралын жіберу;

Кедендік бақылауда тұрған кемеге және басқа жүзу құралдарына жанасып тоқтау.;

Декларация толтырушының кедендік рәсімдеуді жүргізу тәртібін бұзуы;

Кедендік рәсімдеу аяқталмаған тауарлармен және көлік құралдарымен заңсыз операциялар жүргізу,жай – күйін өзгерту,пайдалану және билік ету;

ҚР кеден органының рұқсатынсыз жүргізілетін жүк және өзге де операциялар;

Ұқсастыру құралдарын өзгерту,алып тастау,жою,зақымдау не жоғалту;

Декларация берушінің тауарларды және көлік құралдарын декларациялау тәртібін бұзуы;

ҚР – ның кеден органына кеден декларациясын,құжаттар мен қосымша мәліметтер беру мерзімдерін бұзу;

ҚР – ның кеден органына есеп – қисапты бермеу және есеп жүргізу тәртібін сақтамау;

Уақытша сақтау мерзімін бұзу;

Таурларды сақтауға орналастыру тәртібін,оларды сақтау және олармен операциялар жасау тәртібін бұзу;

Тауарларды жою тәртібін бұзу.

28. Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша жүргізілетін жұмыстар

Кеден ісі сасласында құқықбұзушылырға келесі жаза түрлерін белгіледі: 1.ескерту;

2.айыппұл салу;

3.лицензиядан айыру;

4.аттестатциядан өткізу;

5.тауарды тәркілеу;

6.соттың шеімімен тауардың құнын анықтау

Арнаулы ереже бойынша кедендік ережелерді бұзған жеке және қызметтегі тұлғалар жауапкершілікке тартылады. Бұндай жағдайда Қазақстан Республикасының кедендік қызметкері тез арада бұл туралы хаттама әзірлеп, хаттамада төмендегі нәрселер көрсетілуі тиісті.

а) Хаттаманы әзірлеушінің аты, тегі, лауазымы.

б) Кедендік ережелердің бұзылуы туралы мәліметтер.

в) Ереженің қай уақытта, қай жерде бұзылғандығы туралы ескертпелер.

г) Ереженің бұзылуына сәйкес жауапкершіліктің жүгі туралы статья көрретілуі тиісті.

д) Егер куәгерлер болған жағдайда олардың аты, тегі жазылуы тиіс.

р) Кедендік ережені бұзған адамның осы туралы түсініктемесі алынуы

міндетті тұрде қажет.

к) Кедендік ереже бұзылған жағдайда алынған жүктердің тізімі.

к) Істі жүргізуге қажетті басқа да мәліметтер көрсетілуі қажет.

Хаттамаға оны құрастырушының, жауапты адамның, куәгерлердің қолы қойылуы міндетті. Жауапты адамның хаттамаға келіспеушілігі туралы өз пікірін білдіруге болады және оның хаттамаға қол қойылмағаны туралы мәлімет берілуі қажет.

Хаттамада жауапкершілікке тартылатын адамның құқықтары да көрсетіледі және хаттаманың көшірмесі (копиясы) оған жіберіледі немесе тапсырылады.

Кедендік ереженің бұзылғандығы туралы хаттама жазу мүмкіндігі болмаған жағдайда кедендік жауапты қызметкер айыпты тұлғаны арнаулы кедендік бөлмеге әкелуге құқы бар. Бұндай жағдайда кедендік қызметкер Қазақстан Республикасының кедендік ережелеріне сәйкес жанындағы қызметкерлерден жәрдем сұрауға да еркі бар.

Хаттамада жауапкершілікке тартылған адамның (тұлғаның) қарсылық көрсетілгені туралы да жазылуы тиісті.

КК 294 бабына сәйкес хабарландыруды, өтініштерді, басқа да кеден ережесін бұзуға әрекеттер әзірлеп жатқанын, жасап жатқанын немесе бұзушылық жасалып болғаны жөніндегі ақпараттар үш тәулік ішінде аяқтау керек, тек кездейсоқ жағдайларда 10 тәуліктен аспау керек. Мұндай хабарландырулар, өтініштерді және ақпараттарды тексеретін ҚР кеден басқармасының лауазымды тұлғасы кеден ережесін бұзу жөніндегі істі жүргізгенге дейін тауарларды және көлік құралдарына кедендік бақылау жүргізуге құқы бар, сонымен қатар кедендік брокерден және басқа тұлғалардан тауарларды немесе көліктік құралдарын ҚР кедендік шекарасынан өткізу үшін тиісті тұрде сол тұлғалардан құжаттарды, түсініктемелерді және айқындама қағаздарын алу керек.

Кеден ережесін бұзу жөніндегі істің өндірісі істі жүргізгеннен бастап бір айдың ішінде аяқталуы тиіс. Бұл істі кеден басқарма бастығының одан жоғары ҚР кеден басқармасының рүқсатымен ғана үзартуға болады.