Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кеден.docx
Скачиваний:
107
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
125.06 Кб
Скачать

10.Кедендік одақтар мен халықаралық кедендік ұйымдар

  1. Кеден ісіндегі халықаралық ұйымдар және көпжақты келісімедер (СТС/ВТО, ГАТТ/ВТО)

  2. ООН-ның құрамына: халықаралық сот, Бас ассамблеясы, экономикалық және әлеуметтік совет, секретариат, ООН-ның қауіпсіздік советі. (АҚШ, РФ, Ұлыбритания, Қытай, Франция).

Қазіргі таңда Қазақстан бас келісім тариф және қатарына кіру туралы келіссөздер жұргізіп жатыр (ГАТТ). Қазақстан үшін өте маңызды болып кедендік достастық советіне қатысу табылады(СТС). ҚР СТС-ке 30 маусым 92ж. СТС ұйымы тек еуропа елдерінің басын ғана қоспайды, ол халықаралық деңгейдегі ұйым болып табылады.СТС өзіне 120 дүниежүзінің мемлекетін енгізеді. Совет 15 халықаралық және 50 әр түрлі кедендік сұрақтар жайлы ұсынушылықтарды реттейді. Советпен жұмыс қаржы комитетінің (13 мүше) және саясат комиссияның (17 мүше) материалдарымен құрылады, олар советтің негізгі бағытарына қатысты ұсыныушылықтарды қарайды және береді, қаржы комитетінде және саяси комиссияда өзінің құрылысы, міндеттері бар. Советтің жұмыс органдары болып 6 техникалық комиссия табылады:

  1. тұрақты техникалық комитет

  2. контрабандаға қарсы комитет және НТП

  3. кедендік бағалау комитеті

  4. номенклатура комитеті

  5. үндестіру жүйесі бойынша

  6. кедендік бағалау бойынша техникалық комитеті

Сонымен қатар жыл сайынғы оқу семинары жұмыс істеп тұр. 6 комитет өзінің қажеттіліктері үшін сессия алдындағы және іскерлік группаларды ұймдастырып отыр. Олар подкомитеттер деп аталады. Сонымен қатар совет Женевада теңіз консультативті ұйым қамқорлығында жасалған контейнерлер бойынша кедендік конвенциямен басқаруды жүзеге асырады. Совет Секратариаттың, әкімшілік комитетітінің міндеттерін белгілейді. СТС-тың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің өкілдері Советтің және оның комитеттерінің сессияларында бақылаушы ретінде қатысады. СТС-тың негізгі секретариаты (Брюссель) 111 адамнан тұрады, барлық ресми қызмет орындарды СТС мемлекет мүшелерінің ресми өкілдері алады. Әрбір жылда КДС 25-тен кем емес техникалық шараларды жүзеге асыру керек. СТС-тың бюджеті әрбір қаржы жылына жасалады. Бір жыл 1 шілдеден 30 маусымға дейін созылады.

ГАТТ халықаралық үкіметаралық экономикалық ұйым және сыртқы сауда саласындағы, сондай-ақ әр түрлі мемлекеттер ісіндегі халықаралық құқықтық шарт болып табылады. 1947ж. қазанда құрылды(көпжақты келісім 1 қараша 1948ж. заңды күшіне енді). ГАТТ/ВТО кеден ісі бойынша мемлекеттердің ынтымақтастықтар әр түрлі бағыттар мен аспектілер бойынша, кедендік саясат пен заң шығару бойынша үлкен тәжірибесі бар. ГАТТ мүшелері болып әлем саудасының 90% болатын 148 мемлекет табылады. ГАТТ халықаралық сауданың ерікті емес,бірақ әділ негізгі ережелерді белгілейді. Уругвай раундының ВТО-сы ГАТТ пен ВТОны ауыстыру үшін арналған және 1 қараша 1995ж. заңды күшіне енді. ВТО-ның ГАТТ-ты саудалық шарттан мүшелік ұйымға айналдыратын келісім және заң шығарушы негізді белгілейді.Заң шығарушы негіз әр түрлі сауда пактерді біріктіреді және халықаралық сауда сұрақтар және кедендік іс бойынша дауларды шешу үшін жалпымеханизмдібекітеді.

Кедендік одақ

Кедендік одақ - екі немесе бірнеше мем лекеттердің өз араларындағы кедендік шекараларды жою және бірыңғай кедендік тариф құру жөніндегі келісімі.

Ресей, Қазақстан және Белорусия арасындағы КО

2010 жылдан бастап үш ел - Ресей, Белорусия Қазақстан үшін бір ыңғай кедендік тариф күшіне ен ді. 2011 жылдың 1 шілдесінен бас тап бірыңғай кедендік кодекс ен­гізілетін болады. 2011 жылдың ортасынан бастап тауарлар дың кедендік бақылауы Беларусь Республикасының, ал бір жылдан кейін Қазақстан Респуб ли ка сының сыртқы шекарасына кө ші рілетін болады. Үкіметтегі білікті мамандар: «Толыққанды және толық ауқым дағы Кедендік 2011 жылдан бастап енгізіледі және Ресей мен Қазақстан шекарасындағы барлық рәсімдеу шаралары шекараның сыртқы жиегіне шығарылады, оның ішінде барлық тарифтік және тарифтік емес: санитарлық, ветеринарлық, фитосанитарлық реттеулер бар. Бұлардың барлығы 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап өз гертіледі» деп атап көрсетті.Одаққа бірігудің негізгі мәні одаққа мүше мемлекеттер ішіндегі кедендік тосқауылдардың бол мауында және кез келген сыртқы тауарға, оның қай елге тасымал данатынына және ортақ шекарадан қай жерде өткеніне қарамастан бірыңғай кедендік талапты қалыптасуында. Келешекте біртұтас көліктік, энер гетикалық, ақпараттық кеңістік құрылуы тиіс, интеграциялық процестер жеделдетіледі, толыққанды жалпы рынок қалыптасады, ұлттық экономикалар біртұтас кешенге бірігеді.

Дүниежүзілік Кеден Ұйымы

Штаб пәтері: Брюссель, Белгия.Құрылған күні: Қаңтардың 26 1953.Ұйым түрі: мемлекетаралық. Мүше елдер: 177. Бас хатшысы: Кунио Микурия. Ресми тілдері: Ағылшын, Француз.Дүниежүзілік Кеден Ұйымы – халықаралық ұйым, 1950 жылы Брюссельде (Бельгия) Кедендік кеңестер достастығы ретінде құрылған, қазіргі атауымен 1994 жылдан аталады. Дүниежүзілік Кеден Ұйымы БҰҰ-ның түрлі ұйымдарымен (Сауда және даму жөніндегі конференция, Еуропа эконом комиссия, т.б.) бірлесіп жұмыс істейді. Дүниежүзілік Кеден Ұйымының Бас хатшылығы кедендік мәселелердің барлық проблемаларына көңіл қойып, оның технология, әсіресе, экономика проблемаларын шешіп отырады, құжаттар жобасын жасайды, ұсыныстар дайындайды, кеден заңдарының біркелкі, бірыңғай болуын қадағалайды. Қазақстанның кеден қызметкерлерін даярлау ісіне, республика кеден органдарын технология жағынан қайта жабдықтауға көмектесті.

Біртұтас экономикалық кеңістік

2003 ж қыркүйекте Беларусь, Қазақстан, Ресей және Украина президенттері Біртұтас экономикалық кеңістікті құру туралы Келісімге келіп, оның Тұжырымдамасына қол қойды. Ол Достастық кеңістігінде экономикалық интеграцияның жаңа оңтайлы жолдары мен тәсілдерін қарастырудың нәтижесінде жүзеге асырылды. Осылайша Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (бұдан әрі – ТМД) елдері Жалпы ішкі өнімінің 90% үлесіне ие экономикалық дамыған 4 ТМД мемлекеті интеграцияның жаңа сапалы әрі жоғары деңгейіне көшу туралы шешім қабылдады.Қол қойылған құжаттар тек экономикалық сипатқа ие. Олар инфрақұрылымдық жүктемені төмендетуге бағытталған. Ал бұл өз кезегінде ортақ кеңістікте тауар өндірушілердің өзара қарым-қатынасын жеңілдетіп, бәсекелестік қабілетін көтереді. Біртұтас экономикалық кеңістікті қалыптастыру туралы келісімде және Тұжырымдамасына енген интеграциялық үлгі әлемдік экономиканың қазіргі заманғы талабына жауап беріп, әлемдік шаруашылықтың ғаламдану үрдісіне енеді.Біртұтас экономикалық кеңістікті (бұдан әрі – БЭК) қалыптастыру туралы келісім 2004 жылғы 20 мамырда заңдық күшіне енді.Президенттердің 2003 жылғы 23 ақпандағы мәлімдемелеріне сәйкес БЭК-ті құру бойынша Жоғары деңгейдегі топ құрылды (ЖДТ).Жоғары деңгейдегі топтың міндетіне тауарлардың, капиталдың, қызмет көрсетудің және жұмыс күшінің еркін қозғалысын қамтамасыз етуге және экономиканың әртүрлі саладағы мемлекеттік Заңнамаларын үйлесімдендіруге бағытталған, құжаттарды, тетіктерді және институттарды дайындау кіреді.