Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кеден.docx
Скачиваний:
107
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
125.06 Кб
Скачать

14. Кедендік қоймаларды уақытша сақтау қоймалар, еркін қойма, еркін кедендік аумақ.

Уақытша сақтау қоймалары - тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтауға арнайы арналған, уәкілетті орган беретін лицензия негізінде жұмыс істейтін қоймалар. Уақытша сақтау қоймаларының түрлері

1. Тауарларды уақытша сақтау рәсімдерін жүзеге асыруға арналып арнайы белгіленген және жайластырылған үй-жай, аумақ немесе орын уақытша сақтау қоймасы деп танылады.

2. Уақытша сақтау қоймалары, осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кез келген тауарларды уақытша сақтау рәсімдерін жүзеге асыру және кез келген тұлғалар пайдалану үшін қолжетімді ашық түрдегі қоймалар болып табылады.

3. Кеден органдары құратын уақытша сақтау қоймалары ашық түрдегі қоймалар болып табылады.

4. Жабық түрдегі уақытша сақтау қоймалары белгілі бір тауарларды немесе белгілі бір тұлғалардың тауарларын сақтауға арналған. Жабық түрдегі уақытша сақтау қоймаларын айналымы шектелген және сақтаудың ерекше жағдайларын талап ететін ерекше тауарларды әкелуді жүзеге асыратын тұлғалар құрады не жабық түрдегі қойманы құру сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың немесе көлік ұйымдарының қажеттеріне сай келген кезде құрылады.

Еркін қойма - бұл тауарлар қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды қоспағанда, шетелдік және қазақстандық тауарлар еркін қойма ретінде танылған тиісті үй-жайларда (орындарда) кедендік баждар, салықтар алынбастан және тарифтік емес реттеу шаралары қолданбастан орналасатын және пайдаланылатын кедендік режим.

Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген тауарларды қоспағанда, қайта өңдеуге арналған тауарларды, сондай-ақ олардың көмегімен тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялар жүзеге асырылатын тауарларды еркін қойманың кедендік режиміне орналастыруға жол беріледі.

Кеден қоймалары мен еркін қоймалар - бір бөлігі уақытша сақтау үшін пайдаланылатын, кеден қоймасының және еркін қойманың кедендік режимдеріне сәйкес тауарлар мен көлік құралдарын орналастыруға арнайы арналған, уәкілетті орган беретін кеден қоймасын құруға арналған лицензия және еркін қойма құруға арналған шешім негізінде жұмыс істейтін қоймалар.

Еркін кеден аймағы - бұл тауарлардың қауіпсіздігі жөніндегі талаптардан басқа, кедендiк баждар алынбастан, тарифтік емес реттеу шараларын қолданбастан шетелдік және қазақстандық тауарлар арнайы экономикалық аймақтың тиісті аумақтық шекараларында орналасатын және пайдаланылатын кедендік режим.

Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті тауарларды, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, арнайы экономикалық аймақ аумағына еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастыруға рұқсат етіледі.

15. Кеден шекарасында тауарларды импорттау және экспорттау кезіндегі валюталық бақылау.

Кеден шекарасында тауарларды импорттау және экспорттау кезіндегі валюталық бақылау саласындағы талаптардың сақталуын растайтын Қазақстан Республикасының валюта заңдарына сәйкес талап етілетін құжаттар.

480-бап. Кеден органдарының валюталық бақылау саласындағы функциялары

Кеден органдары өз өкілеттіктерінің шегінде Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізу кезінде Қазақстан Республикасы валюталық заңдарының сақталуына бақылауды қамтамасыз етеді.

481-бап. Кеден органдарының валюталық бақылау саласындағы өкілеттіктері

Қазақстан Республикасының валюталық заңдарын сақтау мақсатында кеден органдары:

1) сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың Қазақстан Республикасының валюталық заңдарын сақтауын бақылауды қамтамасыз етеді;

2) Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес тауарлардың және көлік құралдарының Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы қозғалысы туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін хабардар етеді;

3) кеден органдары анықтаған Қазақстан Республикасының валюталық заңдарын бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін және екінші деңгейдегі банктерді хабардар етеді.