Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
psyhol.docx
Скачиваний:
210
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
185.01 Кб
Скачать

10.Түйсіктердің қандай негізге сүйеніп жіктелетінің атаңыз.

Сонымен, түйсiк - дүние хақындағы бiздiң барша бiлiмдерiмiздiң бастау көзi. Сезiм

мүшелерiне əсер етушi объектив заттар мен құбылыстар тiтiркендiргiштер деп аталады

да, ал олардың əсерiнен сезiм мүшелерiнде туындайтын құбылыс - тiтiркену деп

қабылданған. Тiтiркенуден, өз кезегiнде, жүйке тарамдарында қозу пайда болады. Түйсiкжүйке жүйесiнiң қандай да тiтiркендiргiшке жауапты реакциясы ретiнде туындап, əрқандайпсихикалық құбылыс секiлдi рефлекторлық сипатқа ие.

Түйсiктiң физиологиялық механизмi - арнайы жүйке тетiгiталдағыш қызметi.Əрталдағышүшбөлiктентұрады:1)сыртқыэнергияныжүйкепроцесiнеқосушы дененiңшеткiбөлiктерiндежайласқанрецепторлар; 2)қозудыорталықжүйкебөлiгiнежеткiзушiафференттiкнемесесезiмталжүйкелер;3)шеткiбөлiктенжеткенжүйкеимпульстарынөңдеушiталдағыштыңмиқабығындағыбөлiктерi.Анализаторлардыңмиқабығыаймағынданақтырецепторжасуша-ларынасайарнайымекендерiболады. Түйсiкпайдаболуыүшiнбаршаталдағыштардыңтұтастай, бiрлiктiқызметiқажет. Соныменбiргеоларенжарқабылдаушығанаемес, тiтiркендiргiштердiң əсерiнеорайикемдiөзгерiскекелеберетiнмүше, мұндайөзгерiстергеқажетталдағыштарөзқұрылымындақозғаушытетiктергедеие. Мысалы, терiқабатынаинемен əсеретiлсе, олжердiрiлқағатыныбайқалады, осындайтiтiркендiргiштердентамыртартылуы, терiжиырылуы, көзаудару,мойынбұру, қолқағыстарыжəнет.б. бəрiдетүйсiк реакцияларынабайланыстытуындайтыныбелгiлi.Сонымен, түйсiктер тiптi де енжар процесс емес, олардың белсендiлiгi ерекше. Бұлпроцестердiң бəрiнiң де белсендiлiк сипаты түйсiктердiң өзiнше жауап əрекетке келуқасиетiнен туындап отыр.

11. Қабылдау түрлері мен заңдылықтарының өзарабайланысын орнатыңыз

қабылдау дегенiмiз – ақиқат дүниедегi заттар мен құбылыстардың сезiм мүшелерiне тiкелей әсер етiп, тұтастай заттық түрде бейнеленуi.

.Қабылдаудың түйсiктерден едәуiр дамығандығын көрсететiн тағы бiр ерекшелiгi, егер, түйсiктердiң нәтижесiнде белгiлi бiр сезiм (ашықтық, аштылық, тепе-теңдiк, суықтық, дыбыстың жоғарылығы және т.б.) пайда болатын болса, ал қабылдаудың негiзiнде адам санасының затқа, құбылысқа, процеске жатқызатын өзара байланысты түйсiктердiң жиынтығы ретiндегi бейне қалыптасады.

Бiрақ қабылдау мiндеттi түрде түйсiктерге негiзделедi. Түйсiну мен қабылдаудың маңызды ұқсастығы – екеуiнiң де пайда болуы үшiн дүниедегi заттар мен құбылыстардың адамның сыртқы сезiм мүшелерiне тiкелей әсер етiп отыруы керек.

Сонымен, қабылдау - түйсiкке қарағанда, едәуiр күрделi әрi жоғарырақ сатыда тұрған психикалық процесс. Қабылдауға түйсiктермен қатар, ой элементтерi де, елестер мен ұғымдар енiп отырады. Заттар мен құбылыстарды қабылдаған кезде соларды түйсiнiп, қабылдаумен бiрге бiз ол заттардың қайдан пайда болғанын, олардың қасиеттерiнiң қандай екендiгiн елестетiп, түсiнiгiмiздi, ұғымымызды кеңейтiп отырамыз. Сондай-ақ, анық және жақсы қабылданған заттар ғана түсiнiктi болады. Түйсiну мен абылдау процестерi болмайынша, дүниедегi заттарды бiлу мүмкiн емес. Адам дүниедегi заттарды қабылдай отырып, оларды сипаттайды, бiрiмен-бiрiн салыстырады, олардың арасындағы ұқсастығын, айырмашылығын, олардың жалпы қасиеттерiн ажыратып отырады. Осының нәтижесiнде ғана, адам қабылдау процесiнен жоғары сатыда тұрған ойлау сияқты күрделi психикалық процестерге көшiп отырады. Қабылдау басқа психикалық функциялар сияқты, дүниедегi объективтiк заттардың адамның санасында субъективтiк бейнеленуi болып табылады. Әр адам айналасындағы заттарды өзiнше қабылдайды. Адам қабылдауының мазмұны түгелiмен сыртқы дүниедегi заттардың және құбылыстардың мазмұнымен байланысты. Бiрақ сонымен қатар қабылдау тек сыртқы дүниедегi заттардан тәуелдi болып қоймай, адамның физиологиялық әрекеттерiмен де байланысты.

Қабылдау процесiнде адамның өткендегi тәжiрибесi ерекше маңыз алады. Бұл ерекшелiктi апперцепция деп атайды.

Сыртқы ортадан адамға дамылсыз ақпарат келiп отырады. Жалпы, адамның қабылдауы эволюциялық жолмен дамып, қоғамдық тәжiрибе әсерiнен жетiлiп, күрделенiп, кеңейiп, мазмұны жағынан байып отырды.

Қабылдаудың тұтастылығы деп объектiнiң кейбiр қабылданатын элементтерiнiң жиынтығын сенсорлық түрде және ойша тұтас бейне күйiне толықтыруды айтады.

Қабылдаудың объектiсi кейбiр жеке қасиеттерден, жеке бөлiктерден тұрғанымен, бiз оларды бүтiндей, тұтастай қабылдаймыз. Қабылдаудың нәтижесiнде қалыптасатын тұтас бейне түйсiну түрiнде алынатын заттың жеке қасиеттерi мен сапалары жөнiндегi бiлiмдердi жалпылау негiзiнде құрылады.Қабылдаудың құрылымдылығы қабылдаудың тұтастылығымен тығыз байланысты. Бiз белгiлi бiр объектiнi жеке элементтермен емес, ал тұтас құрылым ретiнде қабылдаймыз. Мысалы, музыканы қабылдағанда, бiз оны жеке ноталар бойынша емес, ал тұтас әуен ретiнде қабылдап, қайта жаңғырта аламыз.Қабылдаудың заттылығы – қабылдаудың көрнекi бейнесiн сыртқы дүниенiң белгiлi бiр заттарына жатқызу. Бұл объективация актiнде жақсы көрiнiс табады. Осындай объективациялық қасиетiнсiз қабылдау өзiнiң бағдарлаушы және реттеушi қызметiн атқара алмайды. Қабылдаудың заттылығының дамуында адамның практикалық iс-әрекетi маңызды рөл атқарады. Бiз заттарды олардың тәжiрибеде қолданылу қызметi негiзiнде ажыратамыз. Мысалы: ересек адам кiрпiштi жарғыштан оңай ажырата алады. Бұлардың сыртқы пiшiнi бiрдей көрiнгенiмен, олардың кейбiр айрықша қасиеттерiнiң болатынын бiз өткен тәжiрибемiзден бiлуiмiздiң арқасында оларды әр түрлi екi зат ретiнде қабылдаймыз. Қабылдаудың мағыналылығы. Бұл ерекшелiкте қабылдаудың түйсiктерден негiзгi айырмашылығы жақсы көрiнедi. Объектiлердiң мазмұнын жақсылап түсiнбейiнше, оларды белгiлi тұжырымдар мен сөз арқылы атамайынша, олар толық қабылданбайды. Егер объектiнiң аты сөзбен берiлсе, ол қандай нәрсе болса да, оңай және тез қабылданады. Қабылдаудың тұрақтылығы немесе константтылығы деп сыртқы жағдайдың өзгеруiне қарамастан, заттардың мөлшерi, формасы, түсi және т.б. қасиеттерiнiң салыстырмалы бiр қалыпты болып қабылдануын айтады. Мысалы, ақ қағаз қараңғы бөлмеде қара болып көрiнсе де, бiз оны ақ түстi ретiнде қабылдаймыз. Сондай-ақ мысалы, құрылысшылар биiк объектiнiң үстiне шығып тұрғанда, адамдардың құмырсқадай кiшкентай болып көрiнгенiмен, олардың мөлшерiн тұрақты қабылдай алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]