Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
psyhol.docx
Скачиваний:
210
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
185.01 Кб
Скачать

35.Темперамент өзгермейді деген тұжырымды сыни бағалаңыз.

Адамның жеке динамикалық бiтiстерi оның сырттай əрекет-қылығында,қозғалысында ғана емес, барша ақыл-ой топшылауынан, ниеттерi мен қызмет бабынанкөрiнедi. Темперамент ерекшелiктерiнiң оқу мен еңбек барысына ықпал етуi табиғиқұбылыс. Дегенмен,темпераментайырмашылықтарындағы басты қасиет – олардыңпсихикалық мүмкiн-дiктер деңгейiнде емес, өзiндiк iске асу көрiнiстерiнде.Егер iс-əрекет қалыпты жағдайда жүрiп жатса, соңғы нəтиже мен темпераментарасында ешқандай тəуелдi байланыс болмайды. Бұл ғылыми дəлелденген. Сонымен,тұлғаның қалыпты жағдайдағы əрекет нəтижесi оның шап-шаң не енжар екендiгiнеқарамай,бiрдей өлшемде болады, себебi соңғы өнiм нəтижесi басқа факторларға, əсiресе

сеп-түрткiлер мен қабiлет деңгейiне байланысты келедi. Темпера-мент ерекшелiктерi солəрекеттi орындау тəсiлдерiн өзгертуге ықпал жасауы мүмкiн.

Темпераментiне қарай адамдар соңғы нəтиже емес, сол нəтижеге жету жолдарын

таңдауымен ажыралады. Темпера-менттiң тума ерекшелiктерi тəжiрибе, əлеуметтiк

ортаға жəне өз басын билей алуға байланысты психикалық процестерде көрiнiс бередi.Жағдайға орай жауап-əрекет, бiр жағынан жүйке жүйесiнiң сипатына, екiншi тараптан – оқутəрбие мен кəсiби тəжiрибеге тəуелдi (Р. М. Грановская). Мысалы, тəжiрибелi шқыштың,боксердiң, жүргiзушiнiң əрекет шапшаңдығы тума берiлген қасиет емес, жаттығу менйренудiң нəтижесi. Ал сол əрекеттердiң iске асу шегi жүйке жүйесiнiң мүмкiндiктерiменанықталады.Көптеген кəсiби қызметтер үйрету, оқытумен кемел-денбейдi, ондайдатемперамент бiтiстерi шек қояды. Мысалы, домбыраны əркiм де тартуы мүмкiн, ал шеберкүштi болу - кемде-кем адамға берiлген өнер. Мұндайда маман дайындау үшiн кəсiбитаңдаумен бiр кəсiби бағдарлы тəрбие əбден қажет. Психологиялық ерекшелiктерiненегiздеп, кəсiби маман-дандырылған адамдар өз еңбегiнде үлкен қанағаттанумен зор табыстарға жете алады.Адам iс-əрекетiнiң жемiстi болуы сол адамның тем-перамент ерекшелiктерiнетiкелей байланысты. Мысалы, қызмет нысандары тез ауысатын, жаңа адамдарментiлдесу қажеттiгi көп жерде, бiр өмiр қалпынан екiншiсiне көшу керек болған жағдайлардасангвиник дамды пайдаланған абзал. Ал флегматиктер рекетте сылбыр, енжаркөрiнгенiмен, жай, iрқалыпты, тұрақты бiр тəртiппен орындалатын қызметтерде өтетиiмдi келедi. Қайталануы көп, жалықтыра-тын, арапайым iстерде меланхолик шыдамдылық көрсете алады, мұндайда олар басқаларға қарағанда онша шаршапшалдықпайды. Ал қызмет бабы мен əдiстерi шектелген, еркiн қимылға үмкiндiк жоқжерде - сангвиник пен холерик типтi де шыдамайды.

36 Гиппократтың темперамент туралы теориясы туралы көзқарасыңызды көрсетіңіз

Темперамент туралы ілім ерте замандарда пайда болған. Гиппократ, кейіннен Гален сияқты дәрігерлер адамдардың мінез-құлықтарының дара көріністерін бақылау арқылы солардың өз ерекшеліктерін сипаттап жазуды, түсіндіруді ойластырады. Темперамент туралы ілімнің негізін салған ежелгі грек дәрігері Гиппократ болды.Гиппократтың пікірінше, адамның тәнінде төрт түрлі сұйықтық болады: қан, шырын, сары және қара өт, олар дұрыс араласса — адамның дені сау, дұрыс араласпаса — сырқат болады. Ағзадағы сұйықтардың біреуінің басым болуы адамның темпераментін анықтайды. Сұйықтардың аттарына орайлас қойылган темперамент атаулары күні бүгінге дейін сақталып келеді.Гиппократ темпераменттер белгілі мөлшерде адамның тұрмысына, ауа райы жағдайларына тәуелді болады деп санады. Мәселен, отырып жұмыс істейтіндердің денесінде флегма жинақталса, үнемі қимыл қозғалыстағыларда — өт көбейеді, темперамент те осыған сәйкес анықталады. Гиппократ типтерді дұрыс сипаттағанымен, оларды ғылыми тұрғыдан түсіндіре алмады.Кейіннен темперамент жайлы осындай гуморальдық теориялардан басқа химиялық, физикалық, анатомиялық, неврологиялық және таза психологиялық теориялар да ұсынылды. Бірақ бұлардың бірде-біреуі де темпераменттің табиғатын толық және дұрыс түсіндірмеді.Темперамент тұлғаның барлық психикалық көріністеріне реңк беріп отырады, ол эмоция мен ойлауға, еріктік қимыл-қозғалысқа, сөздің сарыны мен ырғағына әсер етеді. Бірақ темпераментке жеке адамның моральдық тәрбиесі, әлеуметтік бағдары, әуестнуі, қызығуы тәуелді еместігін естен шығармаған абзал. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл-қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады. Темперамент – организмнің физиологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе жоғары нерв қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс. Темпераментадамның жалпы қозғалысынан да (мәселен біреулер шапшаң қозғалады, тез қимылдайды, енді біреулер жай қимылдап, асықпай істейді), психиканың күші мен тереңдігінен де (мәселен, біреу өжет, алғыр болса, екінші біреу керісінше, сылбыр, өнегесіз болады), адамның көңіл-күйінің ерекшелектерінен де (салмақты, тұрақты, жеңіл, тұрақсыз, т.б.) эмоция сезімдерінен де (біреу сабырлы, екінші біреу күйгелек т.б.) жақсы байқалып отырады. Темперамент туралы алғашқы ой-пікірлер ғылымда өте ерте кездің өзінде-ақ айтыла бастады. Гиппократтың (б.э.д. 460-356) еңбектерінде бұл жөнінде біраз пікірлер айтылған. Гиппократтың ойынша, түрлі темпераменттер адамдар мен жануарлардың денесінде төрт түрлі сұйық заттарға байланысты болмақ. Олар: денені жылытып тұратын-қан, салқындататын -шырын, құрғататын-бауырдағы сары өт және оған дымқылдық беретін қара өт. Осы төрт түрлі сұйықтың араласуының пропорциясын грекше “красис” деп атаған. Ал латын тілінде кейін бұл терминді темпераментум деп атап кеткен.Сөйтіп, Гиппократ және оның шәкірттері адамдағы темперамент-тердің әр түрлігі организмдегі осы төрт түрлі сұйық заттың бір-бірінен аз-көптігіне байланысты деп түсінген. Мәселен, организмде қанның пропорциясы артық болса, ол сангвиникалық (латынша “сангинус” – қан), ал шырын басым болса (грекше “флегма” -шырын), флегматик темперамент деп; ал организмде қара өт басым болса меланхолик (грекше “мелай-холе” – қара өт), организмде сары өт басым болса, холерик ( холе-өт) темпераменті деп аталған.Гиппократ организмдегі сұйықтардың бірінен екіншісінің басым болуы кейбір аурулардың шығу тарихын түсіндіруге де жарайды дейді, ол мидың ролін түсіне білдіуоны бездердің бірі деп санады. Бұл -адамның жеке ерекшеліктерін жаралыстық ғылыми зерттеудің алғашқы қадамы еді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]