Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
psyhol.docx
Скачиваний:
210
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
185.01 Кб
Скачать

8. Түйсік және оның түрлерінің өзарақатынасына анықтама беріңіз

Түйсік деп – қоршаған сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке қасиеттерінің сезім мүшелерімізге әсер етіп, миымызда бейнеленуін айтамыз. Түйсік біздің барлық біліміміздің бұлағы деп айтуға болады. Түйсік болмаса, біз басқа жолмен заттың, қозғалыстың ешқандай формалары туралы еш нәрсе біле алмаймыз. Түйсік біздің санамызды сыртқы дүниемен байланыстырып отырады.

Түйсi к түрлерi

Түйсiктер сезiм мүшелерімiзге байланысты көру түйсiгi, дəм түйсiг i, иiс түйсiг i, терi түйсiгi, кинестетикалық, ибрациялық жəне органикалық болып бiрнеше түрге бөлiнедi. Ежелден-ақ адам өзiнiң сыртқы бес сезiм мүшесi не орай көру, есту, сипау , иiс жəне дəм түйсiктерiн ажыратқан. Қазiргi кезде сыртқы жəне iшкi ортаны рецепторда бейнелейтiн 20-дан астам түрлi талдағыштар бары белгiлi. А . Р . Лурияның пайымдауынша, түйсiктер негiзгi екi принцип бойынша жiктеледi: а) жүйелi- генетикалық (қызметiне орай), б) құрылым күрделiлiгi мен деңгейiне байланысты .

Түйсiктердiң ең маңызды түрлерiн үш топқа жiктеу қабылданған: интероцептiк,

проприоцептiк, экстероцептiк.

Интероцептiк түйсiктер дененiң iшкi процестерiне байланысты , яғни iшек, қарын , жүрек , қан тамырлары мен басқа да iшкi құрылым қатпарларындағы тiтiркенулерд i миға

жеткiзiп отырады. Түйсiктердiң бұл тобы тiрi ағзалар да пайда болу жағынан ең ежелгiлердiң əрi өте қарапайым түрi. Интероцептiк түйсi ктерд iң пайда болуы мен олардың жүрiсiн түсiндiрiп бiлу өте қиын, сонымен бiрге нақты қозу нүктесiне ие емес, яғни

диффуздық күйде болады , осыдан бұлар адамның көңiл - күй қалпына жақындау келедi. Проприоцептiк түйсiктер дененiң кеңiстiктегi қалпы жөн iндегi ақпараттармен

қатамасыз етiп, адам қозғалысының сезiмдiк негiзiн құрап , оларды реттеп отырады. Бұл түйсiктер тобының шеткi рецепторлары бұлшық еттер мен буындарда ерекше жүйке тəндерi формасында бер iлген ( тельца Паччини ). Осы жүйкелiк тəндерде пайда болатын қозулар бұлшық еттер созылғанда, буындар қалпы өзгергенде туындайтын түйсiктердiбейнелейдi. Аталған топқа , сонымен бiрге, ерекше қасиеттерге ие теңдестiк жəне тұрақтылық түйсiктерi де кiредi. Олардың перифериялық рецепторлары iшкi құлақтың шеңберлi сайларында жайласқан .

Экстероцептiк түйсiктер ең үлкен түйсiктер тобын құрайды . Бұл түйсiктердiң қызметi сыртқы дүние ақпаратын адам сезiмi не жеткiзу жəне қоршаған ортамен үздiксiз

байланысты орнату. Барша экстероцептiк түйсiктер тобы шартты түрде аралық жəне түйiсу түйсiктерi деп аталған екi бөлiкке жiктеледi.

9 Түйсіктің заңдылықтарының табиғатын көрсетіңіз

Түйсік – адамның және басқа жан иелерінің жанқуатынан туындаған танымдық сезімі. Түйсік айналадағы нәрселердің сезіммүшелеріне тікелей әсер етіп, олардың жеке қасиеттерінің санада таңбалануы. Түйсік заттардың түр-түсін, ыстық-суығын, дәмін, иісін, т.б. сипаттары мен қасиетін ажырататын дүниетанудың алғашқы сатысы. И.П. Павлов түйсіктердің пайда болуын жүйкедегі талдағыштардың (анализатор) жұмысына байланысты түсіндіреді. Түйсік — материалдық дүниедегі белгілі бір кезде адамның тиісті сезім ағзаларына әсер ететін заттар мен құбылыстардың жеке сапаларын бейнелейтін қарапайым психикалық үрдіс.

Термин 4 түрлі мағынада қолданылады:

  • 1) берілген биологиялық түрге тән алынбаған реакция;

  • 2) белгілі бір түрге тән белгілі тәсілмен жауап қайтара алуға бейімділік. Бұл бейімділік бақыланатын мінез-құлықтың негізі болып табылады;

  • 3) дамудың белгілі бір шартында, әуестенукүйінде, стимулды жағдайларда пайда болатын күрделі әрекеттер жинағы. Бұл мағына көбінесеэтологиядақолданылады, мысалы, белсенділіктің тіркелгенпаттерндері;

  • 4) алынбаған, тұқым қуалау арқылы берілетін тенденциялар, мінез-құлықтың күрделі модельдерініңмотивациялықкүштерінің функцияларын орындайды. Бұл мағына классикалықпсихоанализдеқолданылады.

Талдағыштардың қай-қайсысы болмасын үш бөліктен тұрады. Біріншісі – сезім мүшесі (рецептор), екіншісі – миға баратын жүйке талшықтары, үшіншісі – мидағы әр түрлі жүйке орталықтары. Сыртқы талдағыштардың рецепторлары экстроцептор, ішкі мүшелердің хал-күйін білдіретініинтероцептор, ал дене мүшелерінің қозғалысы мен орналасуын хабарлайтын рецепторларды проприоцептор деп атайды. Адам түйсігінің негізгі заңдылықтары 19 ғасырдың орта шеніндегі эксперименттік психологияда зерттелген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]