Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Psikh_durystalyngan.docx
Скачиваний:
816
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
243.76 Кб
Скачать

1.Психология пәні, мақсаты,міндеті мен әдістерін сипаттаңыз

Психология дегенімміз – психика дамуының жалпы заңдылықтарын, зерттеу әдістерін, теориялық принциптерін және оның ғылыми негіздерінің қалыптасу жүйесін зерттейді.

Адам - көптеген ғалымдардың зерттеу тақырыбы болып келеді. Адамзат өзінің тарихын, шығу тегін, тілдері мен салт-дәстүрлерін тануында психология ғылымы ерекше орын алады.Психологияның зерттеу пәнінің негізіне, адам болмысының табиғаты, психикалық құбылыстары, үрдістері, қасиеттері кіреді. С.Л.Рубинштейн "Жалпы психология негіздері" еңбегінде (1940) былай деп жазды: "Психология зерттейтін құбылыстардың арнайы шеңбері анық әрі айқын көрінеді. Бұған біздің өміріміздің ішкі мазмұнын құрайтын және бізге тікелей тән уайымдар сияқты сезімдер, ойлар, ұмтылыстар, тілектер, ниеттер, қабылдаулар және т.б. жатады.".

Психология ғылымының пәні туралы ойлар әлі күнге дейін нақты емес. Психологтардың көбі өздерінің зерттеу пәні ретінде психикалық процесстерді (ойлау, есте сақтау, сезім т.б) қарастырады. Ал, кей жағдайларда психол-ң пәні ретінде тұлға туралы, адам туралы айтады. Психология пәніне қатысты айтылған бұл екі ықпал толық қанағаттандырылмайды, ойткені жоғарыда айтылғандардың барлығын басқа да көптеген ғалымдар зерттейді.

Психологияның негізгі мақсаты — психиканы цубьективттік структураның, сыртқы ортаны байымдаумен, елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттің негізі ретінде зерттеу.

 Пәннің атауы ежелгі грек тілінен аударғанда, психология (псюхе-жан, логос-ілім) жан туралы ілім дегенді білдіреді. Кең таралған көзқарастар бойынша, алғашқы психологиялық түсініктер діни нанымдармен байланысты болды. Жанды зерттеу және түсіндіру - психология

Психология міндетіне психологиялық айғақтар және заңдылықтармен қатар, психикалық әрекеттің механизмдерін орнықтыру да кіреді. Ал механизмдер осы немесе басқа психологиялық үрдісті жүзеге асыратын нақтылы анатомо-физиологиялық аппараттардың жұмысын қажет ететін болғандықтан, психология бұл механизмдердің табиғаты мен әрекетін басқа ғылымдармен бірге зерттейді. Мәселен, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді естің негізіне әр түрлі механизмдер жататыны белгілі.  Сонымен, психология дегеніміз - психиканың айғақтарын, заңдылықтарын және механизмдерін зерттейтін ғылым

Психология ғылымында  негізгі әдістерге бақылау және эксперимент жатады. Сонымен қатар психологиялық жеке әдістер де қолданылады: әңгіме әдісі, анкеті әдісі, іс-әрекет нәтижесі мен үрдісін талдау, тест әдісі.

Бақылау әдісі дегеніміз – әр түрлі табиғи жағдайда жеке тұлғаның іс-әрекеті мен қылықтарын қабылдаудың негізінде мақсатты зерттеу.

Бақылау табиғи жағдайда жүргізіледі. Ескеретін мәселе, бақылау жүргізілген кезде сол қадағалау нысаны болып отырған адам бақылау жүргізіліп жатқанын білмеуі керек, егер сезген жағдайда шынайылық жоғалады. Психологиялық зерттеулердің табиғилығын сақтау-бақылауға қойылатын бірінші талап. Бақылау әдәсәне қойылатын екіншіталап – бақылау үнемі мақсатты болуы қажет, яғни зерттеудің мақсаты мен міндеттері айқын қойылуы керек. Бақылау әдісіне қойылатын үшінші талап – оның нәтижесін тіркеу. Негізінен әртүрлі техникалық құралдар (бейнекамера, фотокамера, т.б.) жазбалардың түрлері (стенограммалар, хаттамалар, бақылау күнделіктері т.б.). Психологияның негізгі әдістерінің бірі – эксперимент.::

Эксперимент әдісі. Егер бақылауда зерттеуші өзін қызықтыратын психикалық үрдістердің байқалуын бейжай күтетін болса, ал экспериментте зерттеуші өзіне қажетті жағдайда жасайды. Сөйте отырып, экспериментатор оларды тұрақты қамти алады. Басқа зерттеушілермен бірдей жағдайда зерттеуді қайталай отырып, экспериментатор зерттеушінің әрқайсысының үрдістерінің дара ерекшеліктерін анықтай алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]