Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Psikh_durystalyngan.docx
Скачиваний:
816
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
243.76 Кб
Скачать

30. Эмоцияның негізгі түрлері

Эмоция - бұл ерекше психикалық құбылыс, әсерiмен бiрге, адамдардың уайым түрiнде өзiне пайдалы әртүрлi құбылыстар мен заттардың субъективтi бағалануы мазмұнының көрiнiсi.Түрлері:Қызығушылық-қозу жағдаяттарға сыйю,ой-өрiстi кеңейту, бiлу, зерттеу ықыласы, бiреуге немесе бiр нәрсеге әуесқойлық және сезiм құшағында күйзелу.Қызығушылыққа қарама-қарсы эмоцияны зерiгу деп атаймыз . Ол монотондық жағдайда туады. Субъектiнiң тиiстi пәнiмен немесе ақпараттармен ерекше қарым-қатынас және жаңа жағдаяттармен қақтығысқанда қызығушылық эмоция күшейедi. Таңырқау,қызығу эмоциясына жақындау, қарама-қайшылық, ерекшелiк, жаңа ұқсас жағдаяттарда туады. Бiрақ, тез уақытта өтетiн эмоция болып көрiнедi. Күштi танымдық мотив ретiнде көрiнедi, соңғы әрекеттердi итермелейдi, яғни, айқындау, бiлу, анықтау, көз жеткiзу т.б.Қуаныш эмоциясы адамның мүмкiншiлiктерi және негiзгi тұлғалық қасиеттерiн жүзеге асыруда пайда болады. Қоршаған әлеммен және басқа адамдармен, өзiмен қанағаттану сезiмiмен және өмiрге қанағаттану күйi.Оптимизм және мүмкiншiлiгiн кеңейту күштiң көбею сезiмiнен байқалады.Ұялу эмоциясы субъект өзiне, көзқарасына, ойына, тұлғалық қасиетерiне, қатынастарына, сыртқы ерекшелiгiне сәйкес емес әрекеттерiн жасаған кезде туады. Бұл күйзелiсте субъект өзiн басқалармен салыстырғанда жаман, қолынан ештеңе келмейтiн, әлсiз, кiшкентай, ешнәрсеге жарамайтын, ақымақ, тартымсыз, жол болмағандай сезiнедi. Оған басқалар оның кемшiлiктерiн көрiп, жек көретiндей көрiнедi. Сондықтан ол басқа адамдардан өзiн алшақ ұстап, жат жүруге даяр болады. өялудың жеңiл формасы қызару.Ұялуға қарама-қарсы эмоциялық күй – мақтаныш эмоциясы. Ол моральдық-эстетикалық талаптардың жоғары деңгейiнде туындайды. Ол өзiнiң мағыналығын,артықшылығын, құндылығын басқа адамдардан жақсы лебiздер естiген кезде сезiнедi.Айну эмоциясы субъектiнiң моральдық-эстетикалық талабына сәйкес емес жағдайларда, объектiлерге, құбылыстарға немесе адамдарға туындайды. Бұл адамның қылықтары, ойлары, тiлектерi, нақты заттары, iс-әрекет кемiстiгi және т.б. Айну эмоциясы сәйкес объектiнi өзгертудi, жақсартуды, жетiлдiрудi, жою немесе алшақ жүрудi тудырады.Жек көру эмоциясы айнуға мағынасы ұқсас келедi, бiрақ өзiнiң қосымша ерекшелiгi бар.Ол сәйкес объектiнi өзгертудi, жақсартуды, жетiлдiрудi, жою немесе алшақ жүрудi тудырады. Сонымен қатар ол жек көрген адамнан немесе топтан өзiн алшақ ұстап, өзiнiң артықшылығын, ар-намысынсезiнедi.Өзiн кiнәлау эмоциясында адам өзiнiң кiнәсiн мойындайды, өзiнiң оған қатысын немесе шығынға жауапкершiлiгiн, басқа адамдардың жайсыздығын, жолының болмауына өзiн кiнәлi сезiнедi. Бұл кезде ол өзiн-өзi кiнәлайды және өкiнедi.Қорқыныш эмоциясы адамның тұлғалық немесе дене бiтiмiне өмiрiнде қауiптiң төнуi кезiнде пайда болады. Қауiп төну деңгейiне байланысты сенiмсiздiк жағдай, мазасыздану, жамандықты сезiну, қауiптiлiгiн қамтамасыз ете алмау, қауiп, күштi қорқыныш бақылауға келмейтiн аффектiге айналуы мүмкiн.

31.Эмоцияның негiзгi қызметтерiне талдаңыз

Эмоция психологиялық кейіптің ерекше к-рнісі, ол адамның қоршаған ортаға деген қатынасы, жағымды және жағымсыз түйсіктер мен белгілі жағдайға тікелей әсерлену формасында көрніс береді. Эмоциялар класына сезім, көңіл-күй, аффектілер, стресс және құмарлықтар жатады. Және бұлар адамның барлық психикалық поцестері мен кейіпімен жалғасады. Бұлардың кез-келген белсенділігі эмоционалдық әсерленумен жүзеге асырылады. Эмоция адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттейді, оның жүзеге асырылуын жеңілдетеді. Біз адамның көңіл-күйін, оның қуаныш, ыза, қайғы, қорқыныш, таңдану, жиіркену немесе сүйсіну сияқты психикалық кейіпін сөзсіз түсіне аламыз, эмоцияның көмегімен бірлескен нақты іс-әрекет түрлерін жүзеге асыра аламыз. Бұндай фактілер негізгі эмоциялардың тіршілік иелерінің бір-бірін түсіну қабілеттерімен генотиптік тұрғыдан шарттас екендігін дәлелдейді. Психикалық жоғары дамыған жануарлар мен адамдар арасындағы бет әлпетінің көрінісі арқылы өзара бірін-бірі қабылдап, бір-бірінің эмоциолналдық кейіптерін бағалауға қабілетті екендігі белгілі. Сонымен, эмоциялардың негізгі атқаратын қызметтері:

  • Бейнелеу қызметі;

  • Ниеттендіру немесе ынталандыру қызметі;

  • Қолдаушы Қызметі;

  • Бейімделу Қызметі (Ч. Дарвин теориясы б/ша.;

  • Коммуникативтік қызметі;

  • Ықпал жасау қызметі.

Эмоционалды сферада адамдар арасында индивидуалды айырмашылықтар анық көрінеді. Тұлғаның барлық ерекшеліктері: оның мінезі және интеллект дамуы, қызығушылығы мен басқаларға қарым – қатынасы эмоция және сезім шеңберінде көрініс табады.

Тұлғаның эмоционалды ерекшеліктері: 1. жылдам немесе баяу қозғыш, 2. қысқа немесе ұзақ мерзімді эмоционалды тұрақты, 3. сезімнің тереңділігін, 4. күштілігін қарастыруға балады. Мұның барлығы темпераментке де байланысты болып келеді.

Адам практикалық және теориялық іс - әеректтің субъектісі, яғни сезімсіз автоматтар немесе машиналар сияқты емес, мақсаттар бойынша дүниені өзгерте алады, ол және әрекет ету арқылы тек қажеттіліктерді қанағаттандырып қоймайды, өзгерістер тудырады, ең негізгісі болып ол адамдармен қарым – қатынасқа түседі, түсе отырып олардың жауаптарын сезеді, көреді, осыған қобалжу туады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]