Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

referat1

.docx
Скачиваний:
38
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
30.88 Кб
Скачать

әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университет

Реферат

Тақырыбы : Қазіргі Қазақстандық қоғамдағы орта тап

Орындаған: Төлеуішова А.

Тексерген : Чинасилова А.М.

Алматы 2013

Қазіргі Қазақстандық қоғамдағы орта тап.

Соңғы кезде әлеуметтанушылар қоғамды 3,4,6 және одан да көп жіктерге бөліп қарайтын стратификациялық модельдерді ұсынуда. Біз соның 4 жіктен тұратын моделіне тоқталсақ, олар мыналар:

  • жоғарғы тап

  • орта тап

  • жұмысшы тап

  • төменгі тап

Жоғары тапқа ірі меншік иелері – қаржы және өнеркәсіп магнаттары, жоғары билік элиталары – мемлекет президенттері, премьер-министрлер, министрлер, жеке ведомстволар мен қызметтердің басшылары, яғни жоғары категориядағы чиновниктер жатады. Бұлар қоғамдағы шамадан тыс байлығы бар, қоғамның экономикалық және саяси өмірінде шешуші рөл атқаратын топ. Қоғамдағы олардың үлес салмағы аз, дамыған елдерде олар шамамен халықтың 1%-ын құрайды. Кейбір елдерде жоғары тапқа жоғары шенді әскери топтар мен творчестволық иттеллигенцияның танымал өкілдері де жатады. Бұл топ өкілдерінің білім және мәдени дәрежелері, қоғамдағы статустары да жоғары. 

Орта таптың қоғамдағы алатын орны ерекше. Алдыңғы қатарлы дамыған елдерде олар халықтың 60-80% - ын құрайды. Бұл тапты қоғамдағы әлеуметтік тәртіп пен тұрақтылықтың тірегі десек те болады. өйткені орта тап қоғамның негізгі интеллектуалдық күші мен жоғары мамандық иелерінен тұрады. Орта тапқа қоғамдағы әр түрлі әлеуметтік топтардың мамандықтардың өкілдері жатады. Олар – ғалымдар, жазушылар, суретшілер, діни қызметкерлер, оқытушылар, дәрігерлер, заңгерлер, орта және шағын кәсіп иелері, маманданған жұмысшылар, т.б. Орта тап адамдарының тұрақты да, сенімді қызмет орындары, жоғары табыстары және заман талабына сай өмір салттары бар. Олар көп еңбек етеді, кейбіреулерінің меншіктері (жер, құнды қағаздар, қозғалмайтын мүліктері, т.б.) бар, яғни олар экономикалық және саяси тұрғыдан қарағанда тәуелсіз адамдар. Бұл таптың адамдары «жақсы өмірге қажырлы еңбектің, күш – жігердің, білімнің нәтижесінде жетуге болады» дегенді басшылыққа алады. Бұл жерде айта кететін бір жағдай – орта тапатың да өз ішінде жіктелетіндігі.

Олар:

  • жоғарғы орта тап

  • орта таптың орташасы

  • төменгі орта тап

Орта тапты осылайша жіктеуде жоғарыда айтылған факторлар, яғни адамдардың билікке қатынастары, табыстарының көлемі, кәсіби және білім деңгейлері ескеріліп отыр.  Жұмысшы табының қазіргі кездегі бейнесі өткен дәуірдегіден мүлдем басқа. Ғылыми – техникалық прогресс заманында жұмысшы табы еңбегінің мазмұны, сипаты өзгерді. Олар механикаландырылған және автоматтандырылған өндіріс салаларында – заводтар мен фабрикаларда, ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен халыққа қызмет көрсету салаларында еңбек етеді. Бұл тап өкілдерінің тұрақты табыстары, белгілі бір дәрежеде білім және кәсіби дайындықтары бар.  Төменгі тап – құрамы жағынан сан алуан. Оларға арнайы мамандықтары жоқ жұмысшылар, жұмыссыздар және люмпендер (қайыршылар, босқындар, қылмыскерлер) жатады. Бұлардың көпшілігінің құрақты табыс көздері болмағандықтан, олар абсолюттік кедейшілік жағдайда өмір cүреді, Сонымен, әлеуметтік стратификация кез келген қоғамға тән құбылыс. Барлық қоғам мүшелерінің арасындағы жаппай теңдік орнататын эгалитарлық (француз тілінде – теңдік) қоғам орнату мүмкін емес екендігін әлемдік даму тәжірибесі дәлелдеп отыр. Статистика жөнiндегi агенттiктiң жүргiзген сауалнама қорытындысына жүгiнсек, Қазақстан халқы азық-түлiк сатып алуға табысының 30-50 пайызын, қалған үштен бiр бөлiгi ас-ауқатқа айлығының 50-75 пайызын, төрттен бiр бөлiгi бар табысын жұмсайды екен. Халықтың көбi жалданып жұмыс iстейдi. Зейнетақы мен туыс­тарының көмегiне арқа сүйеп отырғандар да бар. Кедейлiктiң негiзгi себебi ретiнде халық жалақының төмендiгiн атаған. Айта кетерлiк жайт, Legatum ғылыми-зерттеу институты әлем елдерiнiң ұлттық әл-ауқаты туралы баяндамасының қорытындысын жария еткен. Онда экономикалық жүйенiң дамуы, азаматтық құқық пен азаматтардың бостандығы, бiлiм және денсау­лық сақтау саласының деңгейi мен азаматтардың әл-ауқаты туралы сөз болады. Аталған институттың зерттеуi бойынша, мұның алдында Қазақстан 56-орында болса, биыл 76-орынға құлдыраған.

Президент Назарбаев шетелдiк басылымдардың бiрiнде бұдан бес жыл бұрын «жоғары тап – 10-15 пайыз, төменгi тап – 10-15 пайыз, арадағы орта тап – 60-70 па­йыз» болатындай қоғам құрамыз деп уәде берген. Ал сарапшылардың пiкiрiнше, Қазақстандағы орта тап 10 пайызға да жетпейдi. Сондай-ақ қазiргi орта тапқа шенеунiктер және олардың отбасының мүшелерi ғана жатады. Жоғары тап – 1 пайыз ғана. Халықтың қалған 89 пайызы төменгi тапқа жатады. Кейбiреулер Қазақстандағы әлеуметтiң төменгi буынын 80 пайыз деп көрсетедi. Елiмiзде 3,5 миллионға жуық өзiн-өзi қамтамасыз ететiндер бар. Яғни бiр тауық, бiр сиыры барлар. Бұл – халықтың шамамен 21, 8 пайызы. Әлеуметтiк сақтандырылмаған, тұрақты табысы жоқ топ. Билiктiң оларды қай тапқа жатқызғаны әзiрге белгiсiз. Ол ол ма, сарапшылардың ай­туынша, елiмiздегi кiшiгiрiм немесе орта мекемелер басшысының жалақысына қарап оларды орта тап өкiлдерiне, ал iрi мекемелер бастықтарының жалақысына қарап жоғарғы тап өкiлдерiне қосуға болмайды. Iрi мекемелер басшыларын орта тапқа ғана жатқызуға болады. Бұл санаттағы адамдардың шiрiген байларға айналуы тек қана сыбайлас жемқорлықтың арқасында. Басқаша түсiндiру қиын. Әрине, Қазақстандағы менталитеттi ескерсек, алдында ас-ауқаты бар адам өзiн кедеймiн деп есептемейдi. Билiк тамағы тоқ, көйлегi көк, баспанасы мен көлiгi бар, бiлiмi жоғары, медициналық қызметтi пайдалана алатын адамдарды орта тапқа жат­қызып жүр. Бұл талаптар негiзiнен дұрыс, бiрақ бұл жерде бiр нәрсе айтылмай қал­ған. Орта тап өкiлдерi аталған материалдық игiлiктердi қалаған уақытында сатып ала алатындай жағдайда болуы керек. Ал бiзде орта тап өкiлдерiмiз деп жүрген­дердiң өзi бұған шамасы жетпейдi. Олардың жалақылары тамақ пен күнделiктi тұтыну тауарларынан артылмайды. Орта тап өкiлдерiнiң табысы отбасындағы жан басына шаққанда 500 АҚШ долларынан кем болмауға тиiстi. Қазақстан билiгi орта тапқа жатқызылып жүрген әлеуметтiк топ Батыс елдерi үшiн төменгi буын өкiлдерi саналады. Қазақтар бақуатты Батыс елдерiмен шекаралас жатып, олармен қоян-қолтық араласып жатқан жоқ. Тұрмысын тек қана қырғызбен, өзбекпен салыстырады. Өздерiн орта тапқа жатқызуы да сондықтан.

Биыл 8 қыркүйекте американдық «Вашингтон Таймс» газеті Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Демократия өскінінің әлеуеті» атты мақаласын жариялады. Мақала авторы елдегі демократиялық дамуды тілге тиек ете отырып, Қазақстандағы орта тапқа қатысты пікірін де бір сөйлеммен білдіріп өтіпті. «Демократиялық құндылықтарды, заң билігін, транспаренттілікті, толеранттылықты және сауда еркіндігін ұстанудың арқасында біз тұрақты мемлекет құрып, мықты әрі білімді орта тап қалыптастырдық» деп жазды президент Назарбаев.

Қазақстандық социологтар елдегі орта таптың үлесін 65 пайыздан бастап 20 пайызға дейінгі аралықта қарастырады. Мамандар осы аралықтағы меженің бірін орта тап көрсеткіші деп анықтау үшін өзінің әртүрлі критерийлерін ұсынып келеді. Олардың қайсысы қоғамның объективті көрінісі екендігін дөп басып айту оңай емес. Бірақ осы есептеулердің өзінің бір заңдылығы бар екен. «Damu» маркетингтік және социологиялық зерттеулер агенттігінің директоры Тимур Айсауытовтың пікірінше, «Қазақстанда орта тапты бағалаудың критерийлерін анықтау ісінде қос стандарт қалыптасқан: біріншісі – ресми биліктің мүддесін көздейді; екіншісі – оған балама болатын нұсқа. Яғни, біздің орта тапқа қатысты зерттеуіміз де осы екі стандарттардың ара қатынасына құралады. ОРТА ТАП КӨРСЕТКІШІ РЕСМИ ЕСЕП БОЙЫНША  Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2003 жылы «Файнэншл Таймс» газетіне берген бір сұхбатында орта тапқа ерекше ден қойғандығын былайша сипаттады: «Біз қазір жоғарыда 10-15 пайыз байлар, төменде, мүмкін, 10-15 пайыз кедейлер, мына жерінде (ортасы) орта тап (60-70 пайыз) болатын қоғам құрғымыз келеді».

Қазақстанда ресми стандарт бойынша орта тап мынадай критериймен анықталады: тамақ, киім-кешек, жеке меншік үй немесе пәтер, көлік, сондай-ақ білім дәрежесі, медициналық қызмет. Яғни, ресми стандартқа сай келетін орта таптың осы қажеттіліктерді кез-келген уақытта шешуге мүмкіндігі бар болуы керек. Қазақстанда осындай қажеттілікті өтей алатын бір адамның айлық табысы 500 доллардан кем болмауы тиіс. Қазақстандық өлшем бойынша айлық табысы бір адамға шаққанда 1000 доллардың шамасындағылар орта таптан жоғары тапқа қарай аяқ басушылар болып есептеледі. Айлық табыс отбасының әрбір мүшесіне бөлінгенде, әрқайсысына кем дегенде 500 доллардан жетуі тиіс деген сөз. Мысалы, үш баласы бар отбасының жиынтық айлық табысы 5000 доллардан кем болмауы тиіс.Социологтардың айтуынша, мұндай айлық табыстың негізінде құралған орта тап тұрғындардың басқа да көптеген қажеттіліктерін шеше алмайды. Өйткені, оның тапқан табысының ауқымды бөлігі тамақ пен тұрмысқа қажетті ұзақ мерзімдік тауарларға жұмсалады – шамамен 75%.

Социологтың пікірінше, дәл осындай есепке құралған орта тап өкілін АҚШ-қа көшіріп апаратын болсақ, ол елде бұл кедейдің деңгейіне түсіп қалады. Өйткені аталған екі ел арасындағы сатып алу паритетінің деңгейі, сондай-ақ оны бағалау критерийлері де әртүрлі болып келеді. Сол секілді АҚШ-тың орта тап өкілін Қазақстанға көшіріп алып келетін болсақ, ол өзіне қажетті нәрсені бұл елден тіпті таппай қалуы мүмкін. Осыдан келіп Қазақстанда ресми стандартқа балама болатын ресми емес стандарт пайда болған.  ОРТА ТАП КӨРСЕТКІШІ РЕСМИ ЕМЕС ЕСЕП БОЙЫНША Батыстың дамыған елдері қолданатын бірқатар критерийлерге негізделген ресми емес стандарттар бойынша Қазақстанның орта табының үлесі, ресми стандартқа қарағанда, бірнеше есе қысқарады. Есесіне, төменгі таптың үлесі 80 пайызға сәл жетпей тоқтайды .Мұндай стандартты ресми билік, сондай-ақ Қазақстан тұрғындарының өзі бірден қабылдай салуға дайын емес. 

«Қазақстан халқының санасына жаңа форматты, яғни орта тап туралы Батыстың түсінігін, чип ретінде енгізетін болсақ, онда бұл жағдай тұрғындардың төбесіне жай түскендей әсер етері анық: халықтың 90 пайызына «сендер – кедейсіңдер» дегенді есту қайдан жағымды бола қойсын.Ал ресми билік мұны ешқашан айтпайтындығы түсінікті.Халықтың басым бөлігінің өздерін кедейміз деп санамайтындығына қатысты бір социологиялық зерттеу қорытындыларын келтіре кетсек. Қазақстанның социологтар және саясаттанушылар қауымдастығының 2004 жылдың аяғында республиканың 17 ірі қаласында жүргізген социологиялық зерттеуі барысында сұралғандардың 60 пайыздан астамы өздерін «орта тап» өкілдеріміз деп таныстырған. Әсіресе Қостанай, Павлодар, Семей тұрғындарының 70-80 пайызы осылай деп атап көрсеткен екен. Сонымен қатар, тұрғындар медициналық қызмет, білім, экологиялық жағдай, адам құқығының сақталуы деген мәселелерге аса бас ауыртпайтындығын байқатқан.Социологтардың пікірінше, мұндай нәтиже халық өзін «кедеймін» деп мойындауға көп жағдайда дайын еместігін, сондай-ақ жақсы өмірдің айрылмас бөлшегі саналатын элементтерді қолдың қысқалығынан немесе мүмкіндіктің жоқтығынан көзге ілмейтіндігін көрсетеді. Оның себебін ресми емес стандартты қолдайтын мамандар орта таптың үлес салмағы Қазақстанда аз екендігімен түсіндіреді.Мұндай өлшемнің негізінде анықталатын орта тап өкілінің айлық табысы кем деген 2000 доллар болуы тиіс. Бұл көрсеткіш тұтыну қоржынына енетін элементтердің салыстырмалы түрде көптігі және сапасына қатысты шыққан Айта кетерлік жайт, дамыған елдерде айлық табысы 10 мың доллардан асатын адамдарды ғана орта тапқа жатқызады.  КОРРУПЦИЯ ФАКТОРЫ НЕМЕСЕ ОРТА ТАП ӨКІЛДЕРІ КІМДЕР?  Ресми стандарт негізінде анықталған орта тапқа Қазақстанда орта буын мамандары, кәсіби жұмысшы тап, коммерциялық құрылымдағылар, бюджет саласындағы менеджменттің орта буыны кіреді. Бұл ретте бюджеттік саладағы топ-менеджмент жоғарғы тапқа өтіп кететіндігін айта кету керек. Бірақ оның да белгілі бір себептері бар. Бюджеттен қаржыландырылатын ортанқол мекемелердің басшыларының ресми алатын айлығын ғана есептейтін  болсақ, онда олар орта тапқа іліге де алмай қалады. Сол секілді бюджеттен қаржыландырылатын ірі мекемелердің басшыларының айлық табысын ресми жалақының мөлшерімен теңестіретін болсақ, мұндай жағдайда жоғары тап санатына еніп отырған олардың қоғамдағы мәртебесі төмендеп, орта тапқа шақталып қалады. Ресми емес стандарт бойынша есептелген орта тапқа Қазақстандағы топ-менеджмент қана ілігіп, орта буын мамандары мен кәсіби жұмысшы табы кедейлер қатарына түсіп қалып отыр.Бірақ бұл жерде коррупция факторын ескермеуге болмайды. Сыбайласқан жемқорлық қолдағы қартаны танымастай етіп өзгертіп жібереді. Алайда ол бюджет саласындағы менеджмент өкілдерінің бәрі осы фактордың әсерінде деп айтуға болмайды, бірақ оны толықтай ешкім жоққа шығара алмайды. Сонымен ресми емес стандарт бойынша есептелген орта тапқа Қазақстандағы топ-менеджмент қана ілігіп отыр. Коррупциядан түскен «пайданы» кері шегеріп алып тастағанда оның қатарын бюджет саласының топ-менеджменті толықтырады. Есесіне, бұл ортадан орта буын мамандары мен кәсіби жұмысшы табы қол үзіп, мүлде төменгі тапқа – кедейлер қатарына түсіп қалып отыр.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]