Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
psyhol.docx
Скачиваний:
210
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
185.01 Кб
Скачать

28. Қиял және шығармашылық өзарабайланысын айқындаңыз

Қиял дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік бейнелерін қайтадан жаңғыртып, ӛңдеп, ӛзгертіп бір-біріне қосып бейнелейтін, адамға тән процесс. Қиял сондай-ақ ӛмірде бар, бірақ адамның жеке тәжірибесінде кездеспеген обьектінің бейнесін жасау.

Қиялдың ең жоғары түрі - творчестволық қиял. Творчестволық қиял деп өзіндік жаңа образдар жасау арқылы әрекетте, жаңа продуктылар беруде көрінетін қиялды айтады. Адамның шығармашылығы, ол жасаған туындылар - қоғаммен бірге дамуда рух беріп, жігерлендіріп отыратын күш. Творчестволық қиял - қоғамдық мәні бар жаңа, соны ӛнімдер жасап шығаруда жетекші қызмет

атқаратын психикалық процесс.Қиялдын бұл түрі арқылы жаңа бейнелер жасалады Жазушының, суретшінің, ғалымның, сазгердің т. б. қиялы творчестволық қиялға жатады. Творчестволық қиял - қайта жасау қиялына қарағанда, әрі күрделі, әрі қиын. Абай мен Құнанбайдың образдарын жасау, оларды сипаттап жазған шығарманы оқып, елестетуден әлдеқайда ауыр.

Творчестволық қиял ақын-жазушылардың, суретшілердің, сазгерлердің т.б. осы секілді ӛнер қайраткерлерінің іс-әрекеттерінде үлкен орын алады. Өнер қайраткерлері ӛздерінің идеясын кӛркем бейне арқылы береді. Ақын-жазушылар қиялы арқылы ӛзінің келешек кейіпкерлерін "көреді", олардың мінез-құлықтарын "елесетеді", сӛзін "естиді". Сонымен қатар, ақын-жазушылар өз кейіпкерлерімен бірге өмір сүреді, олардың ойын, кӛңіл күйін "сезіп", қоян-қолтық араласып жүргендей болады.

Ғалым үшін де творчестволық қиял аса қажет. Творчестволық қиял ғалымның творчестволық ойына аса қажетті материал береді. Мәселен, ғылыми жорамал жасағанда, эксперимент жұмысын ұйымдастырғанда, тапқан жаңалықтарды тексеріп сынауда ғалым өз қиялына үнемі сүйеніп отырады. Бірақ нағыз ғылыми жұмыс кӛп еңбектенуді қажет етеді, ол еріккеннің ермегі емес, ғылымның жолы ауыр. Қажымай, ӛнімді еңбек ете білушілік, шыдамдылық, іске мейлінше берілушілік - нағыз ғалымға тән қасиеттер.

К.Маркс айтқандай, ғылымның "сәулетті шыңына шаршап-шалдығудан қорықпайтын, оның тасты соқпақтарымен тырмысып ӛрлей беретін адам ғана шыға алады".

Творчестволық қиял әрекеттің кез келген саласында орын алып отырады.

Қоғамға пайдаға келтіретін нәтижелі еңбекте творчестволық қиялдың болмауы мүмкін емес. Қиялдың бұл түрі, әсіресе, мұғалімдік қызметте ерекше орын алады. А.С. Макаренко айтқандай: "жеке адамның келешегін жобалауда" мұғалім творчестволық қиялсыз әрекет етсе, жақсы нәтижеге ие бола алмас еді.

29 Эмоция түсінігіне толық сипаттама жасап, анықтаңыз

Сезiмдердiң психологиялық сипаттамасы. Сезiмдер туралы жалпы ұғым. Сезiмдердiң пайда болуы.Жалпылау аккумуляциялау механизiмi. Әйгiлi орыс психологы В.И. Мясищевтiң сезiмдердi тұлғаның эмоционалды негiзi ретiнде қарастыруы. Сезiмдердiң ояту, мағыналық бағасы, жүрiс-тұрысты реттеу, ағза жұмысын реттеу, адамның жан дүниесiн реттеу қызметтерi. Сезiмдердi тәрбиелеу және адекватты өзгерту.

Эмоция адамның психикалық өмiрiнде ең алғаш пайда болды және бала эмоцияның арқасында психикалық өмiрге бейiмделедi. Демек, баланы әлеуметтiк айналамен эмоция ғана бiрiктiредi.

Адамдардың рухани өмiрiндегi ұят, қуаныш, үрейлену, таң қалу т.б. түрлi уайымдар бiр-бiрiн өзара орын ауыстырумен толықсуын эмоция деп атаймыз.

Эмоция - бұл ерекше психикалық құбылыс, әсерiмен бiрге, адамдардың уайым түрiнде өзiне пайдалы әртүрлi құбылыстар мен заттардың субъективтi бағалануы мазмұнының көрiнiсi. Эмоция адамдарға қоршаған әлемдi тануға бағыт-бағдар бередi: пайдалы-зияндылығы, негiздi-негiзсiздiлiгi т.б. Эмоцияналдық бағыт-бағдармен рационалды бағытының ерекешелiгiн қарастыратын болсақ, мынадай өзгешелiктердi байқауға болады: арнайы оқытуды талап етпейтiн (яғни, туа бiткен), ақпаратты алу жағдайының шектелу мүмкiндiктерi нашар түсiнбеушiлiктер және қысқа мерзiмдi (жиi тылсым) ырықсыз бағыт-бағдарлар. Кез келген адамда пайда болатын эмоция оның негiзгi iшкi өмiрлiк сигналы болып табылады және келесi ойымен әрекетiн басқарып бағдарлайды. Мұның анық себептерi мен негiзiн жөндi ақылмен түсiнбеуi мүмкiн. Бiрақ олардың дәлдiгiне сенiмдi болуы шарт. Тұлға деңгейiнiң iшкi сенiмдiлiгi әрқашанда жоғары эмоционалды түрде қалады.

Эмоциялар адамның әлеуметтiк болмысын қамтамасыз ететiн маңызды психологиялық құрал болып табылады. Сондықтан да олар адамда оның iшкi (жан) дүниесiнiң қажеттi жағы ретiнде пайда болады және онда өмiр сүредi. Эмоциялар мынадай функцияларды атқарады: бағалаушы, сигналдық, оятушы және коммуникативтi, сонымен қатар физиологиялық және танымдық процестерге әсер ету функциясын атқарады.

Көрсеткен қасиеттерi теориятикалық жағынан есепке алып, эмоцияның формаларын және сансыз көп түрлерiг айқындауға болады. Бiрақ белгiлi жақсы кербiреулерi ғана жеткiлiктi суреттелген. Мысалы, американдық психолог К.Изард фундаменталды он эмоциялардың түрлерiн көрсеткен.

өзақтық эмоцияның уақытша сипаттамасы болып табылады. Ол адамның эмоциогендi жағдаяттармен (шынайы немесе ойдағы) байланысының ұзақтығына байланысты және сәйкес қажеттiлiк қанағаттанбаған күйде тұрған уақытқа байланысты. Осы факторлар арқылы эмоцияның ұзақтығын алдын-ала өзгертiп, яғни оның созылуына немесе қысқаруына әсер етуге болады. Созылу уақытына байланысты эмоцияның түрлерi өте көп, қысқа уақыттың аффективтi реакциядан бастап бiрнеше күнге созылатын эмоциялық күйлермен аяқтауға болады. Мысалы ретiнде көңiл-күйдi алуға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]