Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
psyhol.docx
Скачиваний:
210
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
185.01 Кб
Скачать

43. Темперамент пен мінездің айырмашылықтарын сызба түрінде көрсетіңіз

Темперамент және мінез-құлық. Темперамент адамның жалпы мінез-құлық мәдениетіне тәуелді. Мәселен, кей адам ӛзін тежеп, тізгіндеп отыру

былай тұрсын керісінше жанталасу, ӛршелену, ашу-ыза, қуаныш, күйіп-пісу секілді эмоциялық жағдайларды әдейі жасап отырады. Кейбіреулер тіпті күйгелектікке түсіп, темпераментінің күшті не әлсіз жақтарын паш етіп, басқаларда үрей немесе аяушылық сезімін туғызғысы келеді. Мұндайлар көбіне барлық жағдайды темпераментке нервке аударып, өзінің ұстамсыздығын, дӛрекілігін, жӛнсіз, әдепсіз, сотқарлығын ақтағысы келеді. Бұл тәрбиесіз, мәдениетсіз адамның қылығы.

Адамның өз мінез-құлқын қоғамда қабылданған моральға сәйкес ұйымдастыра алуы мәдениеттілік болып табылады. Жеке адам басқалардың жағдайымен, кӛңіл-күйімен санасып отыруы керек, оларға ілтипатпен қарап, кӛңіл қалдыратындай әсерлер туғызбауға тырысып отырған жӛн. Бұл үшін ұстамдылық қажет. Күйіп-пісіп жүретін холерик ӛзін тежеп, тізгіндейді басқалармен орынсыз дауласа бермейді, назарын басқа жаққа аударып, қолайсыз ситуациядан бойын аулақ ұстайды. Меланхоликтің ӛзін-ӛзі үрейге де, қорқынышқа да билетпей ұстауына болады.

44 Мінез туралы Кречмер мен Шелдонның теориясын сыни бағалаңыз

   Бөгде  адамның  тұлғалық  дəрежесi  жөнiнде  бiз  оның  дене  құрылымы, 

психологиялық  жəне  қылықəрекеттiк  белгiлерi  бойынша  топшылаймыз.  Бұл  белгiлер адамның  сырт  көрiнiсiнен,  киiмiнен,  əрекетқылығынан,  сөзiнен,  бет  əлпетi  мен  ым-ишарасынан  байқалады.  Адамның  сырт  көрiнiсi  мен  психологиялық  бейнесi арасында тiкелей  де  толық  байланыс  болмағанымен,  бұлардың  екеуi  қандай  да  өзара  ықпалды қатынаста.  Əрқандай  адам  жөнiндегi  бiздiң  бiрiншi  паймдауымыз  осы  сырт  келбет  пен сөз, қылық көрiнiсiнен туындайды. Ғылым ежлденақ адам мiнезi мен дене құрылысының өзара  байланысты  екенiн  дəлелдеген    (Э.  Кречмер,  У.  Шелдон  т.б.).  Дене құрылымы  ерекше  бiтiске  ие  болған  адамдар,  мiнезi  жағынан  да  өзара  ұқсамас.  Осы тұрғыдан  барша  адамдар  үш  типке  жатады:  астеник,  пикник,  атлетик.  Пикник  типтес адамдар көңiлдi,  үйiршең,  əңгiмешiл,  əрқандай  қиыншылыққа  жасымайды;  астеник адамдар  көбiне  тұйық,  оңашаланғанды  ұнатады,  ұдайы  ойға  шомып  жүредi;  ал атлетиктер - ұстамсыз, дүлей келедi.             Адамның iшкi жан дүниесi оның сөзi мен тiлiнен айқын көрiнедi. Қандай сөздер мен тiркестердi қолдануына қарап, сөз ырғағы мен əуенiн талдай отырып, сөйлеу процесiндегi тыныстары  мен  жеделдiгiне  орай  жеке  адамның  ерекшелiктерiн  байқаймыз.  Адамның сөйлеу мəнерiнiң бiразы тума берiледi де, көбi оқу-тəрбие барысында пайда болады.       Кейбiр  қатынастарға  байланысты  адамдардың  психологиялық  бейнесi  тұрақты келедi де, көбiне ауыспалы болады. Адамның сырт көрiнiсiне орай оның образы бiршама  өзгерiссiз  сақталады.  Осыдан  бiз  адамды  көпшiлiк  iшiнде  ажырата  бiлемiз.  Жəне  бiр тұрақты  сақталатын  қасиеттер - адам  мiнезi,  қылық-əрекетi  мен  əдеттерi.  Осылар бойынша  санамызда  жасалған  образдар  арқылы  бiз  көп  заманнан  ажырасқан адамымызды танимыз.Кейде  кездейсоқ  ұшырасқан  адамымыз  көптен  таныс  сияқты  болып  көрiнедi.  Ал тiлдесе  келе,  оның  əрекетқылығына  мəн  бере,  тiптi  басқа  бiреу  екенiне  көз  жеткiземiз. Кейде,  керiсiнше,  алғашқыда  танымасақ  та,  адамнң  мiнез  бiтiстерiнен,  əрекетқылығынан  бұрыннан  бiзге  таныс  белгiлердi  байқап,  жақындасуға  тырыыз.  Осыдан, бiздiң  санамызда  бекiген  адам  бейнесiнде  үлкен  рөл  ойнайтынмiнез  бiтiстерi,  екiншi орында - адамның сырт көрiнiстерi

  Уақыт  ағымына  берiлмей,  ұзақ  мерзiм  сақталатын  белгiлердамның қажетсiнулерi,  əрекетқылық  мотивтерi  мен  қызығулары.  Бұлар  бойынша  бiз  адамды тануымыз  мүмкiн,  бiрақ  бұл  үшiн  аталған  белгiлер  сол  адамның  сырт  көрiнiсi  мен мiнезiнен бiраз байқалуы тиiс. 

45.А.Е.Личко бойынша мінез акцентуация типтерін түсіндіріңіз.Адамның индивидуалдылығын анықтайтын қырлар тӛмендегідей психикалық топтарға топтастырылып беріледі:

1)Мүдделермен бейімділіктердің ортасы 2) Сезімдермен, еріктің

бағытталу ортасы; 3)Қауымдастық ақыл ой ортасы.

Жеткіншектер және жасӛспірімдердің суицидуалды қауіптілігінің аса маңызды факторы болып мінез бітісінің акцентуациясы және жоғарғы мазасыздық табылады. Шет ел (Оtto) және кеңес психологы (А.Е.Личко) акцентуацияланған типтердің кейбіреуінің басым кӛрсеткішті болуы және жасӛспірімдердігі тұлғалық және жағдайлық мазасызданулар суицидті әрекетке баруда жоғары қауіптілікті кӛрсететінін айтады. Адам болмысын түсіну үшін кӛрсетілген орталардың, адамға тән әртүрлі қырларына мұқият кӛз салу қажет. Акцентуацияланған тұлғаны қалыптастыратын қырлармен адам жеке даралығының нұсқасын анықтайтын қырлары арасын бӛлетін нақты сызықты кӛрсету оңай емес.«Акцентуация» жалпы алғанда белгілі бір мінез қыры деңгейінің күшейуін білдіреді. Акцентуация –бұл сол бір индивидуалды патологиялық жағдайға

ӛту тенденциясы бар қырлар. Айқын кӛрінген жағдайда олар тұлғаның құрылымын бұзып патологиялық апатқа ие болады. Кеңес әдебиеттерінде акцентуацияны жіктеудің басқа түрі таралған, оны әйгілі балалар психиатры, профессор А.Е. Личко ұсынды. Оның ойынша, акцентуациялык сипаттағы аурулармен психопатия арасында ұқсастық бар. Олардың психопатиядан бас айырмашылығы әлеуметтік дезадаптация (бейімделе алмау) белгісінің болмауында. Олар патологиялық тұлғаның құрылуының негізгі себебі болып табылмайды, бірақ шектеулі жай-күйдің дамуының негізгі ықпалдарының бірі болуы мүмкін. Барлық акцентуацияларды Личко –адам ӛсе келе дұрысталып кететін мінездің уақытша ӛзгерістері ретінде қарастырырады. Бірақ сонда да олардың кӛбісі психикалық ауруларға айналып кетеді, немесе ӛмір бойы сақталып қалады.

Акцентуация бұл аурудың шегі болса да нормалар варианты болып саналады. Сондықтан мінез акцентуациясыпсихиатриялық диагноз болуы мүмкін емес. А.Е.Личко зерттеулері бойынша патомінездемелік реакциялар акцентуация негізінде туатын болса да, уақыт ӛте келе оның 80%-ке жуығы дұрысталады, жұмсарады, және қанағаттанарлық деңгейдегі әлеуметтік бейімделуді байқауға болады. Болжамның жақсы немесе нашар болуы, акцентуация түріне және деңгейіне қатысты жабық немесе айқын, сонымен бірге әлеуметтік жағдайға байланысты.Акцентуациялық мінез типінің екі негізгі жіктеуі бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]