Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
psyhol.docx
Скачиваний:
210
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
185.01 Кб
Скачать

18. Есте сақтау мен жаттау ережелерін сипаттаңыз

Есте сақтау мақсатының болу, болмауына қарай есте сақтау ықтиярлы және ықтиярсыз болады. Ықтиярсыз есте сақтау – бұл ойластырмай есте сақтау. Мұнда адам есте сақтауды мақсат тұтпайды, есте сақтау үшін күште жұмсамайды, есте сақтауды қамтамасыз ететін арнайы тәсілдер де қолданбайды. Мағлұмат ӛзінен-ӛзі есте сақталғандай болады. Жеке өмір оқиғалары, есте ықтиярсыз сақталады. Басқа белгі бойынша ес негізіне жататын байланыстар сипаты бойынша есте сақтау механикалық және мағыналық болып бөлінеді. Механикалық есте сақтау кӛп рет қайталау арқылы сыртқы байланыстарды нығайтуға негізделген. Мағыналық есте сақтау жаңа мағлұмат пен бұрыннан таныс мағлұматтар арасында және соңғы мағлұмат бӛлшектері арасында мағыналы байланыс жасауға негізделген.

Жаттауды схема, кесте, диаграммалар (әсіресе оларды оқушылардың ӛздері құрастырған болса) жеңілдете түседі. Формулалар, даталар, есімдср, шет тіл сӛздері т. б, жаттауды басқаша үймыдастырған жӛн. Шет тіл сӛзін жаттағанда оның мәнін түсініп қана қоймай, оның ана тіліндегі қай сӛзге сай келетінін де, белгілі тәртіппен орналасқан дыбыстар мен әріптердң үйлесімі екенін де есте сақтау керек. Жаттауды жеңілдету үшін сездерді мазмұнына, ортақ түбіріне немесе дыбыстық жағынан ұқсастығына қарап топтастыруға болады. Жаңа сӛзді бұрыннан таныс сӛзбен салыстырып, олардың маңызы, дыбыстық жәнс әріптік құрамы жағынан болатын ұқсастығын, айырмашылықтарын тауып отыру да мақсатқа сияды. Кейде сездің қай әріптен басталып, қандай буынмен

аякталатынын, кітап немесе сӛздіктің қай жерінде басылғанын есте сақтау сияқты сыртқы ассоциациялар жасауға да болады.

Ерікті түрде есте қалдыруды қайталау арқылы жаттығудың маңызы зор. Бір рет қабылдап қайталаған нәрсені бір дегеннен адам есте қалдыра алмайды, ол үшін оларды бірнеше рет қайталап, арнаулы тәсілдермен жаттығып отыруы керек. Адам баласы қабылдаған нәрселердің барлығын есте қалдыра берудің қажеті жоқ. Олардың барлығы біздің өмірімізге керек бола бермейді, сондықтан керексіз нәрселерді есте сақтаудың пайдасы жоқ.

19 Ойлау түрлері мен формаларының табиғатын талдаңыз

Ойлау ой операцияларымен қоса, ой формаларынан да тұрады. Ойдың бастапқы формасы болып ұғым есептеледi. өғым дегенiмiз - заттар мен құбылыстар туралы ой. өғымда заттардың жалпы және негiзгi қасиеттерi бейнеленедi. өғымдар жеке және жалпы болып бөлiнедi. Бала мектепке келгесiн ғылыми ұғымдарды меңгере бастайды, оның бiлiм, дағдыларының арта түсуi ғылым негiздерiн меңгеруге қолайлы жағдай туғызады. Сондықтан ұғымдарды меңгеруге адамның бiлiм ортасындағы түрлi ғылымдар негiздерiн игеру әсер етедi. Сол барысында адамның қоршаған дүние заттарының ұғымдары жөнiнде бiлiмдерi қалыптасады.Шындықтағы заттардың қарапайым байланысы пiкiрлерден көрiнедi. Пiкiр - бұл бiр зат туралы мақұлдау не оны жоққа шығаруда көрiнетiн ойлаудың формасы. Мысалы: ңАстана - Қазақстанның астанасың шындыққа сай пiкiр.Саналау мен түсiну ойлаудың негiзгi белгiсi болып табылады.Адамның ойлау әрекетiнде шындықтағы заттар мен құбылыстардың негiзгi қасиеттерiн, ерекше белгiлерiн, мәнiн түсiне бiлудiң маңызы зор. Бiз айналамыздағы заттардың себеп-салдарлы байланыстарын, бiр-бiрiне тәуелдiлiгiнiң шығу тегi мен даму жолын түсiну арқылы ғана ажыратамыз. Түсiнушындықтағы заттар мен құбылыстармен танысудан, көрiп-бiлуден басталады. Өйткенi, қандай да бiр нәрсенi ұғыну үшiн оны эмпирикалық жолмен зерттеу қажет.Түсiну сөз арқылы берiлетiндiктен, түрлiше формаларда тұжырымдалады. Түсiну қысқаша, жалпы, кең, деталдi және т.б. болып келуi мүмкiн.Түсiнудiң екi түрi бар. Бiрiншiсi – тiкелей түсiну. Тiкелей түсiну - жанама түрдегi ой операцияларын керек етпейтiн, қабылдауға ұқсас процесс. Ал екiншi түрi – жанама түсiну. Жанама түсiну – түрлi фазалардан тұратын, ой операцияларын қажет ететiн, көмескi нәрсенi айқын етiп бейнелеуде бiрнеше ой қорытындыларынқажет ететiн процесс.Жалпы, ойлау дегенiмiздiң өзi - мәселенi шешу, оның мәнiсiн түсiне бiлу деген сөз.Ойлаудың ең күрделi және жоғарғы формаларының бiрi – ой қорытындылары. Ой қорытындылары дегенiмiз - бiрнеше пiкiрлерден жаңа пiкiрлер шығару тәсiлi. Қорытынды шығару үшiн оны белгiлi тәртiпке бiр-бiрiмен байланыстыруымыз қажет. Ой қорытындысының негiзгi үш түрi бар:

1) дедукциялық, 2) индукциялық, 3) аналогиялық ой қорытындысы.Дедукция дегенiмiз - жалпыдан жекеге қарай жүретiн ой қорытындысы. Мысалы: бiз тiрi организмдер оттегi жоқ жерде тiршiлiк ете алмайды, ал балық тiрi организмнiң бiрi десек, олай болса, балық оттегi жоқ жерде тiршiлiк ете алмайды деген қорытындыға келемiз.Индукция - жекеден жалпыға қарай жасалатын ой қорытындысы. Гүлдер сусыз өмiр сүре алмайды, ағаштар да сусыз өмiр сүре алмайды десек, осы айтылғандардан жалпылап, сусыз өсiмдiктер тiршiлiк ете алмайды деген қорытындыны жасаймыз.Аналогия дегенiмiз - ұқсастық бойынша ой қорытындыларын жасау. Мәселен, И. Ньютон бүкiл әлемдiк тартылыс заңын тапқанда, аналогиялық ой қорытындысына сүйенген. Ол жер үстiндегi денелердiң қозғалуы, әсiресе құлауы мен аспан денелерiнiң қозғалуы арасындағы ұқсастықты түсiндiруде аналогияны келтiрдi. Аналогия ғылыми болжамдарды жасаудың маңызды алғышарты болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]