Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpora_TTZhM (1).docx
Скачиваний:
218
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
868.07 Кб
Скачать

18. Қоймалардың жарықталғандығын есептеу

19. Тиеу-түсіру майдандар туралы ұғым. Олардың техникалық жарақтанғандықты есептеу

20. Қоймалардың алаңы есептеу үшін керекті әдістемелері

Элементар бірлік ауданы (5-сурет, а), ол қажетті өткелдер мен жүруді есепке алғанда, қоймада көп мәрте қайталанады

мұнда Lш – қаттаманың ұзындығы;

aш – көлденең өткелдің ені;

Вш – қаттаманың ені;

bш – бойлық өткелдің ені.

Қойманың жалпы ауданы

мұнда nпл – элементар алаңдар (қаттамалар, стеллаждар) саны, ол қойманың жалпы сыйымдылығының Vск қаттаманың (стеллаждың) сыйымдылығына ΔV

қатынасымен анықталады.

а – ауданды элементар алаңдар бойынша анықтау;

б, в – сәйкесінше төрт және үш тіректі тиегіш үшін қоймалық жүру енін анықтау;

г – қаттаманың соңғы қатарында пакеттерді бұрышта орнату кезінде тиегішке арналған жүру енін анықтау

5-сурет – Қойманың алаңын және жүру енін есептеу сұлбасы

21. Қораптанған-дана жүктер. Жүктерді дестелеу. Тұғырықтар мен орам түрлері

Қораптанған-дана жүктер үлкен көлемдегі көптүрлігімен ерекшеленеді. Оларды шартты түрде екі топқа жіктеуге болады: қораптанған-дана және даналы.

Бірінші топтағы жүктер мемлекеттік стандарттармен бекітілген параметрлі стандартты немесе бірегейленіп салынған тарада тасымалданады.

Бұл жүктер салынатын тара қатты, жартылай қатты немесе жұмсақ болуы мүмкін.

Сусымалы және деформацияға түспейтін басқа да жүктерді тасымалдау үшін жұмсақ тараны (қап, қанар,тор) қолданады. Бірнеше сымдардан немесе металл баулармен, немесе осы мақсатқа жарамды тоқылмалы құралдардан жасаған торларды үлкен көлемді жүктерді қаптауға қолданады.

Жартылай қатты тараға қораптар, торлар, себеттер және т.б. жатады.

Қатты тара жүкті сыртқы әсерден қорғайды. Оған келесілер жатады: жәшік, бөшке, бидон және жүкке түсетін сыртқы қысымнан қорғауға мүмкіндігі бар басқа сыйымды заттар; ашық жәшіктер, жүкке түсетін сыртқы қысымнан қорғауға мүмкіндігі бар шыны жәшіктер; тек бір бағыттан ғана түсетін сыртқы қысымға қарсы тұратын шыны жәшіктер.

Қорапсыз дана жүктерге қосымша құралдар, көліктердің қосалқы құралдары және т.б. даналап немесе байламмен тасымалданатын жүктер жатады (металл мен орман жүктерінен басқа). Өндіру мен уақыттың Бірыңғай нормаларына сәйкес тара-оралған және дара жүктер бір орынға 250 кг массаға ие болу керек. Алайда, бөшкелі жүктер, металл, фанера, ағаш бөшке, барабан, цилиндр, орам, катушкадағы жүктер бір орынға 500 кг массаға ие болуы мүмкін.

Барлық транспорт түрімен жүргізілетін жалпы тасымалдау көлемінде тара-дана жүктердің салыстырмалы салмағы 20% көлемінде. Сонымен қатар, оларды тиеу, түсіру, сұрыптау және қойма операциялары шығыны тиеу-түсіру жұмыстарының жалпы шығынының 50%-ға жуығын құрайды.

Жүктік орындар көбіне қатарлар, дестелер және қатарша түрінде болады.

Десте – астында жатқан орын үстінді орынмен дәл келетін жеке тара-орамды орындардың тік орналасуының дұрыс формасы.

Қатар дегеніміз бір біріне қатар қойылған бірнеше дестелер. Қатар енін бір орын өлшемі шектейді

Қатарша — ен бойынша орналасқан бірнеше қатар. Бір көлденең қатарша деңгейінде орналасқан оралған жүктік орындар бір деңгейлі қатарлар деп аталады. Жүктер қатаршаға қойма еденінде, тұғырықта немесе сөрелерде орналастырылады. Қатаршада барлық тара жүктерді сақтайды (қаптар, қапшықтар, жәшіктер, бөшкелер және т.б.).

Жүктерді бөлшектеп орау.

Тұғырықтар мен орам түрлері

Көптеген қораптанған-дана жүктерді мақсатты түрде орамдармен тасымалдайды.

Транспорттық орама деп ірілендірілген жүктік бірлік (жүктік орын),олар транспорттық тарада (қап, жәшік, бумалар) бірнеше ұсақ (екеуден кем емес) жыйынтықтан құрастырылады,төсемелерде немесе оларсыз орналастырылады артқан кезде оларды механикаландырған жабдықтармен, крандармен немесе басқа да көтергіш құралдармен оңай көтеру ұшін және олардың сақталуы ұшін.

Орамға бiрдей ораушыдағы бiркелкi жүктерiн жинақтайды. Жалпы қолданбайтын орындарда жинақталған орамдарда жіберушінің бақылау белгілері болу керек,ал оларды алған кезде бекітпелерді,жүкті бұзбай алатындай етіп орналасуы керек

Тұғырық —жүктерді механикаландырған арттыруға және жиынтықты сақтауға ыңғайлы, ұсақ жүктерді қалыптастыруға арналған жалпақ (немесе жоғарғы қондырмасы бар) алаң

Жүктерді орауға арналған тұғырықтарды келесі төрт түрге бөлуге болады.

1) жалпақ, жоғарғы бетінде шығып тұратын қондырғылары жоқ;

2) бағаналы —жоғарғы төсенiштiң жазықтығының үстiнде орналасқан тұрақты немесе жиналмалы бағаналары бар бағандытұғырықтың жоғарыға шығып тұратын бағандары бар (сурет. 6.1),олар алынбайтын қатты бекітілген а, шарнирлы (немесе жиналмалы) б, в.

Мұндай тұғырықтар үлкен жүктемеге шыдамайтын жүктер үшiн қолданады.

3) жәшікті -жүкті тұғырқта ұстау үшін шешілетін қабырғалары бар.

Жәшікті тұғырық – ол 0,5-1 т –лы жиналмайтын тіректі қабырғалары бар, олар бұрыштық элементтермен бекітілген (Сурет . 6.2)Қоймаларда жүктерді стеллаждарда сақтауға арналған.

4) арнайы, олар кірпіш шыны және тағы да басқа жүктерді пакеттеуге арналған тұғырықтар.

Керегекөзді жиналмалы тұғырықтың жүк көтерімділігі 450 кг,өзінің салмағы 80 кг. Бүйір қабырғаларының биіктігі 900 мм.Бос кезінде бүйір қабырғалары жиналады,ол тұғырды алып жүруге ыңғайлы етеді.

Тұгырықтан жүк жан жағынан 20 мм ден артық шықпауы керек. Жүкті тасуға су транспортында бұлардан басқа 1200х1600 и 1200х1000 мм-лі жүккөтергіші 2 т тұғырық пайдаланылады.

Ішкі тасымалдауға жалпақ тұғырықтар қолданылады,оның көлемі 1000 х 1200 мм.,

жүккөтергіштігі 1т.

Тұғырықтың өз салмағы 25-30 кг.

Оларға жүкті максималды жүктеп төртқатарлы штабелдеуге дейін мүмкін. Ағаш тұғырықтардың қызмет мерзімі 2 жыл,одан кейін қайта өңдеу жұмыстарын жүргізу керек.

Стандарт бағаналық тұғырықтың екі типін қарастырады: 835х1240х1150 и 1040х1240х1150 мм,олардың жүктиеулілігі 1,0 және 2 т.

Шартты белгілеулер. Негізгі құралдары темірден жасалған және төрт шешілмейтін бағандары бар бағаналы тұғырықтың шартты белгілеуі 4С-835х1240 С, ал жеңіл қортынпалардан жасалған төрт жиналмалы бағанасы және бумасы бар тұғырық — 4ССО-104х1240 Л.

Жақсы сақталу үші ораманы баумен,сыммен байлап полиетиленді пленкамен немесе т.б. материалмен жабады. Тұғырықтардың қажетті санын жүктердің орамдарына және жеткізу уақытына байланысты есептейді:

бұндағы кн – жүктердің келіп түсуінің біркелкі еместігінің коэффициенті 1,1... 1,2; kр –тұғырықтардың жөндеуден өту уақытының коэффициенті,1,03—1,04; nг – жүк топтарының саны; Qi – тұғырықпен тасымалданатын жалпы орташа күндік жүк тобы i; toi – жүк тобының тұғырық айналымының ұзақтығы (қоймадағы тасымалдау және сақтау уақыты); qi – бір тұғырыққа салынатын жүк тобының саны.

Мысалы.ТДЖ қоймасындағы тұғырықтардың қажетті санын анықтайық.егер қойманың жылдық жүк өңдеушілігі Qг = 182000 т, kн = 1,1; kp = 1,03, тұғырықтың орташа жүктелуі qn = 0,75 т, тұғырық айналымының ұзақтығы tо = 5 тәулік

Шешімі.Қойманың орташа тәуліктік жүк өңдеуі

Тұғырықтардың қажетті саны:

Тұғырықтардың қажетті саны

Арнайы тұғырықтар көптігімен үлкен айырмашылығы бар.Құрылыстық саз кірпішті көлемі ГОСТ 18343-80 мен регламенттелген тұғырықтарда орамдайды.Тұғырық көлденең брустары бар ағаш алаңнан тұрады. Жоспардағы көлемі 520х1030 мм. Силикатты кірпішке арналған тұғырық

(ГОСТ 23421-79) негізі табаны темірден жасалған,канаттық баулары,керіткіш және құлыптық жабдығы бар.

жүктерді орамдаған кезде кейде арнайы қағаз тұғырықты қолданады,олар шетінде шығыршықтары бар қатты қағаз түрінде болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]