Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpora_TTZhM (1).docx
Скачиваний:
218
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
868.07 Кб
Скачать

35. Сұйық жүктер.

Мінездемесі мен классификациясы

Құйылатын жүк деп теміржол көлігімен цистерналарға ,арнайы тараларға немесе контейнерлерге және бункерлі жартылай вагондарда тасымалданатын сұйық жүкті атаймыз.

Құйылатын жүктерге мыналар жатады:

- шикі мұнай,олар негізі труба құбырлары арқылы тасымалданады;

- жанармайлар (керосин, бензин, жанармай, мазут және т.б.), темір жол көлігімен тасымалданады;

- тамақ өнеркәсібінің өнімдері (спирт, өсімдік майлары, патока, малдардың майлары және т.б.);

- химиялық жүктер (кислоталар, щелоч, бояулар, лактар, газдар және т.б.)

Құйылатын жүктердің ең үлкен үлесін мұнай өнімдері (>90%) құрайды.

Барлық мұнай өнімдері бес топқа бөлінеді:

- Шикі мұнай;

- Ашық түсті мұнай өнімдері(жанармай, керосин және реактивті қозғалтқыштар үшін жанармай);

- Қара мұнай өнімдері (битум, мазут және т.б.);

- Бензин (автомобилге және авиациялық);

- Майлар(от консистентті жағар майдан трансформаторлық майларға дейін)

Сондықтан әдебиеттердің көбісінде құю және төгу технологиясын мұнай өнімдерімен қарастырады.

Тасымалдау, сақтау және арту ерекшеліктерін құятын жүктердің физикалық-химиялық құрамына қарап анықтайды.

Осыларға байланысты құятын жүктер қауіпті және қауіпсіз болып бөлінеді.

Қауіпті жүктер үш топқа бөлінеді:

- Тезжанатын сұйықтар (мұнай өнімдері, спирттер және басқалары);

- Зәрлі және улы заттар (кислота, щелоч, хлорлы цинк және басқалары);

- Газдар (аммиак, хлор және басқалары.).

Тез жанатын мұнай өнімдерінің құрамына тән олардың буға айналуының жоғарылығы. Тез буға айналатын өнім ол бензин.

Резервуарды толық пайдаланбағандықтан көбінесе буға айналып көлемдері азаяды .Резервуардың сыйымдылығының азаюына байланысты буға айналу көбейеді (кесте. 1).

Кесте 1. Резервуарды толтыру дәрежесінің бензиннің буға айналу себебіне тәуелділігі

36. Құйылу және төгілу пункттері, олардың техникалық жарақтанғандық

Құю ( ағызу) пункттері

Құю ( ағызу) пункттері мұнай өңдейтін заводтардың, мұнай базаларының және қоймалардың жанама жолдарында, жалпы пайдаланылмайтын жерлерде орналасады.

Құю және ағызу жүк пункттері мұнай базасы және мұнай қоймасы болып бөлінеді.

Мұнай базалары –мұнай өнімдерінің едәуір көлемін сақтап және жіберуге арналған ғимаратар жиыны. Мұнай базалары жабдықтау кәсіпорнына жатады. Олар асулық және таратушы болып бөлінеді.

Мұнай қоймалары – олар кәсіпорындарының және көлік ұжымдарының құрамындағы қоймалар. Мысалы Локомотив депосында да қоймалар бар.

Барлық мұнай базалары олардың сыйымдылығына байланысты бес категорияға бөлінеді:

I —100 мың. т жоғары;

II —30 мыңнан 100 мын. т ға дейін;

III —25 мыңнан. 30 мың т. ға дейін;

IV —0,5 мыңнан 25 мың т ға дейін;

V —500 т. төмен

Мұнай базасының аумағы аймақтарға жіктеледі:

- мұнай өнімдерін ағызу және құю –құю-ағызу эстакадасының резервуарлары, сорғыш құрылғылары, көбік аккумуляторлы және көбік реактивті станциялар (көбік өрт сөндіру үшін қажет);

- оперативті — бұл жерде мұнай өнімдерін аз

мөлшерде автоцистернаға,контейнерлерге,бөшкелерге,бидондарға береді ;

- қосалқы техникалық құрылымдар- электростанциялар немесе трансформаторлық подстанциялар,котельныйлар,насосныйлар,механикалық шеберханалар, материалдық қойма және т.б.;

- тазарту құрылыстары— жауын суларын тазалау үшін және төгілген мұнай өнімдерін жинау үшін.

Сыйымдылықты мұнай қоймалары мына түрде болулары мүмкін:

- жер бетіндегі, олардың табаны жермен бірдей немесе қоршаған аймағынан биік;

- жартылай жер бетіндегі,резервуар биіктігінің жартысына дейін жартылай жер беті мұнай сақтау қоймасы жерге көмілген .Бұл жағдайда мұнай өнімінің жерден биіктігі 2 метрден артық болмауы керек.

- жер асты, жер асты қоймасы деп резервуарды жабу нүктесі жерден 0,2 метр төменде болатын қойманы айтады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]