Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpora_TTZhM (1).docx
Скачиваний:
218
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
868.07 Кб
Скачать

31. Минералдық тыңайтқыштарды тиеу-түсіру жұмыстарын механикаландыру

32. Сұйық жүктердің мінездемесі

Құйылатын жүк деп теміржол көлігімен цистерналарға ,арнайы тараларға немесе контейнерлерге және бункерлі жартылай вагондарда тасымалданатын сұйық жүкті атаймыз.

Құйылатын жүктерге мыналар жатады:

- шикі мұнай,олар негізі труба құбырлары арқылы тасымалданады;

- жанармайлар (керосин, бензин, жанармай, мазут және т.б.), темір жол көлігімен тасымалданады;

- тамақ өнеркәсібінің өнімдері (спирт, өсімдік майлары, патока, малдардың майлары және т.б.);

- химиялық жүктер (кислоталар, щелоч, бояулар, лактар, газдар және т.б.)

Құйылатын жүктердің ең үлкен үлесін мұнай өнімдері (>90%) құрайды.

Барлық мұнай өнімдері бес топқа бөлінеді:

- Шикі мұнай;

- Ашық түсті мұнай өнімдері(жанармай, керосин және реактивті қозғалтқыштар үшін жанармай);

- Қара мұнай өнімдері (битум, мазут және т.б.);

- Бензин (автомобилге және авиациялық);

- Майлар(от консистентті жағар майдан трансформаторлық майларға дейін)

Сондықтан әдебиеттердің көбісінде құю және төгу технологиясын мұнай өнімдерімен қарастырады.

Тасымалдау, сақтау және арту ерекшеліктерін құятын жүктердің физикалық-химиялық құрамына қарап анықтайды.

Осыларға байланысты құятын жүктер қауіпті және қауіпсіз болып бөлінеді.

Қауіпті жүктер үш топқа бөлінеді:

- Тезжанатын сұйықтар (мұнай өнімдері, спирттер және басқалары);

- Зәрлі және улы заттар (кислота, щелоч, хлорлы цинк және басқалары);

- Газдар (аммиак, хлор және басқалары.).

Тез жанатын мұнай өнімдерінің құрамына тән олардың буға айналуының жоғарылығы. Тез буға айналатын өнім ол бензин.

Резервуарды толық пайдаланбағандықтан көбінесе буға айналып көлемдері азаяды .Резервуардың сыйымдылығының азаюына байланысты буға айналу көбейеді (кесте. 1).

33. Құйып-төгуді кешендік механикаландыру мен автоматтандырудың типтік сұлбалары

Құю(ағызу) механизациясының кестесі

Сұйық жүктерді құю (ағызу) көбінесе мұнай базаларының немесе өндірістік кәсіпорындардың жанама жолдарында жүзеге асырылады.Сұйық жүктерді құю және ағызу кестесінің бес түрі бар (сур. 3):

а – резервуардан өз бетінше қүю ;

б – буферлік резервуар және насос көмегімен күштеп құю;

в – өз бетінше ағатын;

г – сифонмен вакуумды ағызу;

д – насоспен күштеп ағызу

Рис. 3. Сұйық жүктерді құю және ағызу кестесі

34. Құйылу (төгілу) шептерін есептеу

Ағызу (құю) алаңдарын есептеу

Құю ( ағызу) алаңдары деп темір жол және автожанама жолдарын құю ( ағызу) құрылғыларымен қоса айтады.

Эстакададағы алаң ұзындығы:

Бұндағы пi – әр типті цистернлар саны біруақытта құйылатын( ағызатын); li –әр типті цистернаның ұзындығы, м; i =1, 2,..., k – цистерна типінің топтағы саны.

Егер мұнай өнімдерін құю(ағызу) маршруттар мен жасалса,онда мұнай базасының эстакадаларының саны қажет

мұндағы Nм — тәуліктегі құю маршрутының саны; Тнс — маршруттың эстакададағы уақыты берілу және алыну уақытын қоса есептегенде, мин.

Құю маршрутының санын мұнай базасының жылдық жүк өнімділігіне сәйкес анықтайлы.

Мұндағы Qг — мұнай базасының жылдық жүкөнімділігі, т; Gм — бір маршруттағы жүк салмағы., т; к1 (к2) — мұнай жұктерінің бірыңғай келмегендігінің және цистернаны тәуліктік беру көэффиценттері.

Маршруттармен эстакаданы қолданудың ұзақтығы, мин

Тнс=tп+t0нс+ty,

мұндағы tп — эстакадаға цистернаны беру уақыты, мин; ty —эстакададан цистернаны алу уақыты, мин; t0нс — дайындыққа және аяқтауға кеткен уақытты қоса есептегендегі құюға немесе ағызуға кеткен жалпы уақыт, мин

Цистернаға кұю (ағызу) уақытын білсек ,құю және ағызу құрылғысының өнімділігін анықтауға болады,

бұндағы пц — цистерна саны, бір тәулікте құюға(ағызуға) болатын; п'л — бір бергендегі цистерналар саны.

Бір бергенде эстакаданы пайдалану уақытын санап Тнс , құю(ағызу) уақытын құю(ағызу) құрылғысына қарап анықтайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]