Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpora_TTZhM (1).docx
Скачиваний:
218
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
868.07 Кб
Скачать

15. Жүктердің номенклатурасы

Жүктер номенклатурасы

Жүктердің едәуір үлкен бөлігін ашық жылжымалы құрамда тасымалдауға рұқсат етілген. Негізінде бұл атмосфералық жауын-шашынның зиянды әсеріне ұшыратылмаған өнеркәсіптік өнім, сондай-ақ өзінің габариттері бойынша жабылған вагондарға салуға болмайтын бұйымдар. Ашық жылжымалы құрамда тасымалданатын жүктер орналасуы мен бекітілуінің негізгі қасиеттеріне байланысты үш топқа бөлінеді:

- бірінші топта ақтарылып тасымалданатын сусымалы және кесекті материалдар, минералдық-құрылыс, тас көмір, руда, шымтезек және т.б. біріктірілген. Олар қосымша бекітуды талап етпейді, ал тасымалдау процесінде олардың тұрақтылығын платформалар ернеулері және жартылай вагондар қабырғалары қамтамасыз етеді;

- екінші топты даралы жүктер құрайды: машиналар, станоктар, кабель және т.б. Тиеген соң оларды жүктерді тиеудің және бекітудің техникалық шарттарына сәйкес бекітеді;

- үшінші топқа қабатталған жүктер кіреді, олар геометриялық пішіні және өлшемдері бойынша биіктігі бойынша бірнеше қабатпен және ұзындығы бойынша бір немесе бірнеше қаттамамен салынатын заттарды білдіреді. Қаттаманы тиеген соң байлайды және бекітеді.

16. Қоймалардың тағайындалуы. Қоймалардың жіктелуі

Қоймалар өндірістік үймереттер, инженерлік ғимараттар, көтергіш-тасымал машиналар мен жабдықтар, олардың жұмысын басқаратын, реттейтін және бақылайтын есептеуіш техника және автоматика құралдарының кешенін білдіреді.

Олар өндіру, шығару, орнын ауыстыру және тұтыну циклдері арасындағы айырмашылықты болдырмау үшін жартылай дайын өнімдер немесе дайын өнім шикізатының қорларын жасау үшін, сондай-ақ халық шаруашылығы дамуының қалыпты барысы бұзылған жағдайда материалдар, бұйымдар, жабдықтар және тамақтану өнімдері қорларын жасау үшін қызмет атқарады.

Қоймалар жеке жайларда орналасуы (жабық), тек төбесі не болмаса төбесі мен бір, екі немесе үш қабырғасы (жартылай жабық) болуы мүмкін. Кейбір жүктер арнайы жабдықталған алаңдарда жайлардан тыс (ашық қоймалар) сақталады.

Қойма операцияларын механикаландыру дәрежесі бойынша қоймалар былай бөлінеді:

- механикаландырылмаған,

- механикаландырылған,

- кешенді механикаландырылған,

- автоматтандырылған,

- автоматтық.

Сақталатын жүктің ассортиментіне байланысты арнайы қоймаларды, жүктерінің түрлері аралас немесе әмбебап қоймаларды ерекшелейді.

Тағайындалуына және орналасқан орнына байланысты мына жерлерде орналасқан қоймаларды ажыратады:

- жүкті өндіру, дайындау немесе өндіру және оны көлік желісіне беру үшін қызмет атқаратын пункттерде;

- жүкті бір көліктің бір түрінен екіншісіне ауыстыратын жерлерде, сондай-ақ мемлекеттік қорлар немесе ағымдағы жабдықтау қоймалары (темір жол, порттық, қорлық, базистік, көтерме);

- оларда осы кәсіпорындардың өндірістік қызметі үшін қажетті жүктер сақталатын жүкті қолдану пункттерінде,

сондай-ақ экспорттық және импорттық жүктері бар операцияларды қамтамасыз ететін порттарда және шекара

пункттерінде.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]