Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpora_TTZhM (1).docx
Скачиваний:
218
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
868.07 Кб
Скачать

9. Тиеу-түсіру жұмыстарын механикаланлдыру ұйымдастыру формалары

10. Тиеу-түсіру жұмыстарын жоспарлау

Жүктерді тасымалдаудың жоспарланатын көлемдерін игеру оларда негізінде тасымалдау процесі басталатын және аяқталатын темір жол станцияларының жұмысына айтарлықтай байланысты болады.

ТТЖ (МЧ) механикаландырылған дистанциялары Көлік және коммуникациялар министрінің бұйрығы бойынша құрылады және темір жол және автомобиль жолдарының құрылымдық бөлімшелері болып табылады. Жүктердің түрлері бойынша жүктерді қайта өңдеу көлеміне, орындалатын тасымалдық-экспедиторлық қызметтерге, коммерциялық операцияларға, қызмет көрсетілетін және жөнделетін салмақтық аспаптардың санына, ТТМ байланысты және дистанцияның ИТЖ еңбегін төлеу бойынша өндірістік учаскелер министрлік нұсқауларына сәйкес топтарға бөлінеді:

- 1-топқа жүкті қайта өңдеу көлемі жылына 5,5 млн. т артық болатын дистанциялар жатады;

- 2 – жылына 4,0-ден 5,5 млн. т дейін;

- 3 – жылына 2,5-тен 4,0 млн. т дейін;

- 4 – жылына 1-ден 2,5 млн. т дейін.

Өндірістік учаскелер жүкті қайта өңдеу көлеміне байланысты жылына мына топтарға бөлінеді:

- 1 – 1,8 млн. т жоғары;

- 2 – 1,0-ден 1,8 млн. т дейін;

- 3 – 0,5-тен 1,0 млн. т дейін;

- 4 – 0,1-ден жоғары 0,5 млн. т дейін.

ТТЖ көлемі үлкен пункттарда - кешенді бригадалар, ал ТТЖ көлемі тұрақсыз станцияларға қызмет көрсету үшін жылжымалы механикаландырылған бригадалар құрылады.

ТТЖ тікелей басқаруды учаске шебері жүзеге асырады.

МЧ ТТЖ жоспары көліктің барлық түрлерімен жүктерді тасымалдаудың жалпы жоспарының негізінде әзірленеді.

Ол перспективалы болады — 5 жыл және одан артық мерзімге, ағымдағы — тоқсандар бойынша бөлінетін бір жыл мерзімге және жұмыстардың ұйымдастырылуына байланысты оперативті — бір айға, онкүндікке, тәулікке және ауысымға.

ТТЖ жоспарларын перспективалы даму жоспар-ларының бақылау тапсырмалары негізінде тікелей кәсіпорындар және тасымалдау ұйымдары әзірлейді.

11. Тиеу-түсіру жұмыстарын қаржыландыру және есепке алу

Штаттық кесте мына штаттарды көздейді:

- өндірістік (жұмысшылар);

- механикаландыру құралдарына қызмет көрсетуші (кран машинистері, аға машинистер, жүк тиегіштер жүргізушілері және т.б.);

- өндірістік-қызмет көрсетуші (тиеу пунктінің меңге-рушісі, жұмыстарды өндірушілер және т.б.);

- әкімшілік-басқарушы (дистанция бастығы, инже-нерлер, бухгалтерлер және т.б.);

- қызметтің атауы;

- берілген қызмет бойынша жұмыскерлер саны;

- тоқсандар бойынша бөлінген еңбекақының жылдық қоры;

- сыйақыларды төлеуге, үдемелі үстеме ақыға және т.б. қосымша қор.

Қондырғыларға және машиналарға Чм қызмет көрсететін жұмыскерлер штатын машиналардың бар болуынан, сондай-ақ жұмыстардың көлемдері және жасау нормаларын есепке алып анықтайды. Машинаның (қондырғының) бір жылдағы әрбір түрінің жұмыс ауысым-дарының санын т1...тn, машинаның (қондырғының) әрбір түріне ауысымдағы жұмыскерлердің орташа санын Ч1, ..., Чn және машинаның (қондырғының) бір жылдағы жұмыс күндерінің санын Т1,...,Тn біле тұрып, машиналарға (қондырғыларға) қызмет көрсететін штатты анықтауға болады:

Тиеу-түсіру жұмыстарымен айналысатын жұмысшы-лардың санын, жүктерді қайта өңдеудің жалпы көлемін Qгi жұмыстардың әр түрі бойынша жұмысшының Прi жылдық өңдеу нормасына бөлумен анықтайды

Еңбекақыға белгіленген нормалар және шығынды бағалау болмаған жағдайда келесі түрде анықтайды. Қызмет көрсетуші персоналдың санын жұмыс жағдайларын және машиналарға қызмет көрсету күрделілігін талдау жолымен анықтайды.

Жұмыстың әр түрлі бойынша қызмет көрсетуші персоналдың қажетті санын Чр1, ..., Чрn анықтап және қызмет көрсетуші персоналдың берілген қондырғыда тф

бір жылғы жұмысы ауысымдарының нақты санын, сондай-ақ әр санат үшін бар болатын еңбектің ауысымдық төлемін с'1, ...,с‘n біле тұрып, қызмет көрсететін персоналды ұстауға жалпы шығынды есептейді:

Тарифтік есептеу бойынша есептелген негізгі еңбекақының бағдарлы меншікті салмағы кесімді жұмысшылар 67% үшін еңбекақының жалпы қорына қатысты мынаны құрайды: (к3=1,50); мерзім бойынша жұмыс істейтін жұмысшылар үшін 72% (к3 = 1.40); инженерлік-техникалық жұмыскерлер, қызметкерлер, кіші қызмет көрсететін персонал 80% 3 = 1,25).

Тиеу-түсіру жұмыстарына қызмет көрсететін жұмысшылардың және персоналдың негізгі және қосымша еңбекақының сомасы еңбекақы қоры деп аталады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]